ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
1. Пәннің қысқаша сипаттамасы
Пәннің мақсаты мен міндеттері
Курстың мақсаты – шеттілдік білім беру үдерісінде студенттердің мәдениетаралық-коммуникативтік құзіреттерін жеткілікті (А1), базалық жеткілікті (В1) және базалық стандарттық (В2) деңгейлерінде қалыптастыру болып табылады.
Пән жалпы лингвистикалық және прагматикалық қарым-қатынастық біліктілікті қалыптастыруды, шығармашылық қуат көзін, бастамашылдық пен жаңашылдықты дамытуды мақсат етеді.
Курстың міндеттері – студенттердің жүйелі білімін дамыту мен тереңдету және өздігінше кәсіби біліктілігін жоғарылату құралы ретінде қолдана білуге үйрету. Сабақ барысында әр модуль тақырыбы бойынша сөздік қорды ұлғайтып, грамматикалық білімді толықтырып, шет тілінде еркін сөйлеу шеберлігін қалыптастыру.
Пререквизиттер:
Шетел тілін пәнін оқуда студенттер келесі тілдік деңгейлерді білулері қажет: орта мектеп бағдарламалары аясындағы Elementary, Pre-Intermediate, одан әрі қарай ағылшын тілін бірінші шет тілі ретінде меңгеру.
Постреквизиттер:
Оқу жұмыс жоспары бойынша келесі тілдік деңгейлерді білулері қажет: Intermediate, Upper-Intermediate, Шет тілі курсын аяқтағаннан кейінгі ағылшын тілінің “General English” жалпы курсы.
Достарыңызбен бөлісу: |