Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері пәні бойынша


Перипетия (грек. Peripeteia – күтпеген үзіліс) – оқиғаның дамуына қарай кейіпкердің өміріндегі күтпеген бұралаң жағдай. Конфликт



бет13/33
Дата25.07.2023
өлшемі112,82 Kb.
#104736
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Байланысты:
Практикалық сабақтар (1)

Перипетия (грек. Peripeteia – күтпеген үзіліс) – оқиғаның дамуына қарай кейіпкердің өміріндегі күтпеген бұралаң жағдай.
Конфликт (лат. Conflictus – қақтығыс) – қақтығысу, екі қарама-қарсы жақтың қарсылығы. Қазіргі заманғы драмаларда, әсіресе, қазақ драмаларында осы үрдіс қолданылып жүр.
7 лекция.


Тақырыбы: Көркем шығарма құрылысы– 1 сағ.


5 апта


Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік тәсілдер мен бейнелеу құралдарының қолданылуындағы ерекшеліктер олардың барлығына ортақ сипат – барынша күрделі интеллектуалдық поэзияға тән көпқырлылықпен өлшенеді. Қазіргі қазақ өлеңдеріндегі көркемдік құралдар бір-бірімен тығыз араласуымен және бір мақсатқа тұтас қызмет ету сипатымен ерекшеленеді. Тіпті күрделі формада құрылған көркемдік түрлер араласып келіп, әдеби тілдің соны үлгісін жасауға тырысады. Тәуелсіздік жылдар поэзиясына тән құбылыс – ақындарымыздың абстрактылы ұғымдарды өлеңге айналдырып, оның рухани мән-мағынасын ашуға тырысуында. Адамзаттың ойлау жүйесін мифтік және поэтикалық деп екіге жіктей қарайтын тұжырымдарға назар аударсақ, мифтік ойлау кезеңінде метафора тура мағынасында қабылданса, поэтикалық ойлау жүйесінде ол ауыспалы, бейнелі түрде қолданылды. Мифтік ойлау жүйесінен бастау алған таным – көркемдік-бейнелілік сипатқа қазық болып, эстетикалық мәнге ие поэзиялық туындыларда поэтикалық метафораларға, автометафораларға айналды. Тек сырттай сипаттау ғана емес, ішкі дүниеге үңілу, оны нақтылай көз алдыңа әкелу арқылы түйсікке әсер ету – көркем шығармадағы, оның ішінде қазіргі лирикадағы метафоралық тәсілдердің басты міндеті болып табылады.
Бүгінгі поэзияның көркемдік құралдары, бейнелеу тәсілдері, стильдік бедерлері адам жанының небір қалтарыстарын шебер суреттеуге мүмкіндік беретініне Иран-Ғайып, Е.Раушанов, М.Ақдәулет, С.Нұржан, Т.Әбдікәкімов, Г.Салықбай т.б. ақындар өлеңдері дәлел. Адамның жан жалғыздығын танытып-сездіруде психологизм түрлерін шебер қолдану тәсілін Ф. Оңғарсынова өлеңдерінен көптеп ұшыратамыз. Ақынның қай өлеңінде болмасын, өзінің бейнесі, ойы, сезімі арқылы ұлттық мінез бен болмыс танылады. Қарапайым жолдарға мол сыр ұялатып, оқырманын ғажайып сезім әлеміне жетелей жөнелетін Ф. Оңғарсынова өлеңдеріндегі ұлттық бояу, ұлттық мінез өзіміз талдау нысанына алған туындыларындағы адамның ішкі әлеміне үңілгенде барынша айқындала түседі.
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ поэзиясының поэтикалық тұлғасын жасайтын әдеби көркемдіктердің тұтастығы ақындарымыздың өзіндік сөз қолдану, түрлендіру, құбылту, ауыстырудағы жетістіктерімен ерекшеленетінін айту керек. Олар поэтикалық тіліміздің бай қорын, тілдік мүмкіндігіміздің терең құбылысын жасап отыр. Бір өлеңнің бойында қолданатын бірнеше көркемдіктің тұтастығы өлеңнің баяндаушылық немесе қарапайым ауызекі қолданыстағы бос сөздерден айырып, суреттілікке, образдылыққа, терең мағынаға мән беруге итермелейді. Демек, тәуелсіздік кезеңіндегі шығармалар осы кезеңнің тарихи-әлеуметтік мазмұнының көрінісі ғана емес, әдеби-тілдік қазынамызды байытушы қор қызметін де қатар атқарады. Ой еркіндігінің жаңа ой, сөз тудырудағы мүмкіндігі мол.
Қазіргі қазақ поэзиясындағы көркемдік тәсілдер мен көріктеу құралдарын қолдану ерекшелігі ашылып, олардың барлығына тән сипат – барынша күрделі интеллектуалдық поэзияға тән көпқырлылықпен өлшенетіні дәлелденді. Қазіргі қазақ өлеңдеріндегі көркемдік жүйенің бір шығармада бірнешеуінің қабаттаса араласып, бір негізге қарай жымдасып орналасуы сипатталады. Тіпті күрделі формада құрылған көркемдік түрлері араласып келіп әдеби тілдің соны үлгісін жасайтыны байқалады. Тәуелсіздік жылдар поэзиясына тән нәрсе – ақындарымыздың абстрактылы ұғымдарды өлеңге айналдырып, мән-мағынасын тереңнен іздеуі.
Мәселен, аталмыш тәсілге тән өрнектерді тиімді пайдалана білетін ақындарымыздың бірі –М.Райымбекұлы, Т.Әбдікәкімов, Е. Раушановтың, Г. Салықбайдың, Н. Мәукенұлының т.б.

7 лекция.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет