Тақырыбы: Көркем шығарма құрылысы– 1 сағ.
5 апта
1) Сюжет және фабула ұғымы. Сюжет қызметі
2) Шығарма композицися
3) Көркем шығарма құрылымының негізгі заңдылықтары
Көркем шығарма бір бүтін тұтастыққа келеді. Ол белгілі бір құрылымды қажет етеді. Жазушы көркем шығармада оқиғаны және басқа да етек жайған нәрсені бір жүйемен суреттейді. Сюжеттің және фабула мен компазицияның маңыздылығы да осында.
Сюжет (фр.sujet) – көркем шығармада бейнеленген кейіпкердің мінезі мен өмірін көрсететін, ерекшелігі мен іс-әрекетін бейнелейтін оқиғалардың тізбегі.
В.Е.Хамизевтің көрсетуі бойынша көптеген құрылымнан тұратын қызмет атқарады. Олардың негізі болып:
1) Адамзаттың өзінің айналасындағы адамдармен байланысы;
2) Жазушының дүниетанымы, оның шындыққа көзқарасы;
3) Өмірлік қарама-қайшылық пен конфликтінің жаңғыруы;
4) Кейіпкердің әрекеті мен оның қимылына түрткі боларлықтай мінезі мен ерекшелігін ашып көрсету.
Сюжеттің негізі – өмірлік тартыс, конфликт, кейіпкердің қарым-қатынасындағы қақтығыс. Оған ішкі қағидалардың да әсері болуы мүмкін.
Дәл осы түсінік фабуламен де байланысты (лат.fabula – аңыз, әңгіме, ертегі, мысал) – көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу.
Сюжет пен фабула бір-біріне сәйкес келсе, баяндауы мен құрылымы жағынан өзгеше.
Сюжеттің біркелкі белгісі шығарманың басы, оқиғаның басталуы, оқиғаның дамуы, шешімі (шарықтау шегі).
Композицияның басты қағидалары: тұтастық заңы, кереғарлық заңы(қарама-қайшылық), жаңалық заңы, бағынушылық заңы, өміршеңдік заңы, әсер ету заңы болып табылады.
№6 лекция.
Тақырыбы: Эпикалық шығармалардың құрылымы– 1 сағ.
6 апта
«Эпос» түсінігінің мазмұны.
Эпикалық шығармалардың мазмұны мен құрылымы.
Эпикалық шығармалардың әдебиеттегі көрінісі.
Эпос (грек. epos – сөз, баяндау, әңгіме, өлең) – 1) әдебиеттің бір саласы. Құрамына аңыз, ертегі, әңгіме, новелла, повесть, роман, эпик. поэма, эпопея жанрлары, сондай-ақ көркем очерктер кіреді.
Эпостың басты ерекшелігі – өзі әңгімелеп отырған өмір құбылыстарын кең көлемде, эпик. тұрғыдан қамтып, кейіпкер образын, көркем әдебиеттің алуан түрлі әдістерін мейлінше мол қамту арқылы суреттеу. Көбінесе шығарма жазылудан әлдеқашан бұрын болған оқиға туралы жазылатындықтан, Эпоста баяндау тәсілі басым болып келеді.
Эпостық шығармада суреттелетін оқиға оған тікелей куәгер болған адамның атынан баяндалады. Мұндай шығармалардың ерекшелігі оған бірігетін жанрлардың ішкі өзгешеліктерінен айқын көрінеді. Эпостық шығармалар халық ауыз әдебиетінен бастау алады. Ең көне Эпостық жанр – ертегі, ол барлық халықтың ауыз әдебиетінде бар. Ертегіде оқиға үнемі ертекшінің атымен баяндалады.
Онда адамдардың күнделікті тұрмыс-тіршілігі, қиялдан туған түрлі ғажайып оқиғалар, адамдар мен жануарлар арасындағы жайттар, белгілі бір ертегілік кейіпкердің бастан кешкен қызғылықты оқиғалары сөз болады. Эпостық жанрдың ендігі бір түрі – аңыз әңгімелерде нақтылық, тарихилық сипат басым. Шығарманы сипаттау үшін оның мазмұнының жанрлық ерекшеліктері маңызды.
Көне әдебиеттің жанрлық жүйесі күрделілігімен және көп тармақтылығымен ерекшеленеді. Жаңа заман әдебиетімен салыстырып қарар болсақ, тұрақтылығымен сипатталады. Кешірек, қоғамның дамуы, өзінің жанрларымен бірге әдебиеттің де дамуы жылдамырақ бола бастады. Әдеби бағыттың туындауымен бірге жанр жүйесі белсенді түрде теориялық мағына мен негіздеме берудің нысанасына айналды. Көркем шығармалардағы тарих пен қазіргі заман олардың тақырыбы саласына жатады. Шығарманың компазициялық мотивациясын оның жанрлық ерекшелігіне жатқызуға болмайды.
Эпикалық шығармалар көлеміне қарай әртүрлі болуы мүмкін. Жаңа әдебиеттануда эпикалық шығармалар:
эпопея
поэма
роман болып өнімді жазылуына қарай дамып келеді.
№6 лекция.
Достарыңызбен бөлісу: |