Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері пәні бойынша



бет7/33
Дата25.07.2023
өлшемі112,82 Kb.
#104736
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33
Байланысты:
Практикалық сабақтар (1)

Пән аралық байланыс

Қазіргі қазақ әдебиеті ұлттық мұрат-дәстүрлерге бай болғандықтан:



  • халық мұрасы мен мәдениет тарихымен;

  • ұлт тарихы мен тіл, фәлсафа ғылымымен;

  • алыс-жақын елдердің мәдени-рухани құндылықтарымен өте тығыз байланысты, әрі өзара мұраттас, үндес.

Ұсынылып отырған пән 3 модульдан тұрады.
1. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі поэзия жанры
2. Қазіргі қазақ әдебиетіндегі проза бағдары
3. Қазіргі қазақ драматургиясы мен әдебиеттану ғылымы


І Модуль. Тақырыбы:

1 лекция.




Кіріспе. Әдебиет поэтикасының ғылым ретіндегі пәні мен міндеттері – 1 сағ.
1 апта



  1. «Әдебиет поэтикасы» ұғымының мазмұны

  2. Әдебиет поэтикасының негізгі бөлімдері

  3. Әдебиет поэтикасының міндеттері

Әдебиет поэтикасы өзінің шығу тегі жағынан сонау ежелгі замандарға кетеді. Ең алғаш рет ол өзінің теориялық негізін Аристотель еңбектерінен алған. Ежелгі грек философының түсінігінде поэтика – «поэтикалық өнер жайлы, оның жекелеген түрлері жайлы, көркем шығарма жақсы болуы үшін фабула қалай құрылуы керектігі жайлы, қанша бөліктен тұруы керектігі жайлы ғылым». Осыған сай поэтика эмбебап сипатқа ие болды. Алайда, қоғам дамуының өресіне сай жаңа пәндер пайда болды. Сондықтан да поэтика ұғымының аясы тарыла түсті.


Әдебиеттануда поэтика ұғымының аясында мына нәрселер түсіндіріледі:

  1. Әдеби шығарманың құрылу тәсілдерін зерттейтін ғылым саласын;

  2. Әдеби шығарма теориясын, көркем құралдар туралы ғылымды, көркем шығарма құрылысын, тілдік, композициялық, типтік құрылымын, әдеби тектер, жанрлар, оның түрлерін зерттейтін ғылым саласын;

  3. Әдебиет болмысын, жанрларын, формасын, мазмұнын қарастыратын саланы;

  4. мақсаты шығармашылықтың генезисін, поэтикалық шығармашылықтың эволюциясын, оның заңдылықтары, формасы мен мәнін қарастыратын «поэзия теориясын, поэтикалық шығармашылық туралы ғылымды» атайды;

  5. эстетикалық құралдар жүйесін қарастыратын көркем әдеби шығармаларды құрылымы туралы ғылымды;

  6. көркем шығармадағы көркемдеуіш құралдардың құрылымы туралы ғылымды;

Ғалымдардың пайымдауы бойынша поэтикада зерттеу нысаны болып көркем әдебиет табылады, ал сипаттау мен құбылыстарды талдау негізгі тәсілдер болып табылады.
Қазіргі филологиялық ғылымда мынадай түрлері бөліп қарастырылады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет