Білімі мен шеберлігіне және дағдысына қойылатын талаптар Студенттер мамандықты меңгеру үшін қазіргі қазақ әдебиетіндегі көркем шығарманың құрылысын, шығармашылық психологиясын, эстетикалық ерекшелігін, көркемдік бейнелеу құралдарын, амал – тәсәлдерін, жалпы әдеби процесті білуі шарт.
әдебиеттегі басты тақырып, мәселелердің ара-жігін ашу;
әдебиет дамуындағы демократия тағылымын, тәуелсіздік талаптарын барынша бедерлі бейнелеген туындылар табиғатына мән беру;
ұлттық сөздің қазіргі дамуындағы ізденіс-іркіліс сырларына, жанрлар жүйесіне, көркемдік құпия астарларына ден қою;
қазіргі кезеңдегі қазақ әдебиетінің даму бағыт-арналары ақын-жазушылардың танымал туындылары негізінде кеңінен қарастырылып, ондағы тақырып, ізденіс, көркемдік арналарына, тіл-стиль сырларына назар аудару;
сөз өнерінің барша құпия-сырларын кеше-бүгін байланысы арқылы көрсетіп, әдебиет дамуын, ондағы жаңа бағыт, соны леп-күнге, талант табиғатына, қолтаңба мәнеріне, көркемдік таным арналарына жіті, сергек үңілу...
Курстың міндеті:
қазақ әдебиетінің бүгінгі даму-қозғалысын зерделеу;
ұлт әдебиетіндегі өиір мұратын, адам мен оның еңбегін айқындау;
еліміз тәуелсіздік алғалы бергі уақыт аралығындағы сөз өнері үлгілерін, ақын-жазушылырдың шығармашылық ерекшеліктерін көрсету;
әдебиеттегі басты тақырыптар(демократия мен иәуелсіздік тағылымы, ел-жер тағдыры, адам өмірі мен еңбегі, алыс -жақын елдер байланысы, жастық махаббат ғаламаттарыт.т.)табиғатын ашу,
қазіргі қазақ әдебетінің бағыт-арналарын, жаңа есім мен соны туындылар табиғатын, ондағы ізденіс, көркемдік және ой-сөз жүйелерін кең көлемде танып-талдау,байыпты зерделеу;
ақын-жазушылар еңбектеріндегі ізденіс ізжерін, дәстүр мен жаңашылдықты, ұлттық-рухани мұраттарды, дерек-дәйек көздерін, елдік-ерлік сипаттарды, көркемдік өрнектерді, тілдік-стильдік құбылыстарды жан-жақты танып, талдау.