Көркем әдебиеттің философиялық-эстетикалық принциптері пәні бойынша



бет8/33
Дата25.07.2023
өлшемі112,82 Kb.
#104736
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33
Жалпы поэтика, ол көркем шығармада авторлық ойдың жүзеге асу амалдарын, поэтикалық тәсілдердің көркем қызметін қарастырады.

  • Сипаттамалы (жеке) поэтика ол көркем туындының жасалу жолдарын қарастырады, авторлық ойтүрткінің нақты бір шығармадағы жүзеге асуын қарастырады;

  • Нормативті поэтика бар тәсілдердің обьективті сипатын емес, олар туралы бағалауыштық сипатын қарастырады, яғни белгілі бір тәсілдердің қолданылуының заңдылықтарын қарастырады. Оның мақсаты көркем шығарманы дұрыс жазуға үйрету.

  • Теориялық поэтика, барлық жеке туындылардың жалпы ортақ әмбебап мазмұнын қарастырады. Оның мақсаты – әдеби құбылыстарды жалпылау, әдеби туындылардың

  • Тарихи поэтика поэтикалық тәсілдердің шығу тегін, генетикасын қарастыратын поэтиканың саласы.

  • Практикалық поэтика нақты бір әдеби шығарманың құрылу тәсілдерін қарастырады.

    Поэтиканың негізгі міндеттері:

    Осылайша әдеби поэтика – маңызды ғылыми пән. Оның мақсаты көркем шығарма құрылысын, оның жазылу тәсілдері мен қолдану принциптерін қарастыру.
    2 лекция.


    Тақырыбы: Көркем шығарма және көркем мәтін – 1 сағ.
    2 апта



    1. Көркем мәтін қазіргі кезеңдегі филологияның, семиотиканың, герменевтиканың зерттеу нысаны ретінде

    2. «Көркем мәтін» мен «Көркем шығарма» ұғымдарының қатынасы;

    3. Көркем мәтінді зерттеудің негізгі бағыттары

    4. Көркем мәтін мазмұны мен пішіні

    Бүгінгі ғылымда «мәтін» ұғымын талқылаудың түрлі жолдары бар. Мысалы, Д.Н.Лихачев өз еңбектерінде мәтіннің ең алдымен автордың шығармашылық ойының жүзеге асуына мән береді, яғни мәтіндегі ең маңыздысы автор тұлғасы. Ал О.Л.Каменская мәтінді вербалды коммуникация құралы ретінде қарастырады. А.А.Леонтьев аталмыш ұғымның функционалды аяқталғандығын атап көрсетеді. Р.И.Гальперин мәтінді «белгілі бір құрылымнан тұратын (атауы, бастамасы, дамуы, аяқталуы), түрлі лексикалық, грамматикалық, логикалық, стилистикалық байланысы бар, мақсатты, прагматикалық құралымды атайды.


    М.М.Бахтин «мәтін деген – барлық гуманитарлық пәндердің (құдайы, философиялық ойдың) «алғашқы берілгендігі» деп атайды. Барлық ой мен пәндер осы мәтіннен туындайды. Мәтін жоқ жерде зерттеу нысаны да жоқ.
    Н.Д.Зарубин мәтіннің коммуникациялық қызметін ерекше атап көрсетеді. Г.Я.Солганик мәтінді бірте-бірте жалғасқан, грамматикалық және мазмұндық байланысы бар грамматикалық бірліктер деп атайды.
    В.П.Белянин мәтінді ақпарат сақтаудың жалғыз тәсілі деп есептеп, мәдениеттің өмір сүру формасы, индивидттің психикалық өмірінің көрінісі, белгілі бір тарихи ккезеңнің өнімі деп қарастырады.
    Осылайша, мәтін – өзіндік байланысқан құрылымы бар, аяқталған, бүтін шығарма.
    Мәтін М.М.Бахтиннің пікірінше бірнеше қасиеттерге ие. Ол:

    1. Субьектінің болуы, яғни автордың болуы (айтушының, жазушының болуы)

    2. Ойтүрткінің болуы (интенцияның болуы)

    3. Диалогтік

    4. Жалпы түсінікті, тілдік таңбалар жүйесінің болуы

    Мәтінде тілдік құралдар коммуникативті мәнге ие. Олар «коммуникативті бағытталған, біріктірілген белгілі бір жүйе құрайды.
    Көркем мәтін қазіргі кезеңдегі филологияның, семиотиканың, герменевтиканың зерттеу нысаны болып табылады. Ол оның күрделілігімен түсіндіріледі. Осылайша филологияда арнай мәтінді зерттейтін бағыт – мәтін лингвистикасы атты сала пайда болды.
    Мәтінді зерттеуге мынадай жолдар ұсынылады:



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет