Көркем жазуға үйрету жұмыстары
Көркем жазу 1 - ші сыныптан сауат ашу кезеңінен басталып , келесі сыныптарда жалғасады , немесе жазу дағдысының қалыптасуымен тікелей байланысты болады . Коллиграфиялық дағдыны қалыптастырудың маңызы зор. Ұқыпты, таза , əдемі , анық жазуға үйрету арқылы мұғалім оқушылардың бойында ұқыптылық , тиянақтылық , еңбекқорлық кез - келген жұмысты аяғына жеткізуге қажетті төзімділік сияқты қасиеттерді тəрбиелейді . Əдемі жазу - өнер. Таза, анық, əдемі жазуды түсіну де оңай. Əріп таңбаларын əдемі, көркем етіп салуға жаттықтыру мақсатында жүргізілетін жұмыстардың оқушы бойында жақсы қасиеттердің қалыптасуына ықпалы бар. Мектепке алғаш келген күннен бастап баланың жазуына жете көңіл бөлмеу көп жағдайда оның өз ішінде салдыр - салақ қарауына, жауапкершілікті сезінбеуіне келіп соғады. Таза, əдемі жазуды талап ету оқушының əсемдік сезімін сатып, мінез-құлқын тəрбиелеп, жауапкершілікке, тыңғылықтылыққа, ұқыптылыққа үйретеді. Оқушыларды көркем жазуға үйретуде үш нəрсені басшылыққа алу керек: біріншісі əріптерді мəнерлі жазуға жəне жеке əріптерді өзара құрастыра білу, екішшісі - əріп элементін дұрыс жазуға дағдыландыру, үшіншісі - жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды қалыптастыру. Жас жеткіншектің көркем жазу дағдысы біртіндеп қалыптасадаы. Мұғалім бұл үшін жұмыстың ір түрлерін, оқыту əдіс - тəсілдерін тиімді пайданалары сөзсіз.
Түрлендірілген жұмыстар оқушыларды қызықтырып қана қоймай, логикалық ойлауын арттырады. Сауат ашудың дайындық кезеңінде оқушының икемділігі мен көз мөлшерлеу қабілетін жетілдіру, графикалық дағдыларды қалыптастыру үшін суретті жəне сызықты жаттығуларды орындатады. Сонымен бірге бұл кезде штрихтау жаттығуларын орындатудың мəні зор. Мектепке алғаш келген баланың жетекші əрекеті- ойын, ал штрихтау ойын түрінде жүргізіледі. Əр түрлі зат бейнесін, геометриялық фигураларды штрихтау баланың қолын жаттықтырмайды, оның сөйлеуі мен ойлауын активтендіреді. Штирхтар арқылы сурет салу жаттығуларын сурет альбомына орындатқан жөн. Сурет альбомы беттеріне жазу сызықтары сызылады да, жаттығулар жазу дəптеріндегі үлгідей орындалады. Оқушылар заттардың пішінін, құрылысын жазықтықта орналасу қалпын еркін қабылдап, оң, сол, шеті, жоғары, төмен, түзу, қисық, дөңгелек ұғымдарды меңгереді. Ал, сауат ашудың əліппе кезеңінде əріптерді жазып үйренеді. Əріптің толық таңбасы оның элементтерін ретімен жазу арқылы орындалады. Демек, əрбір əріпті жазып шығу дегеніміз- көп қырлы таңдау процесін атқару деген сөз. Ал, мұның өзі мектеп табалдырығын алғаш аттаған бала үшін аса күрделі іс -əрекет. Əр əріп элементтерін жазып үйрену ең алдымен, оның неше элементтен тұратынын, екіншіден, ол əріпті қай жерде қалай бағыттап жазуды меңгеруіне септігін тигізеді. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Сауат ашу кезеңінде сөйлем, сөз, буын, дыбыс ұғымдарын меңгертуге оқулықта берілген суреттер арқылы тіл дамыту жұмыстары жүргізіледі. Сауатты жазу дегеніміз - əріптерді тастамай, шатастырмай жазу. Оқушыға буындап оқыту, сөздерді буынға дұрыс бөлгізу керек. Буынды дұрыс меңгерген оқушы сауатты жазады. Ол үшін дыбыс пен əріп туралы түсініктерін бірінші сыныптан-ақ дұрыс қалыптастыру қажет. Дыбыс саны мен əріп үнемі бірдей болып келе бермейді. Мысалы, ащы, аяқ сөздеріне əріп саны артық екенін жəне себептерін түсіндіріп отыру қажет. Жаттығулар балалардың көркем жазу дағдыларын қалыптастырады. Орынын белгіле жаттығуы. Дəптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар əріп элементтерінің жəне əріптердің байланысу орынын белгілейді. Əріпті тап жаттығуы. Əріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалаған элементін тауып жазып көрсетеді. Ғажайып алаң ойыны. Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған сөздің əрбір əрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай əріп екенін айтады. Баланың əлемі - бұл нақты заттың əлемі, егер баламен жақын болам десеңіз, оның жасы мен психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріңіз. Ойын түріндегі бұндай жаттығулар жас жеткіншектің ойлауын дамытып, қызығушылығын арттырады. Олай болса, баланы ойын арқылы көркем жазуға жаттықтыратын жаттығу түрлерін қолдана білу - мұғалімнің төл ісі. Бастауыш сыныптың қазақ тілі сабағында оқушыларды сауатты жазуға үйрету мұғалімнің басты міндеті. Сауатты жазуды əуелден меңгермеген баланың жоғарғы сыныпқа барғанда түзелуі қиынға түседі. Мектеп табалдырығын алғаш аттаған оқушылардың саусақты жаттықтыру үшін түрліше жаттығуларды орындатады. Бұл жаттығу əріптерді бірдей биіктікте, бірдей қашықтықта жазуға төселдіреді. Ал келесі жаттығу көз бен қолдың координацияда жұмыс жасауын қалыптастырады. 1-ші сыныпта тілдің дыбыстық жүйесіне берілетін білім кеңейтіліп, күрделене түседі. Қысқа й дыбысымен ң дыбысының жазылу емлесінде өзіндік қиындықтары бар. Оны былай жинақтап көрсетуге болады. й - ы,і дыбысынан кейін жазылмайды, тек мына түбірі тый,сый сөздеріне жазылатындығы ескеріледі. ң əріпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды. Бұл дыбысты н дыбысымен шатастырып жазуы жиі кездеседі. Оны сөздерді салыстыру арқылы сөз мағынансының өзгертетіндігіне көз жеткізу керек. Жəне н - тіл ұшы дыбысы, ң тіл арты дыбысы екенін үнемі тілмен жаттығу жасау арқылы үйрету керек. Сауатты жазуға тиімді əдістерінің бірі - жатқа жазу. Мысалы: ақ түйіншек секеңдейді, сары түйіншек жетем дейді. Жұмбақты қызыға шешу (қоян, түлкі) жаттау, оларды дұрыс жазып сауатты жазуға төселдіреді. Жұмбақтың шешулерін дұрыс жазу жəне осы сөздердегі əріптерден бірнеше сөз құрау арқылы сөздік қорын байытуға болады. Ю əрпі бар сөздердің жазылу ережесі де осыған ұқсас. Қазақ тілінде орыс тілінен енген сөздерге Ь, Ъ белгілері дыбыс қатарына жатпайды. Бұлар орыс тілінен енген сөздерде ғана жазылады. Оқушыны сауатты жазуға дағдыландырудың негізгі жұмысы - диктант. Ал, диктанттың бірнеше түрі бар. Оқушылар бақылау диктантын 20- 30 минутта жазып бітеді. Содан кейін мəнерлеп оқып шығып, өздеріне 1-2 минут шолып шығуға тапсырамын. Тапқан қателерін қарындашпен белгілетемін. Таппаған жағдайда қазақ орфографиясы мен пунктуациясы жайындағы түсініктерін, ережелерін еске түсіру арқылы қатемен жұмыс ұйымдастырамын. Жазуға үйретудің алғашқы күнінен бастап балаларды үзбей жазуға дағдыландыру қажет. Үзбей жазуға жаттықтыру жүмыстары балаға қызықты тапсырма ретінде берілуі тиіс. Бағдарламада көрсетілгендей, қызығушылық оятатын түрлі жаттығу жұмыстарын жүргізу мұғалімнен ізденушілік талап етеді. Əр сыныптың өзіндік ерекшелігі ескеріліп, білім деңгейіне сай тапсырма беріледі. Жаттығуларды жазғанда əріптердің ара қашықтығын сақтап жазуға машықтандырады. 0.2 Жазуға қойылатын талаптарБұл жұмыстардың мақсаты - балаларды көркем, анық, дұрыс жазуға үйрету. Ол үшін жазуға мынадай шарттар қойылады: Əріптердің негізгі элементтерінің жəне сөз ішіндегі əріптердің бір-бірінен қашықтығы біркелкі болуы. 1) Əріптердің биіктігі біркелкі болып шығу. 2) Əріптердің негізгі элементтерінің біркелкі келбетпен жазылуы. 3) Сопақша жəне жарты сопақша құрсау түріндегі əріп элементтерінің, сондай-ақ қисық, түзу сызықтан құралатын əріп элементтерінің бір-бірімен кілт жалғастырмай, бірте-бірте созылыңқырап барып, жіңішкеріп жалғастырылуы. 4) Əріптердің кескіні қабылданған үлгіге сəйкес, дұрыс жазылуы. 5) Сөздерді жазғанда əріптердің дұрыс жалғастырылуы.Жазуға үйретуде көзделетін тағы бір мақсат - балаларды шапшаң жазуға үйрету. Өйткені практикада шапшаң оқудың қандай маңызы болса, шапшаң жазудың да сондай маңызы болады. Жазу барысында орындалуға тиіс ережелерді мұғалім балаларға оларды жазуға үйретуден бұрын көрсетіп, түсіндіреді: мысалы, екі аяқ тік бұрыш қалыпта бүгіліп немесе жазылыңқырап еденге (столдың кергішіне) тіреліп тұрсын; жазғанда көкіректі столға тақап тіремей, столдың шетінен 3 см қашықтық ұстап түзу отыру керек. Екі иық кеуде мен бірдей, түзу тұруға тиіс. Жазғанда оқушы тым еңкейіп, столға көкірегін тіреп отырса, дəптерге көзі тым жақындап, жақыннан көруге үйреніп кетіп, біртебірте алыстағыны көре алмайтын болады. Дəптерге жарық стол жақтан түсіп, қолы жазуды көлеңкелемейтін болсын. Екі қол шынтаққа дейін стол үстіне қойылсын. Дəптерді сол қолмен ұстап, жазу төмен түске сайын жоғары жылжытып отыру керек. Қолдың қалам ұстаған жері көкіректің дəл орта тұсында болу керек. Дəптер де оқушының көкірегіндегі дəл ортасында жатсын. Əйтпесе басты оңға я солға қисайту немесе дəптерге көздің қиығымен қарауға тура келеді. Жазуға үйретуден бұрын бірнеше рет дайындық жаттығулар жүргізіп, балалардың қолын қимылға, көзін шамалауға үйрету керек болады. Дайындық кезеңінде балаларды жазу сабағына қажет материалдармен жəне жазу аспаптарымен таныстыру, партаға қалай отыру, дəптерді қалай қою, қаламды қалай ұстау ережелерімен таныстыру, саусақтарды қимылдатуға бүгуге, жазуға жаттықтыру, білекті қимылдатуға жаттықтыру керек. Əріп элементтерінің, əріп кескіндерін дұрыс меңгеріп, жазу əдістеріне төселе бастаған кезде балалар бірте-бірте қолды жүргізіңкіреп, такт бойынша жазуға үйренулері қажет. Оқушыларды дұрыс жазуға үйрету барысында мұғалім мыналарға көңіл бөлуге тиіс: материалдың тəртіппен өтіліп, жазуға берілетін мəтін алдын ала таңдалады. Каллиграфиялық жағынан дұрыс жазу үлгілерін мұғалім тақтаға, оқушылардың дəптеріне жазып көрсетіп отырады. Балалардың дəптерлері күн сайын қаралып, тексеріліп, кемшіліктері, оны қалай түзету жолдары көрсетіліп отырылады. Айына бір рет болса да байқау жұмысы жүргізіледі. Жазу сабағы шамамен мынадай жоспар бойынша жүргізіледі.Жазу сабағы шамамен мынандай жоспар бойынша жүргізіледі: 1. Жазғанда партаға қалай отыру ережелерін балаларға ескертіп, өзі аралап көріп, дұрыс отырмағандарын дұрыстап отырғызады. 2. Сабақтың мақсатын, алда тұрған міндеттерді көрсетіп, мұғалім жаттығуды, əріп элементтерін сөзді, фразаны тақтаға жазады, оқушылар мұғалімнің қолының қалай қимылдау жайына қарап, бақылап отырады. 3. Мұғалім оқушылардың алда тұрған міндеттерді қаншалықты ұққан- ұқпағандарын анықтап алып, жазуға кірістіреді. 4. Мұғалім партаны аралап жүріп жазу процесін бақылайды. 5. Жазу аяқталғаннан кейін оқушылардың кемшіліктері мен жіберген қателіктері айтылады, түзетіледі, жақсы жазғандары жарияланады.Бастауыш мектеп оқушылары үшін орфографиялық танымның əсіресе алғашқы басқышы ерекше рөл атқарады. Олар сан алуан сөздермен олардың формаларының əсерінен аз да болса білім, тəжірибе жинақтайды. Кейбір сөздерді дұрыс жазу дəрежесіне жетеді. Бірақ неге олай жазғанын əлі айтып бере алмайды. Мұндай құбылысты кейде орфографиялық сезім деп те атап жүр. Кейінірек грамматикалық білім алғанда мұндай, орфографиялық құбылыстарды саналы түрде түсініп, сауатты жазуға дағдыланады.
Достарыңызбен бөлісу: |