Байланысты: Көркем шежірелердің қазақ тарихын қалыптасьырудағы ықпалы қандай
Көркем шежірелердің қазақ тарихын қалыптасьырудағы ықпалы қандай?
Қазақ әдебиеті ежелгі дәуірін танып –білуде тарихи тақырыпқа жазылған көркем шежірелер зор роль атқарады.Сан ғасырлар бойы атадан балаға ауызша да, жазбаша да мұра ретінде беріліп келе жатқан шежірелерді қазақ ойшылдары, ақындары мен жыраулары жақсы білген. Ресми шежіре-тарих ғылымының бір тармағы іспеттес. Шежіре жазушылар өз дәуіріндегі саяси күрестің қызу ортасында жүрген. Олар сан алуан тарихи құжаттарды, жылнама-шежірелерді жинақтап, оған өз дәуірінің аса маңызды оқиғаларын қоса жазып отырған.
“Шежіре” деген терминнің түп-төркіні арабтың “Шәджарат” яғни “бұтақ”, “тармақ” деген ұғымнан туған.Түркі тілдес халықтардың ежелгі тарихын ғылыми дәлдікпен, көркем әдебиетке тән бейнелі сөздермен баяндайтын көркем шежірелер қатарына Әбілғазы Бахадурханның “Түріктер шежіресін”, Қадырғали Жалайырдың “Шежірелер жинағын”, Мұхаммед Хайдар Дулатидің “Рашидтің тарихы”, Захириддин Бабырдың “Бабыр-наме” еңбектерін жатқызамыз.Әбілғазының “Түріктер шежіресі” еңбегі 9 тараудан тұрады. 1-2 тарауларында Адам атадан бастап, Шыңғысханға дейінгі оқиғалар, 3-5 тарауларда әлем әміршісінің Шағатай және Төле деген ұлдарынның Мауреннахр, Моғолстан, Иран және Қашқар жерінде билік жүргізуі, 7-8 тарауларында Жошы балаларының Дешті Қыпшақтағы әкімшілік істері, қазақ хандары, шешендері мен ақындары туралы әңгіме болады.
Қадырғалидың “Шежірелер жинағы ”атты шығармасы 1602 жылы Россияда жазылғаны мәлім. Мұнда XIV-XVI ғасырлардағы қазақ елінің ішкі және сыртқы жағдайы, басқа елдер мен қарым-қатынасы, бірқатар қазақ хандарының генеалогиясы, сахарадағы саяси -әлеуметтік оқиғалар айтылады.
Шежіре — түркі тілінде жазылған, көркем проза үлгісіндегі шығарма.
М. Х. Дулатидың “Рашидтің тарихы” атты еңбегі көркемдік ерекшеліктері, көріктеу құралдары, тұрақты сөз тіркестерін шебер қолдана білуі жағынан көркем туындыға жақын тұр. Мұнда XIV-XVI ғасырлар аралығында Моғолстан мен Қашқарияда болған тарихи оқиғалар баяндалады. Еңбек екі дәптерден тұрады. Бірінші дәптерде Моғолстанда билік жүргізген хандардың шежіресі беріліп, сондағы халықтың тарихы баяндалады. Ал екінші дәптерді автор мемуарлық сипатта жазған. Мұнда қазақ елінің өз көршілерімен қарым-қатынасы кең көлемде жан-жақты суреттелген.
Көрнекті мемлекет қайраткері, даңқты қолбасшы, дарынды қаламгер, ғұлама ғалым Захириддин Мухаммед Бабырдың (1483-1530 ж) есімін әлемге мәшһүр еткен прозалық шығармасы-“Бабыр-наме ” болып табылады. Бұл шығарма қазақ әдебиеті тарихына тікелей қатысты туынды.
“Бабыр- наме”- құнарлы, бейнелі тілмен жазылған, нағыз көркем туынды. Оған Бабыр жасаған жанды бейнелер, қанатты сөздер, табиғат суреттері, сан қилы теңеулер, көріктеу құралдары толық дәлел.
Кезінде қазақтың оқыған зиялылары “Бабыр-намені” қазақ халқының тарихы туралы жазылған шығарма деп таныды. Мұнда қазақ қауымының XV-XVI ғасырлардағы тарихына, рухани өміріне тікелей қатысты деректер көптеп кездеседі. Бұл мемуарлық еңбек түркі тектес халықтардың бәріне бірдей түсінікті шағатай тілінде жазылған.
“Бабыр-наме”-қазақ елінің шежіресінен сыр шертетін, аса құнды көркем туынды.