Негізгі бөлім:
Көркем шығарма- суреткерлік әрекеттің нақты нәтижесі, әдеби еңбектің көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын затты дерегі. Әрбір көркем шығарманың өзіндік тақырыбы және едей асы болады. Әрине тақырыпсыз ешқандай әдебиет шығарма пайда болмайды. Яғни тақырып әрбір туындының іргетасы. Тақырыпты тауып тақырыпты алудың өзі бір үлкен жұмыс. Себебі тақырыпты ойлап табу ала салу оңай іс емес. Тақырыпты таба білу автордың шеберлігін көрсетеді. Яғни тақырып бір күнде жасала салатын зат емес.
Көркем шығармадағы тақырып пен идея
Әрбір әдеби шығармада көркем шешімін тапқан идеяның терең тамыры сол шығарманы жазған суреткердің дүниетанымында әлеуметтік көзқарасында жатады. Сондықтан, бір тақырыптың өзінен дүниетанымы әр түрлі суреткерлердің әрқайсысы әр түрлі идея туғызады. Әр жазушы бір тақырыпты әр қырынан жарқыратып ашып, оған әрқашан жаңа мазмұн мен пішін бере білген.
Бір әдби шығармада бір ғана тақырып пен идея болуы шарт емес. Шағын көлемді шығармаларда солай болуы мүмкін, ал көлемді кесек шығармаларда, әсіресе, эпикалық туындыларда негізінің күрделілігі, яки көп проблемалылығы деген осы. Мысалы: «Абай жолының» бас жағында оқудан елге оралған шәкірт Абайды суреттеген эпизодтарды еске түсірейік. Осы эпизодтарда тақырыбы (туған жер), идеясы (сағыныш); тақырыбы (ана), идеясы (мейірім), тақырыбы (әке), идеясы (қаталдық) т.б. осылайша әрқайсысы бір тақырып пен бір идея құрап, өзара тұтасып, өрби береді.[1]
Алайда көркем шығармадағы тақырыптар мен идеялар қанша көп болғанмен, олардың бәріне ортақ желі, бәріне дәнекер бірлік болады. Ол-идеялық бірлік.
Бір шығармадағы бірнеше және әр алуан жеке тақырыптар мен идеялардың басын қосып, бір арнамен өрбітіп тұрған бірегей, өзекті мәселені негізгі идея дейміз. Демек, шығарманың негізгі идеясына айналған өзекті мәселе ондағы өз бетімен жеке-жеке өрбіген өзге мәселелерді жоққа шығармайды, қайта өзі солардан тұтасып құралады, керісінш, жеке мәселелер өзекті мәселені әлсіретпейді, қайта толықтырады.
Таланттың күші, талантты шығарманың оқырманды баурап әкететін құдіреті негізгі идеяда жатады. Бұл-көркем шығармадағы негізгі идея арқылы оқырманға ықпал еткен жазушының тенденциясы.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді,
Мыңқ етпейтін мінезді жоннан алған секілді,
Мың бұралған тағдырд жолдан алған секілді,
Мейірбанды күлкіні күннен алған секілді.
(Қ.Мырзалиев)[2]
Осы өлеңде халықтың тамаша қасиетін, табиғаттың өзіндей табиғи мінезін танытатын ірі идеяны автор жалаң уағызбен емес, өзінің шындықты суреттеу тенденциясымен ұқтырып отыр. Демек, жақсы шығарманың тақырыбы жақсы идеядан туады.
Жазушының ойы әрқашан өзгеріссіз көркем идеяға айнала қоймайды. Осыдан барып әр шығармадағы авторлық және обьективтік идеяла туралы ұғым туады. Авторлық идея-суреткердің о бастағы ой өзегі; обьекивтік идея-нақты шағырмадан туатын мақсатты нәтиже.
Әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары. Тақырыпты шығарманың тұтас мазмұндық жүйесінен бөліп алып, жекелеп, оқшаулап қарау шартты түрде ғана мүмкін, өйткені шығармада белгілі бір жағдайлар, кейіпкерлер таңдап алынуы, соларға ерекше назар аударылуының өзі-ақ жазушының мақсаты-нысанасы мен бағыт-бағдарын аңғартады. Осыдан келіп тақырып пен идея деген ұғымдардың жалғастығы көрінеді. Олар бір-бірімен
кірігіп, біріне-бірі реңк беріп, қабысып жатады. Тақырыптың қандай көркемдік шешім табатыны шығарманың идеясымен тығыз байланысты. Көркемдік идея да өз алдына бөлек, оқшау тұрған нәрсе емес, ол шығарманың өн бойындағы көркемдік шешімдерден өріліп шығады, солардан туындайтын қорытынды-түйін ретінде көрінеді. Өнер өмірден туатын болса, суреткердің өмірден ең алдымен іздеп табары – өз шығармасының тақырыбы. Ал «тақырып дегенің ұйықтаған балық сияқты қарнын жоғары қаратып, өмірдің бетінде қалқып жүрмейді. Тақырып – тереңде, ағыс арасында, нағыз тұнық және тегеурінді иірімдер ішінде; оны сол арадан іздеп таба біл, дөңбекшіген толқын, сарқырама сел астынан тауып алып шыға біл». Демек, тақырып табу – бір күннің не бірер әрекеттің шаруасы емес, жазушының бүкіл қаламгерлік қимылының өн бойында жататын, творчестволық процестің барлық кезеңдеріне бірдей ортақ жұмыс. Егер творчестволық процестің үш түрлі (материал) жинау, жиналған материалды қорыту, қорытылған материалды жазу кезеңі бар десек, тақырып осынау үш кезеңнің өн бойында тұтас желі тартып жатады
Тақырып пен идея-әдеби шығарманың мазмұнды болу қажет. Әрбір қалам иесі шығармаларының тақырыбын байыту үшін, алдымен, өзінің өмір тәжірибесін байыта түсуге тиіс.
Автордың өмір құбылыстарын, жекелеген оқиға, жағдайларды қалай іріктеп, реттеп көрсетуінен халын қалай сезінуден, соларды бейнелеу қалпынан жазушының сөз болып отырған мәселелерге қатынасы көзқарасы аңғарылады. Идея дайын күйінде, өзінен-өзі бадырайып көрініп тұрған қорытынды пікір деп түсінуге болмайды. Өйткені шығармада айтылатын идеяны оның бүкіл өн-бойынан, бүкіл мазмұн-мағынасынан, ондағы уақиғалардан немесе кейіпкер тағдырынан, барлық бейнелілік, суреткерлік қасиетінен танимыз. Шығарманың идеясы тек дәлдеп сөзбен айтып берелік түйін-пікір емес, әдеби туындының барлық мазмұн-байлығы, көркемдік қасиеті арқылы бізге күшті әсер ететін идеялдық қуаттылығы. Шығарманың негізгі идеялық бағыты бөлшек-бөлшектерінен де, сипат-өзгешеліктерінен де, бейнелік қасиеттерінен де сезіліп тұрады. Бірақ шығармаға тән идеялық, мағыналық өзгешелік жекеленген сөз, көркемдік құрал, суреттеу тәсілінің аясында бір қырынан ғана аңғарылады да, көркемдік құрал, суреттеу тәсілінің аясында бір қырынан ғана аңғарылады да, көркем туындының тұтас тұлғасын көптеген бейнелеу амал-тәсілдерінің, бедер-бояуларының өзара жүйелі жалғастығы арқылы мейлінше толық көрінеді.
Тағы бір ескеретін жағдай-баяндалп отырған уақиғаларға, суреттелген кейіпкерлерге өзінің көзқарасына, беретін бағасын автор кейде туралап айтып, айқын білдірсе, кейде шығармада әр түрлі күрделі оқиға, жағдайлар баяндалып, бірақ ешқандай дайын шешім, кесіп айтылған түйін болмауы мүмкін. Бірақ осының өзі оның пікір айту немесе айқын жауап беруден бас тартуы емес, өзінше көркемдік тәсіл деп түсінген дұрыс. Мұндай тәсіл кейде оқырмандарды толғандырып, оның өмірдегі күрделі мәселеге өз тарапынан жауап іздеуіне түрткі болу мақсатынан туады.
Идея көркем туындының өн бойына, бар бітім-болмысына ажар беріп тұрады. Идеясы терең, өткір ой-сезімге толы шығармада әр бейне, әр сөз идеяның, ой-сезімнің қуатымен нәрленіп тұрады.
Айтатын ой-пікірі құнсыз, солғын, сезімге әсер етер күші әлсіз шығармада көркемдік түр, көркемдік қасиет болуы мүмкін емес. Өйткені, оның шығарманың құрылысы, сыртқы түрі, олардың жеке бедер-белгілері-бәрі де өңсіз, әсерсіз сезіледі. Шығармада бастан-аяқ үзілмей, тұтасып тұрған жарастық-гармония, мазмұн мен түрдің, ой-сезім мен сөз кестесінің білігі жетімсіз болған соң, тіпті жекелей алғанда ұтымды айтылған сөздер, қисынды суреттелген бейнелер әр жерде бөлек қалады.
Шығарманың тақырыбын, яғни не жайында айтылатынын, яки нендей мәселелерді қозғайтынын анықтау сырттай қарағанда оңай секілді. Алайда шығарма тақырыбын айқындауға жеңіл, үстірт қарау дұрыс болмайды. Шығарманы жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан алғанда, тақырып-алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер, қамтитын жағдай, оқиғаладрың, суреттелетін өмір құбылысытарын шеңбер-шегі. Ал шығарманы талдау тұрғысынан қарасақ, тақырып-шығарма мазмұнынының негізгі бір құрамды бөлшегі, айтылғн, суреттелген жағдайлрдың қоғамдқ өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа айналған қалпы. Яғни әдеби шығарманың тақырыптық аясына енген жағдайлар өмірдегі алғашқы өз қалпында қалмайды, жазушының түсінігіне сәйкес тиісті мән беріліп, көркемдік шешімін тапқан сурет-бейнелер, маңызды мәселелер болып шығады. Сондықан тақырыпты анықтағанда тек өмірдегі бар жағдайларды санамалап шығуымен немесе жеке мәселелердің маңыздылығын крсетумен іс бітпейді. Өйткені сол өмір құбылыстарының қай қырынан алынып, қалай бейнеленгенін, қаншалықты ұғымды, әсерлі көркемдік шешім тапқанын айқындаудың мәні зор. Тақырыпты шығарманың тұтас мазмұндық жүйесінен бөліп алып, жекелеп, оқшаулап қарау шартты түрде ғана мүмкін, өйткені шығармада белгілі бір жағдайлар, кейіпкерлер таңдап алынуы, соларға ерекше назар аударылуының өз-ақ жазушның мақсат-нысанасы мен бағыт-бағдарын аңғартады. Осыдан келіп тақырып пен идея деген ұғымдардың жалғастығы көрінеді. Олар бір-бірімен кірігіп, бірін-бірі реңк беріп, қабысып жатады. Тақырыптың қандай көркемдік шешім табатыны шығарманың идеясымен тығыз байланысты.
Жазушы өз шығармасына тақырып етіп өмір құбылыстарын таңдап алғанда, оларға өзінің бағасын береді; онда жазушының дүниеге көзқарасы, таптық идеялы жатады. Себебі, «Әдебетші-таптың көзі, құлағы мен үні. Өз табының көңіл-күйін, тілегін, қамын, үмітін, құштарлығын, мүддесін, қасиетін қабылдайды, қалыптастырады, суреттейді» (М.Горький).[3] Жазузшы өз шығармасымен өмірге күш қосады, әрине өз табының мақсаты-мүддесіне сай үн қосады. Міне, осыдан келіп әр жазушының әр шығармасының идеясы тумақ.
Қандай шығарма болсын, белгіЛІ бір идеяны үндейді деДІК. Тақырып, оқиға және оныҢ құрылысы, шығармада қатысушылардың араларындағы сол тартыс, оларды суреттеу әдістері, түптеп келгенде - жазушының сол шығармадағы айтайын деген идеясына бағыныңқы. Ал қандай идеяны үндеуі жазушының өмірге көзқарасына, дүние танушылығына негізделінеді. Шығармадағы суреттелетін өмір құбылысын, күрес-тартыстарды бораз арқылы оқушылардың көз алдына елестете, ой-сезіміне әсер ете отырып, жазушы оларды өзі меңзеген бағытқа жетектейді.
Горькийдің "Ана" романы 1905 жылғы революция жеңілгеннен кейін басылып шықты, жазушы оқиғаны революцияның алдыңғы жылдарынан бастаса да, сол қиын-қыстау жылдарды, сол кездің өзінде жұмысшы табының алдыңғы саптағы өкілдерінің күресін, бұрын езілген жұмысшы әйелдердің, қазір революциялық қимылдың әсерімен қайта тәрбиеленгенін, олардың революция жолындағы батылдығын суреттейді дедік.[4]
Романның негізгі идеясы - осы сияқты үлкен мақсат, ұлы тілектің туын көтерген қайтпас ер, қаһарман күрескерлерді туғызып отырған тапқа, ісінің уақытша оңына келмеуі, уақытша жеңілуі бөгет бола алмайды; түбінде жеңіп шығатын осы пролетариат табы деген пікір. Кітапты оқып шыққан адам осы қорытындыға келеді.
Бірақ көркем шығарманың идеясын айқындау тек оның мазмұнын ғана айту емес, сол идеяны образ арқылы (адам образы) оқушыларының ой-сезіміне қалай жететіндігін ашу.
Шығармадағы оқиға байланысы, дамуы, дәлелденуі, шарықтау шегі, шешуі, қысқа айтқанда, құрылысы,адам образы, олардың жасалу жолдары -бәрі шығармадағы негізгі идеяны оқушыларға жеткізу үшін керек екендігі сөзсіз.
Әйтсе де шығарманың идеясын ашу үшін осылардың ішінде шешуші орын алатыны -адам образы. Олардың өзара күрес-тартысын, іс-әрекетін наным-сенімін,мінез-құлқын суреттей келе, жазушы оқушыларының ой-сезіміне әсер етеді және өзінің ойын ең алдымен сол образдар арқылы жеткізеді.
Мысалы, Отан қорғау тақырыбына жазылған романдардың негізгі идеясы - патриотизм, өз елі, өз жеріне шын берілген ерліктерді көрсету, соны басқаларға үлгі ету. Бірақ осыны біз жазушыны қаламынан шыққан көркем шығармаларда тек ақылымызбен болжап, біліп қана қоймаймыз, сезінеміз. Совет адамдарының Отанына шын берілген ерлік істері бізді сүйіндіреді; ойымызға мақтаныш, көңілімізге қуаныш, жүрегімізге жылылық пайда болады. Көркем шығармадағы әлдеқандай жасырын күш сезіммен бірге ойыңды да билеп әкетеді. Бұлардың бәрі сол образдың, көркемдіктің күшімен байланысты.
Шығармалардыталдауда бұл жайларға біз айрықша көңіл бөлуіміз қажет.
Есте болатын бірнәрсе, шығарманың негізгі, жетекші идеясымен қатар, сол негізгі идеяны толықтыра түсетін қосымша идеялар да болады.
Мысалы, Фадеевтің «Жас гвардиясындағы» негізгі идея - Коммунистік партия мен Совет үкіметінің тәрбиесінде өскен комсомол жастардың патриоттығы. Сонымен қатар ерлік, төзімділік, тапқыштық, көнбістік тағы басқалар. Осылар тәрізді қосымша идеялар да кездеседі. Осылардың әрқайсысы -жеке шығармаға тақырып, негізгі идея боларлық мәселелер. Бірақ бұл романда солардың бәрі негізгі идеяға, совет жастарының Ұлы Отанын тереңнен сүйген патриоттықтарын көрсетуге бағыныңқы.
Сонымен тақырып әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе шығарма мазмұнының негізгі арқауы аталатын жағдайлардың бағыт-бағдары. шығарманың тақырыбын яғни не жайында айтылатынын нендей мәселелерді қозғайтынын анықтау сырттай қарағанда оңай сияқты көрінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |