Гурвицкритерийі сипаттамалық теңдеудің коэффициенттері бойынша оның түбірлерін есептеусіз-ақ жүйенің орнықтылығы жайлы тұжырым жасауға мүмкіндік береді.
Жүйе орнықты болу үшін коэффиценттері оң таңбалы болуы керек. Жиіліктік әдістердің артықшылығы: • графикалық кескіндердің көркемділігі;
• эксперименталді жолмен табылған жиіліктік сипаттаманы қолдана отырып, күрделі дифференциалдық теңдеулерді шешу қажеттілігінің керек есемтігі;
• өтпелі үрдістің сапасы туралы талқылай алу мүмкіндігі.
Күрделі жүйелерді талдау үшін қолданылатын Михайлов критерийін қарастырайық.
Найквист - Михайловтың орнықтылық критерийі - амплитудалық-фазалық жиілік сипаттамасы бойынша басқарудың тұйық жүйесінің тұрақтылығын анықтаудың бір жолы. Тұрақтылықтың жиілік өлшемдерінің бірі болып табылады. Осы өлшемнің көмегімен тұйық жүйенің беріліс функциясының полюстерін есептеу қажеттілігінсіз тұрақтылықты бағалау өте оңай.