Көшбасшылық теориясы пәнінен емтихан сұрақтары Адами машықтарды жазыңыз


Жеке тайм-менеджментке арналған пайдалы кеңестер



бет56/82
Дата14.10.2023
өлшемі1,49 Mb.
#114530
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
Емтихан көшбасшы 6В05146- биология

Жеке тайм-менеджментке арналған пайдалы кеңестер:
1. Қайталанатын ұсақ жұмыстардың бәрін дағдылы әрекетке айналдырыңыз.
2. Уақыттың бір мезетінде бір ғана іспен айналысыңыз.
3. Басымдылықты анықтап алыңыз — маңызды істерді бірінші кезекте орындаған жөн. Қалғандарын мүлдем орындамаңыз немесе тез орындаңыз.
4. Бәріне үлгеруге мүмкін емес екенін түсініңіз және өзіңізді өзіңіз кінәлаушы болмаңыз.
5. Сізбен салыстырғанда нашар жұмыс істейтіндермен бірге жұмыс жасамаңыз — олар уақытыңызды алады.
6. Өз міндеттеріңізді басқаларға жүктеуге үйреніңіз — барлығын жалғыз орындай алмайсыз.
7. Өз жұмысыңызға қызығушылық танытыңыз.
8. Белсенді есте сақтау қабілетіңізге шамадан тыс жүк түспес үшін ағымдағы істеріңізді күнделік қойын дәптеріңізге жазып жүріңіз.
9. Сөмке немесе кілтті іздеп, уақытты босқа жұмсамас үшін заттарды үйреншікті орында сақтаңыз.
10. Тапсырмалардың орындау уақытын белгілеп алыңыз — бұл оларды тезірек бітіруге септігін тигізеді немесе керісінше біраз уақытқа оларды ұмытуға көмектеседі.
11. Қажетсіз телефон әңгімелерінен аулақ болыңыз.
12. Алдыңызға жетуге оңай емес, биік мақсаттарды қойыңыз.
13. Қалжырауға бой бермеңіз —міндеттеріңіздің тез орындалуына демалыссыз жұмыс көмектеспейді, керісінше еңбек қабілетіңізді төмендетеді.
14. Тапсырманы орындап біткесін өзіңізді ынталандыруға ұмытпаңыз және мүмкіндігіңізше тынығып алыңыз (жол тығынында немесе бастығыңыздың іш пыстырар жиналысы кезінде).
Қажетсіз телефон әңгімелерден аулақ болудың жолдары:
1. Әңгіме созылып кетті деп ойласаңыз, әңгімелесушіңіздің сөзін сыпайы түрде бөлуден қорықпаңыз.
2. Тек аса маңызды жағдайларда ғана қоңырау соғыңыз — кейде e-mail жазсаңыз да жетіп жатады.
3. Егер де қоңырау шалған абоненттің нөмірін білсеңіз және бұл адам сізге жұмыс бабымен емес, жай ғана қоңырау шалатынында сенімді болсаңыз, жауап бермеңіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет