Көші-қон үдерісінің түсінгі, себептері



бет6/17
Дата11.12.2023
өлшемі107,83 Kb.
#136960
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Германия
Еуропалық Одақтың 1990 жылғы Дублин конвенциясы бойынша ЕО территориясын келген босқындар ең бірінші қай елге келді сол елден ғана баспана сұрауға құқылы болатын. Сириядағы соғысқа байланысты Германия бірінші болып бұл тәртіпті бұзып, сириялық босқындарға есігін ашты.
Осы хабарландырудан кейін, тек 2015 жылы Германия Ішкі істер министрлігінің мәліметі бойынша, ел бойынша 1 миллионнан астам босқын тіркелген. Олардың 430 мыңға жуығы Сириядан, 154 мыңға жуығы Ауғанстаннан және 122 мыңға жуығы Ирактан келген.
Германияның Жұмыспен қамтуды зерттеу институты (IAB) жақында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, соңғы толқындағы босқындардың, яғни 2013 жылдан кейін Германияға келген босқындардың 49%-ы бес жыл ішінде тұрақты жұмыс тапты. Осыған байланысты Германия үкіметі елге білікті мамандардың келуін жеңілдететін көші-қон заңын әзірлеуде. Яғни үкімет «мүмкіндіктер картасын» енгізбекші.
«Мүмкіндіктер картасы» бойынша балдар төрт критерий бойынша беріледі: шетелдік білім туралы сертификат, кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі, тілді білу немесе бұрын Германияда болу және жасы 35-ке дейін. «Мүмкіндіктер картасын» алу үшін төрт критерийдің үшеуін орындау жеткілікті болады. Бағдарламаға қатысудың егжей-тегжейлі шарттарын қазіргі уақытта Германия үкіметі талқылап жатыр.
Неміс халқы Африка және Таяу шығыстан келген мигранттардың қылмыстық әрекеттерінен қауіптенеді. 2016 жылдың жазында Мюнхнде жіне желтоқсан айында Берлинде болған терактілер бұл қауіпті күшейте түсті.
Елдің бұрынғы тәжірибесіне сүйене отырып, қазіргі басшылық мигранттар ағыны мемлекеттің экономикалық дамуына одан әрі септігін тигізеді деп есептеді. Алайда, үкіметтің бұл үміттері орындалмай, ішкі саяси теңгерімсіздік тудырды.
Франция
Францияның Ішкі істер министрінің 2019 жылдың соңында жарияланған мәліметі бойынша, 2018 жылы елге 256 мың заңды иммигрант келген: 90 мыңы отбасылық иммиграция арқылы, 83 мың студент және 33 мыңы «экономикалық себептермен». Соңғы санатқа мыналар кіреді: Францияда тұрақты негізде жұмыс істейтін 10 мың адам, жұмысқа алғаш рет рұқсат алған 15 мың адам және елге «талант паспорты» арқылы келген 8 мың адам.
Бұл мигранттардың жаңа санаты 2016 жылғы 7 наурызда Франциядағы шетелдік азаматтардың құқықтары туралы заңға енгізілген түзетулер негізінде енгізілді. «Талант паспорты» визасы келесі санаттағы шетелдік азаматтарға төрт жылға беріледі: жоғары білікті мамандар, инвесторлар, шетелдік компаниялардың уәкілетті өкілдері, ғалымдар (соның ішінде докторлық диссертациялар жазу үшін), өнер саласының қызметкерлері.
Саяси немесе гуманитарлық иммиграция босқындар ағынымен байланысты. 2017 жылы Францияда баспана іздеушілер саны 100 мың адамды құрады, ал 2018 жылы саяси баспанаға берілген 40 600 өтініш мақұлданды (салыстыру үшін: Германияда мақұлданған өтініштер – 325 400, Италияда – 35 100)
2019 жылы жағдай өзгерген жоқ: мигранттар саны өсті. Жағдай бақылаудан шығып кетпес үшін құзырлы органдар қабылдау ережесін қатаңдатуға мәжбүр. Орта есеппен Франция баспана сұраған өтініштердің 40%-дан азын қанағаттандырды. Сонымен қатар, салыстырмалы түрде әл-ауқаты жоғары, әскери немесе басқа да қақтығыстар жағдайында болмаған елдерден бұлардан босқындарды қабылдаудан Франция бас тартқанына қарамастан босқындар саны артып келеді (мысалы, Албания, Грузия, Гвинея, Кот-д'Ивуар және т.б.).
Президенттік бағдарлама ұсыныстарын әзірлеу Францияның көші-қон саясатын өзгертуге және «иммиграциялық ағындарды бақылауды қалпына келтіруге» бағытталған премьер-министр Э.Филипптің 2019 жылғы 6 қарашада жариялаған 20 шарасы болды.
Бұл шарадағы негізгі жаңалық- экономиканың еңбек ресурстарын тартуда проблемалары бар салаларында мамандарға бір жылдық квота (30 мыңға жуық) енгізу болмақ. Шетелдік жұмыс күшін қажет ететін кәсіпорындардың мамандықтары мен жұмыс орындарының тізімі қайта қаралып, 2020 жылдың қыркүйегіне дейін үкімет түпкілікті мәліметтерді жариялауды жоспарлап отыр. Әрине қажетті жұмыс орындары алдымен жергілікті халыққа ұсынылады. Үкіметтің пайымдауынша кәсіби еңбек ресурстары қажет салалар – құрылыс, қонақжай бизнесі және сауда. Сондай ақ ақпараттық технологиялар саласына да білікті мамандар қажет.
Қабылданған шараларда мигранттар медициналық көмекті квота алған соң 3 айдан кейін алуға мүмкіндігі бар делінген. Алайда, мигранттардың арасында инфекциялық аулар болса, жүкті әйелдер т.б. жедел медициналық көмек ала алады деп белгіленген. Бұл үшін мемлекет жыл сайын бюджеттен 934,4 млн. еуро бөліп отыр. 2018 жылы осындай көмек алғандардың саны 318 мың адамды құраған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет