Көшпенділер Алмас Қылыш



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата02.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#5142
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

 
 

213 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
ІІ 
 
 
Сырдарияның  орта  шенінде  сол  жағасындағы  тар  алқап  пен  оң  жағасындағы 
өркештене  созылған  қарт  Қаратауды,  оңтүстік-күншығысындағы  Бадам,  Шыршық 
өзендерімен шектесіп жатқан сұрғылт өлкені көне заманнан Түркістан  деп атаған. 
Бір  жағында  Моғолстан,  екінші  тұсында  Мауреннахр,  сыртында  Дәшті  Қыпшақ 
жері.  Кейде  арпаған,  қияқ,  қау  шөпті,  кейде  тек  сарған  ғана  өскен  құмайт,  ал, 
кейде  тіпті  аппақ  сор,  тақыр  дала  болып  келетін  осы  өлкені  басар 
1
,  қараған, 
тобылғы  жапқан  ат  тағасындай  иіріле  созылып  жатқан  қылыш  тасты  нұра,  қыз 
емшекті  адыр,  төбе,  ұшы-қиыры  жоқ  белестер  тілгілеп  өткен.  Бұл  белестер 
негізінде  Тарбағатай,  Тянь-Шань,  Памир,  Алтай,  Копет-Даг,  Гиндукуш  тауларынан 
басталды. 
 
Осы құмды, құмайтты, қылыш тасты, түкті қабақ жартасты, қияқ шөпті, бозаңды 
далада көне заманнан, тіпті Шыңғысхан шабуылынан бұрын көп жылдан бері келе 
жатқан  Сығанақ,  Сауран,  Отырар,  Яссы,  Сайрам,  Ақрұқ  атты  көне  шаһарлар  бар. 
Бұл  мединелердің  қасына  бірнеше  уақ  қалалар  салынған.  Мысалы  Яссы 
шаһарының  қасына  Мысырдан  келген  қожалар  туған  елдерінің  үлгісімен  Сунақ, 
Жүйнек,  қазақ  жерінде  алғашқы  қорғасын  қорытылған,  тай  еті  түгелімен  сыятын 
қырық  құлағы  бар  атақты  Мысқазан  құйылған,  дін  кіндігі  Қарнақ  тұрғызылған. 
Сондай-ақ  Созақтың  жанында  Шолақ,  Саудакент,  Сүткент,  Едіге  мен  Жиренше 
шешен  туған  Құмкент  дихтары  орын  алған.  Бұл  қалалар  шеті  сонау  Еділ,  Жайық, 
Қара  теңіз,  Орал  тауларына  дейін  созылған  атам  заманнан  Дәшті  Қыпшақ  деп 
атаған  алып  қазақ  даласының  мәдениет,  ғылым,  дін  ошағы  және  сауда-саттық 
кіндіктері болған. 
 
Түркістан  мен  Дәшті  Қыпшақ  даласының  түйіскен  алқабын  бауырлай, 
Мойынқұмның  күншығыс  жағын  орап,  басын  Тянь-Шань  тауының  құшағындағы 
Ыстықкөл мен Соң көлден алған, мың шақырымдай құмайт шөлді, тақырлы, биік 
жартасты  сайларды  көктей  өтіп,  қазақтың  атақты  арналарының  бірі  —  Шу  өзені 
                                                 
1
 Б а с а р — көне түркі тілі, тау жуасы. 

214 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
ағады.  Оңтүстіктен  келетін  ең  алғашқы  тармақтары  Теріскей  Алатау- 
дың  оңтүстік  жақтағы  мұзды  қойнауынан  шығатын  Қарақожыр  мен  Түлін  деген 
ағысы қатты кішкентай тау өзендері. Бұл екі өзен Долан асуынан аса Берік, Нарын 
ойпатының  жоғарғы  жағынан  құятын.  Оттық  арнасымен  қосылып,  мыл- 
қау құз, пышақ кесті биік шыңдарды қақ жарып, Жуанарық деген атпенен Теріскей 
Алатаудан  өтіп,  солтүстікке  қарай  айбарлана  гүрілдеп  бет  алады.  Жуанарық  тұсы 
бір  ғажап  жер,  арасы  тар,  күңгірт  биік  жартастар.  Ортасында  ақ  көбік  атқан, 
қазандай-қазандай тастарды түйіршіктей домалатқан арқыраған долы өзен. Суық, 
ызғарлы  сұлулығымен  тек  ертегілерде  ғана  кездесетіндей  адам  баласын  таң 
қалдырарлық  бір  ғажайып  сурет.  Осы  жал-жал  құздар  арасынан  солтүстік-
күншығысқа  қарай  беттеген  Қошқар  деген  өзенді  қосып,  Шу  Ыстықкөл  мен 
Күтемалды  өзені  арқылы  ұлғайып,  етегін  жая  Күнгей  Алатаудың  қойнауынан 
бұрқырай  өтіп,  солтүстік-күнбатысқа  бұрылады.  Бұдан  кейін  Шу  Алатауды 
бөктерлей  отырып,  қырғыз  жерін  баса  жолай  Үлкен  Кебін,  Кіші  Кебін  секілді 
бірнеше  өзендерді  өзіне  қоса,  ақырында  Мойынқұмның  күншығыс  жағынан 
барып  шығады.  Шу  құмға  жетісімен  күнбатысқа  қарай  бұрылады.  Енді 
бұрынғыдай  емес,  ағысы  саябырлана  түседі.  Бөлшектене  бастайды.  Жағасын 
қалың қамыс басып, кей жері сорға айналады. 
 
Ақырында Сейхун дариядан бір көш жерде тұратын Саумалкөлге барып құяды. 
Бұл көлдің күнбатыс жағында бірімен-бірі ұсақ өзендер арқылы жалғасып жатқан 
бірнеше суы ащылы, тұщылы көлдер бар. Солардың ең үлкені Телікөл. Телікөлге 
қазақ  даласын  аралай  кеп  Сарысу  құяды. Кей қарсыз  жылдары  Сарысу  Телікөлге 
жете алмай, орта жолда Қызылжыңғыл маңайына барып құмға сіңіп жоқ болады. 
 
Шу өзенінің Мойынқұмды көмкере күнбатысқа бұрылатын сағасынан ауыл бес 
күн көшерлік жерде Көкше теңіз — Балқаш көлі бар. Телікөл айналасы желген атқа 
бір күндік жер болса, Көкше теңіз аумағын, ұшқан құс екі-үш рет қонбай айналып 
шыға алмайды. Ұшы-қиыры  жоқ дала... Балқаш көліне  үлкен бес өзен құяды: Іле, 

215 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Лепсі,  Ақсу,  Қаратал,  Аякөз.  Іле,  Лепсі,  Ақсу,  Қаратал  өзендері  басын  Жоңғар 
Алатауынан алады да, Аякөз Тарбағатай қойнауынан шығады. 
 
Көне  заманда,  Қошан  патшалығы  кезінде,  Шу  өзені  Сырдарияға  құйған.  Шуға 
сол жағынан Сарысу, оң жағынан Талас өзені келіп қосылған. Сол заманның өзінде 
Шудың  Сырға  құятын  сағасында,  Талас  өзенінің  бойында  Сығанақ,  Тараз;  Яссен 
өзенінің жағасында Отырар қалалары болған. 
 
Исан-Бұғы  хан  Жәнібек  пен  Керейге  қонысқа  Моғолстан  мен  Түркістанның 
шекарасында жатқан Шу, Сарысу, Талас өзендерінің жағалауы мен Балқаш көліне 
келіп  құятын  Қаратал  өзенінің  бойын  берді.  Сөйтіп  қазақ  рулары  бірден 
Моғолстанның солтүстік, солтүстік-батыс шеті мен Көкше теңіздің Шумен қатарлас 
тұсына ие болды. 
 
Қарашаның суық желі тұрмай, Жәнібек пен Керейге еріп көшіп келген екі жүз 
мың  жанды  қалың  ел  осы  Шу,  Сарысу,  Таластың  Жуанарықтан  төменгі  солтүстік-
батысына  қарай  созылған  жағасына  орналасты.  Тек  Жәнібек  сұлтан  мен  оның 
балаларының  ауылдары,  қастарына  мың  шаңырақ  төлеңгіттерін  қосып,  мұз  қата 
Көкше  теңіздің  үстімен  оңтүстік  жағындағы  Қаратал  өзенінің  бойына  өтіп,  сол 
тұсқа  қыстау  салды.  Жәнібек  сұлтанның  бұнысы  жер  жетпегендіктен  емес,  әдейі 
көшу  еді.  Қаратал  өзенінің  ар  жағында  Аякөз  өзені  бойымен  сонау  Тарбағатай 
тауларының  Қытай  жеріне  дейін  созылған  аймағын  тегіс  Найман,  Керей,  Уақ 
рулары  жайлайтын.  Қазақ  руларының  басын  қосып  жеке  хан  көтеріп,  ел  болуды 
арман еткен Жәнібек сұлтан Найман, Керей, Уақ руларымен іргелес отыруды жөн 
көрді.  Бұнысы  дұрыс  та  боп  шықты.  Ортаншы  ұлы  Қамбар  батыр  алғашқы 
аттанысында  Тарбағатай  тауының  бойындағы  қазақтарға  барып  қайтқанынан-ақ, 
Жәнібек  сұлтанның  қадірі  бұл  маңайға  өсе  түскен.  Найман,  Керей,  Уақ  рулары 
Жәнібекке  өздерін  бағынышты  санай  бастады.  Сөйтіп  ел  боламыз  деген  қазақ 
рулары, осы алғашқы жылы-ақ, бір шеті Телікөлдің төменгі етегі болса, екінші шеті 
Тарбағатай  тауының  биік  басына  дейін  құлаш  созды.  Қазақ  елі  осы  жылы-ақ 
қанатын екі жаққа кере жайған алып қыранға ұқсай түсті. Жылқысы тебінге, түйесі 

216 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
қарағанға, сарығанға үйренген қазақ ауылдарына қыста қамысы қалың, қары жұқа 
Шу,  Сарысу,  Талас,  Қаратал  өзендері  мен  Балқаш  Саумалкөл,  Телікөлден  артық 
қоныс  керек  емес-ті.  Тек  қамысында  қаптаған  қабаны,  тым  көп  болмаса  да  ара-
тұра кездесетін ала шұбар жолбарысы, тарғыл барысы ғана малға қауіпті еді. Бірақ 
көп  кешікпей,  аң  тәсіліне  еті  үйренген  қазақ  жігіттері,  бұл  қауіптерді  де  жеңіп 
алды.  Ақыра  шапқан  жолбарыс,  сегіз  қырлы  сауыт  бұзар  жебенің  көкірегінен 
барып  қадалған  қанжар  ұшына  шыдай  алмай  жер  қаба  құлады.  Енді  қамыстан 
адам емес аңның өзі қашты. 
 
Бұл  қамысты  өлкенің  тағы  да  бір  ғажайып  ерекшелігі  болатын.  Қазақ 
руларының ежелгі кәсібі мал шаруашылығы. Көшсе — көлігі, сойса — соғымы.  Еті 
мен сүтін — ас, терісі мен жүнін киім етеді. Малы неғұрлым көп болса, соғұрлым 
тіршілігі жақсы. Сондықтан да қазақ «мал ашуы — жан ашуы» деп келеді. Ал малға 
керегі  жер,  жайылым.  Қамысты  Шу,  Сарысу,  Талас  бойлары    мен  қар  суынан 
жаратылған  жүздеген  тұнық,  борықты  тұщы  көлдердің  кең  өңірлері  қыстың  күні 
жайлы  болғанмен,  малға  жаз  тым  мазасыз,  азабы  тамұқтан  кем  тимейтін.  Мал 
түгіл, адамға да қолайсыз. Көкек шыға бұл өлкені тұмандай қаптаған  быжынаған 
сона,  маса,  бөгелек  басады.  Жан-жануарға  жанын  қоярға  жер  тапқызбайды. 
Осындай жағдай Қыркүйектің басына дейін созылады. Көне заманнан бастап бұл 
арада  сонау  Кіші  Кебін  өзенінің  сағасынан  төменгі  Мойынқұмға  дейін  жаз  бойы 
ешбір  ел  тұрмайды.  «Қазақ  қай  бір  сүтті  қызын  береді»  дегендей,  Исан-Бұғының 
да  көшіп  келген  ағайынға  бұл  жерді  бере  салуының  бір  себебі  осында  еді.  Бос 
жатқан  жерді  «жауың  емес,  досыңмын»  деген  қазақ  руларынан  аясын  ба, 
мырзалық ете салған. 
 
Жәнібек  пен  Керей  үш-төрт  жыл  өтпей-ақ  жазғы  жайлауын  ойлай  бастады. 
Қыруар елді өсіп келе жатқан бықыған малымен қайда апармақ? Рас, біраз жұрт 
осы  уақытқа  дейін  Шу  мен  Таластың  жоғарғы  бойын  өрлей  Қошқар,  Жуанарық 
өңіріне  көшіп  келді.  Кей  ауылдар  Көкше  теңіздің  маңына  да  барды.  Енді  бүйте 
беруге  болмайды.  Сонда  жайлауды  қайдан  табады?  Наурыз  бітпей  биыл  Көкше 

217 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
теңіз  үстімен  солтүстікке  шығып  алған  Жәнібек  ауылдары,  көп  ұзамай 
Мойындықұм  маңайында  қалған  қалың  елге  келіп  қосылған.  Бұл  кезде  Жәнібек 
пен Керейдің қарамағындағы ел үш жүз мың үйге жеткен. Әбілқайырдың құрығы 
бұрын  да  мойнына  түсе  қоймаған  Көкше  теңіз  маңындағы  ел  Жәнібекке  тегіс 
бағынған. Әулиеата, Мерке маңайындағы Дулат пен Қоңыраттар да қос сұлтанның 
жарлығына мойын ұсынған. 
 
Міне, осы кезде жазғы қамын ойлаған елдің ақсақал, би, батырлары жиналып 
екі мәселені шешті. Бірі — жасының үлкендігін сыйлап Рабиуыл айының басында 
ақ кигізге көтеріп, Керейді қазақтың ханы сайлады. Екіншісі — жазғы жайлауы етіп 
Қара Кеңгір, Сары Кеңгір өзендерінен бастап Ұлытау, Арғынаты тауларының бойын 
қуалай, ортадағы Шойындыкөл, Ақкөл, Барақ көлді ала отырып, сонау, Есіл, Нұра 
өзендеріне  дейін  көшпек  болды.  Малына  жайылым,    өзіне  пана  керек  жұрт 
«Әбілқайыр  берсе  қолынан,  бермесе  жолынан  аламыз»  деп  атқа  қонды.  Қазақ 
руларының  бұнысы  көк  шалғынды,  саумал  көлді  ежелгі  қонысын  ел  болып 
қайтадан  өзі  билеп,  өзі  төстеудегі  алғашқы  адымы  еді.  Бұған  Әбілқайыр  қарсы 
тұра алмады. «Қазақ елін құмға қашырып, қырып тастаңдар» деп жіберген он мың 
лашкарларының  қолынан  ханның  бұйрығын  орындау  келмеді.  Лашкарларды 
бастаған Бахтияр-баһадурдан кейінгі ханның ең сенімді адамы, қара аюдай алпақ-
салпақ  мол  денесі  мен  бойына  біткен  алып  күші  үшін,  руының  атын  өз  атына 
айналдырып «Қарашың» деп аталған әскер қолбасшысы Дарвиш-Хұсайын батыр, 
көшкен елдің соңынан қуып жетсе  де, ештеңе істей  алмады. Отыз мың сойылды 
әскерімен көш соңынан қорған боп келе жатқан Жәнібек сұлтан да бұларға назар 
аударып  кейін  бұрылмады.  Қыр  бөктерлей  жортқан  көкжал  қасқырға  тап  беруге 
бата алмаса да, кейін қалып қоюға намыстанған ауыл төбеттері тәрізді, Әбілқайыр 
ханның  лашкарлары  алыстан  садақ  атып  құр  мазасын  алып,  соңдарынан  жүріп 
отырды.  Қарашыңның  бұл  тәсіліне  Жәнібек  таң  қалды.  «Сірә,  менің  әскерімнің 
аттан түсіп, бір жайбарақат қалар кезін күте ме? Олай болса...» Жәнібек кенет отыз 
мың  әскерінің  атының  басын  кейін  бұрдырып  алды  да,  Қарашыңның 

218 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
лашкарларына  лап  қойды.  Арқаның  жазық  даласында  бауырын  жаза  шапқан 
кілең тоқпақ жал, қамыс құлақ, бөрте мінген қалың қол заматта жау жасақтарын 
жан-жағынан  қоршап  алды.  Бұл  Қыпшақ  шабуылшыларының  ежелгі  тәсілі. 
Алдында жайбарақат келе жатқан қалың қолдан мұндай жылдамдықты күтпеген 
Қарашың  баһадур  кенет  туған  қауіпті  көріп  жаман  састы.  Отыз  мың  сыпай  отыз 
мың  садағын  бір  рет  қана  тартса  орталарында  қотандағы  қойдай  қоршалған  он 
мың  лашкардан  не  қалады?  Бір  адамға  үш  жебеден.  Батырға  да  жан  керек, 
Қарашың  бітім  сұрады.  Бұл  оқиға  Даираяқтың  тақыры,  Шотшөт  көлінің  тұсында 
болған.  Кешегі  бауырлас    рулардың  қанын  төгуді  Жәнібек  лайық  көрмей  бітімге 
келген. Бітім біреу-ақ; «бізге қосылғысы келген лашкарлар бізге қосылсын, ал бізге 
қосылғысы  келмегендері  екеу  ара  бір  ат  мініп,  қалған  аттарын  тастап  елдеріне 
қайт- 
сын.  Босаған  аттардың  бәрі  бізге  қалсын».  Қарашың  лашкарларының  үштен  бірі 
Жәнібек  жағына  шықты.  Қалғандарының  елдеріне  қайтқысы  келді.  Бірақ  екінің 
бірі аттарынан айырылды. Сөйтіп алты мыңдай адам екі-екіден атқа мінгесе мініп 
кейін  жүрді.  Телікөл-тата  тасығанда  барып  құятын  Сегізсай  Сарыаланың 
жанындағы  сол  кезде  «Атмінгескен»  деп  аталатын  қия  жол  содан  қалған. 
Әскерінің  қалай  жеңілгенін  естіген  Әбілқайыр,  бір  кезде  бүкіл  Дәшті  Қыпшақты, 
Мауреннахр, Қорасанды бағындырған лашкарларының енді масқара боп, мінгесіп 
қайтқанына  жаман қорланды.  Ашудан бір  орнында  отыра алмады.  «Тірі  жүрсем, 
Жәнібек  сұлтан,  осы  істегеніңді  алдыңа  келтірмесем,  Әбілқайыр  атым  құрысын» 
деп ант берді. Бірақ антын орындай алмай өтті. Қарашыңның қолын жеңуі — жас 
арыстан  қазақ  елінің  жауына  айбарын  алғашқы  көрсетуі  еді.  Енді  ол  жылдан 
жылға есейе түсті. Тағы үш жылдан кейін Керей қайтыс болып, Жәнібекті хан етіп 
ақ  кигізге  көтергенде,  қазақ  рулары  бастары  бірігіп,  Шу,  Талас,  Сарысу,  бүкіл 
Көкше теңіз бойын, Дәшті Қыпшақтың солтүстігіндегі Есіл, Нұра, Тобыл өзендеріне 
дейін  тегіс  алып  болған  еді.  Осы  жердің  оңтүстігін  қыстауы,  солтүстігін  жайлауы 
етті. Елдің елдігін, ердің ерлігін көрсететін заман енді туды. Тек осы шағын жерде 

219 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
көшіп  жүре  берсе,  бір  күні  өзінен  күшті  Әбілқайыр  секілді  бір  ханның қалың  қол 
шығарып,  қайтадан  басып  алатынын  Жәнібек  жақсы  ұқты.  Өзің  күшті  болсаң, 
өзгемен көшің қатарлассын. Ал күшті болу үшін, енді қазақ біржолата руға бөлініп 
бытырап  жүруді  тыйып,  айбынды  мемлекетке  айналуы  керек.  Ұшы-қиыры  жоқ 
далада малының әуенімен әр руы өз алдына көшіп, тарап жүрген қазақтың, Иран, 
Үндістан,  тіпті  қала  берді  тұрғын  ел  Мауреннахрдай  тастай  берік  мемлекет 
болуының қиын екенін Жәнібек  бұрыннан да жақсы түсінетін. Әйтсе де кәсібі бір, 
нәсілі бір, тілі бір бүкіл қазақ руының басын бір жерге қоса алмаса да, сол өзінің 
мал шаруашылығына тән көшпелі тіршілігіне ыңғайлы хандық құруға болатынына 
ол сенетін. Бұл, қазақтың тарам-тарам боп әр ханның қолында құрып кетпеуі үшін 
керек  еді.  Тіршілік  тартысы,  халықтың  өзін  сақтап  қалу  күресі  —  бәрі  де  бір  ел 
болмай  мүмкін  емес-ті.  Бұл  арман  халықты  алысуға  мәжбүр  етті.  Ал  жеке 
мемлекет  болу  үшін,  ел  бірлігінен  басқа,  жауың  сескенетін  әскерің  мен 
халқыңның  мұң-мұқтажын,  керегін  қамтамасыз  ететін,  өзге  жұртпен  байланыс 
жасайтын кәсіпорындары, сауда-саттық жүргізетін шаһарлар керек. Бұл шаһарлар 
Дәшті  Қыпшақ  жерімен  шекаралас  Түркістан  өлкесінде.  Ал  Түркістан  Әбілқайыр 
ханның  қолында.  Бір  кезде  бұл  шаһарлар  қазақтың  алғашқы  ханының  бірі 
Орысханның  қарамағында  болған.  Орысхан  Ақ  Орданың  туын  көтергенде, 
Шыңғысхан  мүлдем  құртып  жіберген  Сығанақ,  Сайрам,  Яссыны  қайтадан 
тұрғызған. Сығанаққа астанасын көшірген. Қазақ руларына керек шай, қант, мата, 
ыдыс-аяқ,  қазан-ошақ  —  бәрін  Үндістан,  Қытай,  Иран  саудагерлерінен  алып, 
Шығыспен  сауда  жүргізе  бастаған.  Бұның  бәрі  Ақ  Орданың  құлауымен  бірге 
біткен. Ал бұл жағдайға жету үшін, құлап қалған Ақ Орданы қайта тұрғызу керек. 
Әрине Ақ Орданы қайта тұрғызу деген сөз, бүкіл Дәшті Қыпшақ жерін,  Түркістан 
уәлиетін  өзіне  қарату  деген  сөз.  Бұнсыз  қазақ  күшті  ел  бола  алмайды,  бұнсыз 
қазақ өз басын сыртқы жауынан қорғай алмайды. Осы ойдың бәрін — ел бірлігін 
күшейтіп,  ру-ру  боп  жүрген  ағайындас  жұртты  қазақ  деген  бір  ел  етті,  сол  елді, 
жан-жағындағы қанды көз жаулары бесігінде жатқанда қыршынынан қиып құртып 

220 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
кетпес үшін, айбарлы атты әскер құруды Жәнібек көп ойлады. Әрине, ондай басы 
біріккен,  мол  әскерлі  елді  мемлекетке  айналдыру  үшін,  Ақ  Орданы  қайта 
тұрғызып, бүкіл Дәшті Қыпшақ жері мен Түркістанды өз қарамағына алу өте қажет. 
Алғашқы екеуі қазақ руларының берекесімен, ауыз бірлігімен байланысты болса, 
үшіншісі ұзақ тартыссыз, әсіресе Дәшті Қыпшақ ханы Әбілқайырмен қан майданда 
кездесіп, аянбай қан төгіспей шешілмейтін тілек еді. 
 
Түркістан  Әбілқайырға  да,  Ақсақ  Темір  әмірлеріне  де  керек.  Ал  бастары  жаңа 
қосылып  келе  жатқан  қазақ  руларына  Түркістан  уәлиетіне  жататын  Сырдария 
жағасындағы кенттердің маңызы ерекше зор болатын. 
 
Бұл  ерекшелік  ең  алдымен  Сырдария  шаһарларының  шаруашылық 
жағдайымен байланысты себептерден туған. 
 
Дәшті  Қыпшақтың  көшпелі  еліне  қаланың  өнеркәсіп  заттары,  отырықшы 
жұрттың  егісінен  өнетін  азық-түлігі  қандай  қажет  болса,  отырықшы  елдер  де 
көшпелі жұрттың өсіріп отырған малының еті, жүні, терісіне сондай мұқтаж еді. Ал 
Сырдария шаһарлары Орта Азия мен Дәшті Қыпшақтың ортасындағы сауда-саттық 
бекеті  ғана  болып  қалмады.  Өздері  де  сол  Дәшті  Қыпшақ  ауылдарына  керек 
өнеркәсіп заттарын молынан өндіріп, екі жақтың сауда-саттық ісіне қызу араласты. 
Мұндай  жағдай  бұл  шаһарлардың  қаулап  өркендеулеріне  себеп  болды.  Әрине, 
бұл  қалаларды  қолына  түсіру  —  Дәшті  Қыпшақ  хандарының  да,  Мауреннахр 
әмірлерінің де көкейтесті арманы екені даусыз еді. Қазақ хандарының Сырдария 
шаһарларына 
телміре 
қарауының 
екінші 
себебі 
қарамағындағы 
мал 
шаруашылығымен  шұғылданатын  елді  жайылыммен  қамтамасыз  етуден  туған. 
Қары  аз,  қысы  жылы  Сырдария  жағасы  көшпелі  ауылдарға  қысқы  жағдайда 
таптырмайтын қоныс. Күннен күнге мал басы өсіп, өркендеп келе жатқан көшпелі 
жұртқа  Шу,  Сарысу,  Талас  өзендерінің бойы  енді жеткіліксіз  бола  бастаған.  Амал 
жоқ,  қазақ  еліне  тағы  жаңа  қысқы  қоныс  іздеуге  тура  келді.  Ал  бұл  жағынан 
құйқалы  Сырдария  қойнауларынан  артық  жер  табу  қиын-ды.  Жаз  малын  Арқада 
бағып, қыс осы Сыр бойын жайлауды қазақ рулары  көксей бастады. Осы арманы 

221 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
орындалса,  бүкіл  Дәшті  Қыпшақ  халқының  алдында  абыройы  көтеріле  түсетінін 
Жәнібек хан өте жақсы түсінді. 
 
Үшінші  жағынан  бұл  қалалар  әскери  бекініс  ретінде  де  аса  керекті  еді. 
Моғолстан  хандары  Шу,  Сарысу,  Талас  бойларын  Мауреннахр  әмірлерінен 
сақтайтын  қалқан  көрсе,  Мауреннахр  әмірлері  Түркістан  уәлиетін  Мауреннахрды 
Дәшті  Қыпшақтан  қорғайтын  бекініс  санады.  Ал  Әбілқайыр  осы  Түркістан 
шаһарларына сүйене отырып, бүкіл Дәшті Қыпшақты уысымда ұстасам деді. 
 
Әбілқайыр  арманы  да,  Дәшті  Қыпшақ  елдерінің  көкейкесті  тілегі  де  осы  Сыр 
бойына  келіп  түйісті.  Ал  Жәнібек  хан  ұшы-қиыр  шеті  жоқ  Дәшті  Қыпшақ  жерін 
ұстап  тұру  үшін  мықты  бекініс  осы  Сырдария  шаһарлары  екенін  өзгеден 
анағұрлым терең ұқты. 
 
Сондықтан да оның қырағы көзі күндіз-түні Түркістан жағына тігулі. Ал Жәнібек 
ханның  жатса  да,  тұрса  да  ойлайтыны,  әсіресе,  Дәшті  Қыпшақ  жеріне  ең  жақын 
тұрған,  кешегі  бабаларының,  Ақ  Орданың  кіндігі  —  Сығанақ  пен  оған  таяу  Дәшті 
Қыпшақтың көне шаһарлары Сауран, Созақ, Яссы, Сайрам... 
 
Бұл қалалар өздерінің ұзақ өмірлерінде не көрмеді? Түркістан өлкесін қандай 
хан  билемесін,  тек  одан  өз  пайдасын  көздеді.  Жан-жағы  егіндікке  бай,  Түркістан 
шаһарларының  михнатын  диқаны  тартса,  қызығына  бірінен  соң  бірі  басқарған 
хакімдері  батты.  Еңбекші  бұқараларға  салынған  алым-салық,  қаржы-қаражат  тек 
қаланы билеген бекзадалардың ғана дәулетін молайтты. Бай-манаптың үстемдігін 
асырды, қайда барса да тек кедейлер ғана сорлады. Қала-мединелерді басқарып 
отырған  хакім,  даруғалар  мемлекетке  деген  көзқарастарын  өздерінің  жеке 
мүддесіне  қарай  белгіледі.  Сол  себептен  де  бұл  шаһарларды  билеген  мықтылар 
ойына  келгенін  істеді,  қарамағындағы  елді  өзінің  меншікті  мүлкі  санады. 
Мединелерді  билеген  бекзадалардың  асқандығы  соншалық,  қалаға  таласып 
жатқан екі жақтың қайсысының қарамағына көшкісі келсе, соған өз еркімен көше 
берді.  Егер  қала  мықтылары  өз  бастарына  пайдалы  көрсе,  кешегі      жауына  бүгін 
өзі  апарып  қала  қақпасының  кілтін  ұстатты.  Осындай  жағдайларды  ойлаған 

222 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
Түркістанды  жаулап  алған  хандар,  әрқашан  да  бұл  шаһарларға    хакім  етіп 
өздерінің сенімді жақындарын ғана қоюға тырысты. Бұл әдетті  Әбілқайыр хан да 
қатты қолданды. Түркістан уәлиетін өзіне қаратқаннан кейін, осы уәлиетті жаулап 
алуда  көп  қаһар  көрсеткені  үшін,  Сығанақтың  хакімі  етіп  Манедан-оғланды, 
Үзкентке  —  Маңғыт  руының  биі  Оқасты  белгілеп,  Созақ  бекінісін  немере  ағасы 
Хызырханның  баласы  Бахтияр  сұлтанға  тартты.  Яссы,  Сауран,  Сайрамдарды  да 
осылар  тәрізді  Әбілқайырға  өте  сенімді  не  болмаса  хан  тұқымынан  шыққан 
сұлтандар билеуде еді. 
 
Ал бұл хакімдердің Жәнібек жағына шығуы үшін жалғыз-ақ жол бар. Ол  жол: 
Жәнібек  Әбілқайырдан  күшті  болуы  керек.  Күшті  болудың  жолы  биіктігі  қырық 
құлаш,  қаланы  қоршаған  қорғандарды  алу  ғана  емес.  Тастай  түйінген  бұл 
шаһарларға  шабуыл  жасап,  орынсыз  қырылудан  гөрі,  алдыменен  Дәшті 
Қыпшақтағы рулардың басын біріктіріп, мықты әскер құра білу шарт. Егер халықты 
өзіне  бағындыра  алса,  мықты  қол  жинау  да  қиынға  түспейді.  Ал,  азғантай  ғана 
шұрайлы жайылым үшін бірінің малын бірі барымталап, жігіттерін сойылға жығуға 
дейін баратын қазақ руларын өзіңе бағындыру оңайға түскен бе! әрқайсысы өзін-
өзі  дөй  санайтын,  өзім  дегенде  өгіз  қара  күші  бар  әр  рудың  би,  батырларын  бір 
ханға бағындыру оңай болып па? Тағы бір қиындығы Әбілқайырмен айырылысар 
кезде  намысқа  шауып,  бір  жұдырықтай  жұмыла  қалған  қазақтың  басты  рулары 
тынысы кеңіген сайын, жұмылған жұдырығы жазылып, біріктік деп тартқан айылы 
босай  түскен.  Өзінің  ежелгі  дәстүріне  салып,  малының  әуеніне  қарай  бытырай 
көше бастаған. Жәнібектің де ең қорыққаны халықтың жібі босап кететін осы кез 
еді. Әбілқайыр ханның да күткені осы. Бытыраған руларды біртіндеп жаулап алып, 
Түркістан  қалаларын  да  босағасын  берік  ұстап,  бүкіл  Дәшті  Қыпшақты  қайтадан 
өзіне  бағындырады.  Ал  Жәнібек  Арғын,  Қыпшақ  қос  шоқпарын  қолына  мықтап 
ұстап,  жаңа  ұйып  келе    жатқан  ел  бірлігіне  іріткі  салдырмайды.  Көнгісі  келген 
руларды  ақылмен  көндіреді,  ал  көнгісі  келмегендерін  қан-жоса  етіп  күшпен 
дегеніне  бақыл  еткізеді.  Осылай  шешкен  Жәнібек  аулы  Қара  Кеңгір  жағасына 

223 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет