Көшпенділер Алмас Қылыш



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата02.03.2017
өлшемі2,53 Mb.
#5142
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Әдеби KZ  
 
 
келіп жайлауға қонған шақта, Тауық жылы, екінші айдың орта шенінде Арғынның 
ақсақалы Қотан тайшы мен Қыпшақтың әрі биі, әрі батыры, әрі сөзуар желауызды 
шешен-ақыны  қарға  бойлы  Қазтуғанды  кеңеске  шақырды.  Бұл  кезде  Арғын 
руының  көсемі  Арғын  би  еді.  Ал  Қыпшақтың  билігі  әлі  тұғырынан  түсе  қоймаған 
Қара  Қыпшақ  Қобыланды  батырда  болатын.  Қазақтың  ең  көп  және  батыр 
руларының көсемдерін шақырмай, ханның жырауларды шақыруында да көп мән 
бар. Жәнібек ел билеген жақсыдан, ел аралаған ақын сыншы екенін білетін. Ақын 
ел құлағы, ел көзі, ел жүрегі. Жұртының тамырының қалай соғатынын және оның 
көңіл  күйін,  мұң-мұқтажын  бұлардан  артық  айтып  беретін  тірі  пенде  жоқ.  Сан 
ақын-жыраулар  халқының  ауыр  халін  хандарына  жыр  етіп  беремін  деп,  қуғынға 
ұшыраған, құрбан да болған. 
 
Жәнібек  Қотан  мен  қарға  бойлы  Қазтуғанды  шақырғанда  халқының  көңілінің 
қандай күйде екенін білгісі келген-ді. Қос жырау бір күні жетті. Өздеріне арналып 
тігілген қос ақ боз үйге атқосшы жігіттерімен жайғасып жатқандарында: «Асан ата, 
кәдімгі  ел  құлағы,  ел  көзі  Асан  Қайғы  келе  жатыр»  деген  хабар  дүңк  ете  қалды. 
Сөйткенше  болған  жоқ  «Түгел  сөздің  түбі  бір,  түп  атасы  Майқы  бидің»  алтыншы 
ұрпағы, ел кезген Асан ата ауыл сыртына кеп, Ақсирақ жүрдегінің үстінен түсті. Бұл 
шақ  күн  батып  бара  жатқан  мезгіл  еді.  Хан  аулы  маңында  мал  болмағанмен, 
төменгі  елдің  қайтқан  қойының  маңырағаны,  құрақтағы  жылқысының  кісінегені, 
аусыл  аруаналардың  боздағаны,  зеңгі  баба  шаңырақ  мүйіз  сиырлардың 
мөңірегені алыстан естіліп жатты. Кәрі төбеттің балпылдай үрген дүңкілдек даусы, 
әлдекімнің  «Қозыжан,  Қозыжан!»  деп  баласын  еркелете  шақырған  айқайы 
шығады.  Күндізгі  аңызақ  жел  де  тоқтап,  кешкі  таманғы  тына  қалған  таза  ауада 
малы 
өрістен 
қайтып 
абыр-сабыр 
болған, 
төменде 
жат- 
қан  төлеңгіт  ауылдарының  у-шуы  хан  Ордасына  анық  естіліп  тұрады.  Қара 
Кеңгірдің  көк  балауса  жасыл  шалғынды  арғы  жағасында,  сонау  ойпаттағы  қа- 
мысты  көлге  дейін  быжынаған  ел  көрінеді.  Сүт  пісіруге,  ас  қамдауға  кіріскен 
қатындардың  жаққан  оттарының  көгілдір  түтіні  ауыл  үстінен  көкке  көлбей  ұшып 

224 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
барады.  Қамысты  көлден  белеске  қарай  көтерілген  көп  жылқы  күңгірттене 
бұлдырап  көзге  түседі.  Бергі  ауылдың  қырқа  жағындағы  жазықта,  қолында 
құрығы бар, ақ боз жүйрік мінген жігіт, асау қуып келеді. 
 
Хан  Ордасында  қарт  Қотан  мен  қарға  бойлы  Қазтуғанның  келіп  сәлем  беруін 
күтіп  отырған  Жәнібек,  «Асан  Қайғы  келіп  ауыл  сыртында  түсіп  жатыр»  деген 
хабарды  естісімен,  бүкіл  Дәшті  Қыпшақ  ардақтайтын,  қазағы  үшін  қайғылы 
жырауды  өзі  шығып  қарсы  алмақ  болды.  Жәнібек  нөкерлерін  ертіп,  Ордадан 
шығып  есік  алдында  сәл  кідірді.  Өзеннің  арғы  бетіндегі  ауылға  қарады.  Түйсік 
қабақты  ханның  сұрғылт  сынық  жүзінде  кенет  бір  күлімсірегендей  шырай  елең 
берді. Шынында да ауылдың кешкі суреті адамның көңілін көтерерліктей орасан 
сұлу  еді.  Жәнібек  енді  осыншама  жан  тербетер  сұлу  суретке  көз  салып  
рахаттанбай,  бағанадан  бері  Орда  ішінде  отыра  бергеніне  өкінді.  «Дүние  деген 
міне  осы,  мұның  хан  екенінде  де,  халқының  қамын  ойлап  күні  бойы  Ордадан 
шықпағанымен  де  ісі  жоқ,  өз  қызығымен,  қуанышымен  өте  береді».  Дәл  осы 
кезде  ақ  боз  жүйрік  мінген  бала  жігіт  бағанадан  бері  ұстамақ  асауын  хан 
тұсындағы  өзеннің  жағасымен  жанастыра  қуып,  алдындағы  асау  жалт  бұрылып 
алдынан  өте  берем  дегенде,  қолындағы  құрығын  мойнына  жып  еткізіп  сала 
қойды.  Асау,  бала  жігітті  атматымен  сүйрей  жөнелді.  Бірақ  жігіт  жібермеді. 
Үзеңгісін  шірене  арт  жағына  қарай  қисая,  қолындағы  құрығын  қос  қолдап  бұрай 
тартып  жанаса  жабысып  келеді.  Күндікке  шапқан  жүйрік  шаршады  ма,  әлде 
мойнына  түскен  құрықтың  қыл  арқаны  батты  ма,  екі  бүйірін  солқылдата  демін 
алып,  үстінен  тері  көпсіп  бұрқырап,  қамыс  құлағын  қайшылай  теңселе  барып 
тоқтады.  Құрықшының  қимылына  риза  болған  хан  «Жігітім-ақ  екенсің!  Кімнің 
баласы екен өзі?» деді. Хан сұрағына жауап тапқалы бір нөкері ауыл сыртындағы 
сайдағы  атына  жөнелді.  Жәнібек  енді  хан  Ордасына  қарай  беттеген  Асан  Қайғы 
тобына  қарсы  жүрді.  Ханнан  бұрын,  қайғылы  жырауды  қошеметпен  қарт  Қотан 
мен  Қазтуған  қарсы  алған.  Асанды  екеуі  екі  жағынан  қолтықтап,  топ  адамды 

225 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
соңдарынан  ертіп  келе  жатыр  екен.  Жәнібек  хан  нөкерлерімен  таяу  келіп,  қол 
қусырып иіліп сәлем берді. 
 
— Арсың ба, Асан ата? 
 
— Барсың ба, жарқыным? 
 
Хан  енді  қазақ  әдетімен  алдымен  құшағын  айқастыра,  кеудесіне  кеудесін  
тигізіп,  әуелі  Асан  Қайғымен  сәлемдесті,  содан  соң  барып  Қотан  жыраумен, 
Қазтуғанмен  амандасты.  Қазтуғанның  орнына  енді  Жәнібек  ханның  өзі  Асан 
Қайғының қолтығынан ұстады. Бәрі бірдей хан Ордасына беттеді. Ақ Ордаға тәжім 
етіп кіргеннен кейін үш жырау хан тағының оң жағындағы шайы көрпенің  үстіне 
барып  отырды.  Асан  Қайғы  төрде.  Одан  сәл  төмендеу  Қотан  қарт,  сосын  барып 
Қазтуған  тайшы  жайғасты.  Хан  нөкерлері  аяқтарының  ұшымен  дыбыс  шығармай 
жүріп, шынтақтарына үлпілдеген мамық жастық салды. Сөйтсе де Жәнібек ханды 
сыйлаған  қарттар,  аяқтарын  көсіліп  жастыққа  жантаймады,  сол  малдастарын 
құрып отырған қалыптарынан қозғалмады. 
 
— Жол болсын, қария, — деді Жәнібек, Асан Қайғыдан жөн сұрап, — алыстан 
келесіз бе? 
 
—  Ақсираққа  жақын,  ақсақалға  алыс  жерден  келемін,  жарқыным.  Бабам 
Майқы  би  көш  салған  Алатаудың  қойнауындағы,  гүл-бақшасы  жайнаған,  бұлбұл 
құсы сайраған Алмалықтан шыққан бетім бар... 
 
— ә-ә... құтты қоныстан аттанған екенсіз ғой. 
 
— Құтты дейсіз бе?.. — Асан атаның қабағы қарс жабылып кетті. — Бізден  де 
бұрын насрани діні шіркеуі салынған екен... 
 
— Батыс қонысы тым алыс қой. 
 
— Қызыл түлкіге қызыққан қыранға алты күндік атырап әудем жерден жақын. 
 
— Рас, Жетісу өңірі жердің қызыл түлкісі. 
 
—  Айыбы  —  ажары.  Сол  себептен  де  Сойқын  Сайдан  Шығыстың  әп  жыланы 
әлсін-әлсін басын сумаңдай көрсетіп жатқан жоқ па? 
 
— Тірі қалғың келсе елің күшті болсын. 

226 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
— Елім қайтсе күшті болады? 
 
 
— Арманына жеткен ел күшті болады. 
 
— Қандай арманды айтасыз? 
 
 
—  Жерүйек  деген  халқыңның  арманын  айтамын.  Бұ  жалғанның  жерүйегі  
Жетісу  екен.  Алтын  Ордаңды    сол  Жетісудағы  Алмалыққа  тіккеніңде  қой  үстінде 
боз торғай жұмыртқалар заман орнайды. Біз жетпегенмен оған біздің ұрпағымыз 
жетеді. 
 
Жәнібек езу тартты. 
 
— Бірақ оған шейін Әбілқайырдың көк бөрілері бізді талап қан етпек қой. 
 
—  Дұрыс  айтасың,  жарқыным,  қазіргі  заман  әлі  жеткеннің  заманы.  Жолай 
Ахмет  қожаның  мешітіне  құран  оқып  шығайын  деп  Яссыға  бұрылып  едім, 
Әбілқайыр ханның әмірімен істелген бір қиянатты көрдім... 
 
— Қандай қиянат? 
 
—  Хакім  Мұхамед-Мазид  тархан  Яссыға  керуен  тартып  келген  қазақ 
саудагерлерінің малын тартып алып, өздерін құмға қуып салыпты. 
 
— Бұнысы Әбілқайырдың Түркістан жеріне қазақ саудагерлері келмесін дегені 
ғой. 
 
— Иә... 
 
 Бағанадан бері үндемей отырған қарға бойлы Қазтуған оқыс қимылдап ханға 
қарады. 
 
— Сонда қара қазақ жейделік қарбас 
1
 пен кебіндік бөзді қайдан алады? 
 
Жайшылықта  сырға  тұйық  Жәнібек,  қазақ  саудагерлеріне  істеген  Әбілқайыр 
қорлығы жанына батып кетті ме, өзін-өзі ұстай алмай қалды. 
 
— Түркістаннан аламыз, — деді ол Қазтуғанға қарап, — алдымен Түркістанның 
өзін аламыз. 
 
Асан Қайғы Жәнібекке ойлана көз тастады. 
                                                 
1
 Қарбас — көне түркі тілі, мата деген мағынада (сәтен). 

227 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
—  Шырағым,  Жәнібек,  бабаң  Орысханның  ақылы  саған  қонды  ма  деп  едім, 
адаспаған  екенмін.  Әбілқайырдан  айырылғаныңа  қарсы  болмасам  да,  Шуға 
көшемін  дегеніңді  ұнатпағам.  Енді  қанып  отырмын,  ойың  алыста  жатыр  екен... 
Әрине  қазақ  енді  шаһарсыз  күн  көре  алмайды.  Бұқардың  мейізі  мен  Ташкенттің 
науаты қазақ сорлының да аузының дәмін енгізгендей. Бірақ Әбілқайыр саған оп-
оңай Түркістанды бере ме? Күшің жетіп тұрып қан төккеннен, күшің жетпей жатып 
қан төккеннің күнәсі ауыр. 
 
—  Мен  қан  төгейін  деп  отырмын  ба?  Түркістан  ата  қонысым.  Түбі  қан  төкпей 
бітіспейтін болсақ, амалымыз не? Биыл күшім аз, ал келесі жылы... 
 
Енді сөзге Қотан қарт кірісті. 
 
— Оған көзің жете ме? әрі-бері көшіп жүдеген жұрт жаңа тойына бастады ғой. 
Ар жағына ел қонған адамды оңай орнынан тұрғыза алмайсың... 
 
— Жау шапқалы тұрса да ма? 
 
Қотан жырау ойлана жауап қайырды. 
 
— Тоқ бала аш болам деп ойлай ма? 
 
Халқының  жайын  ақындарымнан  білермін,  деген  үмітінің  ақталғанына 
Жәнібек іштей риза болды. 
 
— Сендерді босқа шақырмаған екенмін, — деді ол, — жақсы бұл жайды жата-
жастана кеңеселік... 
 
Асан  Қайғыға  ақ  үй  тігіліп,  үш  жырауға  арнап  қазысы  кере  қарыс  қысыр  бие 
сойылды.  Сапырылған  уыздай  сары  қымыз  судай  ақты.  Өздерінің  ардақты 
жырауларын  қолдан  қолға  түсірмей,  бір  үйден  соң  бір  үй  шақырып,  ауыл 
қазақтары бір апта әңгіме-дүкен құрумен өтті. Дәл осы кезде қазақтың алғашқы өз 
ханы  Жәнібекке  сәлем  беремін  деп  сонау  Еділ  бойынан  Едігенің  немересі  Темір 
бидің жиені, көмекейінен бұлбұлша сайраған он бес жасар Шалкиіз жырау келді. 
Алыстан  сапар  шеккен  аяулы  қонақты  хан  ауылының  қыз-бозбаласы  ат  үстінен 
жерге  түсірмей  көтеріп  әкеп,  арнап  тігілген  ақ  боз  үйге  кіргізді.  Шаттық  үстіне 
шаттық ұласты. 

228 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Бір апта өткеннен кейін хан өзінің үлкен ұлдары әдік, Қамбар, Қасым, Керейдің 
баласы  Бұрындықты  шақырып,  қазақтың  сол  замандағы  ең  атақты  төрт 
жырауымен  бас  қосты.  Ел  болам  деген  жұртқа  қазір  ең  ыңғайлы  кез  екенін,  бұл 
кезді пайдалана алмай қалса, тағы да ұзақ жылдар бастарының бірікпейтінін, тіпті 
жан-жағынан  талағалы  тұрған  жат  елдердің  хан,  патшаларының  қолында  талан-
тараж  болып  кетулерінің  мүмкін  екенін  айтысты.  Көп  жайды  таразыға  салып, 
ақылмен  салмақтады.  Ақырында  кеп  биыл  Күзтоқсанның  басында  бүкіл  қазақ 
руларының игі жақсыларын Бетпақ пен Жетіқоңыр құмының арасындағы Нұраның 
Қаратұзы деп аталатын жерге жимақ болды. Бұл ара қазақ жерінің діңгек ортасы. 
Тарбағатайдан  Найман  мен  Керейдің,  Жетісудан  Үйсін,  Дулаттың,  Еділ,  Жайық 
бойынан  Алшын,  Ноғайлының,  Есіл,  Нұра,  Торғай  бойынан  ең  алыстағы  Арғын, 
Қыпшақ  билерінің  де  келуіне  қолайлы.  Және  Күзтоқсанның  басында  бұл  маңай 
майда қоңыр, жылы, жауын-шашынсыз болады. Қысы-жазы гуілдеп соғып тұратын 
азынаған ашулы желі де басылады, әсіресе хан аулына тиімді. Қара Кеңгірден Шу, 
Таласқа  қарай  көшкен  кезінде  де  бұрыс  емес.  Осы  мәжілісте  Жәнібек  алдын ала 
үш жарғы жәйтті қарамақ боп шешімге келді. Бірінші жарғы, қазақ рулары бұдан 
былай  қарай  бір  ханға  бағынып,  келесі  жылы  адам  санына  қарай  Түркістанды 
жаулап  алатын  сыпайлар  бермек.  Екінші  жарғы,  Дәшті  Қыпшақ  жерінің 
шалғайлығымен  қазақтың  көп  руларының  Моғолстан,  Қытай,  Жоңғар 
шекарасындағы  тайпаларда  тұратынын  еске  алып,  әр  рудың  жайлаған  жеріне, 
рулық тілектестігіне, шаруашылығына қарай үш жүзге бөліну сөз болмақ. Жеріне, 
әдет-ғұрпына,  ескіден  келе  жатқан  туысқандық  белгілеріне  қарай  үш  жүз  болып 
аталу мәселесі өткен ғасырдан келе жатқан әңгіме еді. Соны тағы сөз етпек. Егер 
жұрт көнсе, әр жүздің өзінің басты биі, батыры, қала берсе ханы болмақ. Сол үш 
жүзді  билеушілер,  басқарушылар  сайып  келгенде,  бүкіл  қазаққа  деген  жалғыз 
ханға  бағынуға  тиісті.  Сонда  ғана  хан  Ордасы  ұшы-қиыры  жоқ  далада  көшіп 
жүрген  қазақтың  толып  жатқан  руларын,  үш  жүздің  басты  адамдары  арқылы 
бағындырып  отыра  алады.  Бұнысы  Шыңғысханның  жаулап  алған  әлемін  төрт 

229 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
ұлысқа бөліп, төрт ұлы арқылы Қарақұрым Үлкен Ордасына бағындырғаны тәрізді 
еді. Қала берді, Ақсақ Темірдің қарамағындағы жерлерді бірнеше уәлиетке бөліп 
билегеніне  де  ұқсайтын-ды.  Онда  тек  жерді  ғана  бөлсе,  мұнда  жайлап  отырған 
жалпы жеріне қарай, рулар үш жүзге бөлінбек! Үшінші жарғы, осы мәжілісте әр ру 
өзінің рулық белгісін — таңбасын белгілемек. Бұл осынау барымталы, бір ру мен 
бір  ру  күнде  сойылдасып,  қырқысып  жатқан  заманда  өте  керекті  шара  болатын. 
Болашақ халық кеңесінде осындай үш күрделі мәселе қарамақ боп, жыраулар мен 
хан  мәжілісі  жабылды.  Енді  хан  бұйрығын  жеткізуге  жан-жаққа  шабармандар 
шапты.  Бұл  жарғылардың  халыққа  керек  екенін  түсіндірмек  боп,  төрт  жырау  да 
аттарына қонды. 
 
 әне-міне дегенше жаз да өте шықты. Күзтоқсанға екі апта қалғанда хан аулы, 
қаптаған  төлеңгіт,  қарашасымен  Саумалкөлдің  тұсына  келіп  үйлерін  тікті.  Осы 
арадан Нұраның Қаратұзы желісті атқа жарты күндік жер. 
 
Жетіқоңыр құмы мен Бетпақ даланың арасында қатқыл атырап бар. Жел тұрса 
құм сырғақтап жаяу борасындай бастайды. Ал ашық күндерде жарқырап жатады. 
Бұл  бабаларымыз  ісләм  дініне  кірмей  тұрған  кезде  отқа,  суға  табынған  дәуірде, 
көк тәңірісіне, жер тәңірісіне арналып адамнан құрбан шалынатын жер. Ежелден 
сұсты,  жұмбақ  атырап.  Жетіқоңырдың  өркеш-өркеш  құмынан  өтіп,  жазыққа 
шығысыменен, сонау қу заманның белгісі боп, тақыр дала шетіндегі екі адамның 
бас  сүйегі  сонадайдан  көзге  түседі.  Бастардың  қасында  атам  заманда  қадалған 
жуан 
діңгек 
қада 
бар. 
Күн 
күйдіріп, 
жел 
сүйіп, 
әбден 
қара- 
қошқыл тас болып қатып қалған. Ол қадаға әлеміштер байланған. Бұл белгілеріне 
қарағанда,  сонау  арғы  дәуірде  осы  арадан  көшіп  жүрген  елдер  бұл  атырапты 
әулиелі  жер  санаған  тәрізді.  Әлгі  қаданың  теріскей  жағында  құлынжалданып, 
ұзыннан созылған түйелі кісі бойындай жарнұра бар. Етек тұсынан жер астындағы 
көзден жылап шыққан, мөлдір сулы шағын өзен ағады. Бұл өзен қарлы жылдары 
қатты  тасиды.  Тасығанда  бір  кезде  телі  емген  бұзаудай,  қос  өзен  құйғандықтан 
Телікөл  деп  атанған  Телікөл-татаға  құйып,  бұл  арадағы  басқа  арадағы  басқа  уақ 

230 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
қарасуларды қосып жатады. Сөйтіп сары ала сегіз сайға барып қосылады. Ал егер 
қысы  қалың  қарлы,  жазы  жаңбырлы  жылы  Нұраның  Қаратұзынан  шығатын  сай 
суы жіңішке Сарыөзен — Сары Кеңгір мен Қара Кеңгір барып құятын Боқтықарын 
көліне  дейін  жетіп  қалады.  Бұндай  тасу  он  жылда,  жиырма  жылда  бір  болады. 
Өзге жылдары Нұраның Қаратұз сайы сәл көпіріне көтеріліп, жаз шықпай-ақ құмға 
сіңіп жоғалып кетеді. 
 
Осы  көпке  беймәлім,  жұмбақ  атырапта  Жетіқоңыр  құмы  мен  Сарысудың 
ортасынан  өтетін  қоба  жол  бар.  Қоба  жолды  көк  қияқ  басып  жатады.  Адам  тек 
салт атпен ғана бара алады. 
 
Жәнібек хан осы Нұраның Қаратұзына әдейі арнап керуен жүргізді. Жазтоқсан 
болмай,  басына  елу  үй  тіккізіп,  құмнан  құдық  қаздырып  көнекпен  су  тартқызды. 
Сай  бойына  желі  кердіріп,  бие  байлатты.  Келетін  қонақтарға  деп  әдейі 
қысырақтардың  үйірін  айдатты.  Өзі  әдік,  Қамбар,  Қасым,  Бұрындықты  ертіп, 
алдын  ала  келіп  хан  шатырын  тіктіртті.  Көп  ұзамай  адам  түгел  аң  білмейтін 
жолдарды тауып, құла дүзге көшіп үйренген ру басшылары — билері, батырлары 
Нұраның  Қаратұзының  жан-жағынан  ағыла  бастады.  Үйсіннен  —  Әбілқайыр 
Үргенішке кетер алдында бөлінген Қылышбай, Қара Оспан батырлар, Жалайырдан 
— Бөрібай батыр, Дулаттан — Бахтияр би, Арғыннан — бір топ батырларын ерткен 
Арғын би мен Қотан жырау, Қыпшақтан — Қара Қыпшақ Қобыланды мен Қазтуған 
жырау, Найманнан — Қаптағай батыр мен Тұңғашық батыр, Хақұлы би, Керейден 
—  Қарақожа  батыр,  Қоңыраттан  —  Бағалы  қожа  мен  Орыс  батыр,  Алшыннан  — 
Темір бидің өзі мен Шалкиіз, Уақ пен Тарақтыдан Жаубасар, Асылкерей батырлар 
мен Борық би келді. Бұлардың әрқайсысы ру басы,  Қаптағайдан басқасы мыңды 
айдаған  шонжарлар.  Әр  ру  басының  қасында,  өзінің  қарамағындағы  кіші 
тарамдарының  ондаған  би,  батырлары  бар.  Үйсін  Қылышбай,  Қара  Оспан 
батырлардың  жанында  Албан,  Суаннан  шыққан  бірнеше  заржақ  ділмар,  шешен, 
көсемдер келген. 

231 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
әр  халықтың  тарихында  сан  түрлі  кезеңі  болады:  өсу,  өркендеу,  күйікке 
ұшырау,  күйреу...  Осының  бәрін  басынан  өткізген,  заманының  жақсылығын  да, 
жамандығын  да  көрген,  келешегі  үшін  жан  аямай  күресе  білген,  ауыр  күндерін, 
басына  төнген  қауіп-қатерді  жеңе  білген  халықтар  ғана  тарихта  қалады.  Өзінен 
күшті  шығып,  Майя,  Қошан  секілді  елдер  құрып  кетуге  мәжбүр  болса  да,  ондай 
елдер адамзаттың мәдени өркендеуіне үлесін қосып кетеді. 
 
Он  бесінші  ғасыр  қазақ  рулары  үшін  ең  ауыр  ғасырлардың  бірі  еді.  Осы 
ғасырда өзара қырылысып, сырт жауын кейде жеңіп, кейде жеңіліп, тайталас түсіп 
жүрген қазақ рулары ел болып бастарын қосу үшін күресуге бел буды. Бірақ үйірлі 
құландардай  шексіз  даласында  ру-ру  боп  көшіп  жүрген  елдің  басы  оңай 
қосылмады.  Бұл  жеңіс  ұлы  айқастар  арқылы  келді.  Қазақ  руларының  басын  
біріктіріп,  қазақ  хандығын  құруда,  мейлі  күрес  бақталастықтан-ақ  басталсын, 
қайткен  күнде  де,  Жәнібек  пен  Керейдің  алатын  орны  ерекше.  Әрине,  халық  өзі 
қаламаса  екі  адамның  қолынан  не  келеді?  Тегі  ел  болудың  негізі  халықтың 
көкейкесті арманында жатыр. Бұл кезең халық рухының лаулаған кезеңі. 
 
әліпті таяқ деп білмейтін асау елдің кенет ұлттық, жауынгерлік тілегінің бұлай 
өрби  түскенін  сезген  кейбір  ру  бастықтары  жұртты  өз  дегендеріне  тарта  алмай 
қалды. Бұрынғыдай халықты бөліп ұстауға шамалары жетпеді, енді көпшілік ерген 
Жәнібек  ханның  соңынан  еруге  мәжбүр  болды.  Тек  Темір  би  ғана  бүлік  шығара 
жаздады. 
 
Бірнеше жыл кейін Тіленші ұлы Шалкиіз жырау: 
 
 
 
Алп-алп басқан, алп басқан 
Арабы торым өзіңсің. 
Жазылы, алтын, қол кескен 
Алдаспаным өзіңсің! 
 
Сен алтынсың — мен пұлмын, 
Сен сұлтансың — мен құлмын, —  

232 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
деп  мадақтаған  Темір  би  бұл.  Еділ  —  Жайықты  бауыр  басып  алған,  Алшын 
руларының  көбі  бағынған,  Астраханьды  билеген  Қасым  сұлтанның  оң  қолы  — 
эмир-эль-умра  яғни  әскери  басы  болған  би  бұл.  Жәнібек  секілді  адуынды  хан- 
ға біржолата мойын ұсынса, Алшын жерінде өз үстемдігінің төмендеп кететінін ол 
бірден  ұққан.  Көп  қаздың  арасында  мәз  болғанша,  көп  қарғаның  арасында  қаз 
болған  дұрыс  деп  тауып,  Кіші  жүз  болып  қалыптасып  келе  жатқан  Алшынның 
өркөкірек руларын жеке билегісі келді. Астраханьды өзіне қаратып тұрған Қасым 
сұлтан  Еділ  —  Жайыққа  шын  әмірші  емес.  Шын  әмірші  қазақтан  шыққан,  Едіге 
батырдың  шөбересі,  Ноғайлы  хандығы  кезінен  би  дәрежесінде  келе  жатқан 
шынжыр  балақ,  шұбар  төс  Темір.  Дәл  қазір  шығысы  мен  батысындағы  елдің  өз 
билігіне  қол  сұғады  деп  сескенетін  дымы  жоқ.  Әбілқайыр  алыста.  Қасым  сұлтан 
тек Астрахань маңын ғана қамтиды. Орыс князьдары болса өздері әлі әбден біріге 
алмай  жатыр...  Ал  шынтуайтқа  келсек  Темір  бидің  ойы  Жәнібекке  бағыну  емес, 
Түрік  патшалығына  иек  тіреу...  Алыстағы  ел,  ол  сенің  ішкі  жұмысыңда  ісі 
болмайды,  қай  румен  жақсысың,  қай  румен  жамансың,  қарамағыңдағы  елді 
қалай  билеп-төстеп  жатырсың,  бұның  бәріне  де  қол  сұқпайды,  сырттай 
бағынғаныңмен қанағаттанады, ал өзің айтқаныңды еліңе қалай істетіп жатырсың 
—  онда  шаруасы  жоқ.  Жәнібекке  бағынсаң  бұл  еркіншіліктен  бірден  айрыласың. 
Ол  ішкі  ісіңе  өзіңмен  бірдей  қатысады.  Жоқ,      діні  бір,  тілі  бір,  нәсілі  бір  ханға 
бағыну — халқыңның тіршілігі көңілін селт еткізбейтін басқа халықтың патшасына 
бағынудан  әлдеқайда  қорқынышты.  Осындай  ойдағы  Темір  Россия  мен 
Түркияның  бір  шайқасуын  күтіп  іштей  алысуда  еді.  Түрік  патшалығының  күшінің 
кеми  бастағанын  есепке  жатқызбаған.  Түбі  ол  осы  ойынан  шықпақ.  Еділ  — 
Жайыққа  әбден  әмірші  болып  алғаннан  кейін,  Қырымды  шауып,  Мәскеу 
князьдарын алдай тұрып, Түркияға иек тіремек. Осыдан барып Темір шу дегеннен-
ақ Жәнібектен іргесін аулақ сала бастаған. Жәнібекке қосылғысы келмеген кей ру 
бастықтары өзара қыңқылдаса, бұл ойын ішіне сақтап қала алмаған. 

233 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 
Әдеби KZ  
 
 
 
Темірдің бұлай еркінси қимылдауының да төркіні белгілі еді. 
 
әке жағынан аты шулы Едігенің шөбересі. Атасының айбынынан қорықпайтын 
қазақ жоқ. Нағыз  аш қасқыр. Өзі де осал емес. Қазан хандарынан қыз алып, қыз 
берген.  Осы  биыл  ғана  он  бес  жасар  кенже  қызы  Нұр-Сұлтанды  Қазан  ханы 
Ибрагимге  ұзатқан.  Сүйенерлері  де  бар.  Өзі  де  өзгеге  сүйеніш  бола  алатын  жау 
жүрек  батыр.  Бауыр  басып  қалған  Еділ  мен  Ақ  Жайық  бойын  ешкімге  ортақ 
еткізгісі  келер  емес.    Жиналған  би,  батырлардың  көпшілігі  бірігіп  бір  ханға 
бағынайық  деп  отырғанда,  бұл  өзгеше  кетті.  Алайда  Темір  би  де  ноқта  үзіп, 
айдалаға лаққан жоқ. Тек қосылғысы келмегенін астарлап білдірді. 
 
—  Ел  болып  бірігіп,  әскер  жинап,  Әбілқайырдан  ата  мекен  Түркістан  жерін 
қайтып аламыз дегендерің құба-құп, табылған ақыл. Оған Еділ, Жайық, Хиуас теңіз 
бойындағы Алшынға жататын бар ру қол қояды. Сұраған уақыттарында бес түмен 
қол беруге бар. Бірақ Сығанақтағы ханға біздің бағынуымыздың жобасы келер ме 
екен? Жер арасы шалғай... 
 
Өзгелерден жасы үлкен Үйсін Қара Оспан кеңк-кеңк күлді. 
 
—  Темір  бидің  аты  жеткен  жерге,  Жәнібек  ханның  аты  жете  алмайды  деп 
қорқасың ба? 
 
Бұнысы осы араға сенің атың жетіп келгенде, сенің жеріңе Жәнібектің де аты 
жетеді дегені еді. 
 
Сөз астарын түсінген қызба мінезділеу Темір би сөз таластырғысы  келіп кетіп, 
ежелгі  дәстүр  бойынша,  айыр  тісті,  алтын  сыммен  оралған  тобылғы  сапты 
қамшысын алдына тастай салды. 
 
— Ат тұяғы басқан жердің бәрі бірдей шөптей жапырылып жата қалмайды, — 
деді ол қара сұр беті күреңденіп, — Әбілқайыр ханның да мүйізі шаңырақтай кей 
батырлары  Еділдің ар  жағына  өткен. Бірақ  одан  не ұтты? Мойындары  ырғайдай, 
биттері торғайдай боп елдеріне әзер жеткен. 
 
Қамшысын енді Қара Оспан алдына тастады. 

234 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1) © «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет