Көшпенділер



Pdf көрінісі
бет11/316
Дата25.11.2023
өлшемі2,53 Mb.
#125998
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   316
Әдеби KZ
 
 
ирандықтар, өзі тәрізді егіншілікпен шұғылданған отырықшы Соғды елімен 
қауымдасып, өзбек халқының іргесін қалай бастаған. Ал Сейхұн дарияның орта 
шенінен төмен қарай сонау Еділ, Жайықтың арғы бетіне дейін көшіп жүрген түркі 
тұқымдас рулар өзі тәрізді мал бағатын, Жетісу бойындағы көне заманнан келе 
жат- 
қан Үйсін, Дулат, Жалайыр, Қаңлы тәрізді көптеген салты мен дәстүрі бір рулармен 
бірігіп, қазақ деген ел болсақ деп талпынған-ды. Осы кездегі бүкіл Дәшті 
Қыпшақтың ханы Әбілқайыр өз ордасын қазақ даласына тіксе де, жаулап алған 
жерлері сол Мауреннахр, Соғды, Қорасан жағы болғандықтан көңілін көбіне осы 
тұсқа аударған. Солардан қыз алып, Орда салтын да көбіне Мауреннахр елінің 
әдет-ғұрпына қарай көшіре бастаған. 
Қарамағындағы көшпелі елдерге алым-салықты көп салып, оны тек бөтен 
жұртты шабатын әскерге жұмсап, халықтың күйін нашарлатып жіберген. Және өзі 
Дәшті Қыпшақтың даласынан көрі Мауреннахр шаһарларының бірін хан Ордасы 
етуді дұрыс көрген. Бұның бәрі көшпелі Дәшті Қыпшақтың асау жыл- 
қы тәрізді, арда руларын ханнан шошытуға айналған. Өзінің шаруашылығын
дәстүрін, салт-ғұрпын, бәрін түбі Мауреннахр тұрғын елінің дегеніне қарай 
айналдырғысы келетінін сезген Дәшті Қыпшақ тайпалары енді Әбілқайырдан 
іргесін әрі салуды ойлаған. Осы тілектің туын көтерген басты адам — Жәнібек 
сұлтан. Әрине, Жәнібектің бұл қылығы Әбілқайырға ұнамайтын. Орыс ханның 
ұрпақтарының ел арасын былай қобалжыта бастауы тек өздері хан болғылары 
келуден деп қана түсінетін Дәшті Қыпшақ әміршісі алдымен Жәнібекті құртуды 
көксеген. Ал бұл көкейкесті арманның түбі халықта жатқанын ол аңғармаған. 
Халыққа тек импрам 
1
деп қарайтын Әбілқайыр, сонау апай төс, жүнді балақ 
батырлардың артында рулары барын, ал ел деген мағына осы руларда екенін 
есепке алмайтын. Ханның ұғымы бойынша бұл импрамдарды сұлтандар 
басқарады. Тек сол сұлтандармен тіл тапса болғаны. Сондықтан Әбілқайыр Орда 
1
И м п р а м — көне түркі тілі, тобыр. 


13 
Iлияс Есенберлин. «Алмас Қылыш» (Көшпендiлер – 1)
© «I. Есенберлин атындағы қор», 2004 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   316




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет