Көз және лор – ағзалар зақымданулары кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі



бет6/10
Дата22.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#58877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Электроофтальмия

  • Көздің ультракүлгін сәулесімен зақымданғанында, әсіресе жиі арнайы көзді қорғайтын құралды қолданбай электродәнекерлеуші (электросварка) жұмыстарды істегенде болады. Сонымен қатар, альпинистерде күннің ультра күлгін сәулесімен зақымданғандарында болады.

Диагностикасы: науқастың мүлдем жарыққа қарай алмауы, объективті қарағанда: көзден жас ағу, қабақтың спастикалық жиырылуы, конъюктиваның гиперемиясы.

  • Диагностикасы: науқастың мүлдем жарыққа қарай алмауы, объективті қарағанда: көзден жас ағу, қабақтың спастикалық жиырылуы, конъюктиваның гиперемиясы.
  • Аурудың латентті кезеңі болады. Клиникалық белгілері зақымданғаннан бірнеше сағаттан кейін мазалайды.
  • Жедел көмек: 0,5% дикаин, 4 % новокаин немесе лидокаин ерітінділерін тамызу керек. Мұз қою. Науқасты қараңғы бөлмеге отырғызу.

Қабақтың термиялық күйігі

  • Беттің күйген кезінде болады.
  • Жедел көмек: анальгетиктерді қолдану, күйген жерді 1% бриллиант көгінің ерітіндісімен тазалайды. Егер тек қана қабақтың күйігі болса, онда науқасты офтальмологиялық стационарға жеткізу. Ал қабақтың күйігімен қатар, дененің басқа да жерлері күйген болса, науқасты күйік орталығына жеткізу.

Көздің термиялық күйігі

  • Көздің ыстық нейтральді сұйықтықтармен, ыстық ауа немесе бумен күюі.
  • Диагностикасы: көздің қатты ауыруы, жарыққа қарай алмауы, көздің көруінің нашарлауы немесе көздің толығымен көрмей қалуы. Қасаң қабықтың қараюы (помутнение).
  • Жедел жәрдем: анальгетиктерді қолдану, 0,5% дикаин, 4 % новокаин, немесе лидокаин ерітінділерін, сульфацил натрийдің 20-30% ерітіндісін (альбуцид) тамызу керек. Жедел түрде офтальмологиялық стационарға жеткізу.

Қабақтың химиялық күйігі

  • Қышқылдар мен сілтілер әсерінен дамиды. Әдетте бет күйген кезде болады.
  • Жедел көмек: анальгетиктерді қолдану, қышқылмен күйген жерлерді сода ерітіндісіне малынған жұмсақ тампонмен тазалау. Сілтімен күйген жерлерді 2 % бор қышқылымен тазалау. Егер тек қана қабақтың күйігі болса, онда науқасты офтальмологиялық стационарға жеткізу. Ал қабақтың күйігімен қатар, дененің басқа да жерлері күйген болса науқасты күйік орталығына жеткізу керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет