Көз және лор – ағзалар зақымданулары кезіндегі диагностикалау және жедел көмек көрсету алгоритмі



бет7/10
Дата22.12.2022
өлшемі1,31 Mb.
#58877
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
27005 (1)

Көздің химиялық күйігі

  • Көзге қышқыл мен сілті ерітінділерінің немесе ұнтақтарының түсуінен дамиды.
  • Диагностикасы: көздің қатты ауыруы, жарыққа қарай алмауы, көздің көруінің нашарлауы. Қасаң қабықтың лайлануы (помутнение).
  • Жедел көмек: Бірінші көзден ұнтақ химиялық затты құрғақ мақтамен алып, содан кейін көзді жуу керек. Ал сұйық химиялық ерітіндімен күйген кезде барынша көзді тез жуу керек.

Көздің химиялық күйігінде алғашқы көмек

  • Қабақты абайлап саусақпен ашып, көзді көп мөлшерде таза сумен жуу керек ( су барынша бөлме температурасында болғаны жөн). Су мұрыннан көздің сыртқы бұрышына қарай ағатындай етіп жуу керек.
  • Eкі көзді де таңғышпен байлау керек (егер екі көзді де байламаған жағдайда сау көздің қозғалысы зақымданған көздің қозғалуына және ауырсынуына алып келеді). Тез арада емдеу мекемелеріне жеткізу керек
  • Көзге қышқыл түскен жағдайда көзді 2% ас содасының ерітіндісімен жууға болады ( 1 стакан қайнаған суға ас қасықтың ұшында ас содасын қосамыз ).
  • Ал сілті түскен жағдайда 0,1 % лимон қышқылының ерітіндісімен жууға болады (1 стакан қайнаған суға 2-3 тамшы лимон шырынын қосамыз)

Қышқылмен күйген болса, сода ерітіндісіне малынған жұмсақ тампонмен, ал сілтімен күйген болса, 2 % бор қышқылымен 10-15 минут аралығында жуу. 0,5% дикаин , 4 % новокаин, немесе лидокаин ерітінділерін, сульфацил натрийдің 20-30% ерітіндісін (альбуцид) тамызу керек. Анальгетиктерді қолдану. Жедел түрде офтальмологиялық стационарға жеткізу.

  • Қышқылмен күйген болса, сода ерітіндісіне малынған жұмсақ тампонмен, ал сілтімен күйген болса, 2 % бор қышқылымен 10-15 минут аралығында жуу. 0,5% дикаин , 4 % новокаин, немесе лидокаин ерітінділерін, сульфацил натрийдің 20-30% ерітіндісін (альбуцид) тамызу керек. Анальгетиктерді қолдану. Жедел түрде офтальмологиялық стационарға жеткізу.

ЛОР-ағзаларының, яғни жоғарғы тыныс алу жолдары мен құлақтың ауруларының зақымдануларында организмнің негізгі қызметтерінің бұзылысы болады. Сондықтан дәрігер дер кезінде дұрыс жедел көмек көрсете білу керек. Жоғары тыныс алу жолдарына мұрын, мұрын маңы қойнаулары, жұтқыншақ, көмей, трахея жатады.

  • ЛОР-ағзаларының, яғни жоғарғы тыныс алу жолдары мен құлақтың ауруларының зақымдануларында организмнің негізгі қызметтерінің бұзылысы болады. Сондықтан дәрігер дер кезінде дұрыс жедел көмек көрсете білу керек. Жоғары тыныс алу жолдарына мұрын, мұрын маңы қойнаулары, жұтқыншақ, көмей, трахея жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет