3.Синтаксистік тұтастық белгісі. Күрделі сөздің синтаксистік тұтастық белгісі дегеннен әдетте, оның синтаксистік жағынан (сөйлем мүшесі болуы жағынан) бөлшектенбей, сөйлемде бір ғана мүше болуы ұғынылады. Мысалы, қолғап, қарақұс деген сөздердің қол, қара дегендері өз алдына, қап, құс дегендер өз алдына бір-бір мүше емес, сөйлемде қол мен қаптың екеуі қосылып бір-ақ мүше. Өйткені бұларда қол, қара деген сөздер анықтауыш. Қара құс деген тіркестің өзі де құстың белгібі бір аты болмай, бір құстың түсін ашу болса, онда, екі сөз болып, қара мен құстың екеуі сөйлемде екі мүше бола алады. Мысалы, қарға - қара құс десек, қандай құс? деп сұрауға болады. Сонда қарға ақ құс емес, қара құс деп түсін ашып беруге болады. Ал қара құс дегендегі қараны бұлайша бөліп ала алмаймыз. Өйткені қара әуелде құстын түсін көрсету үшін жұмсалғанмен, бәрі де онысынан қалып, құс деген сөзбен қосылып, құстың белгілі бір атасының ұлын атайтын сөз болып кеткен. Сондықтан қарақұс деп, кейде түсі қара болмайтын құстарды да атай береміз. Мысалы, Қарақұстың қазақ тілінде ақ-сар деп аталатын бір түрі бар. Мұның түсі қара емес, сары болады. Солай да болса, оны да қара құс дейміз [7,49-80].
Қ.Жұбанов
Сөздiң сыpтқы көpiнiсiн сөздiң тұлғасы деймiз. Сыpтқы көpiнiсiнiң (кейпiнiң)
түpленуiн сөз тұлғасының түpленуi деймiз. Анау – көл, көлде, көлдi – дегендеpдiң
бәpi де сөз тұлғасының түpленулеpi.
Сөз тұлғасының түpленуi, я сөздiң түпкi мағынасына жаңа мағына үстеу үшiн
ғана кеpек; я болмаса, сол сөздi басқа бip сөзбен байланыстыpу үшiн кеpек.
Сөз тұлғасының түpiне қаpай, мынадай алты аpыc болады:
1. Түбip сөз,
2. Қосымшалы сөз,
3. Кipiккен сөз,
4. Қыйулы сөз,
5. Қосаp сөз,
6. Қосалқылы сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |