1.Семантикалық тұтастық белгісі. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлардың мағыналық дербестігі мен грамматикалық дербестігінің күңгірттенүі немесе жойылуы сөздің бұл түрінде семантикалық тұтастықтың пайда болуына әкеледі. Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлардың әрқайсысы әр басқа лексикалық емес, олар тіркескен күйінде біртұтас лексикалық мағынаны білдіреді.
2.Морфологиялық тұтастық белгісі.Күрделі сөзде жалан сөз тәрізді түрленіп, көптеледі, септеледі, жіктеледі. Оның сыңарларының әрқайсысы бөлек- бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп бір тұлғаға (формаға) ие болады. Күрделі сөздің жеке сыңарлары өздігінен белгілі бір парадигматикалық қатардың мүшелері бола алмайды Күрделі сөз тұтасқан күйінде ғана парадигматикалық қатарға мүше ретінде ене алады. Мұның өзі күрделі сөздің морфологиялық жақтан тұтастығын, бір бүтін екендігін көрсетеді