Күрделі сөздердің зерттелімі Ахмет Байтұрсынұлы «Тіл тағылымы»



бет3/14
Дата16.03.2022
өлшемі38,61 Kb.
#28178
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
A.Қайдаров, Н.Сауранбаевтың қос сөздерді беске бөліп жіктегенін қостай келе,қос сөздердің осы бес түрі барлық сөз таптарына да ортақ екенін, бірақ қос сөздердің қай-қайсысы да кемінде екі сөзден құралатындығын, оның әрбір сыңарының кейде толық мағыналы, кейде мағынасы жоқ сөз болатыны белгілі дейді. Ол зерттеушілердің екі сөзден құралатындығына сүйеніп қос сөздерді сөз тіркесі түрлеріне жатқызатындығын да айтып өтеді.

А.Қайдаров кейбір басқа еңбектерде қое сөздерді сөз тіркесі дегенмен, олардың сөз тіркесінен төмендегідей айырмашылығы барын көрсетеді:

•Бір сыңары өздігінен мағына бере алмайтын қос сөздер сөз тіркесіне жатпайды.

•Қос сөздердің екі сыңары да мағыналы болғанымен, бір сөздің орнына қолданылады.

•Қос сөздердің әрбір сыңары басқа тілге калька бойынша аударылмай, тек мағынасы жағынан аударылады.

•Қос сөздердің сыңарының мағыналық жағынан жақындастығы соншалық, оларды бірыңғай мүшелер сияқты айтуда арасына кідіріс жасап айтуға болмайтындығын А.Қайдаров өзінің еңбегінде айтып өтеді [5,12].

Жасалу тәсілі жағынан алғанда, қос сөздер жалаң және күрделі түрлерге бөлінеді. Қос сөздердің жалаң түрі - дефис арқылы жазылатын қос сөздер. Профессор А.Ыскақов осы жалаң қос сөздердің негізгі екі түріне: қайталама қос сөздер, қосарлама қос сөздер деген атау береді [11, 107].

Қос сөздердің күрделі түрі үтір арқылы жазылады және екі сөзден ғана емес,одан да көп сөзден, тіпті екі сөйлемнен жасалады. Бұл жайтты анықтаған Кеңесбаев былай дейді: «жалаң қос сөздерге қарағанда, күрделі қос сөздер, көбінесе, метафоралық мағынада айтылады. Бұл есептен олар «идиомдық» немесе «фразалық» қос сөздер бола алады. Оларға мынадай мысалдар келтіреді: «ұзын- арқан, кең үүеау», «үлде мен бүлдеге оранып», «айрандай аттап, күбедей пісіп», «бір сырлы, сегіз қырлы», «алалы жылқы, ақтылы қой», «әулиеге айтып, қорасанға қой айтып». Оның айтуынша қос сөздер деп атау үшін сызықшамен жазылу шарт емес, яғни тілімізде бір-бірінсіз айтылуға келмейтін тиянақты сөздерді қос сөздер деп тануға болады» [3, 93].

Қазақ білімін зерттеуші ғалым К.Аханов та күрделі сөзге өзінше анықтама берген. Ол: «күрделі сөздің сыңарлы жеке тұрғандағы мағынасынан да, қызметінен де алшақтап, олардың қосындысы немесе тіркесі тұтасқан күйінде бір бүтін сөз - күрделі сөз ретінде ұғынылады » [1,49] - деп анықтаған. Ғалым анықтамасында күрделі сөздің құрамындағы сыңарларының жеке тұрғандағы мағынасы мен қызметінен алшақтап, бір бүтін сөз ретінде танылатынына назар аударған. К.Аханов « Грамматика теориясының негіздері» деген еңбегінде «сөзге соның ішінде күрделі сөзге де тән және оны сөз тіркесінен ажырататын жалпылама белгілер делініп семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгілері айтылып жүр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет