Күрделігүлділер немесе астралар тұқымдасы кластарымен танысу


Сарықалуен туысы (бодяк - Cirsium)



бет11/17
Дата03.12.2023
өлшемі30,86 Mb.
#133874
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17
Байланысты:
Аида Әбдурасилова 13 дәріс

Сарықалуен туысы (бодяк - Cirsium)


Түрлерінің жалпы саны 200-ден асады, БОР-дың флорасында 111 түрі, ал Қазақстанда 19 түрі кездеседі. Туыстың өкілдері негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай жөне субтропикалық климатты облыстарында таралған. Бір үйлі сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Тамырлары жақсы жетілген, көптеген горизонталь бағытта өсетін бүршіктер беретін, терең кететін өсімдіктер, сондықтанда жойылуы қиын арамшөптер. Кейбір түрлері бал беретін және сәндік өсімдіктер ретінде құнды болып келеді.
Кәдімгі сарықалуен

Сарықалуен туысы


Далалық жерлердегі шалғындарда, таулардың тасты беткейлерінде, өзендер мен сортаңды көлдердің жағалауларында, жол жиегінде және егістік арасында өсетін 19 түрі бар. Олардың биікт. 30 — 150 см аралығында, өте тереңге (4 — 6 м) кететін тарамданған тамыры болады. Жапырақ тақталарының жиектері ұзын тікенекті, олар тік өсетін сабағына кезектесе орналасады. Ұсақ, қос жынысты гүлдері себет гүлшоғырына топталған. Гүлінде тостағанша жапырақшалары болмайды, олар түрін өзгертіп гүлдің түбінде үлпек айдаршаға айналған. Үлпек айдаршасының көмегімен жемістері желмен алысқа таралады. Себетгүлі тек түтікшелі гүлден құралады. Сыртынан жасыл орама жапырақтар қаптайды, олар гүл жарғанша күлтені жауып тұрады. Күлтесі ақшыл күлгін, қызыл, сарғыш түсті. Аталығы 5, тозаңқаптары өзара бітісіп кеткен. Аналығы — біреу, аузы қос тілімді, жатыны бір ұялы. Сарықалуендер тамыры арқылы немесе вегетативті түрде көбейеді. 
Егістік сарықалуен (бодяк полевой — C.arvense)
Кәдімгі сарықалуен (бодяк обыкновенный - C.vulgare)
биіктігі 60—120 см болатын көпжылдық шөптесін өсімдік, сабағы мен жапырағы тікенектермен жабылған, гүлдері трубка тәрізді, көкшілдеу-қызғыш түсті, дара жынысты; екі үйлі өсімдік, желайдарының түктері қауырсынды болып келеді.
екіжылдық өсімдік, тамыры ұршық тәрізді, сабағының биіктігі 100—150 см , жапырағы сызықты-ланцет тәрізді, оның үстінгі беті тікенекті-түкті, ал астынғы беті ақ киіз секілді қалың түкті болып келеді. Арамшөп ретіңде кең тараған және егістіктен бос қалған жерлерде де көгггеп өседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет