Жер алмұрты немесе Топинамбур (лат. Helianthus tuberosus)
Жер алмұрты немесе Топинамбур – астралылар тұқымдасына жататын тамыр жемісті көп жылдық өсімдік. Отаны — Солтүстік Америка.
Жер алмұртыныңның сабағы, жапырағы күнбағысқа ұқсайды, бірақ жапырағының көлемі одан кішілеу, сабағы жіңішке болады. Биіктігі 1-5 м. Тамыр сабақтарынан көптеген (5 — 6, кейде 30 — 40) ақ, сары, күлгін, қызыл түйнектер дамиды. Олардың пішіні ұзынша, сопақша, домалақ болады. Ежелгі заманнан жералмұрттың жерасты түйнектері үндістер үшін тек қорек қана емес, әрі дәрі-дәрмек болған. Ең соңғы зерттеулер оның ағзадағы холестерол деңгейін төмендетіп, қан қысымын әрі ас қорыту жүйесін реттеп, иммунитетті күшейтіп, күш-қуат беретінін көрсетті. Әсіресе шажырқай безінің ауруына шалдыққан адамдарға аурудың бастапқы кезеңінде қолдануға ұсынылған. Құрамына жералмұрт кіретін диеталардың несеп айдағыш қасиеті бар, сондықтан ол бүйрек ауруына шалдыққан кезде өте пайдалы. Жералмұрт тағамдары мен дәрі- дәрмектеріне ағзадан уыттар мен ауыр металдарды шығарған кезде оны сүйейтін қорғау қасиеттері таңылады.
Бір жылдық күнбағыс
Күнбағыстың көп тараған түрінің бірі – біржылдық. Сабағы тығыз, биіктігі 2,5 метрге дейін тік өседі. Жапырақтары кезекпе-кезек, ірі, жүрек тәрізді, бұдырлы, ұзын сап бойына орналасқан. Гүлдері сары, жоғары ұшты, үнемі күнге қарай бұрылып тұратын ірі себетке жинақталған. Жемісі – жолақты немесе қара түсті сопақша жұмыртқа тәріздес дән. Ол ұдайы күннің сәулесін, топырақтағы ылғал мен құнарлы заттардың болуын қажет етеді. Үлкен гүл шоғырлары бар күнбағыстың сары жалқын жапырақшалары бір қараған адамға күн секілді көрініс береді.
Гүлкекіре туысы (василек — Centaurea)
БӨЛІМ:Жабықтұқымдылар- Magnoliophyta Класс: Қосжарнақтылар- Magnoliopsida Қатар: Біріккен желектілер –Teichiospermatophyta Тұқымдас: Күрделігүлділер немесе астралар Compósitae,Asteráceae Туысы: Гүлкекіре Centaurea