Гүлкекіре туысы (василек — Centaurea) негізінен Солтүстік ендікте кездесетін 500-дей түрі бар, БОР-дың территориясында 150 түрі, ал Қазақстанда 27 түрі өседі. Шыққан орталығы Жерорта теңізі жағалауы болып табылады. Дәнді дақылдар себілетін жерлерде, әсіресе қарабидайдың ішінде көк гүлкекіресі (василек синий — C.cyanus) жиі өседі.
Гүлкекіре туысы (василек — Centaurea)
Гүлкекіренің біржылдық, екіжылдық және көпжылдық түрлері бар. Гүлкекіре негізінен Еуразия, Солтүстік және Оңтүстік Америка, Африканың табиғатында өседі. 500-ден аса түрі белгілі. Қазақстанның табиғатында да көптеп таралған. Гүлкекіренің қазақ даласында оншақты түрі өседі. Сондықтан да халық арасында оның «қозыошаған», «торғайкөкбас», «түкті көк аяқ» деген секілді жанама атаулары бар. Емдік қасиетіне байланысты дәрілік мақсатта пайдаланылады. Көгалдандыруда 30-дан аса түрі кеңінен қолданылады. Гүлдерінің түсі көп: ақ, көк, қанық көк, сары, күлгін, қызыл болып келеді. Гүлкекірені топтап, жекелеп немесе альпі шоқысына да отырғызады. Оншақты түбін топтап гүлзарларға, жол жиектеріне егеді. Кейде гүлшоғыр жасау үшін де қолданады. Табиғаттағы гүлкекіре аласа болады. Ал, топырағы қатты, алакөлеңкеге отырғызылған гүлкекіренің биіктігі 40-70 см-ге жетеді. Гүлкекіре көп күтімді қажет етпейтін өсімдік. Гүлдеу мерзімі сұрпына қарай маусым, қыркүйек айларына сәйкес келеді. Гүлдеу мерзімін ұзарту үшін оның гүлдеп кеткен сабақтарын қырқып отыру керек.
Дала өгізі (пупавка полевая — Anthemis arvensis)
Биіктігі 25—40 см болатын біржылдық шөптесін өсімдік көп жағдайда қүрғақ жерлерде және егістіктерде өседі (БОР-дың Европалық бөлігінде, Кавказда);
кәдімгі нивяник (нивяник обыкновенный, или поповник — Leucanthenum vulgare) биіктігі 25—80 см болатьш көпжылдық шөптесін өсімдік, жапырағы тұтас, себеті (корзинка) үлкен, жалғыздан немесе 2—5-тен біріккен, жалғантілше гүлінің күлтелерінің түсі ақ, шалғындықтарда аса көп таралған; оны сәндік өсімдік ретінде өсіреді;