Кремовый и Розовый Пастельный Градиент Разнообразие Мастер-класс Вебинар Программная презентация



Дата08.12.2023
өлшемі33,47 Mb.
#135332
Байланысты:
рак пищевода


М.Оспанов атындағы БҚМУ
“ESOPHAGEAL CANCER”
Тексерген: Жарылгапов А.Б
Орындағандар: Темірбек Т
Әмірханқызы Д
Рамазан Е
Ибатова М
Амантайқызы Д
Аманжарықова І
“ӨКПЕ ОБЫРЫ”
ЖОСПАРЫ:
Анықтамасы, этиологиясы
Жіктелуі
Даму сатылары
Клиникалық белгілері
Диагностикасы, емі
ӨҢЕШ РАГЫ — ТІНДЕР МЕН МҮШЕЛЕРДІ БҰЗЫП-ЖАРЫП ӨСЕТІН, ӨНЕШТІ ТАРЫЛТЫП, ЫДЫРАТАТЫН, МЕТАСТАЗДАНАТЫН, АУЫР ИНТОКСИКАЦИЯМЕН ЖӘНЕ ПРОГРЕССИВТІ ТҮРДЕ ДАМИТЫН КАХЕКСИЯМЕН КӨРІНІС БЕРЕТІН ҚАТЕРЛІ ІСІК.
Этиологиясы:
• Шылым шегу және алкогольді ішімдіктерді пайдалану;
• Сүйегі майда балықтарды, мұздалан қатты еттерді жиі
қабылдау;
• Өте ыстық сусындар мен тағамдарды қабылдау;
• Баррет өңеші;
• Химиялық фактор әсері;
• Физикалық фактор асері- иондалған сәуле;
• Созылмалы өңеш аурулары, химилық күйіктен кейінгі
тыртықтану, кардия ахалазиясы, рефлюкс-эзофагит;
• Теміржетіспеушілік анемия;
• Пламмер —Винсон ауруы.
ӨҢЕШ РАГЫНЫҢ КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
(МКБ 10):
І. Ісіктік процестің таралуна
байланысты:
• Өңеш-жұтқыншақтық
• Мойындық
• Жоғары кеуделік бөлім
• Ретро-бифуркациялық
• Субаортальды
Ортанғы кеуделік бөлім
• Диафрагама үсті бөлім
• Диафрагмальды бөлім
• Абдоминальды бөлім
II. Макроскопиялық белгісі
бойынша:
• Жаралы рак
• Түйінді рак
III. Гистологиялық көрінісі бойнша:
• Жалпақжасушалы
(түлейтін, түлемейтін)
• Аденокарцинома
IV. Таралуы бойынша:
• Лимфогенді
• Гемотогенді
ӨҢЕШ РАГЫНЫҢ ДАМУ САТЫЛАРЫ
• І. Өсу кезінде түйіннің көлемі 3 см-ден аспайды, сырқат кілегейлі қабықшада дамиды, лимфа түйіндерінде метастаз жоқ.
• ІІ. Өсу сатысы. Ісік бұлшық етке жетеді де метастаздар бермейді (II А), көлемі 5 см-ге дейін барады. Лимфа түйіндерінің бір-екеуінде метастаздар бар (II В).
• III. Өсу сатысы. Ісіктің көлемі 5 см-ден асып, мүше қабырғасының түгел жарақаттануы, лимфа түйіндеріне метастаздардың көп берілуі.
• IV. Өсу сатысы. Ісік сау мүшелерге тарап, лимфа түйңндерінің метастаздан қозғалмай қалуы, алыс мүшелердің жарақаттануы.
КЛИНИКАЛЫҚ БЕЛГІЛЕРІ
1. Жалпы клиникалық белгілері:
    • Салмақ жоғалту, кахексия;
    • Жалпы әлсіздік;
    • Анемия.

2. Негізгі клиникалық белгілері:
    • Дисфагия – тағамның өңештен қиналып жүруі. Дисфагияның сатылары:

    • I – қатты тағамды жұту қиындайды (қыжылдау, жырылулар, ауырсыну).
      II – қатты тағамдар өңештен өтпей тұрып қалатындықтан сумен бірге ішеді.
      III –қатты тағам өтпейді, науқас сұйық және жартылай сұйық тағаммен қоректенеді.
      IV – өңештен тек сұйықтық қана өтеді.
      V – толық өңеш өтімсіздігі, науқас жұтыну барысында сілекей де өтпейді.
    • Тағамды қабылдау кезіндегі регургитация, ауыздан жағымсыз иістің шығуы.
    • Гиперсаливация.

    • 3. Екіншілік клиникалық белгілер:
    • Дауыстың өзгеріп, қарлығуы.
    • Горнер триадасы (миоз, пседоптоз, эндофтальм).
    • Жергілікті лимфа түйіндерінің ұлғаюы.
    • Брадикардия.
    • Жөтел ұстамалары, ентігу.
    • Құсу.

ДИАГНОСТИКА
Зертханалық зерттеу әдістері:
    • ЖҚА
    • БХА
    • РЭА,СА 19.9 онкомаркерлерін анықтау
    • Коагулограмма
    • ЖЗА
    • Цитологиялық және гистологиялық зерттеу

Инструментальды зерттеу әдістері:
    • Эзофагогастродуоденоскопия биопсиямен
    • Эндосонография
    • Өңешті рентгенологиялық зерттеу
    • Іш қуысы ағзаларының УДЗ
    • Рентгенография (кеуде куысы)
    • КТ (кеуде және іш қуысы)
    • Остеосцинтиграфия
    • Фибробронхоскопия

Өңештің эндофитті ісігі
Өңештің экзофитті ісігі
    • Өңештік-трахеальді (бронхиальды) жыланкөзі;
    • Өңеш ісігінің кеуде қуысындағы перфорациясы, медиастинит;
    • Плевральды қуыстағы ісік перфорациясы , плевра эмпиемасы;
    • Қан кету.

ӨҢЕШ РАГІНІҢ АСҚЫНУЛАРЫ
ЕМІ
    • Хирургиялық ем – эзофагэктомия (Льюис әдісі)
    • Сәулелі терапия

Оперативті емі:
Льюис әдісі: Ішті жарады, іш қуысындағы мүшелердің жағдайын тексереді. Асқазанды жоғары кеуде қуысына көтереді, ол үшін диафрагмадағы өңеш тесігін кеңейтіп, сол жерден өткіузге даярлайды.
Гарлок әдісі: солжақтың VІІ қабырға аралығынан кеуде қуысы жарылады, өңештің ортаңғы бөлігі жарақаттанған жерден сылынады да, қалған өңеш қалдығы және диафрагма тесігі арқылы жоғары көтерілген асқазан бір-бірімен тігіледі.
Савиных әдісі: іш қуысы жарылады, диафрагма кесіледі. Өңештің ортаңғы бөлігі іш қуысы арқылы жолмен сылынады да жоғарғы бөлігі мойын арқылы ортаңғы кеуде қуысында жіңішке ішекпен жалғасады.
Гаврилиу әдісі: асқазанның үлкен иінінен түтікше жасалынады (ұзындығы кардия аймағынан басталып асқазан түбіне дейін, яғни пилорусқа сәл жетпей қалады), сөйтіп асқазанның қашық жері диафрагма тесігі арқылы өткізіп, өңеш қалдығымен бір-бірімен қосылады.
Өңеш экстрипациясы (сылынуы): екі кезеңге созылу мумкін; бірінші кезеңде іш қуысы жарылып, ондағы мүшелердің барлығы тексеріліп, асқазанды өңешпен қосуға даярлайды, сөйтіп 7-10 куннен соң екінші кезеңде оң жақтан кеуде қуысы жарылып, өңеш сылынады, содан кейін асқазан-өңеш немесе өңеш-ішек пластикасы орындалады.
Сәулелі әдіс: қазіргі таңда да кеңінен колданыс тауып жүр, бірақ емнің нәтижесі жеткіліксіз. Әдістері:
• Дистанционды - тері арқылы
• Жанаспалы - брахитерапия - сәуле көзі өңеш қуысымен байланысады және ісікке тікелей әсер етеді
• Аралас
ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМ ТҮРЛЕРІ
    • Резекция - өңештің ісікпен зақымдалған жері алынады.
    • Экстирпация - зақымдалған мүшені (өңешті) толығымен алып тастау.
    • Өңеш қуысының реканализациясы - лазер арқылы ісікті алып тастап өңеш қуысын қалпына келтіру.
    • Өңешті стендтеу - дисфагияның дамуын тоқтатады.
    • Трансхитиальды алып тастау - мойынның сол жағынан және эпигастриден тесу арқылы өңешті алып тастау.

Thanks for attention!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет