Критериалды бағалау технологиясы



бет8/9
Дата20.10.2023
өлшемі92,25 Kb.
#119938
1   2   3   4   5   6   7   8   9
3. Оқу пәнінің саясаты
Пән бойынша жоғары ұпай алу үшін білім алушыларға үздіксіз жұмыс жасау керек, яғни пән бойынша алынатын баға семестр бойы жинақталады және сабақтарға белсенді қатысуына байланысты. Қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауаптар берілсе, жазбаша жұмыстар толық көлемде және ұқыпты орындалса, жұмыстың барлық түрлеріне максималды баға қойылады. Тапсырмалар кестеге сай орындалып, тапсырылады. Уақытылы тапсырылмаған тапсырмалар есептелмеуі мүмкін немесе тапсыру уақыты басқа уақытқа ауыстырылады. Барлық жұмыстарды тапсыру негізінде білім алушыларға ұпайлар есептеледі, олар аралық және қорытынды аттестаттауға әсер етеді.
Білім алушының пәнге деген қатынасы мен мінез-құлқы ар-ұят кодексіне сай болуы керек. Сабақты себепсіз босатпай, сабаққа кешікпей келу керек, аудиторияда тәртіп бұзбау керек, оқытушылар мен білім алушыларға құрметпен қарау керек. Материалды талқылап, қажет сұрақтарды қойып, тапсырмаларды орындауға сыни тұрғыдан қарау үшін сабақтарға дайындалып келу керек, сонда ғана білім алушы болашақ әрекетке қажеттілерді ала алады.
Сабақтарға келіп, қатысу міндетті, белгілі себеппен сабақтарды босатқан жағдайда да жеке тапсырмалардың толық кешенін орындау керек. Пәннің саясаты мен процедурасы оны оқу кезінде білім алушыға қойылатын келесі әкімшілік талаптарды сипаттайды.
Пәннің құрамдас бөліктері мен оны оқуға қойылатын негізгі талаптар:
– білім алушы сабақтарға қатысу керек;
– дәрістік, практикалық және ОЖБӨЖ сабақтарына белсенді ат салысу;
– сұрақтарға жауап бергенде қажеттілігіне қарай белсенділік таныту;
– сабақтарда пайдаланылатын барлық жұмыс түрлерін орындау.
Тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар:
- тапсырмалар уақытылы орындалып, файлдық жинақ папкаға (портфолио ретінде) жинақталуы тиіс;
- рефераттық тапсырмалар компьютермен басылып, талаптарға сай орындалуы тиіс;
- тапсырмаларды орындау кезінде әртүрлі ақпарат көздерін қолдану.
Сабақтар кезінде білім алушылардың өзін-өзі ұстау ережелері:
– кешікпеу, аудиторияға қоңырау соғылғанға дейін кіру;
сырт киімді киімжайға тапсыру;
– сабақ уақытында ұялы телефонды сөндіру;
– үлестірме материалдарды ұқыпты пайдалану;
– сабақ уақытында сұрануға және аудиториядан шығуға болмайды.
Жоғарыда көрсетілген талаптар бұзылса, келесі айыппұлдық санкциялар бекітілді:
- кешігу (- 5 ұпай);
- сабақ босату (- 5 ұпай);
- жұмысты кешіктіріп тапсыру (- 5 ұпай);
- ОЖБӨЖ жоқтығы (әрбір дайындалмаған тапсырма - 5 ұпай);
- аудиториядағы мінез-құлық (- 5 ұпай);
Білім алушының сабаққа қатысуы есепке алынады. Білім алушының ауырғандығын растайтын құжат немесе жақын туысының өлімі болған жағдайда сабаққа бара алмау қатыспағандық болып есептелмейді, сондықтан оған ыңғайлы уақытта жоспарланған тапсырмаларды орындауға және тапсыруға болады. Білім алушының сабақта болмауы академиялық тұрғыдан қойылатын талаптардан босатпайды, ұзақ уақыт бойы сабақта болмау (растайтын құжат болғанның өзінде де) пәнді қайта тапсыруға немесе академиялық демалыс алуға әкеліп соғуы мүмкін.
Аталмыш курсты оқу кезінде білім алушыларға бірнеше тапсырмалар беріледі:
- Қазіргі заманғы оқыту технологиялары негізінде аудиториядағы белсенді жұмыс;
- Жазбаша жұмыстар: эссе, шығармалар, сұрау және басқалары;
- Топтық жұмыс;
- Презентация.
Ғылыми-зерттеу жұмысын бағалау кезінде білім алушылардың креативтілігі, материалды сипаттаудың айқындылығы, сөйлеу шеберлігі, әдебиеттік қайнар көздерді келтіру іскерлігі, қолданылған әдебиеттер тізімі және т.б. ескеріледі. Кеңес беру және орындалған тапсырмаларды қорғау аудиторлық сағаттан тыс уақытта орындалады, өйткені оқытушының жетекшілігімен орындалатын білім алушының өзіндік жұмысы күннің екінші бөлігінде іске асырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет