Дұрыс жауап кезінде айтылатын
сөздер
|
Қате жауап кезінде айтылатын
сөздер
|
«иə, бұл дұрыс жауап», «өте жақсы», «барлығы дұрыс», «С-нің қаншалықты нақты жауап бергеніне назар аударыңдаршы»,
«Жарайсың!»
|
«жауапқа жақынырақсың, бірақ тағы біраз ойлан», «бұл бағытың дұрыс, бəріміз бірге тағы да ойланып көрейік», «балалар, Т-ң айтуы бойынша осылай, ал сендер қалай ойлайсыңдар?», «ал сен неге олай ойладың?», «сен бұл жерде біраз қателестің, қане тағы бір рет оқып
шықшы».
|
Мұғалім сын айтқан кезде негативті түсінік беруден аулақ болуы қажет. Мысалы: «ақымақ жауап», «осылай ойлауға қалайша дəтің барды?», өйткені мұндай сөздер оқушының жеке басына, психологиясына нұқсан келтіреді.
«Дұрыс емес», «қате», «дұрыс жауабын кім береді?» деген сөздерден аулақ болып, жұмысының нақты қай жерінің дұрыс емес екендігін айта кетуі жөн болады.
Кері байланыстың қай түрі болмасын, нені жақсы орындағанын белгілеп отыруы, қателіктер болған жағдайда мұғалім оқушының жұмысын жақсартуға байланысты нақты ұсыныстар беруі керек, жетекші сұрақтар қойып, баланы өзі дұрыс жауап табуға бағыттауы керек. Тиімді кері байланыс – ауызша болса да, жазбаша болса да – ойлануды талап етеді [16].
Кері байланыс құралдары:
жазбаша ұсыныс-пікірлер
бақылау
сауалнамалар
тиімді сұрақтар
кері байланыс күнделіктері
өзін-өзі бақылау дəптерлері
стикер парақтары, сұхбат жəне т.б
Достарыңызбен бөлісу: |