Кто они – уязвимое население 16-23 Подготовлено: Айгерим Мусабалинова


ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ



бет6/6
Дата26.01.2023
өлшемі1,83 Mb.
#63122
1   2   3   4   5   6
ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
Құралда түлектерді жұмысқа орналастыруда жалпы білім беретін мектептегі кәсіптік бағдар беру жұмысының рөлі сипатталады. ЕБҚ бар білім алушыларды табысты кәсібилендірудің әлемдік тәжірибесіне сүйеніп, ЕБҚ бар балалардың мамандық таңдауында отбасы, мектеп және жұмыспен қамту мекемелерінің табысты өзара іс-әрекет жолдары ұсынылады.
Инклюзия жағдайында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық білім берудің жеке бағдарламаларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Әдістемелік құралда жалпы білім беретін мектептерді психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің педагогтері мен мамандарына жаратылыстану-математикалық және қоғамдық-гуманитарлық білім беру пәндері бойынша ЕБҚ бар білім алушыларға арналған жеке бағдарламаларды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылады. 
ЕБҚ бар балалардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар
Құралда білім алушылардың оқу жетістіктерін олардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктеріне сәйкес бағалау бойынша мәселелер сипатталады. Инклюзивті практиканы іске асыратын педагогтер үшін ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылардың қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылады.
Жалпы білім беру мектептерінің әкімшіліктері, әдіскерлерге инклюзивті ортада білім беру процесін ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылады. Оқу құралы мектеп ортасында «барлығына арналған білім беру» қағидатын іске асыруда білім беру ұйымының әкімшілігі мен педагогикалық ұжымына тиімді практикалық көмек көрсетуі керек.
Бастауыш сынып мұғалімдеріне инклюзия жағдайында бастауыш сынып оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім берілуіне қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, бастауыш мектептің оқу пәндері бойынша БЖБ және ТЖБ сараланған тапсырмаларын әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылады.
Әдістемелік құралда мұғалімдерге инклюзия жағдайында негізгі мектеп оқушыларының оқу жетістіктерін бағалау тәсілдемелері, сондай-ақ білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктері мен жеке мүмкіндіктерін ескере отырып, 5-9 сыныптардың жаратылыстану-математикалық бағытындағы оқу пәндері бойынша БЖБ мен ТЖБ сараланған тапсырмаларын құрастыру бойынша әдістемелік ұсынымдар ұсынылады.
Инклюзивті білім беру процесіне қатысушылар психологиялық-педагогикалық құзыреттілікті арттыруға бағытталған қызмет бағыттарын ұсынады
Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің мұғалімдері мен мамандарына ЕБҚ бар балаларды қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша ұсынымдар беріледі.
Сілтемелер
1. «Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» https://special-edu.kz/
2. «Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» https://uba.edu.kz/
3. Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» http://astana-modern.edu.kz/

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет