Куанжанова кундыз тугелбаевна



Pdf көрінісі
бет2/16
Дата30.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#10604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Зерттеудің кезеңдері:  
Теориялық  (2012-2013)  –  зерттеу  проблемасыныңәдіснамалық  және 
жалпы  ғылыми  негіздері  анықталды,  зерттеудің  базалық  ұғымдары 
қарастырылған  педагогикалық,  психологиялық  еңбектерге  талдау  жасалды, 
шетелдік  және  отандық  тәжірибелер  жүйеге  келтірілді.  Жұмыстың  ғылыми 
аппараты  анықталып,  эксперименттік  зерттеу  жұмыстарын  ұйымдастыру 
әдістемесі  жасалды.  Оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  зерттеудің 
амалдары анықталды 
Эксперименттік  (2013-2014)  –  оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерінің  ерекшеліктері  зерттелінді.  Тұлғалық-кәсіби  қасиеттердің  ӛзара 
байланыстарын  анықтап,  инновациялық  психотехнология  бағдарламасы 
даярланды және нәтижелердің тиімділігі тексерілді. 
Қорытындылау  (2014-2015) 
– 
оқытушылардың 
тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерін  зерттеу  бойынша  теориялық  және  эксперименттік  зерттеу 
кезеңдерінің  нәтижелері  қорытындыланды.  Диссертацияның  мазмұны  ғылыми 
мақалалардажарияланды 
және 
семинарларда 
талқыланды. 
Зерттеудің 

11 
 
нәтижелері    жүйеленіп,  қорытындыланды.  Нәтижелер  диссертацияның 
мазмұнына еңгізіліп, тиісті тұжырымдар жасалып, ұсыныстар берілді. 
Зерттеу  базасы:  Экспериментке  барлығы  100  студент  және  174  ЖОО 
оқытушылары  қатысты  (Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтӛбе  ӛңірлік  мемлекеттік 
университеті (87 оқытушы, 100 студент), С.Бәйішев атындағы университеті (37 
оқытушы), М.Оспанов атындағы Батыс – Қазақстан медицина университеті (50 
оқытушы)).  
Алынған зерттеулердің дәйектілігі және сенімділігі:  
Диссертацияның  теориялық-әдіснамалық  тұғырлары,  эксперименттік 
зерттеу  нәтижелері  2012-2015  жылдар  аралығында  келесі  отандық  және 
шетелдік басылымдарда жарық кӛрді: 1.  «Жоғары оқу орынынан кейінгі білім 
беру  жағдайындағы  ғылыми-педагогикалық  әлеуетті  дайындаудың  ӛзекті 
мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда (Алматы., 
2012),    2.  Middle-East  Journal  of  Scientific  Research  (Пакистан,  2013,  2014).  3. 
«ҚазҰПУ ХАБАРШЫСЫ» Педагогикалық ғылымдар сериясы, (Алматы., 2013). 
4.  Россия  и  Европа:  связь  культуры  и  экономики,  Материалы  VII 
международной 
научно-практической 
конференции 
(Прага, 
Чешская 
республика.,  2013).  5.  «Білім  әлеуметтануы»  Екінші  Халықаралық  симпозиум 
материалдары  жинағы  (Алматы.,  2013).  6.  «ПМУ  ХАБАРШЫСЫ»  (Павлодар,  
2013).  7,  8.  Абай  атындағы  Қаз  ҰПУ«Психология»  сериясы,  №4(37)  және 
№4(41)  (Алматы.,  2013-2014ж).  9.  Интеграцияланған  пән  мұғалімдерін 
дайындау (Алматы., Абай ат. Қаз ҰПУ., «Ұлағат» баспасы, 2013. – 112б) Оқу-
әдістемелік  құралы.  10.  Методические  рекомендации  по  профессиональной 
подготовке  педагогических  кадров  в  условиях  модернизации  образования  (на 
примере  специальности  «Педагогика  и  методика  начального  обучения») 
әдістемелік құралы (Алматы., 2013). 11.Middle East Journal of Scientific Research 
(MEJSR)  (Пакистан.,  2013).  12.  «Инновация  және  білім  беру  технологиялары» 
халықаралық  ғылыми-практикалық  конференция,  (Жетісай.,  2014).  13. 
Обучение и воспитание: методики и практика 2014/2015 учебного года сборник 
материалов  XIX  Международной  научно-практической  конференции  (г. 
Новосибирск.,  2015).  14.  Білім  беру  субъектілерін  тұлғалық-кәсіби  дамыту 
(Алматы., 2015) Тренингтік жинақ. 
Жарияланымдар.  Диссертация  нәтижелері  бойынша  14  еңбек 
жарияланды,  оның  ішінде  Scopus  базасына  кіретін  журналдарда  –  2, 
Халықаралық  ғылыми-практикалық  конференцияларда  –  4,  Халықаралық 
симпозиум  материалдарында  –  1,    ҚР  БҒСБК-мен  ұсынылған  журналдарда    – 
4мақала  жарық  кӛрді.    1  –  оқу-әдістемелік  құрал,  1  –  әдістемелік  құрал,  1  –  
тренингтік жинақ басылым кӛрді. 
Диссертацияның  қҧрылымы.  Диссертация  кіріспеден,  екі  тараудан, 
қорытындыдан,  пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі  мен  қосымшалардан  тұрады. 
Жалпы кӛлемі – 158 бет, 20 кесте және 7 суреттен тұрады. 
Кіріспе  бӛлімінде  зерттеу  тақырыбының  кӛкейкестілігі  негізделеді, 
зерттеудің  нысаны,  пәні,  мақсаты,  міндеттері,  жетекші  идеясы,  әдіснамалық-
теориялық  негіздері,  әдістері,  кезеңдері,  ғылыми  жаңалығы  мен  теориялық 

12 
 
және  практикалық  маңыздылығы,  ғылыми  болжамы,  қорғауға  ұсынылатын 
қағидалары анықталады. 
«Білім беру субъектілерінің тҧлғалық-кәсіби     қасиеттері дамуының 
теориялық  -  әдіснамалық  негіздері»  атты  бірінші  тарауда  философиялық, 
психологиялық және педагогикалық әдебиеттердегі тұлға мәселесінің зерттелу 
жағдайына  талдау  жасалу  негізінде  «тұлға»  ұғымының  білім  беру  субъектісі 
тұрғысындағы  мәні  ашылады.ЖОО  оқытушылардың  кәсіби  іс-әрекетінің 
ерекшеліктері,  атқаратын  қызметтері  және  маңызды  тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерінің  мәні  қарастырылған    отандық  және  шетелдік  әдебиеттер  мен 
тәжірибелерге  талдау  жасалды.  Оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін 
дамыту  мәселесінің  әдіснамалық  тұғырлары  айқындалды.  «Сапа»,  «қасиет» 
ұғымдары  нақтыланды.  ЖОО  оқытушыларының  білім  беру  субъектісі 
тұрғысындағы  тұлғалық-кәсіби  қасиеттеріне,  оның  негізін  құрайтын  кәсіби 
деформацияға  және  ӛзін-ӛзі  белсендіру  ерекшеліктеріне  сипаттама  берілді. 
ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  дамуындағы  ӛзін-ӛзі 
белсендірудің мәні мен маңызы айқындалды. 
«Білім  беру  субъектілері  -  ЖОО  оқытушыларының  тҧлғалық-кәсіби 
қасиеттері  дамуын  эксперименттік  зерттеу»  атты екінші тарауда зерттеудің 
эксперимент жұмысын ұйымдастырудың мазмұны мен әдістері мазмұндалады. 
ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық  ӛсуіне  бағытталған  психотехнологияның 
дамытушы-түзетуші  бағдарламасының  мазмұны    жасалады,  мәні  сипатталады. 
Оны  қолдану  әдістері  іріктеледі,  әдістемесі  жасалады.    Анықтау  және 
қалыптастыру  экспериментінің  нәтижелері  талданады,  даму  динамикасы 
кӛрсетіледі.    Оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  дамытудың 
психотехнологиялық 
дамытушы-түзетуші 
бағдарламасының, 
тиімділігі 
тексеріліп  практикалық-зерттеу  жұмыстың  мазмұны  және  оның  нәтижелері 
қорытылады.  
Қорытынды  бӛлімде  теориялық  және  эксперименттік  жұмыстың 
нәтижелеріне негізделген қорытындылар мен ұсыныстар берілді.  
Қосымшада 
ЖОО 
оқытушыларына 
жүргізілген 
сауалнамалар, 
әдістемелердің сұрақтары берілді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

13 
 

БІЛІМ 
БЕРУ 
СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ 
ТҦЛҒАЛЫҚ-КӘСІБИ     
ҚАСИЕТТЕРІ 
ДАМУЫНЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ 

ӘДІСНАМАЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
1.1  Философия,  психология  және  педагогика  ғылымдарындағы 
«тҧлға»  ҧғымының мәні 
Біздің  зерттеу  пәніміз  білім  беру  субъектілерінің,  соның  ішінде  жоғары 
оқу  орны  оқытушысының  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  дамыту  болып 
табылатындықтан,  диссертацияның  әдіснамалық  ұстанымдарын  анықтау 
мен  ұғымдық аппаратын нақтылауға септігін тигізетін  «тұлға» ұғымының 
мәнін 
ашуды 
міндет 
санадық. 
Әрбір 
тұлғаның,адамның 
жекелік 
қайталанбайтын  ерекшелігін  сипаттайтын  қасиеттері  кӛптүрлі  және  сан  алуан 
екендігі мәлім. Сол себепті тұрмыста тұлғаны сипаттайтын мыңдаған түсініктер 
бар. Біз әрбір  адамға оның бойындағы қасиеттерін, қандай да бір жағдайдағы 
мінез-құлығын, іс-әрекетін болжау, анықтау арқылы ӛзіміздің жеке түйсігімізге 
тән  баға  береміз  [38,  134  б].  Тұлғалық  қасиеттер  тұлғаның  ӛзінің  ӛзгелерге 
тұлға ретінде танылатынбойындағы қасиеттері арқылы сипатталады. 
Зерттеу барысында біз тұлғаның мәнін қасиеттер тұрғысынан сипаттайтын 
еңбектерді талдау арқылы тұлғалық қасиеттерді нақтылай аламыз. Демек, тұлға 
ұғымының мәнін аша отырып, тұлғалық қасиеттерді анықтаймыз. 
Барлық кәсіби іс-әрекеттегі субъект адам болғандықтан «тұлға» түсінігінің 
кӛптеген  ғылым  салаларының  (психология,  әлеуметтену,  саясаттану,  құқық, 
т.б.)  негізгі  объектісіне  айналуы  тегін  емес.  Адамның  әлеуетін,  қабілетін, 
қасиетін, мүмкіндіктерін қалыптастыру мен дамытуға қатысты білімдерге деген 
сұраныстардың  күннен-күнге  артуы  аталған  мәселенің  педагогика  ғылымы 
тұрғысынан ӛзектілігі мен маңыздылығын дәлелдей түседі. 
Тұлға  ұғымына  жасаған  талдау  нәтижесінде  бүгінгі  таңда  тұлғаны 
сипаттайтын  анықтамалардың  сан  алуан  (шамамен  200)  екендігін,    тұлға 
ұғымының  мәнін  ашатын  түсініктерді  біріктіру  жұмыстары  күрделі 
мәселелердің  қатарынан  табылып,  ғылыми  еңбектерде  оған  берілген  бәріне 
бірдей ортақ анықтаманың қалыптаспағандығын байқадық [39-45].  
1937  жылы  американдық  психолог  Г.Оллпорт  ӛзінің  алғашқы  ―Тұлға  - 
психологиялық  интерпретация‖  атты  кітабында  тұлғаға  байланысты  50-ден 
астам  түсінік  береді.  Түсініктерді  синтездеудің  нәтижесінде  бір  шешімге  келе 
алмай,  тұлға  ұғымына  анықтама  беруден  бас  тартып,  «адам  –  бұл  объективті 
шынайылық» деп қорытындылаған болатын [46].  
Тұлға  теориялары  –  тұлғаның  табиғаты,  даму  тетіктері  туралы 
болжамдардың  немесе  кӛзқарастардың  жиынтығы.  Тұлға  теориялары  тек 
адамның  мінез-құлығын  түсіндіріп,  болжап  қана  қоймай,  мынадай  сұрақтарға 
жауап беруді мақсат етеді (А.Хьелл, Д.Зиглер): 
– Тұлға дамуы туғаннан немесе жүре пайда болады ма? 
– Тұлғаның қалыптасуы үшін қандай жасаралық кезең маңызды? 
– Тұлға құрылымында қандай үдерістер (саналы немесе санасыз) маңызды 
саналады? 

14 
 
–  Тұлғаның  бойында  еркіндік  бар  ма  және  ол  ӛзінің  мінез-құлығын 
қаншалықты деңгейде басқара алады? 
–  Тұлғаның  ішкі  дүниесі  субъективті  ме,  әлде  объективті  ме?  Объективті 
әдістер арқылы оны қалай анықтауға болады? 
Осындай  күрделі  сұрақтар  адам  бойындағы  мінез-құлықтары,  іс-
әрекеттерімен сыртқы кескіндерінің арасында орын алатын айырмашылықтарға 
байланысты  туындаса  керек.  Психологиялық  құрылым  тұрғысынан  тұлғаны 
талдауға  мүмкіндік  беретін  үш  деңгейді  бӛліп  қарастыруға  болады:  тұлғаның 
дербес  элементтерінің  қасиеттері,  күйлері  және  біртұтас  қасиеттері.  Осы  үш 
деңгейдің бірігуінен тұлғаның құрылымы анықталады [39, 273-273 б]. 
Ғылыми  әдебиеттерде  бастапқыда  «тұлға»  түсінігінің  ежелгі  театрдағы 
актердің  киген  бетпердесін  білдіргені,  содан  кейін  актердің  ӛзін  және  оның 
рӛлін  түсіндіргені,  соңғы  уақытта  қоғамдық  ӛмірдегі  адамның  ӛмір  сүру 
бейнесіне қатысты айтылатындығы анықталған [44, 9 б]. 
Философия  ғылымында  «тұлға»  қоғамдық  қарым-қатынастардың 
жиынтығы  деп  сипатталса,  әлеуметтануда  «тұлға»  дегеніміз  –  индивидті 
сипаттайтын  әлеуметтік  маңызды  қасиеттердің  тұрақты  жиынтығы  болып 
түсіндіріледі.  Педагогикада«тұлға»  эволюциялық  үдерістің  призмасы 
тұрғысынан қарастырылады. Психологияда «тұлға» әлеуметтік-мәдени ортада, 
біріккен  іс-әрекет  үдерісі  мен  қарым-қатынаста  иеленетін  адамның  ерекше 
сапасы [47, 134-135 б] деп берілген.  
Қазақстан  ұлттық  энциклопедиясында  «Тұлға»  –  жеке  адамның 
адамгершілік,  әлеуметтік,  психологиялық  қырларын  ашып,  адамды  саналы  іс-
әрекет  иесі  және  қоғам  мүшесі  ретінде  жан-жақты  сипаттайтын  ұғым  [48] 
дептүсіндірілген. 
Кӛрсетілген  анықтамалар    «тұлға»  ұғымының  кеңдігі  мен  күрделі 
екендігін  және  әр  ғылымда  оның  зерттеу  пәніне  қатысты  түсіндірілгенін 
байқатады.  
Бірқатар 
зерттеушілердің 
(А.Н.Леонтьев, 
Л.С.Выготский, 
С.Л.Рубинштейн)  тұжырымдауынша  «адам  тұлға  болып  туылмайды,  жүре 
қалыптасады».  Бұл  тұрғысынан  да  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуына 
байланысты нақты бір теорияның жоқ екендігі анықталды.  
Зерттеулерге  жасаған  талдау  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасуын 
түсіндіретін бірнеше амалдар бар екендігін кӛрсетті. Мәселен, биогенетикалық 
амал  (С.Холл,  З.Фрейд)  тұлғаның  дамуын  организмнің  жетілуіндегі 
биологиялық 
үдерістермен 
байланыстырса, 
социогенетикалық 
амал 
(Э.Торндайк,  Б.Скиннер)  тұлғаның  дамуын  қоғамның  құрылымы,  әлеуметтену 
тәсілдері  мен  қоршаған  ортадағы  ӛзара  қарым-қатынастың  ықпалы  арқылы 
түсіндіреді.  Ал,  психогенетикалық  амал  (Ж.Пиаже,  Дж.Келли)  биологиялық 
және әлеуметтік факторларды жоққа шығармайды, алайда тұлғаның бойындағы 
психикалық  кӛріністерді,  күйлерді  маңызды  деп  санап,  бірінші  орынға  қояды 
[44, 9 б]. 
Осы  аталған  амалдар  бірін-бірі  жоққа  шығармайды,  керісінше 
толықтыра түседі. Олай дейтініміз олардың әрбірінде кӛрсетілген факторлар 

15 
 
арқылы тұлға дамиды және тұлғаны сипаттайтын қасиеттер де осы үдеріс 
барысында  қалыптасады.Біз  зерттеу  барысында  ӛз  пәнімізге  сәйкес  тұлғаның 
дамуы мәселесіне де тоқталуды жӛн кӛрдік.  
Адамның  болмысы  туралыойлар  ежелгі  философтардың  еңбектерінен 
бастау  алып,  осы  күнге  дейін  әлі  де  зерттеушілердің  арасында  ӛзінің 
құндылығын жоғалтқан емес. 
Философиялық  еңбектерде  адамның  болмысы  ерекше  құбылыс 
тұрғысынан  қарастырыла  отырып,  «адам-әлем»  қатынасындағы  мәселелерде 
оның биофизикалық табиғи кӛрінісіндегі айырмашылықтарзерделеленді. 
Ежелгі  грек  философы  Сократтың  тұжырымдауынша  Антикалық 
кезеңдегі Ежелгі Батыс философиясының ӛркениетінде адамның ӛмір сүруінің 
негізгі  мақсаты  болыпоның  ӛзін-ӛзі  адамгершілік  тұрғыдан  белсендіру 
қажеттілігі саналады. Сондай-ақ ол «адам ӛзін танығанда ғана, ӛзіне не пайдалы 
екенін,  нені  істей  алатынын,  нені  істей  алмайтынын  білетіндігн  және  анық 
түсінетіндігін»  айтады.  Адам  санасының    жақсылық  пен  ақиқатқа 
бағытталатынын,  оның  ӛз  бойындағы  қабілеттерінанықтай  алуы  оның  ӛзін 
танып білуіне байланысты екендігін кӛрсетеді [50, 334-335 б].  
Белгілі  грек  философтары  Аристотель  мен  Платонның  философиялық 
ойларының  психологиялық  негізіне  «адамның  ӛзі  түсінбейтін,  түсіндіре 
алмайтын  құбылыстарға  ең  алғаш  таңдану,  таңырқау  сезімдерін  білдіреді»  
деген  пікірлері  жатады  [51,  160  б].  Платон  адамның  міндетін  ӛзінің  жанын 
барлық заттық субстанциядан ажырату арқылы ӛзіне зейін қоюы деп түсіндірсе, 
Аристотель  «Метафизика»  еңбегінің  бірінші  тарауында  адамдардың  барлығы 
табиғатынан  білімге  ұмтылатынын,  ұстаздар  ӛнерпаздардан  іскерлік  жағынан 
емес, жасалатын нәрсенің себебін түсіндіре алатындықтан даналы келетіндігін 
айтады [49, 348-360 б]. 
Ал,  Қайта  ӛрлеу  кезеңінде  адамның  шынайы  ӛмірінің  шарттарын, 
еркіндігін  оның  тұлғалық  әлеуетін  зерттеу  арқылы  түсінуге  болатындығы 
туралы идеялар кең тараған.  
М.Вольтер, Ж.Ж.Руссо қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық және рухани-
саяси  ӛзгерістерге  адамзаттың  табиғаты  (эгоизм,  құштарлық,  әуестік)  ықпал 
ететіндігін  анықтады.  Ж.Ж.Руссо  «адам  еркін,  бостандықпен  дүниеге  келеді, 
бірақ барлық уақытта оны құрсаулар қаптайды» деп,  адамды түсіну үшін оның 
жанын терең бойлау қажеттігін кӛрсетеді [53]. Демек, адам үнемі бостандықта 
ӛмір сүре алмайды. 
Цицерон адамдарды саналы тіршілік иесі ретінде танып, тәрбиеге қабілетті 
деп санайды. Ол адам болмысында жақсылыққа шақыратын және жамандықтан 
қашыратын бір күштің болатынын айтқан [96, 386-387 б]. 
Жаңа дәуір философиясының кӛрнекті ӛкілі Ф.Бэкон «Адам табиғаты мен 
патшалығын тұжырымдайтын қанатты сӛздер» атты еңбегінің «Адам табиғаты 
туралы»  бӛлімінде  адам  табиғаты  кӛпшілік  жағдайда  жасырын,  кейде 
жаншылған, ішінара  қираған күйінде болатындығын айтады [50, 32-37 б]. 

16 
 
Франклин бойынша адам еңбек құралдарын жасайтын хайуан делінсе, Гете 
«Адамдық  қасиет  оған  тек  туғанда  берілген  ерекшеліктермен  емес,  оның  ӛзі 
жасаған құндылықтары арқылы ӛлшенеді» деп жазды [98, 6 б]. 
Р.Декарттың  «күмәндану»  ұстанымында:  «Егер  мен  күмәндансам,  демек 
менің  ойлай  алатыным  сӛзсіз.  Егер  мен  ойлайтын  болсам,  онда  менің  ӛмір 
сүргенім»  делінеді.  Дж.Локк  «туғаннан  берілетін  идеялар  мен  ұстанымдар» 
теориясына  қарсы  шыға отырып ,  жан дегеніміз ̶  «tabularasa»  (таза  тақта)  деп, 
білімнің  адамзат  тәжірибесінен  шығатынын  дәлелдеп  [50],  түсініктер  мен 
идеялардың адамда туғаннан берілмейтінін дәлелдеуге тырысады. Адам ӛмірде 
қоршаған әлемді ӛз сезімдерінің кӛмегімен, ішкі тәжірибе – рефлексия арқылы 
қабылдауға  дайын  [48,  126  б]  болады.  Адамдар  арасындағы  айырмашылықты 
тәрбиелеу  мен  ӛмірдің  жағдайларына  байланысты  ажыратылатындығын  атап, 
жеке  тұлғаның  физикалық  және  рухани  қалыптасуына  (дені  сау  денедегі 
үйлесімді  жан)  үлкен  мән  берсе,  француз  философы  К.А.Гельвеций, 
Дж.Локктың  пікірімен  келісе  отырып,  «Адам  туралы»  еңбегінде:  «Физикалық 
сезімталдық  дегеніміз  –  адамның  ӛзі  және  ӛз  болмысының  иесі»  дейді  [50]. 
Барлық  адамдардың  табиғатынан  тең  екендігін  айтып,  адамның  барлық 
қабілеттері  мен  дарындылығы,  оның  адамгершілік  қасиеттері  белгілі  бір 
ортаның  ықпалымен  қалыптасатынын  [48,170-171  б]  айтады.  Д.Дидро  адам 
тұлғасының  қалыптасуында  және  әлеуметтік  құрылымды  белсендіруінде 
тәрбиенің  рӛлін  жоғары  бағалады  [48,  193  б].  Байқап  тұрсақ,  зерттеушілер 
тұлғаның  бойындағы  қасиеттердің  туа  бітпейтінін,  оның  дамуында 
тәрбиенің, қоршаған ортаның маңызы туралы айтады
Г.Гегель «адамға  екі жақты, яғни жекелікжәне жалпыға ортақ қасиет тән 
екендігін  кӛрсетеді.  Осыған  байланысты  адамның  ӛз  алдындағы  борышы,  бір 
жағынан,  физикалық  ӛзін  қорғау  болса,  екінші  жағынан,  ӛзінің  жекелігін 
жалпыға  ортақ  ортада  кӛрсету  –  «ӛзін-ӛзі  белсендіру»  болып  табылады.  Ол 
алғаш  рет  рефлексияны  тек  ойлау  категориясына  жатқызып  қоймай, 
эмоционалды-құндылықпен  байланысты  түсіндірді  [39].  Л.Фейербах  адамның 
болмысын  әлеуметтік  байланыстармен  қатар  қарастырып,  табиғаттың  бӛлшегі 
ретінде тұлғааралық қарым-қатынаста ғана адам ӛзін-ӛзі белсендіре алады деп, 
адамды  іс-әрекеттік,  жекелік,  физикалық  даму  тұрғысынан  қарастырды,  бірақ 
оның іс-әрекеттік болмысын толық ашып кӛрсетпейді. 
И.Фихте  адамның  ӛмір  сүру  мәні  мен  мақсаты  –  ӛзін  ӛзі  ғана 
анықтайтынын дәйектеді. Ішкі анықтық индивидке адамныңӛзін-ӛзі белсендіруі 
мен  теңдестірудің  ӛзара  байланысы  мен  ӛзара  шартталғандығын  кӛрсететін 
ӛзінің маңызын түсінуіне мүмкіндік беретінін қоса айтады. 
Философиялық  тұрғыдан,  адам  тағдырының  мәні  туралы  кеңейтілген 
түсінік XX ғасырда орын алған.  Э.Гуссерелдің адамның «Менін» ажырамайтын 
екі  үдеріс  «ӛзіндік  мәнін  ӛзінің  бойынан  және  жалпы  мәдени  туындылардан 
іздеуі мен іске асыруы» арқылы тануға болады деген идеясынан тарайды [53, 23 
б]. 

17 
 
Байқасақ,  жоғарыда  аталған  философиялық  кӛзқарастарда  тұлға  ӛзін-ӛзі 
анықтау,  ӛзін-ӛзі  тану,  рефлексия  сынды  қасиеттермен  анықталғанын 
байқаймыз. 
Тұлға бойындағы қасиеттердің ерекшеліктері туралы ойлар одан әрі орта 
ғасыр  ойшылдарының  еңбектерімен  жалғасады.  Әл-Фараби  [10]  адам 
баласының  бойында  ортақ  қасиеттердің  болатынын  айта  отырып,  сонымен 
бірге  әр  адамның  тек  ӛзіне  ғана  тән  қасиет-қабілеттерінің  болатындығын  сӛз 
етіп, тапқыр ойлы, зерек адамдарды, яғни кез келген пікір алалығын туғызатын 
мәселелердің  шешімін  дұрыс  тауып,  тапқырлық  кӛрсете  алатын  болса,  кез 
келген іс-әрекетті уақыт ӛткізбей, аз уақыт ішінде тамаша етіп аңғара алатын, 
яғни  зерек,  ӛзі  ойлаған  заттарды  адамдардың  кӛпшілігі  қабылдап,  жалпы 
жұртқа  мәлім  қағидалар  мен  тәжірибелерді  байқау  арқылы  дұрыс  қабылдай 
алатын болса, ол адамды бойында тұлғалық қасиеті бар адам деп айта аламыз 
дейді.  Ж.Баласағұни  тұлға  бойындағы  қайырымдылық,  кішіпейілділік, 
сабырлылық [11] қасиеттерді ерекше атады. А.Иүгінекидің [12] «Ақиқат сыйы» 
деген  еңбегінде  адамның  бақытты  болуы  оның  мінезіне  байланысты,  қатты 
ашуы  келгенде  оған  тежеу  жасай  алатын  адамға  Алла  тағаланың  сыйы  бар. 
Алла  адамның  жүрегіне  жылылық  береді,  себебі алла тағала  «сабырлылықты, 
жақсылықты,  жақсы мінезді сүйеді », ̶  деп  адам  бойындағы  ізгі  қасиеттерді  ӛз 
шығармаларына  арқау  етеді.  Қожа  Ахмет  Иассауи  [13]  адам  бойындағы 
кездесетін даңқ, құмарлық, күншілдік, екіжүзділік, надандық, кекшілдік, алдау 
сияқты  жаман  әдеттердің  болатынын  ӛкінішпен  айтып,  адамның  іс-әрекетін 
оның адамгершілік деңгейімен бағалайды. 
ХІХ  ғасырда  ӛмір  сүрген  Ш.Уәлиханов,  Ы.Алтынсарин,  А.Құнанбаев 
секілді  қазақ  ағартушы-ойшылдары  еңбектерінде  тұлғаның  бойындағы 
маңызды  қасиеттерді  әр  қырынан қарастырғаны бәрімізге аян .  Ш.Уәлиханов 
адамды бойлай берген сайын
,  оның таңғажайыптылығының құпиясына 
таңданатынымызды айтады .  Табиғаттың таңғажайып құбылысы ̶ адамның ӛзі 
болып  табылады.  Ол  –  қабілетті,  ойлай  алатын,  жан-жағын  бағдарлай 
алатын,  білімді,  ұят  сезімі  бар,  ақылды,  имандылық  секілді  қасиеттерді  атап, 
оларды ұрпақ бойынан кӛруді және дарытуды қалаған. Ы.Алтынсариннің қазақ 
халқына  тән  қасиеттерді  зерттеулері,  қоғамның  сұранысын  толығымен 
қанағаттандырып,  бәсекелестікке  түсе  алатын  тұлға  қалыптастыру  барысында 
ойшылдың  айтқан  ойлары  мен  еңбектері  бүгінгі  күннің  ӛзекті  мәселелерімен 
қиылысып  келеді.  Ал  А.Құнанбаевтың  адами  жетілу  «Адам»  ұғымына 
байланысты  ой-пікірлерінің  негізінде  адамгершілігі  мол,  сүйе  білетін  және 
сүйікті  бола  алатын,  толық  адамның  бейнесі  жан-жақты  суреттелген.  Хәкім 
Абай  бұл  игі  қасиеттерді  одан  әрі  жалғастырып,  адам  мен  қоғам  арасындағы 
байланысты еңбекпен, біліммен, ақыл-ой, санамен байланыстыруға болатынын 
айтады.  Ол  халық  болмысын  адамның  кісілігімен,  қабілет-қасиетімен 
түсіндіруге [14-16] тырысады. 
Философтардың  адам  болмысы  және  адам  дамуы  туралы  пікірлеріне 
жасаған талдау орта ғасыр ойшылдары мен қазақ ағартушыларының  бүгінгі 

18 
 
күні  де  құнды  саналатын,    тұлғаның  бойынан  табылуға  тиісті  әділеттілік, 
ізгіліктік, адамгершілік сынды қасиеттерге аса мән бергендігін кӛрсетті.   
Тәелсіз мемлекет тұсындағы егеменді ел философтары Т.Ғабитов «Адам – 
ақыл-ойы бар әлеуметтік жан» деп, тұлға бойындағы ақыл мен ойға баса назар 
аударса, В.П.Тугаринов тұлғаның: 1) саналылық; 2) жауапкершілік; 3) еркіндік; 
4)  жеке  басының  қадірі;  5)  даралық  қасиеттер  мен  қоғамдық  белсенділікпен 
бекіген  саяси-идеялық  бағытты  қасиеттерін  қатар  қояды  [55,  7б;  56,  5  б].  Ал 
С.Мырзалының  пікірінше,  «адам  –  санасы  арқылы  дүниені  танып  білетін, 
соның  нәтижесінде  еңбек  құралдарын  жасап,  ӛзара  бірігіп,  айнала  қоршаған 
ортаны ӛзгертіп, сан алуан қажеттіліктерін ӛтей алатын пенде» болып табылады 
[57, 550б]. 
Қазақстандық белгілі философ Ғ.Есім ӛзінің «Адамзат» еңбегінде адамзат 
болмысын толық сипаттайды. Оның тұжырымдауынша, адамзатқа болмысы тән 
(дене  құрылымы);  жан  (жүрек);  нәпсі  (бейімделу,  сақтану,  инстинкт,  сопылық 
дүниетаным, саясат және мәдениет); ақыл (ақыл, парасат, зейін, даналық, зерде, 
зеректік, пайым); кӛңіл (жан, сана, сезім, хал); рух (Отан, жұрт, ел қорғау ісі); 
ар  (ұят,  намыс);  ғажайып  (жаралыс,  періште,  шайтан)  атты  сегіз  жүйеден 
тұрады.  Ғалымның  адамзаттың  ғұмыры  қысқа  және  оның  ӛзін-ӛзі  тануына 
мүмкіндік бермейтіні туралы ой-тұжырымдары біздің зерттеу жұмысымыздың 
ӛзектілігін айқындайды [58, 6-110 б]. 
«Тұлғаны  зерттеу  –  тұлғаның  нақ  қазіргі  жағдайда  кім  екенін  және  осы 
жағдайға  қалай  жеткендігін  анықтау.  Әрине,  адамдар  бір-бірінен  ӛмір  бойы 
жинаған  білімдеріне  қарай  ажыратылады:  әр адам ̶ әмбебап құбылыс .  Бірақ 
білім  алу,  үйрену,  даму  үдерісі  барлық  адамдарға  тән  ортақ  заңдылықтарға 
бағынады.  
Н.Стенфордтың  пікірінше,  тұлғаны  анықтауда  психология  заңдылықтары 
маңызды  орынды  иеленетіндігін  ескерсек,  тұлға  мәселесін  зерттеуде  оның  
психология  ғылымында  қарастырылу  жағдайын  зерделеу  қажеттілігі  артады  
[56, 34-35 б]. 
XX  ғасырдың  басында  тұлғаның  мәні  олардың  жүріс-тұрысы  және  іс-
әрекеттерінің  себебін  анықтауға  байланысты  болжамдар  түрлі  теорияларда 
кӛрініс табады.  
Соның  бірі    ̶    Батыс  психологиясының  теориялық  және  әдіснамалық 
жетекші  идеяларының  таралуына  негіз  болған  австриялық  ғалым  З.Фрейдтің 
«классикалық  психоанализ»  атты  бағытынан  бастау  алады.  Оның 
түсіндіруінше,  адамның  психикасы  организмге  тән  түрлі  инстинкттер, 
құштарлықтар  мен  тілектерге  байланысты.  Адамның  қалыптасуына  Эрос 
(жыныстық инстинкт, ӛмір сүру және ӛзін-ӛзі қорғау инстинкті) және Танатос 
(ӛлім, агрессия және деструкция инстинкті) атты екі  маңызды инстинкт ықпал 
етеді [18]. 
Адамның  ӛмірі    ̶  Эрос  және  Танатос  атты  екі  күштің  бір-біріне  қарсы 
тұруының  нәтижесі.  Аталған  инстинкттер  негізгі  қозғаушы  прогресті 
айқындайды.  Екі  күш  индивидтің  болмысын  ғана  емес,  сонымен  қатар 

19 
 
әлеуметтік 
топтардың, 
халықтардың, 
мемлекеттердің 
іс-әрекеттерінің 
себептерін түсіндіре алады дейді зерттеуші.  
З.Фрейд  бойынша,  адамның  мінез-құлығы  жартылай  болса  да  бейсана 
(адамның  мінез-құлығы,  іс-әрекеттері  оның  психологиялық  импульстері  мен 
ұмтылыстарына  ықпал  ететін  инстинкттерін  қанағаттандыруға  бағытталады) 
кейпінде  болады.  Психоаналитикалық  теорияға  сәйкес,  біз  ӛзіміздің 
болашағымызда  жүзеге  асыратын  іс-әрекеттерімізбен  ерте  балалық  шақтағы 
мінез-құлық  шаблондарын  бекітеміз  және  адамдар  барлық  уақытта  бейсана 
тұрғыдан агрессивті конфликт күйінде болады. Ғалымның теориясы бойынша, 
адамның ӛмірі либидоға (жыныстық инстинкт) байланысты анықталады [18]. 
Тұлғаның  бейсана  деңгейіндегі  құштарлықтары  оның  әлеуетін  және 
белсенділігін  қамтамасыз  етіп,  іс-әрекеттерге  мотивациясын  тудырады. 
Адамның  инстинкттік  қажеттіліктерін  әлеуметтік  нормалық  шектеулер 
қанағаттандыра  алмағандықтан,  адам  ӛзі  бойында  тереңде  жатқан 
құштарлықтарын  жүзеге  асыру  үшін  қоғаммен  қабылданған  іс-әрекеттер 
арасынан ортақ бір шешімді табуға тырысады. 
З.Фрейд  құрған  тұлғаның  модель  үлгісі  үш  құрылымнан  тұрады:  тӛменгі 
санасыз  импульстер,  «туғаннан  берілетін  нышандар»  («Ол»  немесе  «Ид»), 
ортасы («Мен» немесе «Эго») және жоғары деңгей («Артығымен Мен», немесе 
«Супер-Эго»).  Бұлар  –  адаммен  қабылданған  нормалар  жиынтығы.  Ид  –
импульсивті  қанағаттану  принципіне  бағынып,  бейсаналық  ниеттерден 
(жыныстық  және  агрессивтік)  тұратын  тұлғаның  негізгі  инстинкттік  ядросы. 
Эго  тұлғаның  рационалды  аймағының  шынайы  принципінен  тұрады.  Оның 
міндеті  индивидтің  мақсаттарын  қанағаттандыру  үшін  әлеуметтік  әлемнің 
шектеулерін  есепке  алып,  іс-әрекеттердің  жоспарын  саналы  құру.  Адамның 
танымдық  және  орындаушылық  қызметтерінің  жиынтығы,  Ид  пен  Суперэго 
арасындағы  күресті  реттейді,  жалпы  алғанда,  біздің  шынайы  әлем  туралы 
біліміміз  деп  айтуға  болады.  Суперэго  тұлғаның  моральды  (адамгершілік) 
жағын  айқындайды,  ӛмір  сүріп  жатқан  ортасының  әлеуметтік  нормалары, 
құндылықтары,  қондырғылары,  ар-ұят  және  эго-идеал  атты  екі  құрылымнан 
тұрады және дамудың ең соңғы сатысында ғана тұлға қалыптасады.  
З.Фрейд  тұлғаның  дамуын  –  баланың  әлеуметтік  нормалар  мен 
құндылықтарды  мәжбүрлі  игеруімен,  яғни  сыртқы  мәжбүрленген  күштеу 
адамның  ішкі  күйіне  еніп,  кейін  «Артығымен  Мен»  деңгейіне  ӛтетіндігімен 
түсіндіреді  [18].  Ол  адам  үнемі  бейсаналық  ішкі  қарама-қайшылықтардан 
тұратындығын және соның нәтижесінде тұлға дамитындығын кӛрсетеді. 
З.Фрейдтің  тұлға  туралы  теориялары  мен    кӛзқарасы  неофрейдистер 
К.Г.Юнг, А.Адлер, Э.Фромм, К.Хорни, Г.Салливан т.б. еңбектерінде жалғасын 
табады. 
К.Г.Юнг  [19]  З.Фрейдтің  теориясын  дамыта  отырып,  іс-тәжірибеде 
қолдануға  ұмтылады.  Дейтұрғанмен  ӛзінің  теориясын,  яғни  тұлғалық  сана, 
ұжымдық  сана,  тұлғалық  санасыздық  және  ұжымдық  санасыздық  атты  тӛрт 
әмбебап  элементтерден  тұратын  адамзат  психикасының  күрделі  құрылымын 
ұсынады.  Ол  адам  бойында  ӛзін-ӛзі  тани  алатын  және  ӛзін-ӛзі  дамыту 

20 
 
қабілетінің  бар  екенін  айтады.  Аталған  қабілет  тұлға  құрылымының  бес 
қабатынан  тұрады:  персоны,  Эго,  кӛлеңке,  анима  және  анимус,  ӛзіндік. 
Персоны – адамның күнделікті орындайтын әлеуметтік рӛлдері, «Мен» бейнесі, 
эго  –  сана  және  бейсаналықтың  ӛзара  байланысына  жауап  беретін  сана 
орталығы, кӛлеңке – ұжымдық бейсаналықтағы Эгоның кері бейнесі, тұлғалық 
бейсана  орталығы,  анима  және  анимус  –  ӛзін  ер  немесе  әйел  адам  ретінде 
сезінетін  ежелгі  архетиптердің  бірі,  ӛзіндік  –  тұтас  адамның  дербестігін 
бейнелейтін  біртұтас  тұлғалық  архетип.  «Ӛзіндік  –  әр  адамның  әмбебап, 
қайталанбайтын  ӛмірін  айқындайды,  адам  психикасының  барлық  құрылымын 
ұйымдастырып,  бағыттап,  кіріктіреді  [39,  276  б].  К.Юнг  бойынша,  тұлға  ӛзін 
талдау  арқылы  дамуының  жоғары  шыңына  жетеді.  Ӛмірдің  мәні  –  ӛзінің 
«Менін»  мүмкіндігінше  толық,  жан-жақты  жүзеге  асыру  яғни  біртұтас, 
қайталанбайтын  индивид  болып  қалыптасу.  Әр  адамның  дамуы  әмбебап  және 
индивидуация деп аталатын үдерістерден тұрады. Индивидуация  – тұлғаішілік 
кіріктірілген  күштердің  бір-біріне  қайшы  динамикалық  эволюциялық  үдерісі 
[19].  К.Юнг  индивидуацияны  тұлға  дамуының  соңғы  сатысы  және  ол 
шығармашылықпен айналысатын, жоғары білімі бар ӛзін-ӛзі белсенділендіретін 
адамдарға тән деп айтады. 
Индивидуалды  психотерапияның  негізін  салушы  А.Адлер  тұлға 
қалыптасуындағы  тұқымқуалаушылық  пен  қоршаған  ортаның  байланысын 
қарастырып,  адам  –  аталған  екі  ықпалдың  нәтижесінен  де  жоғары 
тұратындығын  дәлелдейді.  Ӛзінің  ӛмірін  басқаруға  мүмкіндік  беретін 
шығармашылық күш – (еркіндігі бар, саналы, белсенді) адамның дамуына әсер 
ететін  маңызды  фактор.  Аталған  күш  әр  адамның  ӛзін-ӛзі  анықтап  кӛрсете 
білуіне,  тұлға  ретінде  қабылдауына,  танымдық  үдерістеріне  және  арман-
қиялына ықпал етеді. 
А.Адлер  адам  жанұя,  қоғам  секілді  кіріктірілген  жүйелерден 
тұратындығын,  адамның  барлық  іс-әрекеттері  әлеуметтендірілген  болып 
табылатындығын,  адамды  әлеуметтік  қарым-қатынастарда    анықтауға 
болатындығын түсіндіреді. Әр адамның бойында әлеуметтік  қызығушылықтар 
немесе  туғаннан  қоғамға  араласуға  ұмтылдыратын  табиғи  қоғамдық  сезім 
болады.  Зерттеуші  осы  сәттегі  адам  мен  қоршаған  орта  арасындағы  қарама-
қайшылықтар  нәтижесінде  тұлға  бойында  ауытқушылықтардың  пайда 
болатынын да айтады. 
Адам дамуының маңызды факторларының біріне іс-әрекетіне ықпал ететін 
ӛзі  туралы  және  қоршаған  ортаға  қатысты  ой-пікірлер  жатады.  Адам  болу  – 
ӛзінің  кемшілігін  сезіну.  А.Адлер  адамның  дамуы,  қалыптасуы,  ӛзін-ӛзі 
белсендіруі  ӛзінің  толық  емес,  жеткілікті  жетілмегендігін  түйсінуімен 
анықталатындығына  мән  берген.  Аталған  сезімдер  ерте  балалық  шақтан 
басталады.  Бұл  сезімдер  тұрақты  әмбебап,  субъективті  тӛзгісіз  келеді,  адам 
үнемі  ӛзін-ӛзі  белсендіруге,  барлық  уақытта  биік  шыңдарды  бағындыруға, 
пайда  болған  іштегі  күйзелістерді  жоюға  ұмтылады  [59].  Сонымен,  А.Адлер 
ӛмірлік  стильді  анықтап,  қоршаған  орта  туралы  саналы  пікірінің 
қалыптасуының нәтижесінде тұлға дамиды, деген қорытындыға  келеді. 

21 
 
Э.Фромм  іс-әрекет  барысындағы  тұлға  бойындағы  психикалық  ықпалдың 
тетіктерін  зерттей  отырып,  З.Фрейдтің  кӛзқарастарын  сыни  тұрғысынан 
бағалады.  Ол  адамзаттың  табиғаты  ӛзгермейді  деген  түсінікке  қарсы  шығып, 
эволюциялық даму барысында адамның бірен-саран соқыр сезімнен айырылып, 
әлеуметтік  ортада  жаңа  сапаларды  игеретінін  айтады.  Адам  бойындағы 
кӛркемдікке,  әсемдікке,  кӛріксіздікке  бейімдігі  биологиялық  тұрғыдан 
берілмейді,  әлеуметтік  үдерістердің  нәтижесінде  ғана  тұлға  қалыптасады. 
Адамзаттың болмысы, құштарлығы, үрейі, күйзелістері – мәдениеттің нәтижесі 
дейді [60]. 
Оның  айтуынша,  қазіргі  қоғам  патологиялық  мінезді  қалыптастырып, 
адамның  «Менін»  тұншықтырып  келеді.  Адамдар  еркіндікке  жете  алмай, 
қоғаммен  қабылданған,  мақұлданған  ойлау,  мінез-құлық  таптаурындарын 
кӛбейтіп,  нығайтып,  оның  тасымалдаушысына  айналып  барады.  Бұл  мәселені 
шешудің  дұрыс  та  сенімді  жолы  –  адамның  шынайы  келбетін  қайтаруына 
мүмкіндік беретін махаббат сезімін сезіндіру қажет. 
З.Фрейдтің теориясындағы биологизмді жеңуге тырысқан неофрейдизм 
ӛкілдерінің бірі К .Хорни әлеуметтік қатынастар және балалық шақтағы ӛзін 
қорғау қажеттілігін қанағаттандыру ̶ тұлға дамуының шешуші кезеңін 
анықтайды  дейді.  Бұл  сәбидің  ана  құрсағынан  шыққан  сәтінен  бастап  ӛзін 
жайсыз сезінген күйлерден басталады. Әлеуметтік сыртқы ортаның ықпалынан 
ӛшпенділік  қондырғылары  қалыптасады.  Осылайша  іштегі  қарама-қайшылық, 
бір  жағынан,  ата-анасына  тәуелділікті,  екінші  жағынан,  ыза,  ӛкпе-реніш 
сезімдерінің  пайда  болуына  түрткі болады .  Ішкі қарама -қайшылықтар ̶ 
ығыстыру  әрекеттеріне,  ал  ӛкпе-реніш  салдарынан  туындаған  ығыстыру ̶ 
күйзелістерге әкеледі [61]. 
К.Хорни 
ӛзге 
неофрейдизмнің 
ӛкілдеріне 
қарағанда 
ӛмірлік 
психологиялық  мәселелердің  астарында  қорқыныш,  жалғыздық,  әлсіздікпен 
қатар дамуға итермелейтін бейсана түрткілер бар екендігіне мән береді. Тұлға 
ӛзінің  ішкі  қарама-қайшылықтарын  жойғанда  ғана  ӛзін-ӛзі  белсендіре  алады. 
Адамның  тұлғалық  үйлесімді  дамуы  ӛзін-ӛзі  тану  үдерісіне  тәуелді.  Ӛзін-ӛзі 
талдау  үдерісі    ̶  күрделі  жұмыс.  Оған  адам  ӛзінің  бойындағы  ішкі  қарама-
қайшылықты,  келіспеушіліктерді  жою  тәсілдерін  саналы  меңгеріп,  ӛзі  туралы 
шындықты  қабылдаған  сәтте  жетеді.  К.Хорни  ӛзін-ӛзі  тану  үшін  ӛзінің 
сезімдерін  бағалау,  қарым-қатынастарын  қайта  қарау,  түзету  түрткілеріне  мән 
береді.  Алайда  зерттеуші  ӛкінішпен  адамның  барлық  қиыншылықтар  мен 
кедергілерді  жеңе  алмайтынын,  ӛзінің  шынайы  «Меніне»  жол  табу  мүмкін 
болмайтынын айтады [61]. 
Аталған теориялармен қатар, американдық ғалым Э.Эриксон тұлғаның іс-
әрекетінде,  мінез-құлығындағы  эго  (Мен)  жеке  құрылымды  әлеуметтік 
бейімделуден  тұратынын  және  дамуының  негізгі  бағытын  айқындайтынын 
айтып, «ид» пен «инстинкттерде» де даму үдерісі жүреді дейді. Э.Эриксонның 
теориясында  адамның  ӛмірі  бірнеше  әмбебап  кезеңдерден  ӛткенде  ғана  эго 
дамитынын 
кӛрсетеді. 
Аталған 
кезеңдер 
жетілудің 
эпигенетикалық 
ұстанымдары  негізінде    реттілікпен  жүзеге  асырылады:  біріншіден,  тұлға  әр 

22 
 
кезеңдердің міндеттеріне сәйкес дамиды, яғни кейінгі ӛсу бағытымен қозғалуға 
тұлғаның  дайындығы  мен  бір  кезеңнен  екінші  кезеңге  ӛту  жолы  алдын  ала 
анықталады  –  әлеуметтік  дүниетанымның  және  әлеуметтік  ӛзара  іс-әрекеттер 
байланыстарының 
кеңеюі, 
екіншіден, 
қоғам 
адамның 
әлеуметтік 
мүмкіндіктерін жағымды қабылдайтындай ұйымдастырылады [62].  
Ол  «Балалық  және  қоғам»  атты  еңбегінде  адам  дамуын  сегіз 
психоәлеуметтік  кезеңдерге  бӛлді.  Аталған  кезеңдер  генетикалық  тұрғыдан 
алдын ала берілетін жоспардан тұратынын кӛрсетеді. Дамудың эпигенетикалық 
тұжырымдамасында  ӛмірдің  әр  кезеңі  белгілі  бір  уақытта  пайда  болады  және 
барлық даму кезеңдерінен ӛткенде ғана тұлға қалыптасады. Әр психоәлеуметтік 
кезең  дағдарыстардан  тұрады.  Дағдарыс  –  тұлғаның  жаңа  кезеңге  ӛтуіне 
мүмкіндік  беріп,  белгілі  бір  ересектену  деңгейіне  жетуінің  нәтижесі  болып 
табылады.  Әр  психоәлеуметтік  кезеңнің  нәтижесі  оң  немесе  теріс  бағыт 
бойынша шешіледі. Даму барысындағы қарама-қайшылықтар қанағаттанарлық 
шешілген  жағдайда  тұлғаның  кейінгі  үйлесімді  дамуына  кепілдік  беретін  оң 
тәжірибелер жинақталады. Ал, дамудың кезеңіндегі дағдарыс сәтті шешілмеген 
жағдайда 
Эго-ның 
дамуы 
тұлға 
бойында 
жағымсыз 
қасиеттерді 
қалыптастырады. Сонымен, Э.Эриксонның тұжырымдамасы бойынша, тұлға  – 
индивидтің динамикалық даму үдерісі арқылы түсіндіріледі [63]. 
XX  ғасырдың  60  жылдарында  тұлға  –  ӛзін-ӛзі  белсендіруге  қабілетті 
әмбебап  біртұтас жүйе ретінде анықталған
.  Бұл жаңа бағыт ̶ гуманистік 
психологияның  негізгі  тұжырымдамасы  болып  табылады  және  біздің  зерттеу 
жұмысымыздың  құндылығын  арттырды.  Аталған  бағыттың  ӛкілдері  адамның 
ішкі  әлемі,  ойлары,  сезімдері,  эмоциялық  күйлері  ақиқатты  шынайы  кӛрсете 
алмайтындығын анықтайды. Әр адам ақиқатты ӛзінің субъективті қабылдауына 
сәйкес  ӛзінше  пайымдайды.  Адамның  ішкі  әлемі  ӛзіне  ғана  түсінікті  және 
жетімді.  Іс-әрекеттерінің  мәнін  субъективті  қабылдауы  мен  субъективті 
күйзелістері анықтайды. Субъективті тәжірибе ғана адамның мінез-құлықтарын 
түсіндіре алады [39, 277 б]. 
Гуманистік  психологияның  негізін  салушылардың  бірі  А.Маслоудың 
айтуынша, адамның іс-әрекеттері, мінез-құлықтары үнемі ӛзін-ӛзі белсендіруге  
бағытталады,  ӛзін-ӛзі  кӛрсетуге  ұмтылады.  Біріншіден,  бұл  ізгілікке,  яғни, 
адамдарға  жақсылық,  қамқорлық  жасауға,  мейірімділікке  ұмтылуға 
қажеттіліктің пайда болуы жатады. Адам табиғатынан мейірімді болып келеді. 
Екіншіден,  ӛзін-ӛзі  белсендіру  –  ӛзінің  мүмкіндіктері  мен  қабілеттері  арқылы 
ӛзі  қалайтын  адам  болып  қалыптасады.  А.Маслоудың  гуманистік 
теориясындағы  негізгі  тезис  –  әр  адам  біртұтас  қайталанбайтын,  ерекше 
ұйымдастырылған  жан.  Тұлғаның  біртұтастығын,  біріншіден,  ӛзінің 
достарымен,  жақындарымен  жағымды  психологиялық  байланыс  орнатуға 
ұмтылуы,  екіншіден,  ӛзінің  кім  екендігін  және  нені  қалайтынын  білуі, 
үшіншіден, жаңа тәжірибелерді, ӛмірін «қазір және осында» қағидасы бойынша 
қабылдауға  дайындығы,  тӛртіншіден,  барлық  адамдармен  бірдей  жағымды 
қарым-қатынаста  болуы,  бесіншіден,  ӛзінің  бойында  ӛзге  адамдарға  деген 
эмпатияны  жаттықтыруы,  яғни  адамның  ішкі  әлемін  түсінуге,  оның 

23 
 
кӛзқарасымен  ӛзгелерге  қарауға  ұмтылуы  арқылы  түсіндіреді  [20;  39,  279-280 
б].  
А.Маслоу  мотивацияның  бес  деңгейін  бӛліп,  адам  үшін  ӛзін-ӛзі 
белсендіруді  қажетсінуі  маңызды  деп  атады.  Ӛзін-ӛзі  белсендіру  –  адамның 
ақырғы  жетілу  күйі  емес.  Ешбір  адам  барлық  мотивтерін  ысырып  қоятындай 
ӛзін-ӛзі  белсендідіре  алмайды.  Әр  адамның  бойында  әлі  де  дамытуды  қажет 
ететін  қабілеттері  болады.  Зерттеуші  бесінші  деңгейге  жеткен  адамды 
«психологиялық дені сау тұлға» деп атады. 
Гуманистік психологияның ӛкілдерінің бірі К.Роджерс адам психикасында 
туғаннан  берілетін  екі  үрдіс  орын  алатынын  айтады:  біріншісі  –  алғашқы 
уақытта  жасырын  жүзеге  асырылатын  «ӛзін-ӛзі  белсендіруге  қажеттілік» 
қасиеті,  екіншісі  –  тұлғаның  дамуын  басқаратын  тетік  –  «организмді 
қадағалайтын  үдеріс».  К.Роджерстің  теориясы  бойынша  әр  организмнің 
бойында ӛзінің ӛмірін сақтап қалуға және оны жетілдіруге қамқорлық жасауға 
деген  ұмтылысы  болады.  Ӛзге  адамдармен  қарым-қатынас  жасау  мен 
жинақтаған  ӛмірлік  тәжірибесі  бойындағы  ӛзінің  «шынайы  Мені»  туралы 
түсініктерді қалыптастырады. Ӛзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыру нәтижесінде 
ӛзі қалайтын, ұмтылатын адамы – «Идеалды Менді» анықтайды. 
«Шынайы  Мен»  –  «қазір  және  осындағы»  ойлары,  сезімдері мен 
күйзелістерінің жиынтығы ,  «идеалды Мен » ̶  адамның  қалайтын,  ұмтылатын 
ойлары,  сезімдері  мен  күйзелістеріне  жету  үшін  тұлғалық  әлеуетін  жүзеге 
асыру үдерістерінен тұрады. 
«Шынайы  Мен»  әрдайым  «Идеалды  Менге»  жетуге  ұмтылады.  Адамның 
даму  үдерісіндегі  екі  тенденция  «идеалды  Мен»  және  «шынайы  Меннен» 
тұратын  «Мен»  атты  ерекше  тұлғалық  құрылым  болады.  «Мен» 
тұжырымдамасы  әлеуметтену  үдерісінде  дамиды.  Әр  адам  үшін  басқалардың 
оны  түсінуі  және  жақсы  кӛруі  маңызды.  Адамның  ӛзін-ӛзі  сыйлау  қажеттілігі 
ӛзге адамдардан оған деген жағымды қатынасты қалайды, сондықтан қоршаған 
ортаға  ұнау  үшін  ӛзінің  шынайы  ойлары  мен  сезімдерін,  құштарлықтарын 
жасыруына  тура  келеді.  Нәтижесінде,  адам  ӛзімен-ӛзі  бола  алмай, 
құштарлықтары  мен  сыртқы  мінез-құлығы  арасында  іштей  қолайсыздықтар 
пайда  болады,  ішкі  күйзеліске,  мазасыздыққа  әкелетін  тұлғаның  бір  бӛлігі 
тұншығады,  тығылады  нәтижесінде  «шынайы  Мен»  «идеалды  Меннен» 
алшақтай береді [39, 277-280 б]. 
К.Роджерс теориясына сүйенсек, ӛмірдің мәні  – ӛзінің туғаннан берілетін 
әлеуетін  жүзеге  асыруы,  «толығымен  қызмет  жасайтын  тұлғаға»  айналу, 
барлық  қабілеті  мен  талантын,  мүмкіндігін  пайдаланып,  шынайы  табиғатына 
сәйкес ӛзін-ӛзі, ӛзінің күйзелістерін толық тануға ұмтылуға арналады. 
Сонымен К.Роджерс те, А.Маслоу да  адам бойындағы ӛзін-ӛзі белсендіру 
әлеуетін шексіз деп санағанымен, теорияларының арасындағы айырмашылықты 
байқауға  болады:  К.Роджерс  тұлға  мен  оның  мінез-құлқы  қоршаған  ортаны 
қабылдауына байланысты қалыптасып дамиды десе, А.Маслоу адамның мінез-
құлқы мен тәжірибесі қажеттіліктер иерархиясымен реттелетіндігін айтады. 

24 
 
Гуманистік  психологияның  келесі  ӛкілі  Г.Оллпорттың  [64]  айтуынша, 
«тұлға  –  индивидуумның  ішіндегі  оның  мінез-құлығы  мен  ойлау  үдерісін 
анықтайтын  психологиялық  жүйелердің  динамикалық  ұйымдастырылуы. 
Зерттеушінің  «тұлға  –  адамның  мінез-құлығы  мен  ойлауына  тән 
индивидуумның  ішкі  психофизикалық  жүйелерінің  динамикалық  ұйымдасуы» 
деген анықтамасы осы уақытқа дейін ӛзінің мәні мен құндылығын  жоғалтпай 
отыр.  
Сонымен,  гуманистік  бағытқа  сәйкес,  тұлға  –  ӛзін-ӛзі белсендіру 
нәтижесіндегі адамзат  «Менінің» ішкі әлемі, ал тұлғаның құрылымы ̶ шынайы 
«Мен»,  «идеалды  «Мен»  және  ӛзін-ӛзі  белсендіруге  қажеттілігінің  ӛзара 
қатынасынан тұрады. 
Шетел  психологтарының  кӛзқарастарын  талдаған  А.Б.Орловтың  «тұлға  – 
үнемі ӛзгеріп жатқан  қоршаған ортаға бейімделудің нәтижесінде  айқындалып, 
ӛзгеретін индивидтің барлық мінездемелерінің синтезі, бірігуі» және «қоршаған 
ортаның реакциясына сәйкес индивидтің мінез-құлығының қалыптасуы» деген 
кӛзқарасымен  келісеміз.  Адамның  тұлғалығы  –  табиғатынан  әлеуметтік 
субъектінің және объектінің ӛзара іс-әрекетімен шартталатын, ӛмір барысында 
пайда  болатын  мотивациялық-қажеттіліктер  жүйесінен  тұратын  тұрақты 
психологиялық құрылым [65, 5 б] деп қарастырылғанын анықтадық. 
Кейін тұлға мәселесі ӛзінің теоретикалық ұстанымдарымен ерекшеленетін 
Кеңестік және отандық зерттеушілердің еңбектерінде әрі қарай дамыды. 
К.Маркс  және  Ф.Энгельстің  [66]  жұмыстарында  тұлғаның  тұрақтануы  – 
индивидтің  әлеуметтік  тұтастыққа  –  қоғамдық  жүйелерге  қосылуы  деп 
қарастырылады. Диалектикалық материализмнің теоретиктері тұлғаның дамуы 
адамның жекелік тәжірибесіне байланысты дейді. Практикалық әрекет негізінде 
адам шынайылықты және ӛзін ӛзгертеді. Тұлға – ӛзін-ӛзі жасайтын индивид. 
Классикалық  марксизм  адамды  оның  барлық қоғамдық қатынасы мен 
адамзат тарихының жиынтығы контексінде қарастырды .  Бұл амал бойынша , 
адам ̶ биологиялық эволюция және әлеуметтік ӛмір сүру ортасының 
нәтижесінде пайда болатын биоәлеуметтік зат . Тұлғаның болмысы ̶ әлеуметтік 
эволюция  формасында  дамып  отыратын,  барлық  қоғамдық  қарым-
қатынастардың  жиынтығы,  яғни  адам  әлеуметтік  рӛлдерді,  нормаларды, 
құндылық бағдарларды игерумен анықталады [67].  
Марксизм  іліміне  сүйенген,  ресейлік  психология  ғылымында  тұлға 
теориялары 
К.А.Абульханова-Славская, 
Б.Г.Ананьев, 
Л.С.Выготский, 
Л.И.Анцыферова,  А.Г.Ковалев,  А.Н.Леонтьев,  В.С.Мерлин,  В.Н.Мясищев, 
К.К.Платонов,  Б.М.Теплов,  С.Л.Рубинштейн  т.б.  ғалымдар  мен  олардың 
шәкірттерінің ықпалымен дамып келеді. 
Ресейде  тұлға  туралы  кӛзқарастар  1930  жылдары  жарық  кӛрген  «мәдени-
тарихи»  теорияның авторы Л .С.Выготскийдің еңбектерінен бастау алады

Ғалымның ойынша ,  индивид ̶ әлеуметтік белсенділікті тасымалдаушы .  Демек, 
тұлға – белсенді  әлеуметтік  индивид. Ал  психологиялық құралдар индивидтің 
күшімен  бекітілген,  қалыптастырылған  құралдар  деп  қарастырылады. 
Екіншіден, 
қоғамдық 
қатынастардың 
интериоризациясы 
тұлғаның 

25 
 
индивидуалды  бейнесінің  кӛріну  және  жетілу  тәсілі  болып  табылады. 
Үшіншіден, «тұлға ӛзі үшін ӛзгелерге қандай болып кӛрінсе, сол арқылы ӛзінде 
бар нәрсеге айнала бастайды». Қорытындылай келе, ол индивидтің тұлғалығы 
аталмыш  индивидтің  ӛзге  индивидке  және  ӛзге  индивидтерде  бола  алуы 
арқылы  ашылады.  Л.С.Выготскийдің  жұмыстарында  әлеуметтік  орта 
психикалық дамудың негізі, яғни интериоризация үдерісінде жүзеге асырылады 
[21] дейді.  
А.Н.Леонтьев тұлғаның дамуын зерттей отырып, іс-әрекет түсінігін еңгізді. 
Іс-әрекет  теориясы  бойынша  тұлға  –  индивидтің  қарым-қатынас  барысында 
қалыптасатын 
психикалық 
үдерістермен 
басқарылатын 
жоғары 
интеграцияланған инстанцияны орындайтын қайталанбайтын жүйе, іс-әрекеттің 
ішкі  жағы  және  нәтижесі.  Тұлғаның  дамуы  іс-әрекеттердің  ӛзара  әркеттесу 
үдерісі,  іс-әрекеттердің  иерархиялық  жиынтығы.  А.Н.Леонтьевтің  пікірінше 
тұлға қарапайым биологиялық түр емес, ол ӛзінің табиғаты бойынша қоғамдық, 
тарихи  жоғары  деңгейдің  бірлігі,  тұтастығы.  Адам  тұлғалық  сапалармен 
туылмайды. Тұлғалық адамның дамуы барысында дамиды. 
Зерттеушінің  пікірінше,  тұлға  –  психикалық  үдерістердің  емес,  іс-
әрекеттердің  иерархияларының  байланысы.  Индивид  жеке  ӛмірбаянының 
барысында тұлға болып қалыптасады .  Басқаша айтқанда ,  тұлға биологиялық , 
әлеуметтік шарт та, фактор да емес, ол ̶ ӛмірбаян, ӛмірлік тәжірибе [22]. 
Сонымен,  А.Н.Леонтьев  адамның  алғаш  рет  тарихқа  қадам  басып, 
қоғамдық  қатынастардың  субъектісіне  айналғанда  ғана  тұлға  болып 
қалыптасатындығын айтады. 
Кеңестік  зерттеушілердің  ішінде  тарихи-эволюциялық  амалды  дамытқан 
А.Г.Асмоловтың жұмыстарын ерекше айтуға болады. Аталған амал бір адамды 
екінші  адамнан  ажырататын  кескін-келбеті,  жоғары  жүйке  жүйесінің  типі, 
бейімделуі,  мазасыздануы,  қабілеттері  мен  мотивтерін  тізіп  қою  арқылы 
түсіндіретін  амалдарға  қарсы  тұрады.  А.Г.Асмоловтың  теориясында 
қарастырылған  мәселелер  тұлғаның  және  оны  сипаттайтын  мінездемелердің 
пайда болу мәні мен себебін анықтау қажеттілігі туралы айтады. 
А.Г. Асмолов ұсынған тұлға дамуының жүйелі детерминациясына: 
– адамның индивидтік қасиеттері тұлға дамуының алғышарты; 
– ӛмірдің әлеуметтік-тарихи бейнесі – тұлға дамуының негізі; 
–  біріккен  іс-әрекет  –  қоғамдық  қатынастар  жүйесінде  тұлғаның  ӛмірін 
жүзеге  асырудың  кепілі.  Ол  адамды  биологиялық  және  әлеуметтік  эволюция, 
табиғат пен қоғам эволюциясымен қатар қарастыру қажет деп айтады [68, 69-71 
б]. 
А.Г.Асмоловтың  теориясы  тұлға  болу  –  белсенді  ӛмірлік  ұстанымды 
ұстана  отырып,  «осы  қалпымда  қаламын,  басқаша  амалым  жоқ»  пікірін 
басшылыққа  алумен  түсіндіріледі.  Тұлға  болу  –  қажеттілікке  байланысты 
таңдау  еркіндігіне  ие  болу,  шешім  қабылдаудың  нәтижесін  ӛзіндік  бағалауы, 
ӛзінің  және  қоғам  алдында  жасаған  әрекеті  үшін  жауап  бере  алуы,  елдің 
тарихына айналатын қоғамға ӛз үлесін қосуы [68, 5-6 б]. 

26 
 
Ал  Б.Г.Ананьев  адамды  кешенді  тұрғыдан  зерттеп,  оның  қалыптасуын 
психофизиологиялық  (индивидтің  біріншілік,  екіншілік  қасиеті,  жыныстық 
деформизмі,  конституционалды  ерекшеліктері,  мидың  нейродинамикалық 
қасиеті)  табиғатына  және  әлемге  қатынасы  арқылы  түсіндіреді.  Әр  адам 
тұтастық ретінде индивид, тұлға және іс-әрекеттің субъектісі болып табылады 
[24]. 
Тұлға  –  адам  бойындағы  қасиеттер  құрылымының  ең  жоғары  сатысы. 
Тұлғаның дамуы даралықтың дамуымен қатар жүреді. Б.Г.Ананьевтің пікірінше 
адамзаттық  эволюция  –  қоғамдағы  адам  ӛмірі  тарихи  жағдайлармен 
айқындалатын оның кӛптүрлі күйлері, қасиеттерінің біртұтас үдерісі. 
Даралық  –  адамның  жекелік  дамуындағы  биологиялық  және  әлеуметтік 
бірігуінен  пайда  болады.  Даралық  индивидті,  тұлғаны  және  субъектіні 
бағыттайды,  тұлғалық  қасиеттерді  ӛзара  байланыстыра  отырып,  ұзақ  ӛмір 
сүрудің  кепілі  болып  табылады.  Тұлға  –  оның  бағыттылығы  болып  саналады. 
Бағыттылық  және  әрекеттің  индивидуалды  стилі  адамның  тұлғалық  және 
әрекеттік  мінездемелерінің  тұтастығында  орын  алатын  барлық  деңгейлерінің 
жиынтығын қамтамасыз етеді [24]. 
Ғалым тұлғаға қатысты үш қосымша түсінікті атады: «қатынас субъектісі», 
«таным  субъектісі»,  «еңбек  субъектісі».  Әр  түсініктің  ӛзіне  тән  мағынасы 
болды, яғни еңбекті, қатынасты және танымды жүзеге асыру мен ұйымдастыру 
тәсілдерін  ажыратты  [69,  70].  Б.Г.Ананьев  адам  туралы  тұжырымдамасында 
субъектілікті талдауға тән келесідей ерекшеліктерді атады: 
–  субъектілік  адам  деңгейін  сипаттайды,  субъекттік  қасиеттер  тұлғалық 
дамудың  нақты  деңгейлерінде  дамиды  және  экстериоризация  мен 
интериоризация үдерістерінің ӛзара байланысымен анықталады. 
– адамның субъекттік қызметі оның орындау барысындағы белсенділігімен 
байланысты:  субъект  іс-әрекет  жиынтығымен  және  оның  нәтижелілігімен 
сипатталады. 
–  кез  келген  іс-әрекетке  деген  қатынас  адамның  субъекттік  қасиетімен 
анықталмайды,  субъектің  әрекеті  нәтижелілігімен  ғана  емес,  сонымен  қатар 
оны ӛзгерте алу қабілетімен ерешеленеді [70, 247 б]. 
Сонымен,  Б.Г.Ананьев  тұлғаны  ӛзінің  ӛмір  жолын  белгілей  алатын, 
даралық  қайталанбайтын  ерекшелігін  сезінетін  субъект  ретінде  анықтайды. 
А.В.Брушлинский  болса,  бойындағы  барлық  сапаларын  (табиғи,  әлеуметтік, 
қоғамдық,  жекелік  т.б.)  бір  жүйеде  үздіксіз  дамытатын  адамның  тұтастығын 
субъект [23, 6-10б], – дейді. 
Ресей  психологиясында  (Б.Г.Ананьев,  С.Л.Рубинштейн,  Д.Н.Узнадзе  т.б.) 
отандық  ғылымда  (Х.Т.Шерьязданова,  А.Р.Ерментаева)  субъект  ұғымын 
белсенділікпен  дамуға,  интеграцияға,  ӛзін-ӛзі  детерминациялауға,  ӛзін-ӛзі 
реттеуге,  ӛзін-ӛзі  қозғалысқа  келтіруге,  ӛзін-ӛзі  жетілдіру  қабілеттілігімен 
сипаттайды. 
Тұлғаның  субъектілігіне  қатысты  идея  С.Л.Рубинштейннің  адам  баласы 
болмысты  құруға  және  ӛзін  саналықпен  құрауға,  ӛзгертуге,  түрлендіруге 
қабілетті болатыны жайлы басты идеясының негізінде пайда болды [76, 20 б]. 

27 
 
Аталғандармен  қоса,  ғалым  ӛзінің  «Адам  және  әлем»  жұмысында  субъект 
түсінігіне  философиялық  баға  береді.  Оның  айтуы  бойынша,  адамның  ӛмір 
сүруінің және соған сәйкес ӛмірге қатынасының екі негізгі тәсілі бар. Біріншісі 
–  адам  ӛмір  сүретін  байланыстардың  шегінен  аса  алмауымен,  екіншісі  – 
рефлексияның  пайда  болуымен  байланысты.  Рефлексия  үздіксіз  ӛтіп  жатқан 
ӛмірді  тоқтатып,  адамды  ойша  оның  шегінен  шығарады.  Осы  сәттен  бастап, 
адамның  әр  іс-әрекеті  ӛмірге  деген  қатынасымен  байланысты  ӛмір  туралы 
мәселелерді  философиялық  талқылай  бастайды.  Дәл  осы  кезеңде  адамның 
адамгершілік, жауапкершілік мәселесі алғашқы орынға шығады [77]. 
С.Л.Рубинштейн субъектінің негізгі қасиеттеріне ӛзін-ӛзі дамыту, ӛзін-ӛзі 
анықтау,  ӛзін-ӛзі  белсендіру  ұмтылысын,  ӛзінің  дамуының  жоғары  деңгейіне, 
шыңына  жету  қабілетін  жатқызады.  Ол  «ӛзін-ӛзі  белсендіру»  түсінігін 
тұлғаның  динамикалық,  мазмұндық,  қатынастық  (эмоционалды)  сипаттамасы 
тұрғысынан  қарастырылатын «бағыттылық» категориясы арқылы анықтап [76 
43б],  тұлғаның  қалыптасуы  мен  ӛзіндік  сананың  дамуы  –  ӛзінің  сапаларын, 
мотивтерін,  ұмтылыстарын  тануды  жүзеге  асыратын  ұзақ  үдеріс  деп 
түсіндіреді. 
С.Л.Рубинштейн  тұлғаның  дамуын  зерттей  отырып,  сана  мен  іс-әрекет 
бірлігінің  мазмұнын  анықтады.  Тұлғаның  дамуын  түрлі  әдістемелік 
қағидалармен  байланыстырды:  ерте кезең  ̶  сана мен іс -әрекеттің  тұтастығы, 
кейін детерминизм қағидасы, соңында адам мәселесін философиялық тұрғыдан 
талдайды.  Бірінші  қағида  бойынша,  адамның  санасы  объективті  әлеммен 
байланысқа түсу барысында қалыптасады, ал осы байланыстар іс-әрекеттерден 
тұрады, нәтижесінде адам әрекет ете отырып әлемді және ӛзін ӛзгертеді. Екінші 
қағида  бойынша,  адам  мен  әлемнің  іс-әрекеттік  байланысындағы  ӛзіндік  ішкі 
тұлғалық  механизмдердің  мүмкіндіктерін  іздейді.  Механикалық  кӛзқарастарға 
қарсы  шыға  отырып,  біз  сыртқы  объектіге  ішкі  жағдайларымыздың  ықпалы 
негізінде жүзеге асырамыз дейді. Үшінші қағида бойынша, тұлға ӛзі дамитын, 
қалыптасатын  нақты  тарихи-қоғамдық  жағдайлармен  айқындалады.  Сонымен 
С.Л.Рубинштейн  тұлғаны  қоғамдық  болмысқа,  оның  әрекеттері  ӛзі  қосылатын 
қоғамдық  қатынастар  мен  нақты  жағдайларға  және  санасы  оның  іс-әрекетіне 
тәуелді болатынын атап кӛрсетті [76, 210-213 б]. 
Ғалым  сана  мен  іс-әрекеттің  бірлігі  қағидасына  сүйене  отырып, 
эмоционалды  күйлердің  іс-әрекетпен  байланысын  қарастыра  келіп,  осы  екі 
үдерістің  бір-бірімен  ӛзара  байланысты,  ӛзара  шартталғандығын  айтады. 
Субъектінің  эмоциясы  мен  іс-әрекеті  әлемге  деген  қатынасына  тәуелді,  егер 
эмоциялар  субъективті  күйзелістер  арқылы  бейнеленсе,  іс-әрекет  шынайы 
нәтижелерге  әкелетін  субъектпен  жүзеге  асырылады,  яғни  адамзаттың  әрекеті 
қандай да бір іске сезімді тудырады. Демек, адамның сезімі оның іс-әрекетіне 
әсер  етеді.  Эмоция  тек  іс-әрекетпен  анықталмайды,  оның  негізгі  қасиеттері 
ағымдағы әрекетке байланысты [76, 208 б] екенін кӛрсетеді. 
Сонымен,  С.Л.Рубинштейннің  пікірінше,  тұлғаның  қасиеттері,  іс-әрекеті 
оның  сыртқы  мінез-құлығынан  кӛрінеді.  Тұлғаның  психикалық  бейнесі, 
қасиеттері  ӛмір  сүру  болмысымен  анықталып,  іс-әрекетімен  қалыптасады, 

28 
 
қайталанатын 
жағдайда 
тұлғаның 
іс-әрекеті 
оның 
бағыттылығына, 
қондырғыларына  себепкер  болып,  қасиеті  күйінде  бекітіледі,  белгілі  іс-әрекет 
саласына деген қызығушылығы, кәсіби іс-әрекетінің табыстылығында кӛрінеді 
дейді. 
И.С.Кон  бойынша,  «тұлға»  бір  жағынан,  іс-әрекеттің  субъектісі  ретінде 
ӛзіне  тән  жекелік  қасиеттері  мен  әлеуметтік  рӛлдердің  бірігуінен  тұратын 
нақты  индивид,  екінші  жағынан,  адамдармен  тікелей  немесе  жанама  қарым-
қатынас  барысында  қалыптасатын  адам  бойындағы  маңызды  әлеуметтік 
индивидтің кіріктірілген әлеуметтік қасиеттерімен айқындалатын еңбек, таным 
мен қарым-қатынас субъектісі [78, 79-100 б]. 
В.А.Демченко  ӛзі  үшін  ӛзіне  қатынасы  бір  уақытта  интеллектуалды, 
еріктік,  эмоционалды  сапаларын  дамыту  бойынша  ӛзін-ӛзі  белсендірудің 
объектісі  болып  табылатын  адамды  ғана  расымен  субъект  деп  атауға 
болатынын  айтса  [79,  70  б],  аталған  мәселеге  қатысты  А.Г.Асмолов:  «Тұлға 
ӛзінің іс-әрекетін, қабілетін, мінезі мен әлеуетті мотивтерін, ӛзінің тәжірибесіне 
белсенді  қатынасқа  түсе  отырып,  жаңаны  жасауы,  ӛзімен  қоса  заттық 
шынайылықтарды  түрлендіруі  арқылы  біз  іс-әрекеттің  субъектісі  ретінде 
тұлғаны анықтайтынымызды [80, 21 б] айтады» - дейді. 
В.С.Мерлин айтуы бойынша, адам ӛзінің алдына қойған мақсатын саналы 
түсініп,  іс-әрекетінің  ақырғы  нәтижесін  болжауы,  осы  мақсатқа  жетудің 
жолдары,  құралдары  мен  шарттарын  саналы  түсінгенде  ғана  субъектіге 
айналады [81, 82 б]. 
К.А.Абульханова-Славская тұлға мен іс-әрекеттің арақатынасын қарастыра 
отырып,  тұлға  іс-әрекет  негізінде  дамиды,  бірақ  барлық  іс-әрекетті  жүзеге 
асыру барысында тұлға дамып қана қоймайды, тұлғаның дамуына іс-әрекеттің 
де ықпал жасайтынын айтады. Ғалым тұлғаның дамуына түрткі болатын келесі 
арнайы  қабілеттерді  бӛліп  кӛрсетті.  Олардың  қатарында  жеке  тарихының 
барлық  жағымды  мазмұнын  сақтайтын,  дамудың  нәтижелерін  ӛзінің  бойында 
жинақтайтын,  ӛз  санасының  мәнін  белсендіріп,  тұлғасында  және  қоршаған 
әлемде  жаңашылдықтарды  түрлендіре  алуы  жатады.  Аталғандармен  қоса, 
зерттеуші тұлғаның іс-әрекетті орындаудағы жауапкершілікті басты міндет деп 
санайды  –  әрекеттену  барысындағы  белгілі  уақыт  арасында  тұлғаның 
ұмтылысын, бойындағы талабы қиындықтарға қарамастан орындау сапасын бір 
деңгейде  ұстап  тұруын  және  жеке  ӛмірінің  субъектісін  ӛзектейтін  тұлғаның 
белсенділігін  атап  кӛрсетеді.  Тұлғаның  белсенділігі  –  оны  қозғаушы  күші, 
тұлғаның  ӛмірлік  және  жеке  ӛмірінің  қоғаммен  реттелуінің  нәтижесінде  ӛзін 
реттеу ерекшеліктеріне тәуелді [82].  
А.В.Брушлинский пікірінше ,  әр тұлға ̶ субъект
,  бірақ  тұлғаға 
теңестірілмейді.  Ол  субъектінің  практикалық,  теориялық  және  т.б.  іс-әрекет 
ішінде психикалық әрекеттің орны мен рӛлі анықталады. Осы таңда іс-әрекетті 
екі  жағдайда  қарастыру  керек:  1)  субъектінің  іс-әрекеті  және  2)  ағзаның  іс-
әрекеті [73, 309-310 б]. 
Онтогенездегі  тұлғаның  даму  мәселесімен  айналысқан  Л.И.Божович 
тұлғаны  психикалық  дамудың  жоғары  деңгейіне  шыққан  ересек  адам  деп, 

29 
 
тұлғаның  негізгі  ерекшеліктеріне  ӛзін  саналы  басқара  алуы  және  жағдайды 
ӛзінің мақсаты мен міндетіне сай ӛзгерте алу қабілетімен сипаттайды [86]. 
В.М.Бехтерев  тұлғаныңӛзара  бір-бірімен  байланысты  болатын,  бірінші  – 
органикалық,  екіншісі  –  әлеуметтік  сапалардың  жиынтығынан  тұратындығын 
айтады  [83].  Зерттеуші  тұлғаның  дамуы  ұжымсыз  мүмкін  болмайтындығын 
кӛрсетеді.  Сонымен  қатар,  ұжым  әр  кезде  тұлғаның  дамуына  жағымды  әсер 
етпейді.  Кез  келген  ұжымға  тұлғаны  ӛзінің  ортасының  ерекше  шаблоны  етіп 
жасау  тән.  Салт-дәстүрлер  мен  қоғамдық  таптаурындар  тұлғаның 
қажеттіліктерін еркін кӛрсете алу мүмкіндігін шектейді.  
А.Ф.Лазурский  [86,  77-89  б]  үшін  тұлға  екі  топқа  біріктірілген 
элементтердің  жиынтығынан  тұрады:  олар  эндопсихикалық  элементтер 
(адамның  психофизиологиялық  қасиеттері:  темперамент  және  мінез)  және 
экзопсихикалық элементтер (адамның түрлі объектілерге және қоршаған ортаға 
қатынасы).  Тұлғаның  міндеті  –  қоршаған  ортаға  бейімделу.  Бейімделудің 
белсенділігі  үш  психикалық  деңгейдің  негізінде  жүзеге  асады  –  тӛмеңгі,  орта 
және жоғары. 
Тӛмеңгі  деңгей  адамның  психикасына  қоршаған  ортаның  үдемелі 
ықпалымен  түсіндіріледі.  Қоршаған  орта  адамның  эндоерекшеліктерімен 
санаспайды,  барынша  ӛзіне  бағындыруға  тырысады.  Осыдан  адамның 
мүмкіндігі  мен  игерілген  кәсіби  дағдысы  арасында  қарама-қайшылық  пайда 
болады.  Сол  себепті  де  тұлға  ӛз  бетінше  шешім  қабылдауға  қабілетсіз  болып 
келеді. 
Ортаңғы  деңгейде  тұлғаның  қоғамда  орны  бар  және  қоршаған  ортаға 
бейімделуге  мүмкіндігі  жоғары.  Ӛзінің  нышандарына  сәйкес  кәсіппен 
айналысады,  жұмысқа  қабілеті  жоғары.  Оларды  бейімделгендер  деп  айтуға 
болады. 
Психикалық даму үдерісіндегі бейімделудің жоғары деңгейінің күрделілігі 
мынада,  яғни  рухани  ӛмірдің  қарқындылығы,  мазасызданудың  орын  алуы 
қоршаған ортаға тек бейімделуге мәжбүрлеп қана қоймай, сонымен қатар, оны 
ӛзінің  қажеттілігіне,  құштарлығына  сәйкестендіріп  қайтадан  ӛзгерте  алуы. 
А.Ф.Лазурский  осылардың  ішінде  альтруизм,  білім,  сұлулық,  дін,  қоғам, 
сыртқы әрекет, жүйе және басшылық маңыздылығына мән береді [83]. 
В.Н.Мясищев  [83]  тұлға  мәселесіне  байланысты  екі  кӛзқарасты  ұсынды: 
біріншісі  –  адамның  құрылымыныңсипаттамасы  мен  оның  тұтастығы  немесе 
бӛлшектенуі,  бірізділігі  немесе  қарама-қайшылығы,  тұрақтылығы  немесе 
ӛзгергіштігі,  тереңдігі  немесе  үстірттілігі  секілді  қандай  да  болмасын 
психикалық  қызметтерінің  басым  болуы  немесе  жеткіліксіз  дамуы  туралы 
ақпарат береді. Тұлғаның қатынасы  – тұлғаның саналы, белсенді, интегралды, 
тәжірибелерді таңдау еркіне негізделген шынайылықтардың түрлі жақтарымен 
байланысы.  В.Н.Мясищев  қатынастың  құрылымына  «эмоционалды  (ӛзіне, 
қоршаған 
ортасына, 
адамдарға 
деген 
эмоционалды 
қатынасты 
қалыптастырады)»,  «бағалау  (танымдық  (ӛзін,  қоршаған  ортасын,  адамдарды 
қабылдау,  бағалау,  түсіну,  түсіндіру)»,  «конативті  (мінез-құлықтық  (ӛзі, 
қоршаған ортасы, адамдар үшін маңызды болып табылатын объектілерге мінез-

30 
 
құлығын таңдау стратегиясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді)» қатынастарды 
бӛледі.  Қатынастың  түріне  В.Н.Мясищев  қажеттіліктерді,  мотивтерді, 
эмоционалды қатынасты (махаббат, симпатия, антипатия, ұнатпау, құштарлық), 
қызығушылықтар, бағалау, наным-сенімдер, басқаларды ӛзіне бағындыру және 
адамның ӛмірлік жолын анықтайтын – бағыттылықты жатқызды. 
А.Г.Ковалев  тұлғаны  психикалық  үдерістердің,  психикалық  күйлердің 
және  психикалық  қасиеттердің  интегралды  ұйымдасуы  тұрғысынан 
қарастырады [83]. 
Психикалық  үдерістер  адамның  психикалық  ӛмірінің  негізі  және 
психикалық  күйлердің  себебін  анықтайды.  Психикалық  қасиеттер  психикалық 
күйлердің  негізінде  қызмет  ететін  психикалық  үдерістерден  құралады. 
Психикалық  қасиеттер  адамға  тән  тұрақты  белсенділікпен  шартталған.  Ӛз 
кезегінде  белсенділіктің  деңгейі  тұлғаның  әлеуметтік  құндылығына 
байланысты  және  адам  дамуының  ішкі  субъективті  жағдайынан  құралады. 
Даму  барысында  психикалық  қасиеттер  бір-бірімен  байланысып  күрделі 
құрылымды жасайды. 
Аталған  қасиеттерге  А.Г.Ковалев  темпераментті  (адамның  табиғи 
қасиеттер жүйесі), бағыттылықты (қажеттіліктер, қызығушылықтар, идеалдар), 
қабілетті  (интеллектуалды,  еріктік  және  эмоционалды қасиеттер)  және  мінезді 
(қатынастар жүйесі және мінез-құлықтар тәсілдері) жатқызды. Автордың бӛліп 
кӛрсеткен  тұлға  құрылымы  шартты  емес,  себебі  қандай  да  бір  қасиеттер  тек 
бағыттылықты  сипаттамайды,  сонымен  қатар  мінез  адам  қабілетінің  жүзеге 
асуына әсер етеді. Зерттеуші тұлға құрылымына бірінші бағыттылықты, екінші 
– қабілетті, үшінші – мінезді, тӛртінші  – «Мен» түсінігін анықтайтын басқару 
жүйесін, бесінші – психикалық үдерістерді қойды. 
И.В.Павлов  адамзат  миының  қызметін  зерттей  отырып,  шартты 
рефлекстердің  маңызын  ашты.  Үнемі  ӛзгеріп  жатқан  қоршаған  ортаға 
организмнің  бейімделуі  ми  қыртысына  байланысты,  яғни  оның  әрекетінен 
эмоционалды  реакциялар  пайда  болып,  жүзеге  асырылады.  Ми  қыртысында 
сыртқы  қоздырғыштарға  организмнің  жауап  беру  реакциясын  қамтамасыз 
ететін организм қызметтерінің кіріктірілуі жүзеге асырылады [84]. И.П.Павлов 
эмоцияны  шартты  рефлекстердің  кӛмегімен  жүзеге  асырылатын  механизмнің 
бір  бӛлігі  деді.  Мінез-құлықтың  актісі  ретінде  шартты  рефлекстердің  пайда 
болуына  эмоция  мен  таным  ықпал  етеді.  Ғалым  эмоционалды  үдерістерді 
зерттей  келе,  сезімдер  ми  қыртысының  әрекетіне  байланысты,  сол  себепті  де 
адам ӛзінің сезімдерін ерікті басқара алатынын айтты. 
Адам  психикасының  біртұтастығы  бір  жағынан,  оның  тұлғалығымен 
шартталса,  екіншіден,  тұлғаның  маңызды  анықтамаларының  бірі  –  оның 
тұтастығы. Педагогикалық үдерісті ұйымдастыруда  тұтастық амал тұлғаның 
кіріктірілген  қасиеттерге  мән  берумен  айқындалады.  Осы  тұрғыдан  алғанда, 
тұлғаның  ӛзі,  құрылымы,  қызметі  мен  ішкі  күйі  болатын  күрделі  психикалық 
жүйе ретінде тұтастық тұрғыдан қарастырылуы керек деп ойлаймыз. 
Осы таңда В.И.Слободчиков пен Е.И.Исаевтың пікірлерін ескеруді орынды 
деп  санаймыз:  «Адам  психологиясын  тұтастық  тұрғыдан  қарау  немесе  жеке 

31 
 
мәселелерін  шешу  үшін  адамды  іс-әрекет  тәжірибесімен  байланыста  қарау 
қажет.  Адамзаттың  тұтас  тәжірибесі  адамды  біртұтас  ретінде  тануды  қажет 
етеді»  [85,  117  б].  Сонымен  адамның  біртұтастығына  қатысты  сұрақтар  тек 
академиялық емес, эксперименттік тұрғыдан келгенде де маңызды. 
Соңғы  уақытта  Ресейде  тұлға  мәселесімен  айналысып  жүрген 
В.А.Иванников  адамның  тұлға  ретінде  қалыптасуын  ең  алдымен  сана  мен  ӛз 
санасының  дамуы,  жеке  әрекеті  мен  іс-әрекеттерін,  мотивтері  мен 
құндылықтарына  баға  беруі  мен  түзету  қабілеті,  яғни  ӛзін  тұлға  ретінде 
ӛмірінің  жаңа  мән-мағынасын  құра  білуі,  ӛзгелердің  іс-әрекеттерінің  мәнін 
түсіне алу қабілетімен байланыстырады [88, 131 б].  
Тұлғалық  құндылықтардың  ерекшелігі  мен  сан-алуандығы  әр  тұлғаның 
даралығын айқындап, денелік және нейродинамикалық ерекшеліктерімен қатар 
әмбебап  адамның  қайталанбайтын  біртұтас  кӛпӛлшемді  (а)  физика-химиялық 
шарттар  кеңістігінде  –  организм  ретінде;  (б)  экологиялық  түр  –түр  ӛкілі 
ретінде;  (в)  заттық  шарттардың  этологиялық  кеңістігінде  –  табиғи 
қатынастардың  субъектісі  ретінде;  (г)  қоғамның  кеңістігінде  –  қоғамдық 
қатынастардың  субъектісі  ретінде;  (д)  мәдениет  кеңістігінде  –  тұлға  ретінде 
анықталады.  Адам  ретінде  жеке  қабылдаған  шешімінің  нәтижесінде  ӛзінің 
денесін,  мінез-құлқын,  қажеттіліктері  мен  мотивтерін,  әрекеттерін  және  тұлға 
ретінде  ӛзіне  берілген  организм,  табиғи  индивид  немесе  қоғамдық 
қатынастардың субъектісі ретінде қабылдайды немесе қабылдамайды [88, 131-
132 б]. 
Ал  Б.С.Братусь  ӛзінің  зерттеуінде:  «Тұлға  –  басқа  құрылымдармен 
салыстыруға  келмейтін  ерекше  құрылым,  оны  тұрақты  толық  ұғым  ретінде 
қабылдауға  болмайды»  деген  қорытынды  жасайды.  Қалыптасқан  қарым-
қатынасқа қарай, адами болмыстың мағыналық сипаттарымен байланыста оның 
мәні  ашылады.  Басқаша  айтқанда,  тұлғаның  мәні  мен  адамның  мәні  арасында 
айырмашылық  бар,  алғашқысы  екіншіге  жету  жолындағы  әдіс,  тәсіл,  құрал, 
яғни алғашқысында мағына бар, екіншісі – соның мақсаты. Адам болу – мақсат 
[89, 5-7б].  
Жоғарыда  аталған  зерттеушілердің  еңбектерін  талдай  отырып, 
Н.И.Непомнящая  ӛзінің  әріптестері  және  шәкірттерімен  адамды  тұтастық  
амалтұрғыдан зерттеудің кӛпжылдық нәтижесінде келесідей астарларын бӛледі: 
1.  Тұлғалық  (Л.С.Выготский,  А.А.Бодалев,  М.И.Лисина,  С.Л.Рубинштейн, 
Д.Н.Узнадзе. В.Н.Мясищев, К.Джеймс). Бұл аспектіге сәйкес, тұлға ештеңеден 
шықпайтын және ештеңеге тең келмейтін құндылық болып табылады. 
2.  Тұтастық  (Н.А.Бердяев,  С.Л.Рубинштейн,  П.Флоренский)  –  тұлға 
тұтастық жүйе, ал адамның тұтастығы тұлғалығын білдіреді. 
3.  Субъектілік  (А.В.Брушлинский,  В.И.Слободчиков,  Е.И.Исаев)  – 
тұлғалық және тұтастық аспектілерінің бірігуінен тұрады. 
4.  Болмыстық  (А.С.Арсеньев,  А.А.Асмолов,  Ф.Т.Михайлов)    ̶  тұлғаны 
зерттеу негізінде адамның болмысы арқылы сипатталады. 
5.  Деңгейлік  (Н.А.Бернштейн)  –  адамның  деңгейлік  құрылымын  ескереді. 
Аталған астарда адамның психосоматикалық тұтастығы қарастырылады. 

32 
 
6. Конструктивті (В.Франкл, К.Ясперс, А.Маслоу) – адамның бойындағы 
қасиеттерін мүмкіндігінше жүзеге асыруы, тұлғаның негізгі базалық деңгейінің 
шыңына жетуі. 
7.  Жартылай  үстірт  жобалық  –  адамның  рухани  әлемінің  тұтастығын 
эксперименттік қамтамасыздандыруға қабілеттендіреді. 
8.  Әмбебап  (Н.И.Непомнящая)  –  адам  мүмкіндігінің  шексіз  екендігіне 
сенім.  Тәрбиелеудің  негізгі  мақсаты  –  адамның  әлеуетті  мүмкіндіктерін, 
бойындағы  қасиеттерін барынша  ашу,  негізгі базалық  жоғары деңгейіне жету, 
соның негізінде тұтас үйлесімді тұлғаны дамыту [87, 116-125 б]. 
Зерттеу  барысында  біз  де    ғылыми  нәтижелерге  қол  жеткізуде  осы 
амалдарды негізге аламыз.  
Тұлғаны  түсіндіретін  кең  таралған  анықтамалардың  бірінде:  Тұлға    ̶ 
туғаннан  және  жүре  пайда  болған  (қасиеттері,  мүмкіндіктері)  адамның 
қайталанбайтын тұтастықтығы. Зерттеушілердің бір бӛлігі тұлғаның бойындағы 
сапалар  кешенін  әлеуметтік  тұрғыдан  қарауды  ұсынып  шектесе,  басқалары 
тұлғаны ерекше қасиеттер (сапалар) жүйесімен, үшіншілері адамның мотивтері 
мен олардың иерархиясынан тұратын адам деп анықтап отыр [88, 4-9 б]. 
Жоғарыда  айтылғандарды  қорытындыласақ,  тұлға,  бір  жағынан,  – 
биология мен физиология заңдылықтарына бағынатын физикалық денелік ағза 
болып  табылады.  Бұл  тұрғыдан  алғанда,  оған  құштарлық,  ӛте  күшті  санасыз 
импульстер тән және оны инстинктер мен құмарлық басқарады, нәтижесінде ол 
қорқыныш  пен  мазасыздануға  бой  алдырады.  Екінші  жағынан,  адамзат 
табиғаты біздегі саналылықты, ақыл-ойды, болып жатқан жағдайлардың мәнін 
үғыну,  түсіну  үдерістермен  қабілеттендірген.  Осы  тұрғыдан  А.Н.Леонтьев 
тұлғаның  санасын  қалыптастыратын  маңыз  бен  мән-мағынаны  құрайтын 
қоғамдық  тәжірибедегі  рефлексияның  маңызы  туралы  жазады.  Адам  ӛзінің 
биологиялық  қажеттіліктеріне  тікелей  жауап  бере  алмаса  да,  шынайылықты 
объективті бағалай алады. Адамгершілікке ұмтылу арқылы адам ӛзінің табиғи 
құштарлықтарынан  жоғарылап,  ӛз  еркімен  таңдау  жасауға  талпынады.  Демек, 
адам  толығымен  ӛткеніне  тәуелді  емес.  Бұл  тұрғыдан  адам  табиғатын  сана, 
ақыл-ой және еркіндік құрайды. 
Сонымен  тұлға  индивидтің  қоғамдағы,  әлеуметтік  қарым-қатынаста 
қалыптасатын ерекше сапаларының жиынтығынан тұрады. Адамның табиғатын 
түсіндіруге  байланысты  сұрақтар  олардың  басқа  тірі  ағзалардан  эмпирикалық 
айырмашылықтарына  қатысты  болса,  ал  болмысы  туралы  сұрақтар  олардың 
табиғатында сырттай кӛрініс беретін және олардың жүріс-тұрысын анықтайтын 
сапаларына,  қасиеттеріне  қатысты  қойылған.  Демек,  тұлға  бойындағы  қандай 
да  бір  қасиеттердің  қалыптасқандығын  анықтау  үшін  оның  қоғамдағы  орнын, 
қарым-қатынасын, рӛлін қарастыру қажет. 
Ал  елімізде  XX  ғасырдың  20  жылдары  психологияның  ғылыми  негізінің 
қалануына  Ж.Аймауытовтың  [7]  оқыту  үдерісіндегі  белсенділік  мәселесі  мен 
тұлға  теориясына  қатысты  еңбектері  негіз  болды.  Ол  тұлға  дамуындағы 
биологиялық  және  әлеуметтенудің  сәйкестігіне  қатысты  сұрақтарды 
биологиялық  тұрғыдан  шешуді  дұрыс  деп  санады.  Зерттеушінің  айтуы 

33 
 
бойынша, адам тума берілетін қасиеттер мен нышандар жиынтығынан тұратын 
индивид  болып  дүниеге  келеді.  Аталған  нышандар  оқыту  барысында 
дамытылуы  қажет  десе,  М.Жұмабаев  [8]  адамның  психикасын  тұтастық  амал 
тұрғысынан  шешеді.  Мұнда  психика  бір-бірімен  тығыз  байланысты  ақыл-ой, 
жүрек  және  ерік-жігер  үш  бірлік  арқылы  түсіндіріледі.  М.Жұмабаев 
этнопсихологиялық  ерекшеліктерді  ескере  отырып  қана  тұлғаны  тұтас 
зерттеуге  мүмкін  болатынын  айтты.  Т.Тәжібаев  [9]  тұлғаның  психологиясы 
мәселесін  темперамент,  мінез  және  қабілеттер  атты  психологиялық 
қасиеттерімен айқындайды. 
Қ.Жарықбаев  «Жантану  атауларының  түсіндірме  сӛздігі»  атты 
психологиялық еңбегінде тұлғаға мынадай анықтама береді: «Тұлға – 1) дербес 
әрекет  ететін  субъект  ретіндегі  нақты  жеке  адам  болмысының  қайталанбас, 
ерекше  әдісі,  адамның  қоғамдық  ӛмірінің  дара  нысаны.  Тұлға  –  әлеуметтік 
тіршілік  ету  әдісі  жағынан  дара  болады,  оның  ӛзіндік  дүниесі  ерекше  ӛмір 
жолын  белгілейді  және  ол  мазмұны  жағынан  әлеуметтік  жағдайлармен 
анықталады;  2)  адамдар  арасындағы  ӛзінің  ұстанымын,  орнын  еркін  және 
жауапкершілікпен  анықтайтын,  қоғамның  ӛкілі  ретіндегі  адам.  Ол  қоршаған 
ортамен,  қоғамдық  және  адами  қарым-қатынастар  жүйесімен,  мәдениетпен 
ӛзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып туылмайды, әлеуметтену 
процесінде тұлға болып шығады», – деп кӛрсетеді [90]. 
Ал  психологияның  теориялық-әдіснамалық  мәселелерімен  айналысқан 
С.М.Жақыпов  [91]  ӛзінің  зерттеу  жұмыстарында  психикалық  күйлерді  жүйелі 
талдаудың  ұстанымдары,  топтық  біріккен  әрекет  шартында  мақсат  пен  мотив 
үдерістерін  детерминациялайтын  факторларын  ашқан.  Ғалымның  ғылыми 
мектебімен  (Г.Ж.Лекерова,  А.Т.Искакова,  И.К.Аманова,  С.Д.Шукешева  т.б.) 
білім  беру  үдерісіндегі  субъектілердің  біріккен  диалогтік  танымдық  әрекетін 
дамыту  мен  қалыптастыру  негізінде  кӛпдеңгейлі  психологиялық  жүйе  ретінде 
қарастырылатын оқыту үдерісі зерттеліп келеді. 
Мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінің  педагогтары  мен 
психологтарын  кәсіби  дайындаудың  психологиялық  негіздерін  және  мектепке 
дейінгі 
жастағы 
балалардың 
тұлғасын 
зерттеуге 
үлес 
қосқан 
Х.Т.Шерьязданованың еңбектері [92] біздің зерттеу жұмысымыздың ӛзектілігін 
арттырды.  Х.Т.Шерьязданованың  ғылыми  мектебімен  онтегенездегі  тұлға 
дамуының  түрлі  аспектілері  нәтижелі  зерттеліп  отыр.  А.Р.Ерментаева  ӛзінің 
теориялық  және  эксперименттік  зерттеу  жұмыстарының  нәтижесінде 
психологиялық  дамуы  тӛмен,  рухани  адамгершілік  құндылықтарды 
қабылдамаған,  ізгіліктік  ұстанымы  жетілмеген  адамдарда  белсенділік, 
дербестік,  бастамашылық  сынды  субъективті  қасиеттердің  ешқашан 
ұйыспайтынын  дәлелдеген.  Ӛзіне  және  ӛзгелерге  деген  құнды  қатынастар 
арқылы  анықталатын  субъект  даму  арқылы  ұдайы  жетіліп,  тұлға  субъект 
ретінде  іс-әрекетті,  қарым-қатынасты,  әлеуметтік  ортаға  қатысты  ӛзінің 
тұлғалық ерекшеліктерінің кейбірін ӛзгертеді, кейбірін дамытып жетілдіреді, ал 
енді  басқаларының  қайта  құру  әлеуетінің  болатындығын  айтады  [93,  23  б]. 
А.Т.Ақажановамен жасӛспірімдердің тұлғалық қасиеттері зерттеліп, әлеуметтік 

34 
 
оқшаулану  мекемесіндегі  девиантты  мінез-құлықты  түзету  бойынша  модель 
ӛңделіп, тәжірибеде тиімділігі тексерілген [94]. 
Қазақстандағы  қолданбалы  психологиялық  зерттеу  жұмыстарымен  алғаш 
болып  айналысқан  Ж.Ы.Намазбаева  [95]  түзетіп  оқыту  үдерісіндегі  ақыл-ой 
мен  аффекті  арақатынасының  ӛзгеретінін  дәлелденген  Л.С.Выготскийдің 
теориясына  сүйенеді.  Ғалым  кӛмекші  мектептің  бастауыш,  орта  және  жоғары 
буынындағы  оқушылардың  ӛзіндік  сана,  эмоционалды  және  мотивациялық 
сферасының  даму  ерекшеліктерінің  заңдылықтарын  ашты.  Ж.Ы.Намазбаева 
және  оның  шәкірттерімен  тұлғаның  қалыптасуы  тікелей  мәдениетпен 
байланысты  мәдени-тарихи  тұжырымдама  негізінде  ғана  тұлғаны  зерттеуге 
болады  дейді.  Адамзаттың  психикасы  танымдық  және  эмоционалы-еріктік 
сферасымен  ӛзара  байланысты  түсіндірілетін  тұлғаны  зерттейтін  кешендік 
амалды ӛңдеді [96, 241 б]. 
Заманауи  тұлға  ӛз  ӛмірін  құра  отырып,  оған  деген  қатынасын 
қалыптастырады.  Бірақ  әлеуметтік-экономикалық  ӛзгерістер  оның  шарттарын 
түсіндіруде бізден белгілі шешімдерді қабылдауды талап етеді. Бұл дегеніміз – 
біздің  алдымызда  саналы  және  белсенді  әрекетке  қабілетті  адамның, 
субъектінің психологиясын анықтау қажет.  
Біздің  кӛзқарасымыз  бойынша,  субъект  –  саналы  әрекет  ететін  адам.  Ол 
қоршаған  ортаның  әсерін  сезе  отырып,  ӛзі  ӛзгелерді  таниды  және  ӛзгелерге 
танылады.  Оның  әлеммен  белсенді  және  әлеммен  саналы  қатынасы  қоршаған 
әлемді және енді қалыптасып келетін адамның ӛзін де ӛзгертеді.  
Осы тұрғыдан Н .Жиенбаева,  Л.Макина,  тәжірибе тұрғысынан ,  жекелік 
белсенділіктің дамуы ̶ оқыту үдерісіндетанымдық іс
-әрекеттегі  диалог 
барысында,  сонымен  қатар  формальды  емес  ортада  қалыптасатынын 
дәлелдейді. [97, 237-238 б].  
С.Л.Рубинштейннің 
әлеуметтік 
пен 
биологиялық 
арасындағы 
сабақтастыққа  негізделген  детерминизм  қағидасы  бойынша  сыртқы  себептер 
тек  ішкі  шарттар  арқылы  және ішкі психикалық  сыртқы  материалдық арқылы 
жүзеге  асырылады.  Тұлға  тек  заттық  қарым-қатынас  арқылы  анықтала 
алмайды, сол себепті де әлеуметтік қарым-қатынастар биологиялық организмге 
психика  арқылы  әсер  етеді  және  мұнда  әлеуметтік  орта  мен  биологиялық 
организм арасын байланыстыратын негізгі мәселе тұлға болып саналады.  
Аталғандармен  қоса,  тұлғаның  біртұтастығы  мен  мазмұнына  ӛзгермелі 
қоршаған  орта  мен  кәсіби  жетекші  іс-әрекеттің  ықпал  ететіндігі  анықталды. 
Сәйкесінше,  тұлғаның  біртұтастығы  қарапайым  алғанда,  оның  бойындағы 
қасиеттері  мен  сапаларын  тізіп  қою  арқылы  ғана  анықталмайды.  Тұлға  ӛзінің 
болмысын  қоршаған  әлеммен  ӛзара  әрекет  ету  барысында  кӛрсетеді, 
түрлендіреді, дамытады. 
Сонымен  біз  зерттеушілердің  анықтамалары  мен  амалдарды  талдау 
барысында келесі қорытындыға келдік:  
1.
 
Жалпы 
алғанда 
«тұлға» 
философиялық, 
педагогикалық, 
психологиялық  және  т.б.  әдебиеттерде  қоғамды  жасаушы,  түрлендіруші, 

35 
 
жаңартушы,  ӛзгертуші  ең  басты  факторы,  қоғамның  ең  құнды  бӛлігі  
тұрғысынан қарастырылған.  
2.
 
«Тұлға»ұғымына  берілген  анықтамаларға  жасаған  талдау  бізге 
зерттеудің  міндетіне  сәйкес  тұлға  ұғымының  мәнін  кеңейтіп,  синтездеуге 
мүмкіндік  берді.  Тұлға  дегеніміз  –  әрбір  даму  кезеңдерінде  қасиеттерінің 
ӛсуімен 
ӛз 
кӛрсеткіштері, 
деңгейлері 
анықталатын 
іс-әрекеттің 
субъектісі.Тұлғалық  қасиеттер  жағымды  және  жағымсыз  кӛрсеткіштермен 
сипатталады. Ӛз кезегінде жағымсыз қасиеттер тұлғаның басқа тұлғалық-кәсіби 
қасиеттеріне әсер етеді. Адамның қасиеттері бастапқыда генетикалық тұрғыда 
шартталып, ӛмірдің алғашқы сәттерінде тұлғаның қабілетінен тәуелсіз дамиды. 
Индивидтің  сапалары  әлеуметтік  байланыстар  арқылы  даму  үдерісінде  қайта-
қайта  жаңғырып,  ӛзгеріп,  тұлғаның  қалыптасуына  мүмкіндік  береді.  Ал, 
тұлғалық 
қасиеттердің 
ӛзгергіштігі 
әлеуметтік 
және 
биологиялық 
құрылымдардың ӛзара байланыстарымен анықталады. 
3.
 
«Тұлға»  ұғымы  қарастырылған  еңбектерді  жан-жақты  талдау 
нәтижесі  тұлғаның  дамуы  мен  маманның  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерінің 
қалыптасуына  ықпал  ететін  қоғамның  үдемелі  факторларына  байланысты 
оларға арнайы ұйымдастырылған кешенді психологиялық-педагогикалық кӛмек 
кӛрсету қажеттілігі күннен күнге артып отырғандығын кӛрсетті.  
4.
 
«Тұлға» ұғымының мәнін жан-жақты ашу бізге  зерттеу міндеттерін 
шешуге септігін тигізетін әдіснамалық тұғырларды анықтауға мүмкіндік берді: 
кешендік тұғыр (Ж.Ы.Намазбаева) және тұтастық тұғыр (Л.С.Выготский)
.
 
Осы 
танда біз тұлғаның ӛзінің әр даму кезеңінде толыққанды, үйлесімді дамуы үшін 
арнайы  үйлесімді  орта  құру  қажеттілігін  дәйектеген  Ж.Ы.Намазбаеваның 
кешендік  амалын  басшылыққа  аламыз.  Ӛйткені,  тұлғалық  қасиеттер  мен 
индивидтің  ерекшеліктері  тұлға  бойында  әлеуметтік  тұрғыдан  айқындалатын 
элементтер ретінде орын алады.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет