Куанжанова кундыз тугелбаевна



Pdf көрінісі
бет8/16
Дата30.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#10604
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16

В  фактор:  «Уақытқа  бағдарлану»  шкаласының  орташасы  6,1,  демек, 
оқытушылар  ӛздерінің  осы  сәттегі  уақытын  шынайы,  дүрыс  қабылдайды. 
Құндылық  бағдар  шкаласының  орташа  балы  6,4-ке  тең.  Топтың  тұлғалық 
құндылықтары  қалыптасқан.  Адам  табиғатына  кӛзқарасы    орташа  деңгейден 
тӛмен, 
оқытушылардың 
адамдардың 
мінез-құлығына 
сенімсіздік, 
шыдамсыздығы  анықталды.  Спонтандылық  шкаласы  бойынша  6,4-ге  тең. 
Кейбір  сәттерде  ӛзінің  табиғи  кейпін  ұстау,  қоршаған  ортаға  эмоциясын 
кӛрсетуге  қорқынышы  болуы  мүмкін.  Контактілік  (6,8)  тиімді  ӛзара  іс-
әрекеттесуде  қиыншылықтарды  сезінетіндігі  анықталды.  Мінез-құлықтағы 
иілгіштік (6,8) бойынша ӛзара іс-әрекетте дереу жауап беру қабілеті орташа.  
С  фактор:  «Уақытқа  бағдарлану»  шкаласы  (5,1)  орташа.  Демек, 
оқытушылар  ӛздерінің  осы  уақыттағы  сәттерін  реалды  қабылдамайды, 
Ӛткенмен немесе болашақпен ӛмір сүреді. Құндылық бағдар шкаласы бойынша 
топтың  тұлғалық  құндылықтары  жеткілікті  қалыптаспаған.  Адам  табиғатына 
кӛзқарасы    орташадан  тӛмен,  оқытушылардың  адамдардың  мінез-құлығына 
сенімсіздік, шыдамсыз келеді. Спонтандылық шкаласы 5,8-ге тең, ӛзінің табиғи 
кейпінде  ұстау,  қоршаған  ортаға  эмоциясын  кӛрсетуге  деген  қорқынышы 
жоғары.  Ӛзара  іс-әрекеттесудегі  қиыншылықтардың  орын  алатындығы 
байқалады.  Мінез-құлықтағы  иілгіштік  5,8-ге  тең,  ӛзара  іс-әрекет  ету 
жағдайына тез жауап беру қабілеті тӛмен.  
2. Ӛзін-ӛзі белсендіруі дамыған оқытушылардың ӛзіне қатынасы позитивті 
келеді.    Ӛзіне  қатынасы  ӛзін-ӛзі  бағалау,  ӛзін-ӛзі  сыйлау,  ӛзін-ӛзі  түсіну  мен 
түрлі ситуацияларда ӛзінің іс-іс-әрекеттерін басқаруға ұмтылумен анықталады.  
Тұлға  ӛзінің  «Мен»  бейнесін  ӛмірінің  шынайы  жағдайларымен  сәйкестендіріп 
мінез-құлқын ӛзгертіп ӛзін-ӛзі тәрбиелеудің мақсаттарын жүзеге асыра алады.  
 
Кесте  11  –  Оқытушылардың  «Ӛзіне  қатынасын  анықтау»  тест-
сауалнамасының кӛрсеткіштерінің нәтижелері 
 
Әдістемелер 
дің атаулары 
Оқытушылардың 
ӛзін-ӛзі-ӛзі 
белсенділендіру 
деңгейлері  
Деңгейлері 
А 
(n=51) 
В 
(n=61) 
С 
(n=62) 





Ӛз
ін
-ӛз
іе қаты
на
сын
 а
нықт
ау т
ес
т-
са
уа
лн
ам
ас
ы 
(В.В.
С
тол
ин

С

.Па
нт
еле
ев)
 
Шкала  S  —ӛзіндік 
«Менін»  «қолдау» 
немесе  «қолдамау»  
сезімі 
70 

66 

64 

Шкала  I  — ӛзін-ӛзі 
сыйлау 
62* 
0,28 
55* 
0,24 
39* 
0,27 
Шкала 
II 
— 
аутосимпатия; 
68* 
0,29 
56 

42 

Шкала 
III 
— 
басқалардан  ӛзіне 
деген 
жағымды 
қатынасты күту; 
52 

56 

62 

Шкала  IV  —  ӛзіне  54 

56 

44 


100 
 
қызығушылық. 
Ӛзіне сенімділігі   
62* 
0,27 
55 
0,23 
52* 
0,32 
Күтетін қатынасы 
52 

48 

44 

Ӛзін-ӛзі қабылдау 
60 

56 

50 

Ӛзін-ӛзі басқару 
57* 
0,27 
48* 
0,22 
46* 
0,3 
Ӛзін-ӛзі кінәлау 
47 

62* 
0,29 
56 

Ӛзіне 
қызығушылық 
60 

56 

54 

Ӛзін-ӛзі түсіну 
64* 
0,29 
62 

56* 
0,3 
Спимер критериясы бойынша, «*» - 
p  =  0.05,    «**»  -  p  =  0.001 
маңыздылық деңгейі 
p=0.27(0.05),  
p=0.35(0.001
 
p=0.23(0.05),  
p=0.3 
(0.001
p=0.3 
(0.05),  
p=0.39 
(0.001
 
 
Кестеден,  ӛзін-ӛзі  белсендіру  деңгейлеріне  сәйкес  ӛзіне  қатынастың 
арасындағы  байланысты  кӛруге  болады.    А  фактор  үшін  ӛзін-ӛзі  сыйлау  (r
s
 
0.28), аутосимпатия (r
s
 = 0.29),  ӛзіне сенімділік (r
s
 = 0.27),  ӛзін-ӛзі басқару (r
s
 
0.27),  ӛзін-ӛзі түсіну (r
s
 = 0,29) қасиеттері тән. В факторға ӛзін-ӛзі сыйлау (r
s
 
0,24),  аутосимпатия,  ӛзіне  сенімділігі  орташа  (r
s
 =0,23),  мен  ӛзін-ӛзі  басқару 
орташадан тӛмен. 
С фактор: ӛзін-ӛзі сыйлау орташадан тӛмен, аутосимпатия жағымсыз, ӛзіне 
сенімділігі (r
s
 = 0.32), ӛзін-ӛзі басқару (r
s
 = 0.3), ӛзін-ӛзі түсіну қасиеттері тӛмен 
кӛрсеткіштер кӛрсетті.  
А. Маслоудың пікірінше, ӛзін-ӛзі белсендіруі дамыған адамдар жағымсыз 
қасиеттерге бой алдырмайды. Психологиялық дені сау адамдар физиологиялық 
та  сау  болады.  Тұлға  бойындағы  деформацияны  анықтау  мақсатымен    Басса–
Дарки    сауалнамасы  және  Г.Айзенктің  «психикалық  күйді  ӛзіндік  бағалауын 
диагностикалау» әдістемесі жүргізілді.   
 
Кесте    12  –  Басса–Дарки    сауалнамасы  және  Г.Айзенктің  «психикалық 
күйді ӛзіндік бағалауын диагностикалау» әдістемесінің нәтижелері
 
Әдістемелердің 
атаулары 
Оқытушылардың 
ӛзін-ӛзі-ӛзі 
белсенділендіру 
кӛрсеткіштері 
Деңгейлері 
А 
(n=51) 
В 
(n=61) 
С 
(n=62) 
Б
ас
са
–Д
арк
и  с
ауа
лн
ам
ас
ы 
орт
аша
сы
 
Физикалық 
агрессия 
53 

54 

59 

Жанама агрессия 
51 

61* 
0,26 
60* 
0,32 
Тітіркенушілік 
58 

56* 
0,26 
62 

Негативизм 
48 

58 

62* 
0,33 
Ӛкпелегіштік 
40 

49 

65 

Күдіктенушілік 
47 

55 

60* 
0,32 
Вербалды агрессия 
42 

57* 
0,24 
69* 
0,36 
Кінәлі сезіну 
56 

65* 
0,25 
72* 
0,37 
Агрессивтілік 
51* 
0,25 
56 

63* 
0,34 
Ӛшпенділік 
44 

52 

63 


101 
 
Айзенк 
сауалнамасы, 
орташасы 
Мазасыздану 
13 

15* 
0,39 
17**  0,4 
Фрустрация 
8* 
0,28 
14 

15* 
0,35 
Ригидтілік 
9* 
0,3 
15 

18**  0,4 
Спимер критериясы бойынша, «*» - p = 
0.05,    «**»  -  p  =  0.001  маңыздылық 
деңгейі 
p=0.27(0.05),  
p=0.35(0.001
p=0.23(0.05),  
p=0.3 
(0.001
 
p=0.3 
(0.05),  
p=0.39 
(0.001
 
 
Сонымен,  А  фактор:  оқытушылары  ӛзгерістерге  тез  бейімделеді,  ригидті 
емес, фрустрациялары орташа, агрессивтілік те қалыпты.  
В  фактор:  тітіркенушілік  орташа,  ӛзін  кінәлі  сезіну  орташадан  жоғары, 
жанама агрессиясы және мазасыздануы орташадан жоғары. 
С фактор: жанама агрессия, негативизм, күдіктенушілік, вербалды агрессия 
және әсіресе мазасыздану  (p=0.39(0.001)) жоғары. 
5.  К.  Роджерстің  айтуы  бойынша  оқытушылардың  оқыту-тәрбиелеу 
үдерісіндегі  эмоциясы,  эмпатиялық  қабілеті  маңызды.  Ӛзін-ӛзі  белсендіруі  
дамыған  оқытушылар  жоғары  деңгейде  эмоционалды  оңтайлы  орта  құра 
отырып студенттердің бойына жағымды қасиеттерді дамытады.  
 
Кесте  13  –  Оқытушылардың  «Эмоционалды  интеллект»  әдістемесінің 
нәтижелері 
 
Әдістемелер 
дің атаулары 
Оқытушыларды
ң 
ӛзін-ӛзі-ӛзі 
белсенділендіру 
кӛрсеткіштері 
Деңгейлері 
А 
(n=51) 
В 
(n=61) 
С 
(n=62) 
Эм
оц
ион
алды и
нт
еллек
т 
Эмоционалды 
интеллектінің 
жалпы деңгейі 
0,2 

72 

55 

Эмоциялық 
күйден 
хабардарлық 
0,26 

11,3 

9* 
0,36 
Ӛзін-ӛзіің 
эмоциясын 
басқара алу 
0,24 

9* 
0,25 


Ӛзін-ӛзідік 
мотивация 
0,12 

10 

6,8 

Эмпатия 
0,33 

8* 
0,26 
6,2*  0,33 
Ӛзге 
адамдардың 
эмоцияларын 
басқару 
0,22 

6,7 

5,4*  0,3 
Спимер  критериясы  бойынша, 
«*»  -  p  =  0.05,    «**»  -  p  =  0.001 
маңыздылық деңгейі 
p=0.27 
(0.05),  
p=0.35 
(0.001
 
p=0.23 
(0.05),  
p=0.3 
(0.001
 
p=0.3 
(0.05),  
p= 0.39 
(0.001
 
 

102 
 
А фактор: ӛзінің эмоцияларын саналы түсініп, үнемі ӛзінің эмоция қорын 
толтырып отырады (14,2). Ӛзінің эмоциясын жақсы түсінуіне байланысты ішкі 
күйлерін де жақсы сезіне алады (12,6). Ӛзіндік мотивациясы жоғары (12,5) және 
студенттермен  ӛзара  іс-әрекетте  эмпатиясы  жоғары  (15,4),  сонымен  қатар 
студенттердің эмоцияларын басқару қабілеті орташадан жоғары (12,7).  
В  фактор:  эмоционалды  интеллектінің  жоғары  деңгейі  тән,  ӛзінің 
эмоцияларын  саналы  түсініп,  үнемі  ӛзінің  эмоция  қорын  толтыру  қабілеті 
орташа (11,3), эмоцияларын басқара алу қабілеті (9) орташадан жоғары, ӛзіндік 
мотивациясы  (10)  және  эмпатиясы  (8)  орташа,  ӛзге  адамдардың  эмоцияларын 
басқаруда (6,7) қиыншылықтар болуы мүмкін.  
С  фактор:  эмоционалды  интеллектінің  жалпы  деңгейі  орташадан  тӛмен 
(55), эмоционалдылық хабардарлық (9) орташа, ӛзінің эмоцияларын басқара алу 
қабілеті  тӛмен  (7)  ӛзінің  мінез-құлқын  басқару  (6,8)  мен    студенттердің 
эмоциясын  түсіну,  ағымдағы  эмоционалды  күйіне  ортақтасуы,  қолдау  кӛрсету 
мен студенттердің ішкі күйін бет, қимыл-қозғалыстары (6,2), ӛзге адамдардың 
эмоционалды күйіне әсер ете алу икемділігі (5,4) тӛмен екендігі анықталды. 
7.  Оқытушылардың  ӛзіндік  тұлғалық  дамуына  байланысты  «Мен»  және 
«Тұлға»  бейнесіне  қатысты  түсініктерін  анықтау  мақсатымен  эксперименттік- 
зерттеу  жұмысымызды  одан  әрі  «Ассоциативті  эксперимент»  әдісінің 
кӛмегімен жалғастырдық:  
С  фактор:  «Мен»  бейнесін  сипаттау  барысында  тұлғалық  сапаларды 
(жақсы,  ақылды,  кӛңілді,  қабілетті)  мен  әлеуметтік  беделді  (әйел,  ер) 
бейнелейтін  түсініктерді  қолданды.  Ал,  «Тұлға»  бейнесін  суреттеуде 
қолданылған  түсініктер  тізімінің  кӛбейгенін  байқадық  (  +  «дүниегекӛзқарас» 
түсініктері).  В  факторды  С  фактормен  салыстырғанда  «Мен»  және  «Тұлға» 
бейнесін сипаттауда қолданған түсініктердің ауқымы кеңейген. «Мен» бейнесін 
суреттеуде  тұлғааралық  қарым-қатынаста  маңызды  қасиеттерді  (адамгершілік, 
адалдық,  қарым-қатынасшылдық,  жауапкершілік)  атады.  Осы  таңда  аталған 
қасиеттерді  тұлғалық  ӛзін-ӛзі  белсендірудің  деңгейінің  кӛрсеткіші  деп  атауға 
болады.  
Біздің  ойымызша,  егер  оқытушылар  аталған  қасиеттерді  «Мен»  бейнесін 
суреттеу барысында қолданса, ол оқытушылардың тұлғалық ӛзін-ӛзі белсендіру 
динамикасына  анықтайтын  ба  еді.  Бірақ,  мұнда  «Тұлға»  бейнесінің 
маңыздылығы жоғары екендігін байқаймыз. «Мен» бейнесі- 8, «Тұлға» бейнесі- 
15  түсінік  анықталды.  Тұлғааралық  ӛзара  іс-әрекетте  жиі  кездесетін  сӛздерге 
адамгершілік,  қарым-қатынасшылдық;  ал  ӛзіндік  тұлғалық  деңгейді 
жоғарылату құралдарына: ақыл-ой, мақсатқабағыттылық, ӛзі шешім қабылдау, 
дербестік,  табиғилылығын,  тәуелсіздікті  атады.  Ассоциативті  қатардың 
күрделенуі  аталған  топ  оқытушылары  ӛзінің  тұлғалық  дамуға  ұмтылыстарын 
кӛрсетуі мүмкін. 
 Ӛзін-ӛзі  белсендірудің  жоғары  деңгейіне  ұмтылатын  оқытушылар  «Мен» 
және «Тұлға» бейнесін суреттеуде  алдыңғы топтарға қарағанда қолданылатын 
түсініктер санының жоғарылағандығын байқадық. «Тұлға» бейнесіне кәсіби іс-
әрекетті  жүзеге  асыру  үдерісін  (ӛзін-ӛзі-ӛзі  белсенділендіру  және  сәттілік) 

103 
 
сипаттайтын  және  кәсібилілікке  қажет  сапаларды  (мақсатқабағыттылық) 
анықтайтын  түсініктер  орын  алды.  Аталған  топ  оқытушылары  «Мен»  және 
«Тұлға» бейнесін сипаттауда түсініктерді кӛп қолданғанын байқадық. Сонымен 
қатар, тұлғааралық ӛзара іс-әрекетте (ӛзін-ӛзіе сенімділігі) маңызды алғаш рет 
«Мен»  бейнесін  суреттеуде  кәсібиліктің  деңгейін  (шебер,  кәсіби  маман) 
анықтайтын  түсініктерді  атады.  Аталған  түсініктердің  «Мен»  бейнесінде 
қолдануы  оқытушылардың  ӛздерін  кәсіби  іс-әрекет  субъектісі  тұрғысынан 
ӛздерінің  кәсіби  сапаларына,  тұлғалық  қасиеттеріне  сенімділігі  жоғары 
екендігін  кӛрсетті.  «Тұлға»  бейнесі  суреттеу  барысында  сол  қалпы  ақыл-ой 
деңгейі 
(ақыл), 
кәсібиліліктің 
ерекшеліктері 
(мақсатқабағыттылық, 
шығармашылық, ӛз бетіндік) атағандары маңызды.  
«Мен»  және  «Тұлғаға»  қатысты  семантикалық  қатарға  ақыл-ой, 
мақсатқабағыттылық, шығармашылық, жауапкершілік, еңбекқорлық, сенімділік 
түсініктері  кірді.  Сәйкесінше,  аталған  топтың  оқытушылары  үшін  ақыл-ой 
үдерістері мен кәсбилілікке жетудің жолдары маңызды.   
Аталған 
бӛлімді 
қорытындылай 
келе, 
эксперименттік 
зерттеу 
жұмыстарының  нәтижесінде  барлық  таңдама  бойынша  оқытушылардың  ӛзін-
ӛзі  белсендіру    деңгейі  орташа  -  36%-ды  құрады:  танымға  қажеттілігі, 
шығармашылыққа  ұмтылу  орташа,  мазасыздану,  агрессия,  контактілік  пен 
қарым-қатынастағы  иілгіштік  орташадан  жоғары  кӛрсеткіштер  кӛрсетті, 
эмоционалды  интеллектінің  жоғары  деңгейі  тән,  ӛзінің  эмоцияларын  саналы 
түсініп,  үнемі  ӛзінің  эмоция  қорын  толтыру  қабілеті  орташадан  тӛмен, 
эмоцияларын  басқара  алу  қабілеті  орташадан  жоғары,  ӛзіндік  мотивациясы 
және  эмпатиясы  орташадан  тӛмен,  ӛзге  адамдардың  эмоцияларын  басқаруда 
қиыншылықтар болуы мүмкін.  
Оқытушыларың  ӛзін-ӛзі  белсендіру  деңгейі  жоғары  29%-ді  пайызды 
құрады. 
Аталған 
фактор 
бойынша 
тұлғалық-кәсіби 
қасиеттердің 
компоненттерінің кӛрсеткіштері де жоғары болды.
 
 Ӛзін-ӛзі  белсендіруі  тӛмен  деңгейдегі  оқытушылар  35%-ды  құрады. 
Тұлғалық-мотивациялық  қасиеттердің  ішінде  ӛзін-ӛзі  тану,  шығармашылыққа 
ұмтылу, эмпатия мен әсіресе, тұлғааралық қарым-қатынастағы коммуникативті 
қызметтерінің  тӛмен  деңгейі  және  стрескетұрақтылық  қасиеті  тӛмен 
оқытушылардың саны жоғары екендігі анықталды.  
Сонымен,  эксперименттік  зерттеу  жұмысының  нәтижесінде  зерттеу 
болжамымызда  кӛрсетілгендей  ӛзін-ӛзі  белсендіруі  тӛмен  деңгейлі  тұлғалар  
мен  тұлғаның  жағымсыз  қасиеттері  арасындағы  тығыз  ӛзара  байланыстың 
барын  анықтадық.    Бұдан  оқытушылардың  жағымсыз  тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерінің  кӛрсеткіштерін  тұлғалық  ӛсу,  ӛзін-ӛзі  белсендіру  қажеттілігін 
дамыту арқылы түзете аламыз деген тұжырымға келеміз.   
 
2.2  Білім  беру  субъектілері    –  ЖОО  оқытушыларының  тҧлғалық-
кәсіби қасиеттері  дамуын психологиялық қамтамасыздандыру 
Қазіргі  уақыттағы  мемлекет  саясатында  білім  беру  саласының  жетекші 
ұстанымы    –    адамның  ӛмірі  мен  денсаулығын  сақтау,  жалпыадами 

104 
 
құндылықтарға  ұмтылатын  тұлға  тәрбиелеу,  тұлғаның  еркін  дамуын  басты 
мақсат  тұтатын  ізгілендіру  амалын  жүзеге  асырудан  талап  етіледі.  XXI 
ғасырдың  табалдырығында  қоғамды  ізгілендіру  үдерісі  ӛркениетті  дамудың 
негізгі  талаптарының  бірі.  ЮНЕСКО  материалында  да    XXI-ші  ғасырды 
«ағарту ғасыры» деп, әмбебаптылықтың үлгісі, эталонына айналған ізгілендіру 
амалды басты орынға қойып отыр. Білім беру жүйесін ізгілендірудің мақсаты – 
адамды,  оны  тұлғалық-кәсіби  дамыту  болып  табылады,  ӛйткені  бір  адамның 
дамуы барлық қоғамның дамуын анықтайды. 
Тұлғаға-бағдарланған  парадигма  білім  берудің  заманауи  міндеттеріне 
жауап  бере  алатын  білім  беру  кеңістігін  құрып  отыр.  Тұлғаға-бағдарланған 
модельді  дамыту  –  адамзаттың  «қоғамға-бағдарланған  модельден»  тұлғалық 
дамуды, салауатты ӛмір салтын ұстану мен рухани күшті нығайтуды кӛздейтін 
«тұлғаға-бағдарланған  модельге»  ауысып  келеді.  Осыған  орай,  әсіресе  қазіргі 
таңда «тұлғалық-кәсіби ӛсу» мәселесі ӛзектілігімен алға шықты. 
Аталған  мәселенің  ӛзектілігі  аясында  білім  мен  біліктіліктің  белгілі 
деңгейін дамытумен шектелмейді, тұлғалық сапалары мен қасиеттерін одан әрі 
дамытуға әлеуетті, ӛзін бағалай алатын, рефлексиялық талдауға бейім келетін, 
кәсіби 
іс-әрекетінде 
ӛздігінен 
білімін 
жетілдіре 
алатын, 
ӛзін-ӛзі 
белсенділендіруге  қабілетті  мамандарға  сұраныстардың  жоғарылуымен 
айқындалып отыр. Н.В.Кузьмина кемелденген адамдардың кәсіби іс-әрекетінде 
жетістікке жетуін қамтамасыз ету – білім беру жүйелерінің ғана емес, олардың 
ӛзара  жүйелерін,  ӛзара  әрекеттерін  реттеу,  жалпы  алғанда  қоғамды  тұрақты 
дамытудың кепілі, екендігін анықтаған болатын [171]. 
Ұлт  жоспары  «100  нақты  қадам»  әлемдік  бағдарламасында  Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаев: 
«Ұлттың 
дамыған 
мемлекеттердің отыздығына кіруі үшін
  адам капиталының сапасын кӛтеруіміз 
қажет, бұл біздің негізгі байлығымызға айналмақ екенін», - айтты [6]. 
Ал,  әлеуметтану  ғылымдарының  профессоры  В.А.Занятин:  «Адамзат 
капиталын қалыптастыру және дамыту – күрделі және ұзақ үдеріс, сол себепті 
оған  кешенді,  жүйелі  бағытты  ұйымдастыруымыз  қажет»  –    деп,  адам 
қабілетінің құрылымында ӛзара байланысты, бір-бірімен айқындалатын негізгі 
базалық бірнеше элементтерді бӛліп кӛрсетеді: 
физиологиялық – денсаулығы, шыдамдылығы, біліктілігі мен дағдылардың 
жиынтығы; 
психологиялық  –  темпераменті,  мінезі,  ерік-жігері,  жауапкершілік  сезімі 
және т.б; 
зияткерлік  –  ақыл-ойдың  дамуы,  білімінің  деңгейі,  жалпы  және 
экономикалық мәдениеті, еңбек моралі; 
әлеуметтік  –  құндылық  бағдарлары,  қызығушылықтары,  еңбекке  қарым-
қатынасы және тұлғааралық қарым-қатынасы [173]. 
Қарап  тұрсақ,  аталған  элементтер  жеке  адамның  тұлғалық-кәсіби  ӛсуін, 
дамуын айқындап тұрғандай.  
Біздің ойымызша, оқытушылардың тұлғалық-кәсіби ӛсуі,  дамуы олардың 
практикалық  психология  бойынша  білім  меңгермейінше  мүмкін  емес.  Ӛз 

105 
 
кезеңінде ұлы ұстаз К.Д.Ушинский «Психология педагогикаға қосымша жүреді, 
әрі  ӛзінің  қажеттілігімен  барлық  ғылымдар  ішінде  бірінші  орында  тұрады»  – 
десе,  Л.С.Выготский:  «Болашақта  кез-келген  мұғалім  кәсіби  жұмысын 
психологияның  білімдеріне  сәйкес  құратын  болады»  -  деп,  психологияның 
педагогикалық  іс-әрекеттегі  ӛзектілігін  кӛрсеткен  [174,  228  б;  175,  341  б]. 
Ш.Құдайбердиев  «Тіршілік  -  жан  туралы»  еңбегінде:  «Сонша  білімді 
адамдардың  ӛзі  ӛздерінің  кім  екендігін  анықтай  алмай  жүр.  Ӛзіміздің  кім 
екенімізді  білу  үшін  «Психология»  атты  ғылыми  кітапты  оқымасақ,  жанның 
сырын  анықтап,  қасиеттерін  білмесек,  ӛзіміздің  кім  екенімізді  анықтай 
алмаймыз» [176, 172 б] – деп, бұл ғылымның адамның мінез-құлқын түзетуде, 
ӛзін-ӛзі тануда маңызын айқындап тұр. Бұл – әлемдегі ӛзінің орнын табуы, ӛзін-
ӛзі  тануы,  ӛзінің  мақсатына  ұмтылуы,  үнемі  ӛзін-ӛзі  белсендіруі  мен  ӛзін-ӛзі 
дамытуы,  ӛзінің  қорқыныштары  мен  жағымсыз  эмоцияларымен  күресуі,  ӛзін 
жеңуі, ӛзін жүзеге асырудың жолдарын іздеу. 
С.Л.Братченконың  ғылыми  идеяларында  тұлғалық  ӛсу  –  еркін  болу,  ӛзін 
және  ӛмір  жолын  таба  білуі,  барлық  негізгі  тұлғалық  қасиеттерін  белсендіру 
және  дамыту  дейді.  Зерттеуші  үшін  тұлғаның  ішкі  әлемі  сыртқы  әлемімен 
салыстыра қарағанда маңызды емес. Адам үшін ӛзге адамның тарапынан оның 
ішкі әлемін сыйлап, құрметтеуі мен қабылдауы маңызды. Демек, тұлғалық ӛсу 
тек  тұлғааралық  тұлғаішілікпен  басылмаған  жағдайда  ғана  мүмкін  болады  
[177]. 
Осыған  байланысты  С.Л.Братченко  тұлғалық  ӛсудің  тұлғаішілік  және 
тұлғааралық кӛрсеткіштерді бӛледі. 
Тұлғааралық кӛрсеткіштерге: 

 
 ӛзіне, ӛзінің мүмкіндігіне сенімді білдіретін ӛзін-ӛзі қабылдауы; 

 
 ішкі  әсерлерге  ашықтығы,  яғни  ӛзінің  ішкі  әлеміндегі  құбылыстарды 
субъективті  түсіну  қабілеті.  Адам  неғұрлым  жан-жақты,  кемелденген  сайын, 
соғұрлым бұрмаланған әсерлерге тәуелсіз болады. 

 
 ӛзін түсіну, ӛзі, ӛзінің күйі (тілектері, қалауы, ойлары, т.б), сезімі туралы 
пікірі,  ойы;  жалған  бетперде,  рӛлдер,  қорғаныс  қабаттарынан  ӛзін  кӛру  және 
есту қабілеті; баламалы және иілгіш «Мен» тұжырымдамасы, «Мен»  шынайы 
және  «Мен»    идеалды  арасының  жақындығы,  ӛзгерістер  мен  жаңа 
тәжірибелерге сезімталдығы; 

 
 жауапкершілікпен  таңдау;  ӛзінің  таңдау  еркіндігіне  ие  екенін  саналы 
түсініп  қабылдауы,  жауапкершілік  алуы.  Бағалаудың  ішкі  локусы  – 
құндылықтарды  таңдай  білуі,  бағалау  жауапкершілігі,  сыртқы  ықпалға 
тәуелсіздігі. Соңғысы ӛзіне адал болу, ӛзінің дербестігі мен ӛзіндік ерекшелігі, 
ӛзін-ӛзі белсендіру алдында жауапкершілігі; 

 
 тұтастығы – автор бойынша тұлғалық ӛсудің негізгі бағыты, тұлғаның 
ішкі әлемінің біртұтастығын білдіреді. Тұтастық пен бәсекелестік  адам ӛмірін 
тиімді реттеудің қажетті шарты. 

 
 динамикалық  –  үздіксіз  ӛзгеру  үдерісінде  орын  алатын  тұлғаішілік 
бірлік, сәйкестік, ӛйткені жетілген тұлға – қалыптасу үдерісіндегі тұлға, яғни 

106 
 
тұлғаның  ӛсуі,  ӛмір  сүру  тәсілі.  Сол  себепті  де    тұлғалық  ӛсудің  маңызды 
шарты динамикалық болып табылады. 
Тұлғалық ӛсудің интерперсоналдық кӛрсеткіштеріне: 
 ӛзгелерді  қабылдау  –  ӛзге  адамдарға  деген  қарым-қатынасының 
динамикасы. Тұлға неғұрлым жетілген сайын, соғұрлым адамдардың болмысын 
табиғи күйінде қабылдауға қабілетті болады. 
 ӛзгелерді  түсіну  –  жетілген  тұлға  сенім-нанымдар  мен  стереотиптерге 
тәуелсіз  болады,  қоршаған  ортаны  баламалы  қабылдайды.  Тұлғалық  ӛсудің 
негізгі  кӛрсеткіші  –  тұлғааралық  қарым-қатынаста  ӛзгелерді  түсіне  алуы  және 
кӛңіліне ортақтаса білу қабілетімен ерекше.  
 әлеуметтенушілік  –  адамның үнемі  фундаменталды ұмтылысы,  тұлғалық 
ӛсу – нәтижелі әлеуметтік ӛзара қарым-қатынастарға әкеледі. Адам ӛзгелермен 
қарым-қатынасқа  ашық  және  табиғи  кейпін  сақтайды,  тұлғааралық  қарама-
қайшылықтарды құзыретті шешуге қабілетті, ӛзгелермен үйлесімді ӛмір сүруге 
тырысады. 
 шығармашылық бейімделу – жетілген тұлғаның негізгі кӛрсеткіші, ӛмірлік 
мәселелерді  қабылдауға  дайын  және  оларды  шеше  алуы,  барлық  ішкі 
мүмкіндіктерін пайдалана отырып, жаңа жағдайға шығармашылық бейімделуі. 
 «Кейде  түрлі  ӛмірлік  тәжірибелер,  жағымды  жағдайлар  мен  қолайлы 
сәттердің  нәтижесі  тұлғаішілік  ӛсудің  биік  шыңдарына  ӛздігінен  шығаруына 
себеп болады. Алайда, кӛп жағдайларда бұл ӛте баяу жүретін үдеріс. Кез-келген 
сәтте  оны  саналы  іс-әрекеттер  мен  мақсатқа  бағытталған  белсенді 
техникаларды  қолдана  отырып,  жылдамдатуға  болады»  деген  Р.Ассаджолидің 
пікірімен  келісе  отырып,  біз  білім  беру  субъектілерінің  тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерін  дамыту  үшін  психологиялық  қамтамасыздандыру  мәселесін 
ғылыми негіздеуге кӛшеміз. 
Бүгінгі  таңдағы,  ғылыми  әдебиеттерді талдай отырып,  біз психологиялық 
қамтамасыздандыру  үдерісі  (Ж.Ы.Намазбаева,  Н.С.Ахтаева,  Н.Б.Жиенбаева, 
С.М.Джакупов, 
Х.Т.Шерьязданова, 
А.Т.Акажанова, 
А.Р.Ерментаева, 
Л.О.Сарсенбаева    т.б)  оқытушылардың  әлеуетті  мүмкіндіктерін  ашатын, 
тұлғалық  ӛсуін  қамтамасыз  ететін,  жоғарыда  айтылған  (1.3)  тұлғалық 
кӛрсеткіштерді  мақсатты  дамыту-түзетуге  болатынын  дәйектеген  біршама 
жұмыстардың барын байқадық.  
Кәсіби  іс-әрекетті  психологиялық  қамтамасыздандыру  И.В.Дубровина, 
И.В.Вачков,  Т.А.Подольский,  А.И.Шнейдер  т.б  еңбектерінде  кәсіби  іс-
әрекеттің,  ӛндірістің  тиімділігін  жоғарылату,  еңбек  ұжымының  моральді 
климатын жақсартуға бағытталған әдістер жүйесі деп беріледі [171, 172]. 
Кәсіби  дыярлау  саласын  психологиялық  қамтамасыздандыру  мәселесімен 
айналысқан  Г.С.Никифорова,  М.А.Дмитриева,  Л.Н.Корнеева  бойынша 
психологиялық  қамтамасыздандыру  дегеніміз  –  онтогенездің  барлық 
кезеңдерінде 
кәсіби 
іс-әрекеттің 
тиімділігін 
арттыруға 
бағытталған 
психологиялық  білімдер  жүйесі  мен  психологиялық  әсер  ету  әдістерінің 
жиынтығы [172, 172-184 б]. 

107 
 
Сонымен,  психологиялық  қамтамасыздандыру  –  адамның  үйлесімді 
дамуы,  табысты  жұмыс  жасауы  мен  оқуы  үшін  нақты  әлеуметтік  ортада 
әлеуметтік-психологиялық  шарттарды  құруға  бағытталған,  әлеуметтік-
психологиялық  қамтамасыздандырудың  шеңберінде  қолданылатын  дербес 
диагностикалық,  қалыптастырушы  және  түзету  технологиясынан  тұратын 
кешенді кӛмек кӛрсету үдерісі. 
Зерттеу  жұмысымыздың  нысанына  сәйкес,  тұлғалық-кәсіби  ӛсуді 
ұйымдастыру  –  оқытушылардың  тұлғалық,  кәсіби  құзыреттілігін  жоғарылату, 
психологиялық мәдениетін қалыптастыру мен дамыту бойынша ӛздігінен білім 
алуына  бағдар  беру  және  ӛзін-ӛзі  белсендідіруіне  қажеттілігін  арттыруға 
бағытталған  шаралар  жүйесінің  жиынтығы.  Қазақстанда  білім  беру  үдерісінің 
субъектілерін  психологиялық  қамтамасыздандыру  мәселесі  Ж.Ы.Намазбаева, 
С.М.Джакупов, 
Х.Т.Шерьязданова, 
А.Т.Акажанова, 
А.Р.Ерментаева, 
Л.О.Сарсенбаева,  Н.С.Лавриненко  т.б  ғалымдар    еңбектерінде  қарастырылып, 
дамыту модельдері нәтижелі қолданылып келеді. 
Білім  беру  субъектілерін  психологиялық  қамтамасыздандырудың  негізгі 
шаралары  психологиялық  мәдениетті  және  психологиялық  құзыреттілікті 
жоғарылату бойынша психологиялық ағарту ісі,  психологиялық зерттеу, кеңес 
беру, дамытушы-түзетуші жұмыстарынан тұрады. 
Психологиялық  ағарту  жұмыстары  –  білім  беру  субъектілерінің 
психологиялық  білімге  қажеттіліктерін  қалыптастыру,  ӛзіндік  даму  үдерісінде 
қолдану  дағдысына  қызығушылықтарын  ояту,  үйлесімді  тұлғалық  даму  үшін 
орта  құру,  тұлғаның  тұрақтану  барысында  мүмкін  болатын  бұзылыстардың 
алдын алу. 
Психологиялық ағарту жұмыстарының негізгі мәні: 
білім  беру  субъектілеріне  тұлғаның  үйлесімді  психикалық  даму 
заңдылықтарымен таныстыру; 
жаңа психологиялық зерттеулердің нәтижелерін түсіндіру; 
психологиялық  білімге  қажеттілігін  қалыптастырып,  ӛзіндік  дамуға 
қызығушылығын ояту. 
кәсіби  іс-әрекетінде,  қарым-қатынаста  ӛзін,  ӛзінің  мәнін  түсіну  дағдысын 
қалыптастыру [172, 172-187 б]. 
Оқытушыларға  психологиялық  ағарту  шаралардың  мақсаты  –  оқыту-
тәрбиелеу үдерісін ізгілендіруге қажетті психологиялық білім, білік пен дағды 
қалыптастыру,  педагогикалық  ұжым  мен  студенттік  ортада  үйлесімді 
психологиялық жағдай құрудың мәні мен тиімділігі туралы ақпарат беру. 
Психологиялық  зерттеу.  Оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерінің 
даму  деңгейлерін  анықтау  үшін  мониторинг  ӛткізу.  Оқытушылардың 
психограммасына сәйкес кәсіби маңызды қасиеттерді ӛлшеу
Кеңес  беру  жұмыстары.  Оқытушыларға  тұлғалық-кәсіби  даму, 
денсаулықты  сақтау,  жұмысқа  қабілеттілікті  жоғарылату  мәселелері  бойынша 
кеңес  беру  жұмыстары.  Кәсіби  іс-әрекетке  бейімделу  мәселелері  бойынша 
әдістемелік 
нұсқаулар 
дайындау, 
оқытушылардың 
тәжірибесі 
мен 
ерекшеліктерін  ескере  отырып,  оқыту-тәрбиелеу  үдерісін  ұйымдастыру, 

108 
 
педагогикалық 
ортада 
және 
оқыту-тәрбиелеу 
үдерісінде 
жағымды 
психологиялық  ортаны  қалыптастыру.  Жекелік  бағдарламаларды  ӛңдеу 
бойынша ағартушылық жұмыстар дайындау т.б.  
Дамытушы-түзетуші жұмыстар. Оқытушылардың тұлғалық-кәсіби даму 
бойынша кӛмек кӛрсету. Педагогикалық ортада ӛзара қарым-қатынас мәселесі 
бойынша  қолдау  кӛсету.  Кәсіби  іс-әрекеттегі  дағдарыстық  кезеңдерде  қолдау 
кӛрсету.  Дамытушы-түзетуші  тренингтік  сабақтаржүргізу:  мақсатқа  жету 
мотивациясын,  ӛзіне  сенімділігін    жоғарылату;  дау-дамайларды  тиімді  шеше 
алу; кәсіби іс-әрекетте психологиялық денсаулықты сақтау мәселелері бойынша 
білімдер жүйесін қалыптастыру. Дамыту тренингтік бағдарламаларын мақсатты 
қолдануға  баулу.  Адекватты  кәсіби  ӛзіндік  сананы  қалыптастыру  және  оны 
түзету.  Кәсіби  іс-әрекетте  психологиялық  қиыншылықтарды  жеңу  бойынша 
жағымды қондырғы қалыптастыру. 
Сонымен,  ЖОО  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  дамытуды  психологиялық 
қамтамасыздандыру  –  оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  дамуының  әр 
кезеңінде  психологиялық  ерекшеліктерін  және  тұлғалық  деңгейлерін  ескере 
отырып,  кәсіби  санасын  дамытатын,  қалыптастыратын,  түзететін,  зерттейтін 
кешенді үдеріс. 
Маман бойындағы тұлғалық-кәсіби қасиеттер, сапалар ӛмір бойы дамиды. 
Психологияда  «даму»  түсінігі  ӛмір  сүру  барысында  пайда  болатын 
ӛзгерістер  мен  жағдаяттардың  реттілігі  [181,  305  б]  деп  қарастырылады.  Ал 
педагогикада  тұлғаның  дамуы  -  ішкі  қарама-қайшылықтармен,  индивидтің 
психофизикалық 
ерекшеліктерімен, 
әлеуметтік 
жағдаяттармен 
детерминацияланған  үдеріс,  дамудың  ішкі  үдерісі  мен  сыртқы  шарттардың 
ерекше ӛзара байланысы, ӛзін-ӛзі жетілдіруге бағытталған ӛзіндік белсенділігі 
[34,  201  б].  Адамның  алғашқы  белсенділігі  жеке  ӛмір  жолында  түрлі  мәселелі 
жағдаяттарда дұрыс және тиімді шешімді тауып, оны жүзеге асыру қажеттілігі 
туындаған кезіндегі адамның күйзелістерін бастан кешкенде, қолы жеткен және 
қажетті  даму  деңгейінің  арасындағы  ішкі  қарама-қайшылықтардан  тұрады. 
Даму  нәтижесінде  оның  құрамы  немесе  құрылымы  ӛзгеретін  объектінің  жаңа 
сапасы  пайда  болады.  Сонымен,  «дамыту»  түсінігі  психологиялық-
педагогикалық астарында алға қарай қозғалыс түсінігімен анықталады. 
Аталған мәселеге сәйкес, біз оқытушылардың тұлғалық-кәсіби қасиеттерін 
дамытуды 
тұтас 
психологиялық-педагогикалық 
үдеріс 
деп 
қарастырамыз.Оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерін  дамыту  тұлғалық 
және кәсіби ӛсу деңгейлерін жоғарылатуға бағытталған  біртұтас үдеріс. 
Зерттеу  жұмысымыздың  нысанына  оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерін дамыту жатыр. 
Алдымен,  зерттеу  жұмысымыздың  негізгі  мақсаты  бойынша    сүйенетін 
әдіснамалық амалдарды анықтадық:  субъект-субъектілік, ізгілендіру жүйелі-іс-
әрекеттік, тұтастық, кешендік, акмеологиялық. 
Субъект-субъектілік  амал  (И.А.Зимняя,  Б.Ф.Демченко)  –  бұл  субъект-
субъектілік  қатынастарға  негізделген  білім  беру  үдерісінде  білім  беретін 
мамандардың  басымдығына  сүйенетін  оқыту  формасы.  Зерттеу  мәселемізге 

109 
 
сәйкес  аталған  амал  білім  берудің  келесі  міндеттерін  шешеді:  оқыту  үдерісін 
белсендіру, оқуға мотивациясын жоғарылату, ойлауды белсендіру, білім алушы 
мен  білім  беруші  арасындағы  бӛгеттерді  бұзу,  диалогтік  қатынастарды 
жоғарылату,  тұлғалық,  кәсіби  қасиеттердің,  ынтымақтастыққа  ұмтылыстың 
және әлеуметтік белсенділіктің байқалуына ықпалдасу. 
Ізгілендіру 
амалы 
 
(Ж.Ж.Руссо, 
К.Роджерс, 
Н.К.Крупская, 
В.А.Сухомлинский,  А.А.Бейсенбаева).  Зерттеу  жұмысымызда  К.Роджерстің 
гуманистік  теориясын  басшылыққа  алдық.  Бұл  теорияға  сәйкес,  әр  ағза  ӛз 
ӛмірін  сақтап,  жақсартуға  ұмтылады.  Адам  мінезінің  негізін  туғаннан  іске 
асатын жағымды конструктивті имульстер құрайды. Ӛмірлік тәжірибеде басқа 
адамдармен  қатынас  жасау  арқылы  адамға  қатысты  ӛзгелер  тарапынан  ӛзі 
туралы  түсініктер  қалыптасады,  ол  «Шынайы  Менмен»  анықталады.  Ӛзінің 
мүмкіндіктерін  іске  асыру  нәтижесінде  адамның  қалауы  негізінде  «Идеалды 
Мен»  қалыптасады.  Осы  «Идеалды  Менге»  «Шынайы  Мен»  жақындауға 
ұмтылады.  Адам  бойында  ӛзін-ӛзі  сыйлау  мұқтажы  бар,  сондықтан  ол 
адамдардың  ӛзіне  деген  оң  қатынасын  алуға  тырысады.  Тұлға  тепе-теңдік 
сақтау үшін оның «Шынайы Мені» және оның сезімдері, ойлары, мінез-құлқы 
келісімді болуы керек. Міне, ӛзін-ӛзі белсендірудің мәні осында.  
 
 
Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасына негізделген тұтастық 
амал  бойынша  психикалық  дамудың  негізгісі  функция  аралық  және 
жекеүдерістердің ӛзара байланысы басшылыққа алынады. Мұнда интеллект пен 
аффектінің ӛзара қатынастарының ӛзгерісінің маңыздылығы туралы айтылады. 
Зерттеуші  бойынша  психика  дамуының  барлық  кезеңдерінде  интеллект  пен 
аффектінің  ӛзара  бірлігі  сақталады.  Бұл  байланыс  динамикалық  және  үнемі 
ӛзгеріп отырады. Бұған қоса, психикалық дамудың әр кезеңінде ӛзіне тән тұтас 
және  ажырамайтын  динамикалық,  мағыналы,  жүйелік  құрылымдар  болады. 
Интеллект  пен  аффектінің  бірлігі  мәселесі  Л.С.Выготский  бойынша  адамның 
жанама  мінез-құлығы  мен  оны  реттеу  үдерісін  қамтамасыз  ететін  психикалық 
дамудың  негізі  ретінде  қарастырылады.  Аталған  қағида  психиканың 
тұтастығымен  түсіндіріледі.  Мәдени-тарихи  теория  психикалық  қызметтердің 
сыртқы 
әлеуметтіктен 
жекелік-психологиялыққа 
(ішкі) 
ауысуымен 
айқындалады. 
Л.С.Выготский  тұтастық  амалды  дамыта  отырып,  тұлғаның  жасаралық 
және  жекелік  ерекшеліктерін  анықтайтын,  ішкі  және  сыртқы  шарттардың 
арақатынасын  түсіндеретін  дамудың  әлеуметтік  жағдаяты  түсінігін  еңгізді. 
Тұлғаның дамуы «интеллектуаландыру» және «волюнтеризация» үдерістерінен 
тұрады. Мұнда адамға ғана тән ерекше түрткі күш болатын жоғары психикалық 
қызметтердің  жүйесі  пайда  болады.  Тұлға  неғұрлым  ортаның  мүмкіндіктерін 
пайдаланған сайын, соғұрлым ӛзіндік дамуы белсенді және еркін жүреді. Адам 
үшін  орта  –  ықпал  ететін  шарттар  мен  әсерлердің  кешені,  табиғи  әлеуметтік 
қоршаған  ортасы.  Осы  таңда  оқытушылардың  алдына  педагогикалық  іс-
әрекеттің  әлеуметтік  сұраныстарынан  туындаған  маңызды  талаптарды  шешу 
міндеттерін қойып, бойындағы тұлғалық-кәсіби қасиеттерді ӛз бетімен, дербес 
дамыту қажеттіліктерін қалыптастыру маңызды. 

110 
 
Аталған  амалға  сәйкес,  оқытушылардың  тұлғалық-кәсіби  қасиеттерінің 
кӛрсеткіштері бір-бірімен байланысты және бір қасиеттің дамуы ӛзге қасиеттің 
дамуына  немесе  тӛмендеуіне  әкеледі.  Бұдан  оқытушылардың  тұлғасы 
тұтастығымен  айқындалатынын  байқаймыз.  Психологияда  барлық  тұтас 
объектілер  кеңістік  пен  уақыт  континиумында  динамикалық  жүйеде  үздіксіз 
жүреді. 
Сонымен,  тұтастық  амал  танымдық  және  эмоционалды  аспектілерінің 
ӛзара  іс-әрекетте  және  бірлікте,  ӛзара  байланыста  жүзеге  асырылуына 
мүмкіндік береді. 
Кешендік (Ж.Ы.Намазбаева) амалға сәйкес, дамудың әр кезеңінде ӛзіне тән 
кӛрсеткіштер мен деңгейлер болады. Осы таңда кешенді кӛмек кӛрсету үдерісі 
тұлғаның үйлесімді дамуына мүмкіндік береді. 
Жүйелік-іс-әрекеттік  амал  (А.Н.Леонтьев,  Д.Б.Эльконин,  П.Я.Гальперин) 
адамның  психологиялық  қабілеттері  сыртқы  заттық  іс-әрекетті  бірізділі 
ӛзгертулер арқылы ішкі психикалық әркетке айналдыру нәтижесі деген ережеге 
сүйенеді.  ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық-кәсіби  дамуы  олардың  қызметін 
ұйымдастыру сипатымен анықталады. Жалпы алғанда, ЖОО оқытушыларының 
тұлғалық-кәсіби  қасиеттерінің  дамуында  жүйелік-іс-әрекеттік  амал  білім 
берудің  ең  басты  міндеттерін  шешеді  –  үйлесімді,  адамгершілік  тұрғыдан 
жетілген,  әлеуметтік  белсенді,  кәсіби  құзыретті  және  ішкі  қорлары  арқылы 
ӛздігінен дамитын тұлға дамуына жағдайлар жасау. Жүйелік-іс-әрекеттік амал 
тұлға дамуына, оның азаматтық ұқсастығын қалыптастыруға бағытталған, білім 
берудің  жаңа  стандарттарының  негізін  құратын  құндылық  бағдарларды 
анықтауға кӛмектеседі. 
Акмеологиялық 
 
(Н.Ф.Кузьмина, 
Т.М.Мажикеев, 
Н.А.Тифантиди, 
В.Н.Максимова,  А.А.Деркач,  А.А.Реан,  Н.В.Кузьмина)  –  тұтас  адамды 
шығармашылық, оқу-танымдық, кәсіби (дәріс беру) және басқару іс-әрекетінің 
субъектісі ретінде зерттейді. 
Сонымен, жоғарыда аталған амалдар негізінде тұлғалық ӛсуге бағытталған 
психотехнологиялық дамытушы-түзетуші бағдарламасының әдістемесі ӛңделді. 
Қазіргі  таңда  білім  беру  жүйесін  психологиялық  қамтамасыздандыру 
үдерісінде инновациялық психотехнологиялық әдістер қарқынды дамып келеді.  
Инновациялық  технология  [178-181]  –  жаңа  еңгізілімді  жүзеге  асыратын 
әдістер  мен  құралдардың  жиынтығы  болып  табылады.  Инновациялық 
психотехнология  тұлғалардың  бәсекеге  қабілеттілігін  жоғарылату  мақсатымен 
инновацияны 
меңгеруге, 
игеруге, 
таратуға 
бағытталған 
ғылыми, 
қаржыландыру, технологиялық және т.б шаралардың жиынтығынан тұрады.  
Инновациялық  психотехнология  –  қазіргі  уақытта  оқыту-тәрбиелеу 
үдерісінің  тиімділігін  жоғарылатуға  әкелетін,  білім  беру  субъектілерінің  іс-
әрекеттегі 
белсенділіктеріне 
қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
үшін 
диагностикалық, дамыту, түзету және алдын алуға арналған жүйелі үдеріс.    
Психотехнологияның  кӛптеген  тәсілдері  бар  және  зерттеу  мақсатына 
сәйкес  қолдану  түрлері  де  ауқымды.  Біз  акмеологиялық  амал  шеңберінде 
А.П.Ситников  [181]  ӛңдеген  психотехнологияға  сүйенеміз.  Оның  бұл  үлгісі 

111 
 
П.Я.Гальпериннің  ақыл-ой  дағдыларын  қалыптастыру  теориясының  негізінде 
құрастырылған. П.Я.Гальперин заттық іс-әрекетті түсіну және оны орындай алу 
қабілеті деп екіге бӛліп қарастырады.   
А.П.Ситников  «психотехнологияның»  тӛрт  анықтамасын  берді.  Негізгі 
анықтамасы  бойынша  психотехнология  дегеніміз  –  іс-әрекеттер  мен 
операциялардың жиынтығы болып табылады:  
 ретке  келтіріліп  жүзеге  асырылатын  іс-әрекеттер  мен  операциялар 
ретіндегі  психотехнология  немесе  басқаша  оны  «психотехнологияны  жүзеге 
асыру» деп атайды; 
 бірізді  мақсатқа  бағытталған  нақты  іс-әрекеттер  мен  операциялардың 
жиынтығын ұйымдастыру тәсілі ретіндегі психотехнология; 
 мақсатқабағытталған 
жүйелі  іс-әрекеттердің  ғылыми  құралдарын 
сипаттау,  олардың  ретін  анықтау,  тиімді  қолдануға  мүмкіндік  беретін  іс- 
әрекеттерді 
ұйымдастыру 
тәсілдерінің 
заңдылықтарын 
зерттейтін 
психотехнология. Бұған «психотехнологиялық зерттеуді» жатқызуға болады. 
 тәжірибеде 
іске  асыру  мақсатын  кӛздейтін  іс-әрекеттер  мен 
операцияларды  ұймдастыруды  жүзеге  асыратын  тәсілдерді  сипаттаудың 
нәтижесі. Бұл психотехнологияның мазмұнымен түсіндіріледі.   
Сонымен, 
психотехнология 
– 
тұлғаның 
дамуына 
бағытталған 
психологиялық әсер ету әдістерінің жүйесі.    
Зерттеу  барысында  ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық  ӛсуіне  арналған 
психотехнологияның дамытушы-түзетуші бағдарламасының мазмұны  жасалды 
(Кесте 14). 
Кесте  14  -  ЖОО  оқытушыларының  тұлғалық-кәсіби    ӛсуіне  бағытталған 
психотехнологиялық дамытушы-түзетуші бағдарламасының мазмұны 
Бағдарламаның 
мақсаты 
Кезеңдер
і 
Шараның 
түрлері 
Бағыттары 
Құрылымы 
ЖОО 
оқытушыларын
ың 
баспатқы 
тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерінің 
деңгейлерін 
анықтау 
I.1 Д
ай
ын
дық
 
 
 
 
Д
иа
гн
ос
ти
ка
ла
у 
ЖОО 
оқытушыларының 
ӛзін-ӛзі 
белсенділендіру 
деңгейлерін 
анықтау;  
Тұлғалық-
кәсіби  қасиеттердің 
ӛзбелсенділеніммен 
байланысын 
анықтау, 
нәтижелерін 
шығару 
 
II
.1Диагн
ос
ти
ка
 
лық
-жоба
ла
ушы;
 
 

112 
 
Тұлғалық-
кәсіби 
ӛсуге 
бағытталған 
шаралар 
жүйесін 
мақсатты 
жүргізу 
I.2 Д
ам
ытушы

үз
ет
уші
 
 
 
Да
м
ытушы

үз
ет
у 
жұм
ыс
та
ры
 
Психотехнологиялар 
(Миға  шабуыл,  Ашық 
кеңістік, 
Аквариум, 
Кейс-стади, 
рӛлдік 
ойын т.б) 
ӘПТ 
II
.2 Мот
ива
ци
ялық:
 
II
.3 Ма
зм
ұн
дық;
 
II
.4Ұй
ым
да
ст
ыруш
ылы
қ 
Кәсіби 
іс-
әрекетке  қажет 
психологиялық 
білімдер 
қалыптастыру 
Пс
ихологи
ял
ық  к
ең
ес 
бе
ру

аға
рту
 
жұм
ыс
та
ры
 
1. Дәріс оқу 
2.Психологиялық 
қамтамасыздандыру 
бойынша 
әдістемелік 
құралдар дайындау. 
ЖОО 
оқытушыларын
ың  қалыптасу 
тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерін 
анықтау 
I.3 Қорытын
дыла
у 
 
Ди
агн
ос
ти
ка
ла
у 
1.Практикалық 
және 
бақылау 
топтары 
бойынша 
оқытушылардың 
тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерінің 
қалыптасу  деңгейлерін 
анықтау.  Арасындағы 
байланыстың 
сенімділігін 
математикалық-
статистикалық ӛңдеу. 
 
II
.5 Б
ағ
ала
ушы
-
ди
агн
ос
ти
ка
лық.
 
 
 
Психотехнологиялық  дамытушы-түзетуші  бағдарламасын  жүзеге  асыру  3 
кезеңнен  тұрады:  дайындық,  дамытушы-түзетуші  және  қорытындылау.  Әр 
кезеңнің  мақсаты  мен  жүргізілу  барысы  және  мазмұны  тӛмендегі  кестеде 
берілген (Кесте 15).  
 
Кесте  15  –    Психотехнологиялық  дамытушы-түзетуші  бағдарламасын 
жүзеге асырудың кезеңдері 
 
Шараның 
кезеңдері 
Мақсаты 
Шараны жүргізу 
барысы 
Шаралардың мазмұны 
Дайындық 
кезең  
(4 сағат) 
1.Оқытушы 
лардың 
тұлғалық-
кәсіби 
қасиеттерін 
дамытуға 
арналған 
психологиялық
-педагогикалық 
орта құру. 
 
Дамытушы-түзетуші 
бағдарламасының 
мақсаты, 
міндеттерін 
анықтау.  
Психодиагностика-лық 
зерттеулердің 
нәтижелерін шығару;  
Дамытушы-түзетуші 
бағдарламасының 
мазмұнын ӛңдеу.  
1. Кіріспе 
2. Танысу 
3.Оқытушылардың  
мотивацияларын қалыптастыру; 
4.Психодиагностикалық 
жұмыстар;  
5.Анықтаушы эксперимент; 
6.Қалыптастырушы 
экспериментке  дейінгі  бақылау 
және практикалық  
топтарды іріктеу, тұлғалық- 
кәсіби 
қасиеттерінің 
деңгейлерін  анықтау,  ӛзара 
байланыстарының 

113 
 
ерекшеліктерін ашу. 
Дамытушы-
түзетуші 
кезең   
(36 сағат) 
Барлығы  
3 сағаттан 12 
күнге 
арналған  
 
Бағдарламаның 
мақсатына 
сәйкес 
шараларды 
жүргізу. 
Психологиялық  ағарту 
жұмыстары,  
диагностика, 
ӘПТ, 
психотехнологияла,  
тұлғалық 
мәселе 
бойынша  кеңес  беру 
жұмыстары. 
1. Кіріспе 
2.Танысу 
3. Қыздыру сәті 
4.Дамытушы-түзетуші шаралар 
5. Қорытындылау 
 
Қорытынды 
лау  
(4 сағат) 
Оқытушылард
ың  тұлғалық-
кәсіби  дамыту 
бойынша 
ақпараттар 
беру.  
Тұлғалық-кәсіби 
қасиеттерінің 
динамикасын анықтау.  
 
1. Кеңес беру жұмыстары. 
2.Эксперименттік  топқа  қайта 
психодиагностикалық 
жұмыстар 
жүргізіп, 
экспериментке  дейінгі  және 
эксперименттен  кейінгі  зерттеу 
нәтижелерін 
салыстыру. 
Математикалық талдау жүргізу. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет