Куанжанова кундыз тугелбаевна



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата30.03.2017
өлшемі2,06 Mb.
#10604
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
«сапа»  және  «қасиет» 
терминдері қарастырылады.  Ӛйткені ғылыми әдебиеттерде кәсіби маңызды 
сапалар  [109,  76б],  кәсіби  құнды  сапалар  [110],  кәсіби  негізгі  сапалар  [111], 
кәсіби  іскер  сапалар  [112],  тұлғалық  сапалар  [113,  246б],  кәсіби  қасиеттер 
[114,  27б]  және  кәсіби  негізгі  қасиеттер  [115])  ұғымдары  қолданылады.  Бұл 
бізге  не  себепті  «тұлғалық-кәсіби  сапалар»  емес,  ал  «тұлғалық-кәсіби 
қасиеттер» деп алуымызды негіздеу қажеттігін кӛрсетеді.  

43 
 
«Сапа»,  «қасиет»  ұғымдарының  мәнін  нақтылауда  осы  түсінік 
қарастырылған  философиялық,  педагогикалық,  психологиялық  әдебиеттерге 
талдау жасадық.   
«Қазақ  халқының  философиялық  мұрасы»  атты  еңбекте  қасиет  сапаның 
мазмұнды  әлеуетті  мүмкіндігі  ретінде  қарастырылған.  Мысалы,  жауынгерлік 
қасиет – жауынгерлік сапа кӛрінісі [116, 50 б] делінген. 
Ал Ә.Ыбырайым, А.Жаңабековтың қазақ әдеби тілінің сӛздігінде: «қасиет 
–  «әр  затқа,  нәрсеге  тән  айырмашылық  белгі,  сапалық  ерекшелік»,  «сапа  – 
белгілі  бір  заттың  немесе  құбылыстың  басқа  бір  заттар  мен  құбылыстардан 
ӛзгеше  қасиеті,  ерекше  айырмасы,  белгісі»  [117,  421  б;  118,  661  б]  деп 
анықталған. Н.Уәли, Ш.Құрманбайұлы, М.Малбақов, Р.Шойбековтің қазақ тілі 
сӛздігінде:  «қасиет»      адам  бойына  жаратушы  ӛзі  дарытқан  айрықша  қабілет, 
тылсым  күш,  кие,  әулиелік,  құпия  сыр,  құдырет  [119]  деп  кӛрсетіліп,  келесі 
мысал келтірілген: Еңбек - тек адамға ғана тән қасиет [120, 127 б]. 
Алғашқы болып екі түсініктің мағынасын ашқан И.Т.Огородников: «Сапа 
–  ортамен  қалыптасатын  әлеуметтік  ерекшеліктер,  ал  тұлғаның  қасиеті  –  оны 
дамытудың  табиғи  алғышарттары»  [121,  71  б]  десе,  философиялық  тұрғыдан 
И.Н.Петухов: «тұлғалық қасиеттер – биологиялық, сапалар – әлеуметтік»,-деген 
баға береді [122, 51 б]. А.П.Алексеевтің философиялық сӛздігінде [123, 137 б] 
сапа  түсінігі  ӛзіне  тән  қасиеті  арқылы  жандыларға  сырттай  баға  берумен 
сипатталады. Қасиет – кез келген белгілі бір жүйенің басқа бір жүйемен ӛзара 
әрекетке түсу барысындағы болмысының кӛріну күйі, тәсілі. Қасиет – маңызды, 
қажетті  заттарға  тән,  қайта  қалпына  келмейтін  ішкі  және  сыртқы  белгілер 
жүйесі. 
Психологияда  тұлғаның  қасиеттері  қарым-қатынас  пен  ӛзара  әрекетте 
кӛрінетін адамның ӛзіне, басқа адамдарға, қоршаған әлеміне оның субъективті 
қатынас жүйесі ретінде сипатталады [39]. 
С.О.Ожеговтың  сӛздігінде  «сапа»  –  заттар  мен  кӛріністердің  бір-бірінен 
ажыратылатын белгілері мен қасиеттердің жиынтығы болса, «қасиет» – қандай 
да бір заттың немесе бір адамның ерекше айырмашылығының белгісі, сапасы» 
делінген [125,137 б]. 
Сонымен қасиет дегеніміз – сапаны дамытудың алғышарты болса, ал сапа 
–  сол  қасиеттің  сырттай  кӛрініс  беруі.  Демек,  тұлғалық-кәсіби  қасиеттер  – 
тиімді  іс-әрекетті  жүзеге  асыруға  қажет  сапалардың  алғышарты,  әлеуетті 
мүмкіндігі,  ӛзара  әрекетке  түсу  барысында  орын  алатын  тұлғалық  ерекшелік. 
Біз  қандай  да  болмасын  қасиеттерді  атау  барысында  оның  сол  сәттегі 
тұлғалылығын  сипаттайтын  іс-әрекетінде,  мінез-құлығында  орын  алатын 
ерекшеліктерін атаймыз. 
Әрине  жоғарыда  кӛрсетілген  «сапа»,  «қасиет»  ұғымдарына  берілген 
анықтамалар  қазақ  тілінде  бұл  түсініктердің  мәні  бойынша  бірін  бірі 
толықтыра  түсетіндігін,  даму  үдерісінде  біріне  бірі  себеп  болатындығын, 
біріне бірі қажет болатындығын кӛрсетіп отыр. Маманның тұлғалық-кәсіби 
құрамында қасиетті сапасыз, сапаны қасиетсіз елестету, сондай-ақ дамыту 
мүмкін емес.  

44 
 
Дейтұрғанмен  зерттеу  барысында  философ  С.Мырзалының  «педагогикада 
тұлғаның  қасиеттеріне  адамның  психофизиологиялық  ерекшеліктері,  ал 
сапаларына  тұрақты  дүниетанымдық,  адамгершілік-саяси,  эстетикалық 
және басқа да сенім-нанымдар, сезімдер мен әдеттер жатады» деген пікірін 
басшылыққа  аламыз.  Бұл  дегеніміз  кәсіби  ұғымына  «сапа»  сӛзінің,  тұлғалық 
ұғымына «қасиет» түсінігінің жақын келетіндігін білдіреді.  
Алайда  біз,  біріншіден  «сапа»  мен  «қасиет»  сӛзін  біріктіріп  қолдану 
мүмкін еместігіне байланысты, екіншіден, зерттеу міндетіне сәйкес ӛзіміздің 
таңдап  алған  проблемамыздағы  даму  үдерісін  психотехнологиялық 
қамтамасыздандыру  мақсатында  жоғары  оқу  орны  оқытушыларының 
тұлғалық-кәсібилігі 
құрамындағы 
негіздері 
тұрғысынан 
олардың 
психофизиологиялық ерекшеліктерін зерттеуге аса ден қойғанымызды ескеріп, 
үшіншіден сапа ұғымының ӛзі адам бойындағы қасиеттерді дамытудан пайда 
болатыныдығы  мен  тұлғаны  дамыта  отырып  оның  кәсібилігін  шыңдаудың 
басымдығын  негізе  алдық.    Сол  себепті  зерттеу  пәнінің  негізгі  ұғымын 
«тұлғалық-кәсіби қасиеттер» деп алдық.  
ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерін анықтау мақсатында 
философиялық,  психологиялық  және  педагогикалық  еңбектерге  талдау 
жасадық.  
Мұғалім, тәрбиешінің тұлғасы туралы еңбектер сонау Ежелгі қиыр Шығыс 
философиясында  Қытай  ӛркениетінің  идеологиясын  құрған  –  Конфуций 
ілімінен  бастау  алады.  Кун  Фу-цзы  ұлы  ұстаз  болу  үшін,  –  дейді  мына 
қасиеттерді игеруі шарт деп, кӛрсеткен болатын. Атап айтқанда:  
1. Ӛзінше ұстаздыққа жету;  
2. Ұстаздыққа лайық биязы болу;  
3. Ұстаздыққа іштей бейімділігі;  
4. Адамдармен тіл табыса білу;  
5. Ӛз ӛсиетіне берік болуы;  
6. Ӛз уәжінде тұру;  
7. Ұстаздық даралығы;  
8. Ұстаздың еркін тәуелсіздігі;  
9. Жұмыстағы мінез-құлықтың ұстамдылығы;  
10. Ұстаз ниетінің адалдығы;  
11. Ұстаз жанының мейірімділігі;  
12. Ұстаздың ақылдыны айқындап, таланттыны қолдай білуі;  
13. Жолдасқа деген сенімділігі;  
14. Ұстаздың құрметтеуі және тӛзімділігі;  
15.  Ұстаздың  қарым-қатынастағы  тартымдылығы.  Яғни,  адамның, 
әлеуметті  жанның  әлеуметтік  ортадағы  нағыз  орны,  қызметі  анықталады. 
Адамның  табиғаты  туа  бітсе,  адам  ӛмірінің  мән  -  жайы  қоғамда  басқа 
адамдармен  қарым-қатынаста  қалыптасады,  тіпті  ашылады  [126,  86  б]  деп, 
ұстаздың  баланы  тәрбиелеудегі  алатын  рӛлінің  маңызын  кӛрсетіп  отыр.  Бұл 
қатарға «тәрбиешінің ӛзін-ӛзі тануы керек» деген  

45 
 
Сократтың  педагогикалық  ойларының  түп  негізі  адамның  ӛмірлік  мәні  – 
ӛзін адамгершілік жағынан белсенділендіруге арналып, «Мейірбан адамға» тән 
үш негізгі қасиетті атады: 1) сабырлылық; 2) ерлік; 3) әділдік [126, 334-335 б]. 
 Ал  Аристотель  ұстаздар  ӛнерпаздардан  іскерлік  әрекеттер  тұрғысынан 
емес,  жасалатын нәрсенің  себебін білгендіктен  дана болады деген  қорытынды 
жасаса  [127,  348-360б],  Цицерон  ұстаз  ӛз  шәкірттеріне  тиісті  қаталдықпен, 
әділдікпен  қарауы  керек  [127,  386-387  б]  дейді.  Ұстаздың  бойына  қажет 
қасиеттердің  маңызы  отандық  психология  және  педагогика  ғылымы  бастау 
алған  XI  -  XIVғғ.  түркі  ғұламаларының  (Ж.Баласағұни,  М.Қашқари, 
А.Жүйнеки, Қ.Ахмет Иассауи т.б.) тағылымдамаларында жалғасты. 
Әбу Насыр әл-Фараби «Қайырымды қала басшысының қасиеттері туралы» 
атты еңбегінде ӛз бойында туа біткен он екі кісілік қасиетті ұштастырған адам 
ғана  қайырымды  қаланың  бірінші  басшысы  болатынын  айтып  [10,  34-35  б] 
мұғалім  тұлғасын  әділдік,  оқушыларға  талап  қоюшылық,  қатаңдық,  зейін 
қоюшылық, ӛзіне талап қоюшылық, ерік күші, педагогикалық такт [128, 293 б] 
атты  қасиеттермен  сипаттайды.  XIX  ғасырдың  екінші  жартысында 
Қазақстандағы  психологиялық,  педагогикалық  ой-пікірлер  ұлы  демократ 
ойшылдар  Ы.Алтынсариннің,  А.Құнанбаевтың  шығармаларында  да  мұғалім 
тұлғасының маңызы кӛрсетілген. 
XX  ғасырдың  1-жартысында  Ж.Аймауытов  [127,  19-24  б].  С.Торайғыров 
[127,  346  б]  адамның  санасы  іс-әрекет  барысында  дамитынын,  оқу-тәрбие 
адамның  ӛзіндік  белсенділігін  қажет  ететінін  айта  келіп,  талант,  зейін,  зерде 
секілді  қасиеттердің  мән-мағынасын  ашады  және  баланы  іспен  ғана    емес, 
сӛзбен,  үлгімен,  ақылмен  үйретудің,  тәннің  үйлесімді  дамуының  маңызын 
кӛрсетті.  Әсіресе  ақын,  ұстаз  Ғ.Қарашев  «Педагогика»  атты  еңбегінде  кісі 
жасап шығару үшін алдымен ӛзінің бойында кісіліктің қасиеттері болуы керек 
және  кісіге  берелік  үлгі-ӛнегелі  болуға  тырысу  қажет  деген  ұлағатты  сӛздері 
зерттеу жұмысымыздың ӛзектілігін арттыра түсті. 
Аңғарып  қарасақ,  философтар,  ақын-жазушылар  оқытушының  ӛзін-ӛзі 
тануына,  шәкіртінің  бойына  дарытатын  қасиеттерін  алдымен  ӛзінің  бойында 
дамытуы  қажеттігіне,  ӛз  білімін  үнемі  жетілдіріп  отырудың  маңыздылығына 
мән берген. 
Педагог  тұлғасын  қарастыруға  арналған  психологиялық-педагогикалық 
әдебиеттерде  оқытушы  тұлғасының  кәсіби  басты  жетпістен  аса  сапалары 
анықталған. Еліміздің және ресейлік ғалымдардың еңбектерінде педагогтардың 
маңызды  тұлғалық-кәсіби  қасиеттеріне  мынадай  жан-жақты  мәселелер 
қарастырылған.  Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерде  оқытушылардың 
тұлғалық-кәсіби  қасиеттерінің  моделі  (Ж.Ы.Намазбаева,  З.Ш.Каракулова, 
Н.С.Ахтаева,  А.К.Маркова,  Л.М.Митина,  Н.Ф.Талызина,  Т.К.Есарева  т.б.), 
ӛзіндік  санасы  мен  эмоционалдығы  (И.В.Вачков,  Л.М.Митина,  Э.Ф.Зеер, 
Г.А.Карпова,  А.К.Бейсенбаева,  З.Б.Мадалиева),  педагогикалық  қабілеттері 
(Ф.Н.Гоноболин,  Н.В.Кузьмина,  В.А.Крутецкий),  педагогикалық  такті 
(И.В.Страхов), 
кіріктірілген 
сапалары 
(А.К.Маркова, 
Б.С.Тілеубаева, 
К.Т.Жансүгірова),  оқытушылардың  кәсіби  құзыреттілігі  (Н.В.Кузьмина, 

46 
 
И.Ф.Исаев,  М.В.Семенова,  А.Р.Тұрғанбаева,  Г.К.Қалтаева,  Б.Ж.Нұрбеков, 
Г.У.Сыздықбаева, 
М.С.Сапиева, 
Г.К.Құлжанбекова, 
М.А.Ғалымжанова, 
Г.И.Мұратова)  педагогикалық  шеберлігі  (Т.Ш.Маханова,  Б.Г.Ананьев, 
Ю.К.Бабанский,  Е.М.Павлютенков  т.б.),  педагогикалық  шығармашылығы 
(В.А.Кан-Калик,  Н.Д.Никандров  т.б.),  кәсіби  ӛзін-ӛзі  тәрбиелеуі,  ӛзін-ӛзі 
дамытуы  (Б.К.Альмурзаева,  Д.С.Шаяхметова,  С.Б.Елканов,  Л.М.Митина, 
Е.П.Ильина, О.В.Москаленко т.б.) жан-жақты қарастырылған. 
Білім  беру  субъектілері  таным,  іс-әрекет  және  қарым-қатынас  субъектісі 
тұрғысындағы  қасиеттерімен қоса ӛздеріне тән ерекшеліктерімен сипатталады. 
Л.В.Волкова  білім  беру  субъектілеріне  тән  арнайы  тұлғалық  ерекшелікті  үш 
топқа  бӛліп  қарастырады:  қабілет,  мотив,  ресурс.  Аталған  факторлар  үш 
субъективті белгілерге сәйкес («істей алады» - «бойында бар» - «қалауы») және 
аталған  түсіндірменің  мазмұнын  айқындайды.  Білім  беру  субъектілерінің 
қабілеті – ол не істей алады?, неге қабілетті?, білім беру жүйесінің міндеттерін 
қандай тәсілмен шеше алады? деген сұрақтарға жауап іздеуден тұрады. Қабілет 
- адамның ӛмір бойы жинақтайтын психологиялық қабілеті, бір немесе бірнеше 
іс-әрекет түрін табысты орындауға мүмкіндік беретін тұлғаның жекелік қасиеті 
[129, 63-69 б]. 
Ал  Ж.А.Жүсіпова  педагог  тұлғасының  арнайы  қасиеттері  мен  сапаларын 
келесі түрлерге бӛледі: 
- әрекетшілдік сапа (жауапкершілік, ар, намыс, еңбексүйгіштік, нақтылық); 
-  рефлексивті  сапа  (ұқыптылық,  тиянақтылық,  ӛзіне  сын  кӛзімен  қарау, 
білімпаздық); 
-  коммуникативік  сапа  (шыншылдық,  сенімділік,  ұстамдылық,  талап  қоя 
білушілік, міндеттілік); 
-  эмпатиялық  сапа  (ӛзін  түсіну, қайырымдылық, ӛзгелерді түсіну, қайғыға 
ортақтаса білу қабілеттілігі) [130]. 
Э.Ф.Зеер  педагогикалық  қабілеттер  жүйесінен  тұратын  тұлғалық 
қасиеттерге: 
- жұмысында шығармашылық тұрғыдан әрекет етуі; 
- оқушыларға педагогикалық-еріктік ықпал ете алуы; 
- оқушылар ұжымын ұйымдастыра білу қабілеті; 
- балаларға деген қызығушылық және сүйіспеншілік; 
-  сӛйлеу  әрекетінің  мазмұндылығы,  анықтылығы,  бейнелігі  және  сендіре 
білуі; 
- педагогикалық әдеп; 
- оқу пәнін ӛмірмен байланыстыра алу қабілеті; 
- байқағыштығы; 
- педагогикалық талап қоя білуді атады [106, 111-112 б]. 
Сонымен ЖОО оқытушының қабілеті – студенттерге білім беруде жоғары 
кӛрсеткіштерге жетудің шарты. 
Кәсіби  іс-әрекеттің  сұранысынан  туындаған  маманның  бойына  қажет 
кіріктірілген  тұлғалық-кәсіби  қасиеттер  бүгінгі  таңдазаманауи  деңгейдегі 
әлеуеттерін дамытуды талап етіп отыр. 

47 
 
Ж.Р.Бәшірова,  Н.С.Әлқожаева  пәндік  білімнің  жүйесін,  ғылыми  білімнің 
әр  саласы  бойынша  білік  пен  дағдыны  игеріп  қана  қоймай,  оқыту 
технологиясының  жүйесін,  оқу  қызметінің  біліктілік  пен  ӛмірлік  дағдыларды 
игеруіне  бағытталған  құралдары  мен  әдістерін  игерген  маман  ғана  жаңа  дәуір 
педагогі бола алатынын айтады [131]. 
Жалпы  алғанда,  қазіргі  таңдағы  тұлғаға  бағдарланған  білім  беру  саналы 
мақсатқа  бағытталған  ӛзін-ӛзі  дамыту  арқылы  ӛз  ӛмірінің  басшысы  болуына 
мүмкіндік беретін қасиеттерді дамытуды кӛздейді. Аталғандармен қоса, тұлғаға 
бағдарланған  білім  беру  тұлғаның  бойындағы  қасиеттерді  қалыптастырумен 
ғана  емес,  білім  беру  саласында  тұлғалық  іс-әрекеттерді  дамыту  мен  олардың 
ашылуына жағдай жасауды міндет етеді. Мұндай тұлғалық іс-әрекеттер: 

 
 уәж (іс-әрекетті қабылдау мен негіздей алуы); 

 
 орта  құру  (сыртқы  ықпалдар  мен  мінез-құлықтың  ішкі  импульсіне 
қатынасы); 

 
 қайшылық (шынайылықтардың жасырын, қарама-қайшылықтарын кӛру); 

 
 сыншылдық 
(ұсынатын 
құндылықтар 
мен 
нормалардан 
тыс 
қатынасында); 

 
 рефлексия («Мен» бейнесін ұстауы мен құрылымын жасауы); 

 
 шығармашылықтың мәні (ӛмірдің мәнін анықтау); 

 
 бағдары (тұлғаның әлем бейнесін құруы, даралық дүниетанымы); 

 
 автономдылық пен ішкі әлемнің тұрақтылығын қамтамасыз ету; 

 
 шығармашылық 
жаңғырту  (кез  келген  маңызды  іс-әрекеттерді 
шығармашылық қамтамасыздандыру); 

 
 ӛзін-ӛзі  белсендіру    (ӛзіндік  «Мен»  бейнесін  қоршаған  ортаны 
мойындатуға ұмтылысы); 

 
 тұлғалық  талаптары  мен  ӛмірлік  әрекеттерінің  руханилық  деңгейімен 
сәйкестенуін қамтамасыз ету (пайдакүнемдік мақсаттардан алшақ). 
Білім  беру  үдерісіндегі  субъектілер  әрекетіндегі  аталған  іс-әрекеттердің  
тұтастығы  олардың  ӛзіндік  қызметтерінің  тұлғалық  деңгейіне  жеткендігін 
айқындайды.  
Сонымен  тұлғаға  бағдарланған  білім  беру  оқытушыларға  мынадай 
міндеттер қояды: 
– студенттердің ӛзін-ӛзі дамытуына ықпал жасау, субъективтілігін дамыту, 
тұлғалық ӛсуін қамтамасыз ету; 
– интеллектуалды даму үдерісін қамтамасыз ету; 
– тұлға санасында тұтас әлем бейнесін қалыптастыру [136, 11-13 б]. 
Экономикалық  дамудың  кӛрсеткіштері  бірте-бірте  ӛмір  сапасының 
кӛрсеткіштеріне  ауысып,  адамзат  әлеуетін  дамыту  –  экономикалық  ӛсудің 
факторына  айналып  келеді.  Бұған  қоса,  білім  беру  мазмұнының  талаптары 
тұлғаның интеллектуалды, мәдени, ӛнегелік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, 
тұлғаның  ӛзін-ӛзі  кӛрсетуін  қамтамасыз  ету,  белсенді  іс-әрекет  субъектісіне 
қабілетті  студентті  тәрбиелеу,  ӛзін-ӛзі  белсендіру  үшін  орта  құрып,  сол  үшін 
білім беру қоғамдастықтарын бағыттап келеді.  

48 
 
Мәселен, жұмысқа қабілеттілік – кәсіби іс-әрекетте адамдардың қарқынды 
жүктемеге  тӛзу  қабілеті  емес,  ең  алдымен,  ӛзінің  жекелік  ресурстарын  тиімді 
қолданып,  энергетикалық  әлеуетін  қалпына  келтіру  икемділігі;  құзыреттілік  – 
кәсіби дүниетанымы мен оның практикалық қосымшасы ғана емес, бұған қоса 
үздіксіз  үнемі  ӛздігінен  білім  алу  мен  ӛзін-ӛзі  дамыту  қабілеті,  белсенділігі; 
қарым-қатынасшылдық  –  адамдармен  байланысқа  түсу  икемділігін  сипаттап 
қана қоймай, адамды түсіну, біртұтас күйінде қабылдап, ӛзара нәтижелі қарым-
қатынас құра білу әлеуеті. 
Педагогикада  оқытушы  тұлғасын  түсіндіруде  және  оның  құрылымын 
анықтауда типологиялық амал орын алған. Бұл амалдың басты мәні орын алған 
кӛптеген  эмпириялық  құбылыстарды  жүйелеу  негізінде  кейбір  маңыз  заттар 
туралы болжамдар жасау. Педагогтың кәсіби типтерін айқындауда білім алушы 
тұлғасына  бағытталу  деңгейі  (В.Н.Сорока-Росинский),  педагогтың  «пән 
оқытушы»  немесе  «тәрбиелеуші»  типіне  бағытталуы  (Н.А.Тарасова)  есепке 
алынады. 
Білім 
беру 
субъектілері 
педагогикалық 
үдерістің 
басқа 
субъектілеріменӛзарабайланыста,  олардың  еңбегін  бағалауда  және  т.б.  білім 
алушы  туралы  тұтастық  түсінігін  ұстанады  (Г.С.Абрамова).  Мысалы, 
Г.С.Абрамова  педагогикада  оқытушының    үш  типін  ұсынады:  бірінші  типтегі 
оқытушы  оқушының    педагогикалық  іс-әрекеттінің  құралы  деп  қарастырса, 
екінші типті ұстанған педагог білім алушыны ӛз қызметінің қажеттішарты деп 
біледі.  Үшінші  типтегі  педагог  білім  алушыны  ӛз  қызметінің  мақсаты  деп 
санайды. 
В.И.Карикаш  педагог  тұлғасын  типтеудің  негізі  тұрғысынан  қарым-
қатынас  жасау  типін  алуды  ұсынады,  ол  осы  тұрғыда  кең  тараған  бес  қарым-
қатынас  жасау  типтерін  атайды.  Олардың  қатарында  тұлғалық-іскер, 
таңдамалы-іскер, 
ресми-іскер, 
дифференциацияланбаған 
«симбиоз», 
«араластық қосынды» аталады [126]. 
Типтеу  негізінің  тағы  бір  жиі  кездесетін  түрі  білім  беру  субъектілерін 
басқару  стилі  бойынша  бӛлу  болады.  Мысалы,  А.А.Бодалев  педагог  стилін 
автократикалық, либералдық, демократиялық делінген үш түрін кӛрсетеді [132]. 
Бұл  жағдайларда  ғалымдар  білім  беру  субъектілерін  типтеу  іс-әрекетінде 
педагог тұлғасының нақты бір сапасын алмайды, керісінше негіз ретінде типтің 
тұлғаның жалпы сипаттамалық кӛрсеткіштерімен байланыстарын пайдаланады. 
Мәселен,  тұлғаның  жалпы  сипаттамалық  кӛрсеткішінің  біріне  қарым-қатынас 
жасау стилі алынса - білім алу үдерісіне қатысушылармен жүзеге асырылатын 
қарым- қатынастар қарастырылады. Педагогтың кәсіби типтеуін қарастырғанда 
білім алушы субъектілері тұлғаларын елемеуге болмайды, ӛйткені, бұл жағдай 
«педагог-оқушы»  жүйесіндегі  барлық  қатынастар  аясының  ескеруден  тыс 
қалуына апарады.  
Педагог тұлғасының құрылымын сипаттауда зерттеушілердің басқа бӛлігі 
оның  жалпыланған  құрылымын  немесе  сипаттамасын  жасау  керек  деп 
ұйғарады.  Мысалы,  А.И.Щербаков  педагог  маман  жан-жақты  білімділік, 
ғылыми  эрудиция,  жоғары  тәрбиелілік  және  кәсібилік  сияқтысипаттамалық 
кӛрсеткіштерге  ие  болу  керектігін  айтады  [102].  В.А.Сластениннің  пікірінше, 

49 
 
мұғалім,  яғни  білім  беру  субъектісі  -  тек  қана  қарапайым  қасиеттер  мен 
сипаттар  жиынтығы  емес,  керісінше,  логикалық  орталығы  және  негізі  оның 
қоғамдық, кәсіби-педагогикалық және танымдық бағытын айқындайтын уәждік 
ӛрісі  болатын  біртұтас  құрылым.  В.А.Сластенин  заманауи  білім  беру 
субъектісінің  үлгісі  ретіндегі  профессиограмманы  басты  деп  мұғалім 
тұлғасының  қоғамдық,  кәсіби-педагогикалық  және  танымдық  бағытын 
анықтайтын арнайы қасиеттер мен сипаттарды белгілейді [132, 80-88 б]. 
Педагогикалық  психология бойынша берілген әдебиеттерді талдау білім 
беру субъектісі тұлғасын түсінуге және оның құрылымын анықтауға арналған 
зерттеулерде оқытушының тұлғалық құрылымында тӛменгі басымдылықтар 
орын алған: 

 
 тұлға  құрылымына  әрекеттік  компоненттердің  кіріктірілуі  немесе 
педагог тұлғасының оның кәсіби қызметі арқылы бейнеленуі; 

 
 педагогтың  кәсіби  сапаларының  педагогикалық  қабілеттер  арқылы 
ашылуы; 

 
 педагогикалық  мамандықтың  барлық  ерекше  қабілеттерінің  педагогтың 
тұлғалық сапаларының негізінде анықталуы, 

 
 педагог  тұлғасының  педагог  еңбегінің  негізгі  бірқыры  ретінде 
қарастырылуы. 
Бірінші  басымдық  –  тұлға  құрылымына  іс-әрекеттік  компоненттердің 
кірістірілуі.  Л.В.Меньшикова  тұлғалық  байқалымдарды  екі  салаға  бӛлуді 
ұсынады:  кәсіби  бағыттар  кеңістігі,  яғни  адам  қызметінің  кәсіби  аясы; 
тұлғалық кеңістік - адами құндылықтар [133]
Екінші басымдыққа сай, – педагогтың кәсіби сапаларының педагогикалық 
қабілеттері  арқылы  ашылуы,    И.Д.Левитов  оқу  үдерісі  мен  эксперименттік 
жұмыста  дамитын  және  білім  беру  субъектісінің  жұмысын  жақсартуға  қажет, 
жеткілікті  түрде  тұрақты  болатын  сапаларға  тӛмендегілерді  жатқызады:  білім 
алушыларға  білім  беру  қабілеті;  байқампаздыққа  негізделген  білім  алушыны 
түсіне  білу  қабілеті;  ойлаудың  ӛзіндік  және  шығармашылық  түрі; 
педагогикалық 
тапқырлықты 
және 
бағыттылықтағы 
шапшаңдықты, 
ұйымдастыру қабілеттері [179]. 
Үшінші  басымдыққа,  –  педагогикалық  мамандықтың  барлық  айрықша 
қабілеттерінің  педагогтың  тұлғалық  сапаларының  негізінде  анықталуы,  – 
Э.А.Гришин  тұлғалық  кәсіби-педагогикалық  сапаларды,  педагогикалық  және 
ерекше қабілеттерді бір-бірінен ажыратты [133]. 
Берілген  жағдайларда  зерттеушілер  тұлға  құрылымына  тұлғалық  сапалар 
мен 
қасиеттермен 
қатар 
кәсіби 
қабілеттерді, 
психофизиологиялық 
ерекшеліктерді, икемділіктерді жатқызды. 
Білім  беру  субъектісі  тұлғасының  түрлі  типологияларына  және  педагог 
тұлғасын түсінуге арналған зерттеулерге тән үрдістеріне жүргізген талдау бізге 
мынадай қорытындылар жасауға мүмкіндік берді: 

 
 кәсіби  типологиялардың  кӛптеп  жасалуы,    педагог  тұлғасын  түсінуде, 
оның құрылымын анықтауда ғалымдар арасында кӛзқарастардың кӛптілігі мен 
кӛпжақтылығын дәлелдейді; 

50 
 

 
 педагог  тұлғасының  мәні  мен  оның  құрылымын  анықтаудағы  түрлі 
амалдарғалымдардың педагог тұлғасының негізгі кәсіби сапаларын айқындауға, 
білім  беру  субъектісі  тұлғасының  құрылымын  баяндауда  оның  тұтас  бейнесін 
жасауға талпынғандарын кӛрсетті; 

 
 маман  тұлғасы,  соның  ішінде  білім  беру  субъектісінің  ерекшеліктерін 
зерттеушілерінің бірсыпырасы тұлға құрылымының нақтылы тұжырымдамасы 
шеңберінде берілген тұлға құрылымының үлгісіне сүйенеді. Мысалы, Э.Ф.Зеер 
тұлға құрылымы туралы К.К.Платонов жасаған ұсынымға сүйенеді және кәсіби 
қызметтің  субъектісітұрғысынан  маман  тұлғасының  тӛрт  компоненттік 
құрылымын ұсынады: 
А.К.Маркова  және  Л.М.Митина  мұғалім  тұлғасының  педагогикалық  іс-
әрекет 
пен 
педагогикалық 
қарым-қатынас 
барысында 
дамуының 
ерекшеліктерін  қарастыру  қажеттілігін  кӛрсетеді.  Ал  бұл  болса,    білім  беру 
субъектісінің  тұлғалық  сапаларына  ерекше  талаптар  қояды  және  оның 
педагогикалық ұстанған жолын айқындайды. 
Тӛртінші  басымдыққа  -  білім  беру  субъектісі  тұлғасы  педагог  еңбегінің 
негізгі  жағының  бірі  ретінде  қарастырылады.  А.К.Маркова  білім  беру 
субъектісі  тұлғасын  педагогикалық  қызметте  және  педагогикалық  қатынаста 
кәсіби  ұстанған  жолын  анықтайтын  оның  еңбегінің  негізгі  факторы  деп 
санайды [14]. Зерттеуші тұлға құрылымына тӛменгі компоненттерді кіргізеді: 

 
 тұлға уәжін (тұлғаның бағыттылығы және оның түрлері); 

 
 тұлғаның  сапаларын  (педагогикалық  қабілеттер,  мінез  және  оның 
сипаттық кӛрсеткіштері, психикалық үдерістер және тұлғаның қалыптары); 

 
 тұлғаның 
кіріктірілген  сипаттары  (педагогикалық  ӛздік  сана, 
тұлғааралық стиль, шығармашылық әлеует ретіндегі креативтілік. 
Жоғарыда  айтылғандай,  тұлға  дамуында  оның  іс-әрекеттері  үлкен  рӛл 
атқарады.  Білім  беру  субъектісі  үшін  оның  дамуын  анықтайтын  - 
педагогикалық  қызмет.  А.А.Дергач  [133]  тұлғалық-кәсіби  дамуда  тұрақты 
байланыс  бар  екеніне  кӛңіл  бӛледі:  бір  жақтан  жұмыс  істейтін  тұлға 
ерекшеліктері  кәсіби  қызметтің  үдерісі  мен  нәтижесіне  әсер  береді,  екінші 
жағынан  –  тұлға  дамуының  ӛзі  едәуір  дәрежеде  кәсіби  қызметтің  әсерімен 
қалыптасады. 
ЖОО  оқытушылары  «адам  -  адам»  типіне  жататын  мамандық 
болғандықтан, осы салаға қажет қасиеттерге тоқталуды жӛн кӛрдік. 
Е.А.Климов  «адам-адам»  типтегі  мамандықтардың  кәсіби  әрекеттерін 
зерттеп, оларға қажет келесі қасиеттерді атайды: 
–   адамдармен жұмыс жасау барысында ӛзін үнемі жақсы сезіну,; 

 
қарым-қатынасқа түсу қажеттілігі; 

 
ӛзін ӛзге адамның орнына ойша қоя білуі; 

 
ӛзге адамдардың ойын, ниетін, кӛңіл-күйлерін тез түсіне алу қабілеті; 

 
түрлі және кӛп адамдардың тұлғалық сапаларын жадында сақтауы. 
Ал,  білім  беру  субъектілерінің  бойынан  табылуға  тиіс  кәсіби  сапалар 
қатарында мыналарды атауға болады: 

51 
 
1.  Басқара  алу,  оқыту,  тәрбиелеу  икемділігі,  «адамдардың  түрлі 
қажеттіліктеріне қажет пайдалы әрекеттер жасау»; 
2. Тыңдай алу икемділігі; 
3. Дүниетанымның кеңдігі; 
4. Сӛйлеу мәдениеті; 
5.  «Ақыл-ойдың  жанға  бағытталуы»,  адамның  мінезін,  әрекеті  мен 
сезімдерін  байқағыштық,  ӛзінің  немесе  басқаның  тәжірибесі  арқылы  таныс 
емес адамның ішкі әлемін ойша елестете алу біліктілігі мен қабілеті; 
6. «Адам үнемі бұдан да жақсы бола алады» түсінігіне негізделген жобалау 
бағдары»; 
7. Ӛзге адамның кӛңіліне ортақтасу біліктілігі; 
8. Байқағыштық; 
9. «Халыққа қызмет ету түсінігінің дұрыстығына сенімділігі»; 
10. Стандартты емес жағдаяттарды шеше алу біліктілігі; 
11. Ӛзін жоғары деңгейде реттей алуы. 
Аталғандармен  қатар,  зерттеуші  «адам-адам»  жүйесіндегі  мамандардың 
ерекшелігін: 
– тұлғааралық қарым-қатынасқа бағыттылығы;  
– қарым-қатынасшылдықтың жоғары деңгейі;  
–  ӛзгенің  кӛңіліне  ортақтаса  алуы  (эмпатия);  адамдарды  дұрыс  қабылдау 
және бағалау қабілеті;  
– сӛйлеудің тазалығы, нақтылығы, анықтығы;  
–  ӛзін  басқара  алу  икемділігі  және  адамдармен  бірігіп  ӛзара  әрекет  ете 
білуімен сипаттайды 
Ал  «Адам  -  адам»  типтегі  адамдардың  психологиялық  сипаттамасына 
қарым-қатынасшылдық, ӛзгенің кӛңіліне ортақтаса білуі, ӛзін игере алуы және 
ұстай 
білуі,  психологиялық-педагогикалық 
такт,  ұйымдастырушылық 
біліктілікті [134] атады. 
Жоғарыда  кӛрсетілген  ежелгі  грек  философтарынан  бастап  бүгінгі  ғалым 
психологтар  мен  педагогтардың  білім  беру  субъектілерінің  тұлғалық-кәсіби 
қасиеттеріне  берген  жіктемелері  біріне  бірі  қайшы  келмейді.  Керісінше  бірін 
бірі толықтыра түседі.  
Маман  тұлғасының  ерекшеліктерін  зерттеушілердің  бірсыпырасы  тұлға 
құрылымының  нақты  тұжырымдамаларының  шеңберінде  тұлға  құрылымының 
үлгілерін 
ұсынады. 
Мысалы, 
Э.Ф.Зеер 
тұлға 
құрылымы 
туралы 
К.К.Платоновтың  түсінігіне  сүйенеді.  Автор  кәсіби  қызметтің  субъектісі 
ретінде  маман  тұлғасының  тӛрт  компоненттік  құрылымын  ұсынады.  Бірінші 
құрылымдық  бӛлікте  ол  маман  тұлғасының  жүйе  құрушы  факторы  ретінде 
тұлғаның  кәсіби  бағыттылығын  атайды.  Оған  түрткілерді,  құндылық 
бағыттарды,  кәсіби  ұстанымдарды  (мамандыққа  деген  қатынасты,  үміттерді, 
мақсаттарды,педагогикалық  дамуға  даярлықты),  әлеуметтік-кәсіби  мәртебені 
жатқызды.  Автордың  пікірінше,  екінші  құрылымдық  бӛлікке  кәсіби 
білімдерден,  икемділіктерден,  дағдылардан,  біліктіліктерден  тұратын  кәсіби 
құзыреттілік  жатады.  Үшінші  құрылымдық  бӛлікте  зерттеуші  маман 

52 
 
тұлғасының  кәсіби  маңызды  сапалары  ықыластылықты,  байқағыштықты, 
креативтіліктікті,  батылдықты,  ӛзін-ӛзі  бақылауды,  дербестікті,  мақсатқа 
ұмтылушылықты  және  т.б.  анықтайды.  Тұлғаның  кәсіби  келісілген  тӛртінші 
құрылымдық бӛлігіне, автордың айтуынша, кәсіби қызметті меңгеру барысында 
дамитын  кәсіби  маңызды  психофизиологиялық  қасиеттерді  жатқызуға  болады 
[165]. 
Э.Ф.Зеер,  А.М.Павлова  және  Э.Э.Сыманюкпен  [137]  бірігіп  кәсіби-білім 
беру  қызметі  субъектісінің  негізгі  психологиялық  жаңадан  пайда  болған 
түрлерін анықтауда тұлғаның логикалық-мәндік үлгісіне сүйенді. Олар тұлғаны 
ашық,  ұзындық  ӛлшемнен  тыс  және  ӛзгерісті  жүйе  ретінде  қарастырады.  Бұл 
үлгіде  ақпарат  кӛпӛлшемдік  мәндік  кеңістікте  байқалады.  Аспаптық 
функцияны  орындай  отыра  үлгі  тұлғаның  интегративтік  психологиялық  түр 
ретіндегі кӛпӛлшемдігін және ашықтығын байқатады. Үлгіде тұлғаның орталық 
түрі болып оның қызметі немесе олардың түрлері алға шығады.  
Аталған  авторлардың  ұсынған  үлгісінде  бес  координаттық  білік 
анықталған: 
бағыттық 
компоненті,кәсіби 
білім 
беру 
компоненті,коммуникативтік  компоненті,  реттеушілік  компоненті.  Тӛменде 
берілген сұлбада тұлғаның логикалық-мәндік үлгісі келтірілген (Сурет 1.). 
Біздің  зерттеуіміздің  аясында  тұлғаның  логикалық-мәндік  үлгісінің 
дамытушылық  білім  беру  технологияларын  анықтауда  психологиялық  негіз 
болуы мүмкін деген авторлардың ескертпесінің маңызы зор. 
 
Реттеуші компонент     Кәсіби «МЕН» тұжырымдамасы    Кәсіби білім беру компоненті     
Ӛзін-ӛзі бақылауы                    Қатынастар                                                            Кәсіби даярлық 
Әрекетті және                      Мақсаттар                                                            Метакәсіби сапалар  
мінез-құлықты реттеу         Құнды бағыттар                                                   Кәсіби құзыреттер 
Мақсатқа негізделу                Уәждер                                                             Кәсіби құзыреттіліктер 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Аттактивтілік                                                                             Процедуралық білімдер 
Перцептивтік адекваттылық                                                    Танымдық икемділіктер 
Қатынастылық                                                                          Академиялық және эксперименттік интеллект 
Әлеуметтік қатынастылық                                                       Бағалау 
Құзыреттілік 
Қатынастылық компоненті 
                      
Когнитивтілік компоненті
 
 
Сурет 1 - Тұлғаның логикалық-мәндік үлгісі 
(Э.Ф.Зеер, А.М.Павлова, Э.Э.Сыманюк бойынша) 
Іс-әрекет 
 

53 
 
Аталған 
компоненттер 
педагог 
тұлғасының 
бірегейлігін 
және 
қайталанбастығын анықтайды. 
Зерттеуші атағандай, тұлға уәжі (мотивация) оның құндылық бағыттардан, 
түрткілерден, 
мақсаттардан, 
мәндерден, 
мұраттардан 
құрастырылған 
бағыттылықпен  алдын  ала  белгіленеді.  А.К.Маркова  «педагогикалық 
бағыттылық  –  бұл  мұғалім  мамандығына  деген  уәж,  оның  ішіндегі  бастысы  – 
оқушы тұлғасын дамытуға әсерлі бағыт, ол тек балаға деген сүйіспеншілікпен 
шектелмейді»,-деп  есептейді.  Білім  беру  субъектісі  тұлғасының  бағыттылығы 
оның  кәсіби  тіршілік  әрекетінде  және  жеке  алынған  педагогикалық  ахуалда 
байқалады,  оның  қабылдауы  мен  мінез-құлық  логикасын,  адамның  бүкіл 
бейнесін анықтайды. 
Сондай-ақ,  педагогикалық  әдебиеттерде  оқытушы  тұлғасының  моделі  де 
қарастырылған.  Мәселен,  Н.С.Ахтаеваның  зерттеу  жұмысында  1986  жылы  IX 
халықаралық  педагогикалық  конгресте  Бельгия  ғалымдарымен  жоғары  мектеп 
оқытушысының үш блоктан тұратын моделі ұсынылған: 
1. Оқытушыға тұлға тұрғысынан қойылатын талаптар; 
2. Оқытушыға маман тұрғысынан қойылатын талаптар; 
3. Оқытушыға кәсіби шебер тұрғысынан қойылатын талаптар. 
Ұлыбританиялық зерттеуші М.Розенберг оқытушының кәсіби іс-әрекетіне 
қарай оған қойылатын талаптарды тоғыз салаға бӛлді: 
1. Студенттің қажеттілігін білу; 
2. Ӛзінің іс-әрекетін тиімді бағалау; 
3. Оқыту бағдарламасы мен материалдарын ӛңдей алу; 
4. Кәсіби шебер болу; 
5. Кеңес бере алу және ӛзгелермен кеңесе алу; 
6. Қарым-қатынасшыл болу; 
7. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе білу; 
8. Ӛзінің кәсіби шеберлігін белсендіру [135, 4 б]. 
Ресейлік және шетелдік жоғары білім беру саласы мамандарының пікірлері 
бойынша  ЖОО  оқытушыларына  қойылатын  жалпы  талаптарға  мыналар 
жатады: 

 
кәсіби құзыреттілігінің жоғары болуы; 

 
педагогикалық құзыреттіліктер; 

 
әлеуметтік-экономикалық құзыреттіліктер; 

 
коммуникативтік құзыреттіліктер; 

 
кәсіби және жалпы мәдениетінің жоғары деңгейі [136, 29-37 б.]. 
Еуропалық 
кеңестің 
ұсыныстарында 
оқытушылардың 
тұрақтану 
тұжырымдамасының бес негізгі топтан тұратын талаптарды ескеру қажеттілігі 
туралы айтылған [137, 25 б]: 

 
 әлеуметтік  –  шешім  қабылдауда  ӛзіне  жауапкершілік  сезімін  алумен 
байланысты саяси және әлеуметтік құзыреттіліктер. 

 
 кӛпмәдениеттілік – кӛпмәдени қоғамның ӛміріне қажетті құзыреттіліктер 
(мысалы, толеранттылық). 

54 
 

 
 тіл  –  бірнеше  тілді  игеру,  сауатты  сӛйлеу,  ӛзара  түсіністік,  қарым-
қатынасшылдық. 

 
 ақпараттық  –  ақпараттық  технологияларды  игеру,  БАҚ-ын  сын 
тұрғысынан бағалау. 

 
 ілеспелі  –  ӛмір  бойы  оқуға  деген  қабілеті,  ұмтылуы  (кәсіби  және 
тұлғалық тұрақтанудың үздіксіз белсендендіруі). 
Ал  А.Д.Абашина,  Т.В.Бондарева  кәсіби  құзыреттілікті  оқыту-тәрбиелеу 
үдерісінің нәтижесі ғана емес, оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік пен 
дағдылардың жиынтығы, кәсіби іс-әрекетке дайындығы мен оның нәтижесінде 
және сапасында кӛрінетін тұлғаның кіріктірілген қасиеттерінің жиынтығы, деп 
түсіндіреді [138, 134-139 б]. 
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
ұсыныстарымен    студенттердің  кӛзқарасы  бойынша  жаңа  формациядағы 
педагогты анықтау мақсатымен 8 педагогикалық жоғары оқу орындарына және 
педагогикалық  мамандықтары  бар  аймақаралық  университеттерде  кездейсоқ 
18700  студентке  жүргізілген  сауалнаманың  нәтижелерінде  сұралғандардың 
(58%)  формалды  емес  қарым-қатынас,  тәрбиеленушілермен  ӛзара  қарым-
қатынасты  реттей  алу  мен  құра  білу  икемділігін  атаған  [139,  5  б].  Абай 
атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті  жанындағы  Психология 
ҒЗИ-ның  қызметкерлерімен  кәсіби  мамандарды  даярлау  және  оқытушыларға 
қажет  тұлғалық  сапаларды  анықтау  мақсатымен  университеттен  барлығы  330 
студент  пен  314  оқытушыға  сауалнама  жүргізілді.  Студенттердің  жауаптары 
бойынша  оқытушылар  кәсібилік,  қарым-қатынасқа  түсе  білу  икемділігі,  адал 
және  позитивті  болу,  материалды  жеткізе  білуге  қабілетті,  шынайы, 
қайырымды, ұқыптылық сапаларды атаған. Сауалнаманың «Қазіргі мамандарға 
қажет  кәсіби-тұлғалық  сапалар»  атты  сұрағына  оқытушылар  бойында 
стереотипті 
түсініктің 
(меңгерген 
білімдерін 
тәжірибеде 
қолдану) 
қалыптасқаны  анықталған.  Оқытушыларға  қарағанда  студенттер  мақсатқа 
бағыттылық, топтарда жұмыс жасай білу, әсіресе қуантатыны, ӛз ісінің кәсіби 
маманы адамдармен дұрыс қарым-қатынас орната білу қабілетін атады [32, 37-
44 б]. 
Ал  Тараз  мемлекеттік  университетінің  1,  2-курс  студенттері  «Студенттің 
сүйіспеншілігі  мен  құрметіне  бӛлену  үшін  оқытушының  бойында  қандай 
сапалар  болуы  керек?»  деген  сұраққа:  сыйластық,  пәнін  жетік  білу,  үйретуге 
ниеттері,  қызығушылықтарын  ояту,  ӛздерінің  міндеттерін  жауапкершілікпен 
атқару, тәрбиелілік, сыпайылық және педагогикалық шеберлікті атады [140]. 
Бұдан  басқа  Э.А.Орынбасарованың  ЖОО  оқытушыларының  [34,  110-114 
б.] эмоционалды-еріктік сапаларын эксперименттік зерттеу нәтижесінде (n=29) 
55%  орташа  агрессивтілік,  6%  агрессивтіліктің  жоғары  деңгейі,  86%  шектен 
тыс  тұйықтық  тән  екендігі  анықталған.  Бұл  мінез-құлықтағы  агрессивтіліктің 
жоқ екендігін білдірмейді, оқытушылардың оларды әбден тым баса беретіндігін 
кӛрсетеді  дейді  зерттеуші.  Оқытушылардың  психологиялық  дайындығының 
маңызды компоненті эмпатиясын зерттеу барысында (n=26) 96%-да тӛмен, тек 
4%-да  ғана  орташа  екендігі  анықталған.  Мұндай  нәтиже  Абай  атындағы 

55 
 
ҚазҰПУ,  Психология  ҒЗИ-ның  зерттеушілерімен  жүргізілген  эксперименттік 
жұмыстары нәтижесінің кӛрсеткіштерінде қайталанады. 
Сонымен кең ауқымды жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінен 
студенттердің  оқытушы  бойындағы  тұлғалық  (адамгершілік,  сыйластық)  және 
әлеуметтік  (қарым-қатынасшылдық,  эмоционалды  үйлесімді  орта  құру 
қабілеттілігін  т.б.)  тұрғысынан  сипаттайтын  қасиеттерге  мән  беретіндігі 
анықталды. 
Аталған қасиеттер субъект
-субъектік қарым -қатынас барысында 
жүзеге асырылатындығын ескерсек ,  біз үшін келесі мәселе  ̶ осы субъект
-
субъекттік қатынас барысындағы қасиеттерді анықтау маңызды. 
Субъект-субъекттік  қатынас  тұлға  үшін  эмоционалды  құнды  болып 
келеді. Ӛйткені мұндай қатынастар барысында сенімділік пайда болады, сабақ 
үстінде  және  сабақтан  тыс  жағдайларда  субъектілердің  тұлғалық  жақтан 
кӛрінуін  қамтамасыз  етеді  және  ӛзіндік  маңыздылығын  сезінуі  мен  тұлғалық 
ӛсуіне жол ашады. Адам ӛзін-ӛзі жігерлендірсе немесе ӛзіне-ӛзі кӛңілі қалса, ол 
ӛз мазасыздығын ақиқаттың дәлелденіп қойған белгісі деп қабылдайды, ол енді 
уайымды да ақиқаттың бір болжамы екен деп қарай алмайды. Адам қауіп пен 
қайғыны сезінеді де, қорғануға кӛшеді, ойы да тар ауқым аясында қалып қояды. 
Білім  беру  кеңістігіндегі  субъект-субъекттік  қатынастарды  дамыту  мәселесі, 
адамды  субъект  ретінде  қарастыру,  сондай-ақ  субъектілікті,  оның 
артықшылықтары  мен  ерекшеліктерін  талдау  мәселелерімен  тікелей 
байланысты болып келеді. 
Жаңа  мағыналық  ұстанымдардың  кӛмегімен  феноменологиялық  тұлғаны 
түсінуге  мүмкіндік  береді,  демек  «саналы  және  санадан  тыс  компоненттердің 
бірлігінде,  эмоционалды  және  рефлексивті  бастаулар  арқылы»  ӛзін-ӛзі 
маңыздылыққа айналдыру үдерісін айқындауға жол ашылады. Даму логикасына 
сала  отырып,  ӛзіндік-бағдарланған  оқу  әрекеттерін  қарастыру  арқасында  осы 
әрекеттің  «құрылымдық  бірлігі»  (Э.Н.Гусинский)  түріндегі  субъектілер 
арасындағы қатынастар туралы айтуға мүмкіндік туады.  
Біз  үшін  оқытушылардың  білім  беру  ортасын  ұйымдастыру  барысында 
субъект-субъектік  қатынаста  орын  алатын  тұлғалық-кәсіби  қасиеттің  бірі    ̶ 
эмпатия. Эмпатия адамның ішкі күйіне ене алуы, ӛзге адамның іс-әрекеті мен 
мазасыздануына эмоционалды ортақтаса алуы және қоршаған ортаға адекватты 
реакциясымен сипатталады. Т.Шибутани, Т.П.Гаврилова, А.В.Петровский [106] 
эмпатияның үш негізгі компонентін бӛледі: 
1)  танымдық,  ӛзара  түсіністік  пен  ӛзге  адамның  күйін  адекватты 
қабылдаумен байланысты; 
2) эмоционалды – ӛзге адамның кӛңіліне ортақтасуы; 
3)  мінез-құлықтық,  әрекеттік  компонент,  ӛзара  кӛмек  кӛрсету  мен 
қолдаудан тұрады. 
Ізгілендіру  парадигмасы  бойынша  эмпатия  мінез-құлықтың  әлеуметтік 
мотиві деп анықталып, келесі қасиеттерден тұрады: 
–  қатынас  серіктестерінің  бір-бірімен  ашықтығы,  бір-бірінің  күйіне 
бағытталуы; 

56 
 

 
бағалаудың болмауы; 

 
сенімділік; 

 
сезімдер мен күйлердің шынайылығы. 
Сонымен,  эмпатия  тұлғаның  эмоционалды,  адамгершілік  қасиеті  ретінде 
субъект-субъектік  қатынастың  қалыптасуында  әлеуметтік-эксперименттік 
маңыздылығымен  анықталады.  Т.Шибутанидің  айтуы  бойынша,  эмпатияның 
болмауы  тіпті  адамзат  қарым-қатынасын  физикалық  объект  ретінде 
қарастырады. 
Ал эмоционалды байланыс бұзылған жағдайда субъект-субъектік қатынас 
жүзеге асырылмайтынын зерттеу жұмыстары дәйектеп отыр. 
Зерттеу барысында біз Ж.Ы.Намазбаева, З.Ш.Каракулова, Н.С.Лавриненко 
қазіргі таңдағы жоғары мектеп оқытушысына тән тұлғалық-кәсіби сапалардың 
ерекшеліктерін  анықтауға  бағытталған  теориялық  және  эксперименттік 
зерттеулердің нәтижесінде тұлғалық кәсіби қалыптасудың келесі стратегиялық 
үлгісін басшылыққа алдық (Сурет 2.): 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Сурет 2 – ЖОО оқытушыларының кәсіби-тұлғалық сапалары 
 
– құндылық-адамгершілік: кәсіби және кәсіби емес құндылықтардың ӛзара 
байланысы;  кәсіби  іс-әрекет  пен  ӛмір  мәнінің  сәйкестігі;  аталған 
құндылықтарды  мағыналы  түсіну  деңгейі:  мейірімділік,  шынайылық, 
ұқыптылық, жауапкершілік, тиянақтылық, ӛзін-ӛзі сыни бағалауы. 

 
 эстетикалық: эстетикалық сезімінің болуы, нақты эстетикалық қабілеттер 
(музыкалық, әдеби, моторлы т.б.). 

 
 коммуникативті 
сапалар: 
ұйымдастыру 
қабілеттері, 
лидерлікке 
дайындығы;  коммуникативті  қабілеттер,  сӛйлеу  –  ішкі,  сыртқы,  вербалды, 
вербалсыз,  ауызша,  жазбаша,  дауыстың  күші,  ырғағы;  коммуникативті  такт 
және тәрбиелілігі, әзіл-сықақ сезімі. 
Құндылық-
адамгершілік 
Эстетикал
ық
 
Уәж (мотивация) 
ЖОО оқытушылрының әлеуметтік 
белсенділігі – ӛскелең ұрпақты 
рухани-адамгершілік дамытуға 
бағытталған 
Коммуникативті 
сапалар
 
Тұлғаның эмоционалды-
еріктік қасиеттері 

57 
 

 
 уәж: кәсіби қызығушылықтар мен икемділігі, мотивтердің тұрақтылығы; 
мотивтердің бір-біріне қайшы келмеуі. 

 
 тұлғаның 
эмоционалды-еріктік 
қасиеттері: 
эмоционалдығы, 
тұрақтылығы, шыдамдылығы, стреске тұрақтылығы. 
Үлгінің негізгі ядросына ұлттық ерекшеліктер, мәдени салт-дәстүрлер, тіл 
және  тарих  алынған.  Бұдан  оныңжас  ұрпақтың  рухани-адамгершілік 
қасиеттерін дамытуға бағытталғандығы кӛрініп тұр. Ал, оқытушы тұлғасының 
әлеуметтік  белсенділігінің  дамуы  яғни,  тәрбиелік  жұмыстарды  және 
ұйымдастыруды жүзеге асыру үшін қажетті әлеуметтік маңызды білікті игеруі 
тиіс [32, 55-56 б].  
Н.С.Ахтаева  ӛзінің  зерттеу  жұмысында  магистранттар  кӛзқарасымен 
контент-талдау әдісінің негізінде тӛрт фактордан тұратын (қазіргі оқытушының 
кәсіби сапалары, қазіргі оқытушының тұлғалық сапалары, қазіргі оқытушының 
қабілеттері,  қазіргі  оқытушының  қызметтері)  «21  ғасыр  оқытушысының 
үлгісін» жасады [135]. 
Қазіргі оқытушының кәсіби сапаларына  кәсіби қызметіне шығармашылық 
тұрғыдан  қарауды,  жаңашылдықты,  кәсібилігін  үнемі  үздіксіз  жоғарылатуды, 
ӛзідігінен  білім  алуды,  ӛзін  дамытуды,  педагогикалық  шеберлікті,  кәсіби 
құзыреттілікті,  кәсіби  дамудың  жан-жақтылығын,  эрудиция,  студенттің 
психологиялық  ерекшеліктерін  ескеру,  жекелік  тұғырды,  студенттің 
мотивациясын,  қызығушылығын  оята  алу  біліктілігін,  мамандығын  сүюін, 
қызығушылығын жатқызамыз. 
Қазіргі  оқытушының  тұлғалық  қасиеттеріне  қатарында  еңбекқорлық, 
жауапкершілік, 
әділеттілік, 
объективтілік, 
ұстанымшылдық, 
ұйымдастырушылық,  тәрбиелілік,  шыдамдылық,  гуманистік,  балаларға  деген 
сүйіспеншілік,  ӛнегелік,  ұқыптылық,  адалдық,  оптимизм,  әзіл-сықақ  сезімі, 
мейірімділік, достық, демократиялық, талап қоя білу, ӛзін-ӛзі бақылау, ӛзін-ӛзі 
ұйымдастыру,  ӛзін  сыни  тұрғыдан  бағалау,  ӛзін-ӛзі  талдау,  абырой,  харизма, 
беделдік,  сүйкімділік,  эмпатияға  қабілеттілік,  ықыластық,  зияткерлік, 
тактикалықты жатқызуға болады. 
Қазіргі  оқытушының  қабілеттеріне  кӛшбасшылық  қабілеттерді,  ӛзіне 
ӛзгелерді  ілестіре  алу  икемділігін,  суггестивті  қабілеттерін,  коммуникативтік 
қабілеттерді, шешендік, ұйымдастырушылық қабілеттерді жатқызуға болады.  
Қазіргі  оқытушының  атқаратын  қызметтері  болып  білім  беру,  оқу 
үдерісін  ұйымдастыру  және  жүзеге  асыру,  түзету,  тұрмыстық  тәжірибені 
ғылымның  тәжірибесіне  еңдіре  алу,  студенттің  тұлғасын  қалыптастыру  және 
дамыту жұмыстары табылады [135, 178-179 б.]. 
Ғалымдардың  бұдан  басқа    да  оқытушының  кәсіби  әрекетіне  қажет 
тұлғалық-кәсіби қасиеттер туралы зерттеулері [143-149] баршылық. 
Аталған  зерттеулерге  жасаған  талдау  ЖОО  оқытушыларына  қажет 
қасиеттер мен сапаларының түрлері ӛте кӛп екендігін байқатты. 
Осы  тұрғыдан,  Т.Н.Попова оқу құралдарын талдау барысында 
зерттеушілердің мұғалімдердің кәсіби мәнді сапаларын Ю
.К.Бабанский ̶  13, 
С.П.Барабанов  –  18,  Т.И.Ильин  –  17,  Г.Нойнер  –  4,  И.Ф.Харламов  –  9, 

58 
 
Г.И.Щукина  –  7-ге  топқа  бӛліп  қарастырғанын    анықтайды.  Ол  мұғалімнің 
кәсіби-тұлғалық сапаларын былайша бӛлуінің тӛменгі 3 себебін атайды: 
1.  Кәсіби  маңызды  сапалардың  зерттелмегендігі,  «кәсіби  маңызды  білім 
мен біліктілік» түсініктердің арасындағы шекараның болмауы; 
2.Кәсіби  маңызды  сапаларды  сипаттаудың  нақты  негіздеу  құрылымының 
болмауы; 
3. Оқыту, бейімделу және кәсіби ӛзін-ӛзі белсендіру үшін іріктелген кәсіби 
маңызды  сапаларының  және  олардың  маңызы  жӛнінде  негіздеудің 
жеткіліксіздігі [141, 40 б]. 
Біз  диссертациялық  жұмыста  жоғары  оқу  орны  оқытушыларын  білім 
беру  субъектісі  тұрғысынан  негіздей  отырып,  олардың  тұлғалық-кәсіби 
сапаларының  мәнін  ашуға  талпындық.  Олардың  түрлерінің  кӛптігіне  кӛз 
жеткіздік. Алайда біздің зерттеу пәнімізге сәйкес оқытушылардың тұлғалық-
кәсіби  қасиеттерін  субъект-субектілік  қарым-қатынасында  дамытуды 
жүзеге асыру үшін оның психофизиологиялық ерекшеліктеріне, негізіне аса мән 
беруді жӛн деп таптық. Олай дейтініміз жоғарыда айтылып ӛткендей ЖОО 
оқытушыларының әрбір тұлғалық қасиетін, кәсіби сапасының ӛсу негізі оның 
ӛзін-ӛзі  белсендіруінен  талап  етіледі.  Ал  олардың  даму  деңгейіне  кедергі 
келтіретін  жағымсыз  қасиеттердің  алдын  алу  немесе  жою  үшін,  алдымен 
олардың  кәсиби  деформация  кӛрсеткіштерін  анықтап  алу  қажет.  ЖОО 
оқытушыларының 
білім 
беру 
субъектісі 
тұрғысындағы 
кәсіби 
деформациясының белгіліері мен кӛрсеткіштері, сондай-ақ олардың тұлғалық 
кәсіби ӛсуіндегі ӛзін-ӛзі белсендірудің маңыздылығы мен мәні туралы келесі 1.3 
бӛлімінде жан жақты баяндалады.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет