Тҧлғалық компонент – оқытушының ӛзі туралы пікірінен тұратын ӛзін-
ӛзі қабылдауы мен ӛзін-ӛзі бейнелеуінің, ӛзіне қатынасының негізгі
79
сипаттамасы. Тұлғалық компонентке «Мен»-тұжырымдасының құраушыларын,
ӛзіндік сананы жатқызамыз.
Ӛзіндік санасы – адамның ӛзін-ӛзі танып, ӛзіне қатынасы анықталатын
үдеріс.
Ӛзіне қатынасы – тұлға ретінде субъектінің жүзеге асыратын мотивтерімен
байланысты ӛмірлік қатынастарында, оның дамуы мен іс-әрекетіндегі
әлеуметтік жағдайларында жүзеге асыруға мүмкіндік беретін тұлғаның
құрылымы.
В.В.Столиннің тұжырымдамасы бойынша ӛзіне қатынас дегеніміз –
субъектінің ӛзі үшін саналы феноменологиялық «Меннің» тұлғалық мәнін
анықтауы болып саналады.
Ӛзін-ӛзі тануды ӛзінің тұлғасы мен іс-әрекетінің ерекшеліктерін
рефлексиялық талдауға қабілеті деп қарастыруға болады. Оқытушының ӛзін-ӛзі
тану барысында ӛзі туралы бейнесі қалыптасып, ӛзі туралы білімін әлеуметтік
талаптар мен нормаларға, ӛзінің идеалына сәйкестендіреді.
Кәсіби-танымдық компонент – кәсіби іс-әрекетті жүзеге асыруға
дайындығы, танымға қызығушылығы мен креативтілігі, шығармашылық
әлеуетін жүзеге асыра алуы. Біздің жұмысымызда кәсіби компонент
оқытушылардың
кәсіби
іс-әрекетінде
танымға,
шығармашылыққа
ұмтылысымен және креативтілігімен анықталады Ӛйткені ЖОО-дағы
оқытушылардың кәсіби іс-әрекеттерін, қызметтерін анықтау барысында
жұмыстары шығармашылық, креативтілік әлеуеттеріне қойылатын талаптармен
байланысты екенін анықтадық.
Шығармашылық оқытушының кәсіби іс-әрекет саласында жаңаны ойлап
табуымен, шынайылықты шығармашылық тұрғыдан ӛзгерту, қайта түрлендіру,
мәселені шешуде стандартты емес шешім қабылдап, шығару жолдарынының
ӛзіндік идеяларының кӛптігімен түсіндірдіреміз.
Әлеуметтік – қарым-қатынас компонент – студенттермен әлеуметтік
ӛзара байланыстарды белсендіретін контактілігі мен қарым-қатынастағы
иілгіштігін жатқызамыз. Қарым-қатынас оқытушылардың студенттермен адал
және тұрақты қатынас құру қабілетімен, ӛзара нәтижелі және жағымды қатынас
құру икемділігімен ерекшеленеді. Аталған компонент педагогикалық іс-
әрекеттегі біріккен жұмыстарда тиімділіктің кепілі.
Л.С. Выготскийдің мәдени-тарихи дамудың генетикалық заңдылығына
сүйенсек, бала дамуының кез-келген қызметі екі рет қалыптасады, біріншіден –
әлеуметтік, кейін – психологиялық. Интерпсихикалық категория ретінде
адамдар арасында, кейін интрапсихикалық катеория ретінде баланың ішінде
дамиды. Кез-келген жоғары психикалық қызметтер мен олардың қатынасы
генетикалық тұрғыдан әлеуметтік қатынастар анықтайды, бұл адамдар
арасындағы қарым-қатынас барысында іске асырылады және жоғары
психикалық қызметтердің негізінде жататын барлық механизмдер әлеуметтік
құбылыстардың бедері. Барлық жоғары психикалық қызметтер әлеуметтік
тұрғыдан интериоризацияланған қатынастардың мәнін анықтайды. Аталған
заңдылықтан студенттің қосылатын топтардың маңызын анықтауға болады.
80
Тұлғаның қасиеттері алдымен оқытушымен ӛзара қарым-қатынаста
қалыптасып, кейін іс-әрекетте нығайтылады. Сонымен, психика - сыртқы іс-
әрекет құрылымын меңгеру, ӛзгелермен біріккен әрекет жасауды игеру
барысындағы тұлғаның белсенділігі, оның ӛзіндік дамуы мен ӛзін-ӛзі реттеу
жолында интериоризация үдерісінің жүруімен анықталады.
Эмоционалды компонент – ӛзінің және студенттердің эмоционалды күйін
түсіну қабілеті, эмпатия. Ӛзге адамдардың эмоционалды күйіне әсер ете алу
біліктілігі. Студенттердің ағымдағы эмоционалды күйіне ортақтасуы, қолдау
кӛрсетуі. Адамның күйін бет қозғалыстары, қимыл-қозғалыстары, сӛз бен дене
тұрғысынан түсінуі
Кесте 4 – ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби дамуы деңгейін
анықтау кӛрсеткіштері
Компоненттер Тұлғалық – кәсіби
қасиеттердің кӛрсеткіштері
Деформацияның кӛрсеткіштері
1
2
3
Тұлғалық
1.Ӛмірдің
«қазір
және
осында»
құндылығын
түсінуі, осы шақпен ӛмір
сүруі;
2.Ӛзінің күшіне, қабілетіне,
энергиясына
сенімділігі,
дербестік, ӛмірін бағдарлай
алу;
3.Қоршаған
ортаға
тез
бейімделуі;
4.Агрессивтілігі,
фрустрациясы тӛмен;
5. Дағдарысқа тұрақтылығы
1. Ӛзіне-ӛзі сенімсіз, ӛткен
күйзелістерге
невротикалық
қатынасы,
мазсыздануы
жоғары;
2.
Жетістіктерге
жетуге
ұмтылыстары тӛмен
3.Ригидтілігі;
4.Ашу-ызаға бой алдырмауы,
болашақтағы
мәселелерді
адекватты қабылдауы;
5.Түрлі
дағдарыстық
жағдайларға
түйсік
табалдырығының тӛмен болуы
Кәсіби-
танымдық
1.Кәсіби
іс-әрекетінде
тұлғалық-кәсіби
ӛсуге
қызығушылығы;
2.Кәсіби
іс-әрекетіндегі
мәселелерді
қабылдауға
дайын болуы және оларды
шеше алуы;
3.Барлық
ішкі
мүмкіндіктерін пайдалана
отырып
жаңа
жағдайға
шығармашылық бейімделуі;
4.Жаңаны
іздеу,
шығармашылық
ӛзін-ӛзі
белсендіруге қызығушылық
1.Кәсіби
іс-әрекетінде
тұлғалық-кәсіби
ӛсуге
қызығушылығының болмауы;
2.Кәсіби
іс-әрекетіндегі
мәселелерді қабылдамауы;
3.
Жаңа
жағдайларға
шығармашылық
тұрғыдан
бейімделе алмауы;
4. Бұрыңғы сәтсіздіктердің
нәтижелерінен
түнілуі,
қызығушылықтың тӛмендеуі,
кӛзқарастары,
сенім
мен
нанымдардың
мінез-
құлықтардың тұрақсыздығы.
81
танытуы.
Әлеуметтік –
қарым-
қатынас
1.Қоршаған
ортамен
шынайы
ӛзара
әрекет
жасауға ұмтылуы;
2.Тұлғалық
қарым-
қатынасқа
түсуге
бағыттылық,
қарым-
қатынаста
манипуляцияға
жол бермеуі, ӛзін кӛрсету
үшін талап қоймауы;
3. Достық қарым-қатынас
құру қабілеті;
4. Ӛзге адамдармен ӛзара
пайдалы және жағымды
байланыс құру икемділігі
1. Қоршаған ортамен шынайы
ӛзара
әрекет
жасау
ұмтылысының
тӛмендігі;
2.Тұлғалық қарым-қатынасқа
бағыттылықтың болмауы,
3.
Манипуляция, ӛзгелерді
ӛзіне бағындыруға ұмтылысы;
4. Достық қарым-қатынас құра
алу қабілетінің тӛмендігі;
5.
Ӛзге
адамдармен
пайдалы
және
жағымды
байланыс құру икемділігінің
тӛмендеуі.
Эмоционалды 1. Эмоцияларын саналы
түсінуі, үнемі ӛзінің эмоция
қорын толтыруы.
2. Эмоциясын тез реттеп,
эмоционалды
иілгіштік
басым, ӛзінің эмоцияларын
ерікті басқара алуы.
3. Эмоцияларын
басқарудың
нәтижесінен
ӛзінің
мінез-құлқын
басқаруы.
4. Эмоциялық мотивация.
5. Стреске тұрақтылығы
1.Эмоцияларын саналы
түсінбеуі;
2. Эмоцияларын ерікті басқара
алмауы;
3.Ӛзінің мінез-құлқын түрлі
жағдайларда басқара алмауы;
4.Эмоциялық мотивацияның
тӛмен болуы.
5. Түрлі стрестік жағдайларға
түйсік табалдырығының тӛмен
болуы
Сонымен, ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттері олардың
кәсіби іс-әрекетіне қойылатын талаптарға сәйкес анықталады. Әдебиеттерде
ЖОО оқытушысына тән жетпістен аса сапалар мен қасиеттер берілген.
Сондықтан біз үшін аталған қасиеттерді тізіп қою емес, олардың негізгі ӛзегі
болып табылатын тұлғалық ерекшелікті анықтау маңызды еді.
Педагогикалық,
психологиялық
еңбектерді
талдай
келе,
біздің
анықтауымызша ЖОО оқытушыларының ӛзін-ӛзі белсендіруі- тұлғаға
бағдарланған білім беру парадигмасы мен ізгілендіру бағытының маңызды
құраушысы және ӛзінің құндылықтарын, адамгершілік қасиеттерін дамытуы,
кемшіліктерін жоюға, наным-сенімдерімен үйлесімді ӛмір сүруге белсенуі,
нәтижесінде ӛз бойында ӛмір бойы жалғасатын ӛзін-ӛзі, ӛзінің тағдырын, ӛзінің
құндылық бағдарларын белгілеуі.
82
Қорыта айтқанда ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерін
дамыту бойынша қарастырылған ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау бізге
мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді:
1.
Психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерде
оқытушылардың
тұлғасы, оның құрылымы, кәсіби іс-әрекеті мәселесінің жан-жақты
қарастырылғанын, оның тұлғалық-кәсіби дамуында алдымен кәсіби
деформацияны анықтау мен оны болдырмау және жою мәселерінің зерттеу
қажеттілігін кӛрсетті.
2.
Оқытушылардың кәсіби іс-әрекеті – бұл психологиялық,
педагогикалық, ӛндірістік-технологиялық қызметтерден тұратын кіріктірілген
іс-әрекеттержиынтығы. Кәсіби педагогикалық іс-әрекетінің нәтижесі оның
кӛпқызметтілігімен анықталады: дидактикалық (педагогикалық технология,
сабақтар, техникалық құралдар және т.б.), психологиялық (жекелік тәжірибие,
психологиялық
жаңашылдықтар,
қабілеттерінің
дамуы
және
т.б.).
Оқытушыларының кәсіби іс-әрекеттерінің негізгі нәтижесі тұлғаны кәсіби
дамыту болып табылады.
3.
Ғылыми әдебиеттерде тұлғаның қалыптасуына оның оқу мен кәсіби
іс-әрекетінің жағымды ықпал ететіні туралы зерттеулер кең орын алған.Алайда
тұлғаның жетілуі мезгілімен пайда болатын ішкі және сыртқы, аумалы кезеңдер
барысында кәсіби векторының ӛзгерісіне ұшырайды. Әрбір даму үдерісі
сияқты, адамның кәсіби қалыптасуында оның жетілуі мен психикалық
жаңащылдықтарға ерісумен қатар тұлғаның деструктивтік ӛзгерістеріне
әкелетін ауытқушылықтары орын алады. \
4.
ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттері – ӛзін-ӛзі
белсендіру контексінде тұлғалық, кәсіби-танымдық, әлеуметтік–қарым-
қатынастық
және
эмоционалдық
компоненттерден
тұратын
жүйелі
психологиялық білім.
5.
Әр қоғамның дамуына сәйкес оқытушының тұлғалық-кәсіби
қасиеттері мен сапаларына қойылатын талаптар да ӛзгеріп отырады, тек ӛзін-ӛзі
белсендіретін тұлға ғана қоғамның сұраныстарын қанағаттандыра алады деген
қорытындыға келдік. Демек, ЖОО оқытушыларының ӛзін-ӛзібелсендіруіне
қажеттілігі жоғары болған сайын, кәсіби табыстылығының кӛрсеткіштерін
айқындайтын жағымды тұлғалық қасиеттердің деңгейлері жоғары, ал
деформация ретінде орын алатын жағымсыз тұлғалық ерекшеліктердің
деңгейлері тӛмен болады деген болжам жасай отырып, аталған пікірімізді
тексеру үшін зерттеу жұмысымызды эксперименттік бӛлімде жалғастырамыз.
\
83
2 БІЛІМ БЕРУ СУБЪЕКТІЛЕРІ – ЖОО ОҚЫТУШЫЛАРЫНЫҢ
ТҦЛҒАЛЫҚ-КӘСІБИ ҚАСИЕТТЕРІ ДАМУЫН ЭКСПЕРИМЕНТТІК
ЗЕРТТЕУ
2.1 Білім беру субъектілері – ЖОО оқытушыларының тҧлғалық-
кәсіби қасиеттері дамуын эксперименттік зерттеу жҧмысын ҧйымдастыру
Эксперименттік зерттеу жұмыстың мақсаты – білім беру субъектілері
тұрғысынанӛзін-ӛзі белсендіру контексінде ЖОО оқытушыларының тұлғалық-
кәсіби қасиеттерінің ерекшеліктерін анықтау.
Мақсатқа сәйкес келесідей міндеттер анықталды:
1.
Магистранттар және ЖОО оқытушылары арасында олардың
тұлғалық-кәсіби қасиеттерін бағалауға мүмкіндік беретін сауалнама құрастыру;
2.
Оқытушылардың ӛзін-ӛзі белсендіру деңгейлерін анықтау;
3.
Ӛзін-ӛзі белсендіруге байланысты тұлғалық-кәсіби қасиеттердің
кӛрсеткіштерінің деңгейлерін анықтау;
Эксперименттік зерттеу жұмысы үш кезеңнен тұрды:
1-ші
кезең:
зерттеу
мақсаты
мен
міндеттеріне
сәйкес
психодиагностикалық әдістер мен әдістемелерді іріктеу.
2-ші кезең: психодиагностикалық әдістерді жүргізу.
3-ші кезең: нәтижелерді қорытындылау.
Әдістемелерді таңдау барысында мынадай қағидалар басшылыққа алынды:
1.
Жүргізілетін әдістемелердің сенімділігі мен валидтілігінің
сақталынуы.
2.
Әдістемелердің қолжетімділігі;
3.
Әдістемелердің топтық зерттеу жұмыстарына жарамдылығы;
4.
Нәтижелерді сапалық және сандық ӛңделу мүмкіндігі.
Экспериментке барлығы 100 студент және 174 ЖОО оқытушылары
қатысты (Қ.Жұбанов атындағы Ақтӛбе ӛңірлік мемлекеттік университеті (87
оқытушы, 100 студент), С.Бәйішев атындағы университеті (37 оқытушы),
М.Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан медицина университеті (50 оқытушы)).
Эксперименттік зерттеу жұмысының нәтижелерін сапалық-сандық талдау
барысында тәуелсіз айнамалылар үшін Спирменнің корреляциялық
коэффициенті [169] келесі реттілікпен жүзеге асырылды:
1) Ранжирлеу
2) Ранг арасындағы айырмашылықты анықтау;
3) Әр айырмашылықтың квадраты анықталды;
4) Спирменнің формуласы бойынша рангтік корреляцияның коэффициенті
есептелінді:
6) Критикалық мәнділігі есептелді.
Ал ӛзгерістердің сенімділігін бағалау айнымалылар арасындағы
айырмашалықтарды анықтау үшін Стьюденттің Т-критериясы қолданылды.
Мәліметтердің кӛрсеткіштері STATISTIKA EXELL 2007 бағдарламасы
негізінде ӛңделді.
Эксперименттік-зерттеу жұмысында қолданылған психодиагностикалық
әдістер мен әдістемелер:
84
Субъект-субъектілік ӛзара қатынастың тиімділігін анықтауға мүмкіндік
беретін авторлық сауалнама құрастырылды (Қосымша А, Б).
Сауалнаманың мақсаты: ЖОО оқытушыларының кәсіби іс-әрекетін
табысты орындауға мүмкіндік беретін тұлғалық-кәсіби қасиеттерін және қазіргі
кездегі қалыптасу деңгейлерін анықтау.
Сауалнамаға барлығы 100 оқытушы мен 100 студент қатысты. Авторлық
сауалнама студенттердің кӛзқарасымен бүгіндегі ЖОО оқытушыларының
тұлғалық-кәсіби қасиеттерінің қалыптасу деңгейлерін анықтауға, бағалауға
арналған сұрақтарды қамтыды. Студенттер мен оқытушыларға сұрақтары
бірдей сауалнама берілді. Мұндағы айырмашылық студенттер оқытшулардың
бойындағы, ал оқытушылар ӛздерінің тұлғасындағы қасиеттерін бағалауы
қажет. Сауалнама барлығы 11 сұрақты қамтиды. Мұндағы сұрақтар
оқытушының тұлғалық-кәсіби қасиеттерінің кӛріну деңгейлерін бағалауға және
оқытушының тұлғалық-кәсіби даму бойынша қолдайтын іс-әрекеттерін,
студенттерге ықпалын анықтайтындай етіп құрастырылған.
ЖОО оқытушыларының тұлғалық-кәсіби қасиеттерінің компоненттеріне
байланысты іріктелген әдістемелер:
Тұлғалық компонент үшін «Ӛзіне қатынасын анықтау тест-сауалнамасы»
(В.В.Столин, С.Р.Пантелеев), А.В.Лазукиннің Н.Ф.Калин бейімдеген
«Тұлғаның ӛзін-ӛзі белсендіруін диагностикалау» тестінің 1, 3, 6, 8, 9
шкалалары және ассоциативті эксперимент қолданылды.
Кәсіби-танымдық компонент А.В.Лазукиннің Н.Ф.Калин бейімдеген
«Тұлғаның ӛзін-ӛзі белсендіруін диагностикалау» тестінің 4, 5 шкаласы
кӛмегімен жүзеге асырылды.
Әлеуметтік – қарым-қатынас компонентінің нәтижелері А.В.Лазукиннің
Н.Ф.Калин бейімдеген «Тұлғаның ӛзін-ӛзі белсендіруінің диагностикалау»
тестінің 2, 10, 11 шкаласы арқылы анықталды.
Эмоционалды компонент эмоционалды интеллектіне анықтауға арналған
тест (Н. Холл) және стреске тұрақтылық типін бағалау әдістемесі негізінде
анықталды.
Аталған компоненттердің деформациялық кӛрсеткіштері үшін Басса-Дарки
сауалнамасы және Г.Айзенктің «Психикалық күйді ӛзіндік бағалауын
диагностикалау» әдістемесі жүргізілді.
Әдістемелердің мазмұнына тоқталайық:
1.
ЖОО
оқытушыларының
тұлғалық-кәсіби
деформацияларын
анықтау үшін Басса-Дарки сауалнамасы (Қосымша В) және Г.Айзенктің
«Психикалық күйді ӛзіндік бағалауын диагностикалау» әдістемесі (Қосымша
Г).
Сауалнаманың мақсаты: ЖОО оқытушыларының деформация күйінде
кӛрініс беретін тұлғалық қасиеттерінің даму деңгейлерін анықтау.
Басса-Даркидің агрессивтіліктің дейгейін анықтау сауалнамасы [170]
(Buss-Durkey Inventory) А.Басса және А.Даркимен 1957 ж ӛңделіп, агрессивті
және ӛшпенділік реакцияларының деңгейлерін анықтауға арналған.
Агрессивтілік
түсінігінің
астарында
субъект-объект,
субъект-субъект
85
қатынасындағы деструктивті мінез-құлықпен шартталған тұлғаның қасиеттері
анықталады. Ӛшпенділік, жағымсыз сезімдер, адамдарды және жағдайлар мен
оқиғаларды жағымсыз бағалауды дамытатын реакция деп анықталады.
Сауалнамаға нұсқау: Әр пікірді оқып, Сіздің мінез-құлығыңызға, ӛмір сүру
салтына келетін «иә» және «жоқ» жауаптарын тандаңыз.
Агрессия мен ӛшпенділіктің кейпін анықтайтын сауалнаманы құрастыра
отырып, А.Басcа мен А.Дарки келесі олардың кӛрсеткіштерін бӛлді:
физикалық агрессия – басқа адамға қарсы физикалық күшін қолдануы.
жанама агрессия – ӛзгеге жанама немесе ешкімге бағытталмаған агрессия.
ашушандық, наразылық – сәл қызулықтын ӛзінде жағымсыз сезімдерді
кӛрсетуге дайындығы (ашушандық, күйгелектік).
негативизм – мінез-құлықта қалыптасқан дәстүрлер мен заңдылықтарға
қарсы селқос қарсыласудан бастап, белсенді күресуге дайын оппозициялық іс-
әрекет.
ӛкпе – шынайы және жалған іс-әрекеттер үшін қоршаған ортаға
қызғаншақтық пен жеккӛрушілік.
күдіктенушілік – адамдарға сенбеу мен күдіктенушіліктің салдарынан
ӛзгелер зиян жасайды, жоспарлайды деген сенімнің болуы.
вербалды агрессия – жағымсыз сезімдерге сӛздік жауаптар (айқай, айбат
сӛздер) арқылы жеткізу.
кінә сезімі – субъектіні ӛзі үшін нашар, жаман қылық жасағалы тұрғанын
сендіру және ӛзін кінәлі сезінуі.
Агрессивтіліктің индексі 1, 2, 3 шкалаларынан, ал ӛшпенділік индексі 6
және 7 шкалаларының қосындысынан тұрады. Агрессивтіліктің қалыпты
деңгейінің индексі 21 ± 4-ке, ал ӛшпенділік– 6-7 ± 3-ке тең.
Г.Айзенктің «Психикалық күйді ӛзіндік бағалауын диагностикалау»
әдістемесі [170]. Әдістеме мазасыздану, фрустрация, агрессивтілік және
ригидтілік атты қасиеттерді ӛзіндік диагностикалауға арналған. Сауалнамадағы
әр шкала 10 пікірден тұрады және үш деңгей бойынша бағаланады: тӛмен,
орташа және жоғары. Мысалы, мазасыздану бойынша «Кӛбіне маңызсыз
жағдайлар үшін қызарамын», агрессивтілік шкаласындағы пікірлер ӛшпенділік
реакцияларға доминантты қондырғыларды анықтайды, мысалы «Ашу-ызаға
бой алдырғанымда ӛзімді ұстай алмаймын». Ригидтілік шкаласы «Мені сендіру
қиын» атты пікірлерден тұрады: 1-10 сұрақ арасы мазасызданудың, 11-20 сұрақ
фрустрацияның, 21-30 агрессияның, 31-40 ригидтіліктің деңгейлерін
анықтайды.
Нұсқау: Сауалнамада түрлі психикалық күйлер сипатталатын пікірлер
берілген. Егер, аталған күйді үнемі сезінсеңіз 2 балл, кейде – 1 балл, мүлдем
сезінбесеңіз – 0 балл қойыныз.
Нәтижелерді ӛңдеу: Мазасыздану: 0-7 балл – мазасыздануы жоқ; 8-14 балл
–орташа; 15-20 балл –мазасыздану жоғары. Фрустрация: 0-7 балл – ӛзін-ӛзі
жоғары бағалайды, сәтсіздіктерге қарсы тұра алады, қиыншылықтардан
қорықпайды. 8-14 балл – орташа; 15-20 балл – ӛзін-ӛзі бағалауы тӛмен,
қиыншылықтардан, сәтсіздіктерден қашады, фрустрациясы ӛте жоғары адам.
86
Ригидтілік: 0-7 балл –бір істен екіншісіне тез әрі жеңіл қосыла алады; 8-14 балл
– орташа; 15-20 балл –ригидті, кӛзқарастар, сенім мен нанымдарға мінез-
құлықтардың тұрақтылығы.
Н.Ф.Калин бейімдеген А.В.Лазукиннің «Тұлғаның ӛзбелсенділенімін
диагностикалау» тесті (Қосымша Д) [170].
Мақсаты: ЖОО оқытушыларының ӛзін-ӛзі белсендіруінің деңгейлерін
(жоғары, орташа, тӛмен) және деңгейлеріне сәйкес оның кӛрсеткіштерін
анықтау.Сауалнама 100 пікірден тұрады.
Нұсқау: Әр екі нұсқадағы пікірді оқып, Сізге ұнайтын немесе Сіз келісетін
пікірді тандаңыз. Мұнда жақсы, жаман, дұрыс немесе бұрыс жауап жоқ. Сіздің
бірініші таңдаған жауабыңыз дұрысы болып табылады.
Тесттің нәтижелері 11 шкала бойынша анықталады:
1. Уақытқа бағдарлану шкаласы адамның осы шақпен ӛмір сүріп, істерін
«кейінге» қалдырмай, ӛткен шағынан орын іздемейтін ұмтылысын анықтайды.
Жоғары нәтиже ӛмірдің «қазір және осында» құндылығын түсінуі, болашақ
жетістіктерді ӛткен қуанышты сәттермен салыстырмай қазіргі осы сәттен рахат,
қуаныш алуы, осы шақпен ӛмір сүретін адамдарға тән екенін кӛрсетеді. Тӛмен
нәтижелер ӛзіне сенімсіздігін, ӛткен күйзелістерге невротикалық қатынасын,
жетістіктерге жету ұмтылыстарының тӛмендігімен анықталады.
2. Құндылықтар шкаласы. Аталған шкала бойынша жоғары ұпай жинаған
адамдар ӛзін-ӛзі белсендіретін тұлғаның құндылықтарын ұстанады. Олар
шынайылық, адалдық, сұлулық, тұтастық, екіжүзділіктің болмауы, ӛмірге
құштарлық, әмбебаптылық, кемелденгендік, әділеттілік, тиянақтылық,
қарапайымдылық, жеңілдік, әзілдік секілді қасиеттермен сипатталады.
Аталған құндылықтарды ұстанатын адамдар достық қарым-қатынас құруға
ұмтылады.
3. Адам табиғатына кӛзқарас жағымды (жоғары баға) немесе жағымсыз
(тӛмен баға) болуы мүмкін. Аталған шкала адамдардың адамзаттық
мүмкіндіктерінің жоғары екендігіне сенімділігін бейнелейді. Жоғары
кӛрсеткіштер тұрақты шынайы және үйлесімді тұлғааралық қарым-
қатынастарға негізделеді, адамдардың табиғи сүйіспеншілігін, сенімділігін,
адалдығымен суреттеледі.
4. Ӛзін-ӛзі белсендірген тұлғалар үнемі танымды қажетсінеді, әрдайым
жаңа әсерлерге ашық болады. Аталған шкала болмысты тану қабілетін
бейнелейді – жаңаны іздеу, объектілерге қызығушылық таныту. А.Маслоу
мұндай танымға қажеттілікті нақты және тиімді дейді, себебі бұл үдеріс
адамның ниеттері, құштарлықтарымен бұрмаланбайды, баға беруге,
салыстыруға, талдауға бейім келмейді, кӛзімен кӛргенді ғана бағалауға
тырысады.
5. Шығармашылыққа ұмтылу немесе зияткерлік – ӛмірге шығармашылық
қарайтын, ӛзін-ӛзі белсендірудің міндетті белгісі.
6. Гуманист психологтар бойынша автономдылық психикалық дені сау
тұлғаның, оның тұтастығының және кемелденуінің негізгі кӛрсеткіші. Аталған
түсінік Ф.Перлзде ӛмірге құштарлық пен ӛзін-ӛзі қолдаудың, К.Роджерсте
87
кемелденудің белгісі. Ӛзін-ӛзі белсендірген тұлғаның ішкі еркіндігі болады, ол
автономды келеді және ешкімге тәуелді емес.
7. Спонтандылық – ӛзін-ӛзі белсендірген адамдарға тән ӛзіне және
қоршаған ортаға сенімі. Жоғары кӛрсеткіштер ӛзін-ӛзі белсендіруді мақсат
немесе ұмтылыс ретінде кӛрмей, ӛмірлік бейнеге айналуды кӛрсетеді.
Спонтанды мінез-құлыққа қабілеті мәдени нормалармен анықталады, оның
шыңайы табиғи кейпін кішкентай балалардан байқауға болады. Спонтандылық
еркіндік, табиғилық, жеңілдік секілді құндылықтармен тең келеді.
8. Ӛзін-ӛзі түсіну. Аталған шкаланың жоғары кӛрсеткіштері адамның
құштарлықтары мен қажеттіліктеріне сезімталдығын және сензитивтілігін
анықтайды.
Мұндай
адамдар
бойындағы
болмысынан
алыстатын
психологиялық қорғанудан еркін, тәуелсіз болады, жекелік талғамы мен
сыртқы әлеуметтік стандарттарын айырбастауға бейім келмейді. Ӛзін-ӛзі
түсіну, спонтандылық және аутосимпатия шкаланың кӛрсеткіштері бір-бірімен
байланысты. Тӛмен нәтижелер ӛзіне сенімсіз, қоршаған ортаның пікіріне кӛне
салатын адамдарға тән. Д.Рисмен мұндай адамдарды: «ӛзінің ішкі әлеміне
қарағанда сыртқы әлемге бағдарланған адамдар», – дейді.
9. Аутосимпатия – тұлғаның психикалық денсаулығын мен тұтастығының
кӛрсеткіші. Тӛмен кӛрсеткіштер адамның невротикалық, мазасыздануы жоғары
екенін, ӛзіне сенімсіздігін кӛрсетеді. Аутосимпатия тұрақты ӛзіне баға беруге
қызмет ететін саналы, жағымды «Мен-тұжырымдама».
10. Контактілік шкаласы тұлғаның қарым-қатынасшылдығын, қоршаған
ортамен тығыз және достық қатынас құру қабілетін анықтайды. Әдістемеде
қарым-қатынасшылдық тұлға қабілетінің коммуникативті немесе тиімді қарым-
қатынас деңгейімен сипатталмайды, тұлғаның синергетикалық қондырғысына
қажетті ӛзге адамдармен ӛзара пайдалы және жағымды байланыс құра білу
икемділігін білдіреді.
11. Қарым-қатынастағы иілгіштігі шкаласы қарым-қатынастағы әлеуметтік
таптаурындармен парапар ӛзін-ӛзі кӛрсету қабілетінің барымен немесе
жоғымен анықталады. Жоғары кӛрсеткіштерге ӛзін кӛрсету қабілеті, қоршаған
ортамен шынайы ӛзара іс-әрекеттер тән. Аталған шкала бойынша жоғары ұпай
жинаған адамдар тұлғалық қарым-қатынасқа бағытталуымен, ӛтірік пен
манипуляцияға жол бермеуімен және ӛзін кӛрсетуге талап қоймауымен
сипатталады. Тӛмен кӛрсеткіштерге ригидтілік, ӛзінің сүйкімділігіне
күмәндану, серіктесіне қызықсыз кӛріну және қарым-қатынасы қанағаттану
әкелмейді деп ойлайтын адамдарға тән.
Жоғарыда кӛрсетілген қасиеттерді анықтау үшін зерттелінуші тесттің
сұрақтарында кӛрсетілген 2 нұсқалы жауаптың бірін таңдау қажет: Мысалы,
а) Мен қарым-қатынаста ӛзімнің басқаларға деген наразылығымды ашық
білдіру керек деп ойлаймын.
б) Мен қарым-қатынаста адамдар ӛздерінің наразылығын білдірмеу керек
деп ойлаймын.
5. «Тұлғаның ӛзіне қатынасын анықтау тест-сауалнамасы» (В.В.Столин,
С.Р.Пантелеев) [170] (Қосымша Ж).
88
Мақсаты: Оқытушылардың бойындағы ӛздерінің «Мен» - не қатынасын
анықтау.
В.В.Столин, С.Р.Пантелеев берілген пікірлерді құрастыру барысында
тұлғаның ӛзіне қатынасын ашуға мүмкіндік беретін сауалнаманың сұрақтарын
дайындады.
Сауалнама
57
сұрақтан
тұрады.
Ӛткізілуге 30-40 минут уақыт кетеді. Зерттелінуші әр сұраққа «Иә» немесе
«Жоқ» деп жауап береді.
Нұсқау: Әр сұрақты мұқият оқып, пікірмен келіссеңіз оң, келіспесеңіз теріс
таңба қойыңыз.
Сауалнаманың шкалалары:
Шкала S — зерттелінушінің ӛзіндік «Менін» «қабылдау» немесе
«қабылдамау» сезімін анықтайды;
Шкала I — ӛзін-ӛзі сыйлауы;
Шкала II — аутосимпатия;
Шкала III — ӛзіне басқалардан күтетін қатынасы;
Шкала IV — ӛзіне қызығушылығы.
Сауалнама зерттелінушінің «Меніне» бағытталған ішкі іс-әрекеттері мен
тұрақты қондырғыларын ӛлшейтін қосымша 7 шкаладан тұрады:
ӛзіне сенуі («Мен ойлағанымды жүзеге асыра алатын қабілетім және
энергиям жеткілікті»)
күтетін қатынасы («Таныстарымның ортасында кӛп адамдарға симпатияны
тудыра алуым екіталай»)
ӛзін-ӛзі қабылдауы («Ӛзіме достық қатынастамын», «Қазіргі күйім ӛзімді
қанағаттандырады»)
ӛзін-ӛзі басқаруы («Ӛкінішке орай, менің сӛздерім осылай іс-әрекет
ететінімді білдірмейді»)
ӛзін-ӛзі кінәлау («Ең алдымен қыңырлық мінезді ӛзіме кӛрсетемін»)
ӛзіне қызығушылығы («Екінші «Менім» болған жағдайда қарым-қатынаста
жалықтыратын серіктесім болар еді»)
ӛзін-ӛзі түсінуі («Кейде ӛзімді толық түсіне алмаймын»)
Барлық факторлар оқытушының ӛзіне қатынасының деңгейін анықтайды.
Әр шкала 6 - 7 пікірден тұрады.
3, 4 және 5-ші факторлар тӛрт ӛлшеммен ӛзіне қатынастың жалпы деңгейін
анықтауға мүмкіндік береді:
Ӛзін-ӛзі сыйлауы — «ішкі бірізділікті, жүйелілікті», «ӛзін – ӛзі түсіну»,
«ӛзіне сенімділігін» бағалауға мүмкіндік беретін 15 пікірден тұрады. Ӛзінің
күшіне, қабілетіне, энергиясына сенімін, дербестігін, ӛмірін бағдарлай алуын
және ӛзін-ӛзі түсінуін, ӛзінің мүмкіндіктеріне эмоционалды баға беруін
анықтайды.
Аутосимпатия — ӛзінің «Меніне» достық немесе қастық қатынасты, яғни
«ӛзін-ӛзі қабылдауды», «ӛзін-ӛзі кінәлауды» бейнелейтін 16 пікірден, тұрады.
Мазмұнына қарай жағымды полюсте ӛзіне сенімділігін және ӛзін адекватты
бағалауы жатса, жағымсыз полюс – бойындағы әлсіз жақтарын кӛруі басым,
ӛзін-ӛзі тӛмен бағалау, ӛзін-ӛзі кінәлау тән. Аталғандар тітіркену, жек кӛру,
89
келемеждеу, қорлау, ӛзіне үкім шығару секілді жағымсыз эмоционалды
реакциялармен түсіндіріледі.
Ӛзіне қызығушылығы — ӛзіне жақындығының ӛлшемін, әдетте ӛзінің
ойларына, сезімдеріне қызығушылық танытуы, ӛзімен тең деңгейде қатынас
жасауға дайындығы. Басқалар алдында ӛзінің маңызды екендігіне сенімділігін
бейнелейтін 8 пікірден тұрады.
Ӛзіне басқалардан күтетін қатынасы — қоршаған адамдардың ӛзінің
тұлғасына жағымды немесе жағымсыз қатынасын бейнелейтін 13 пікірден
тұрады. Ӛзіне антипатиялық қатынастағы адам кӛпшіліктен, таныс емес
жерлерден немесе аз байланысқа түсетін адамдардың жағымсыз қатынасын
сезеді. Мұндай адам жетістіктерін мойындамайды және сыртқы келбетіне
антипатияны үнемі күтеді. Үнемі ӛзгелердің ӛзіне деген жағымсыз мінез-
қылықтарын кӛруге бейім келеді. Ӛзін басқаларға ұқсамайтын, әмбебап екенін,
ӛзін-ӛзі сыйлау, құрметтеу қажет екендігін алдына міндет етіп қоймайды.
Нәтижелердің интерпритациясы: 45-55 балл – адам ӛзін адекватты
қабылдайды, ӛзінің мінез-құлығын дұрыс бағалайды. 55-70 балл – ӛзін жоғары
бағалайды, 40-45 балл – ӛзін тӛмен бағалайды. 80-нен жоғары және 40-тан
тӛмен алған балдарды есепке алмаған жӛн, ӛйткені мұндай кӛрсеткіштерге
сыртқы факторлар (әлеуметтік қажеттілік) әсер етуі мүмкін.
Эмоционалды интеллектіне анықтауға арналған тест (Н. Холл) (Қосымша
К) [171].
Мақсаты: Оқытушылардың кәсіби іс-әрекетінде эмоционалдығын және
эмоционалды интеллектінің түрлі жақтарын: ӛзіне және басқаларға қатынасын,
қарым-қатынасқа қабілетін, ӛмірге қатынасын және үйлесімділікті іздеу секілді
қасиеттерді анықтауға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда эмоционалды интеллект IQ интеллектісіне қарағанда
адамның психикалық және физикалық сәттілігін қамтамасыз ететіні фактіге
айналып отыр.
Нұсқау: Сіздің ӛміріңіздің эмоционалды жақтарын бейнелейтін пікірлер
берілген: Егер «мүлдем келіспеймін (-3 балла)»; «негізінен келіспеймін (-2
балла)»; «аздап келіспеймін (-1 балл)»; «аздап келісемін (+1 балл)»; «негізінен
келісемін (+2 балла)»; «толығымен келісемін (+3 балла)» сәйкесінше бос
торкӛздерді белгілеңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |