Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі


Жаман бөріктер онан сайын жапырайып, манағы әзірдегі томсарған түс



бет11/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39
9. Жаман бөріктер онан сайын жапырайып, манағы әзірдегі томсарған түс еркектердің жүздеріне қайта тұнды.
1.Күннің орта мезгілі, сағат бір кезі.
2.Әр түрлі, алуан бояу.
3. Адамның кескін –келбеті, бет пішіні. [5,20]
10.-Даңғаза қайным –ай, -деді осы сәтте көзінде жас мөлдіреген Алтынкүл зорлана күлімсіреп, -өлі, тіріде болмаса ағаңның қайда кеткені!?
1.Адамның, жан –жануарлардың т.б. өмір сүру мезгілін белгілейтін жыл саны, жас шамасы.
2.Жаңа өсіп келе жатқан жас өспірім.
3.Жылағанда, қатты қуанғанда шығатын көз жасы. [5,20]
11. Ақ қылшық дей ме, қара қылшық дей ме, келіп тауып, көзімізге көрсетсе, жағамызды ұстап таң қаламыз.
12.Мерген аңызды әрлі –берлі кезіп жүріп, аққурай күлтесіне ілініп қалған жалғыз басбидайды әрең танты.
13.Бүкіл денесі дірілдеп, көзіне қан толып кетті.
14.Менің бұрынғы жүзбасы екенімді жан адам сезбеуші еді ғой...
Қорытынды: А.Нұрманов «Құланның ажалы» романында 14 омоним табылып, 14-і теріліп,10 –де талдауға түсті.

1.3.«Құланның ажалы» шығармасы тіліндегі синоним сөздердің қолданысы.

Синонимдер – мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер тобы.


Ғалым Ф.Ш.Оразбаева өзінің «Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» атты еңбегінде мынадай тұжырым жасайды: «Кез келген тілді алсақ, синонимдер-сол тілдің тілдік құрамы мен сөз байлығының дәрежесін байқатар көрсеткіш. Оның тілдегі сөздік қордың дамуына емес, жалпы көркем әдебиеттің, өнердің кемелденіп, толысуына, көркем сөздің жетілуіне, күнделікті өміріміздегі қарапайым сөйлеу тілінің нәрленіп, қалыптасуына әсері мол. Осы тұрғыдан алғанда, лексикалық синонимдердің қоғамдық – тілдік қарым – қатынаста атқаратын маңызы зор. Синонимдер, біріншіден, әдеби тілдің жоғары талғамды болуын қажет етсе, екіншіден, қарапайым сөйлеу тілінің әдеби тіл дәрежесіне көтерілуіне әсерін тигізеді» [6,21].
«Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде Ә.Болғанбаев В.В.Виноградовтың орыс тіліндегі синонимдерді топтастырудағы классификациясына сүйене отырып, қазақ тіліндегі синонимдерді үш түрге бөліп қарастырады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет