Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет12/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39
1.Мағыналық синонимдер әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада бірдей жалпылама қолданыла беретін синонимдер. Мысалы, батыл – өжет – өткір – жүректі деген сөздер қорықпайтын, қамықпайтын, тасалмайтын ер деген ұғымды білдіреді. Мағыналық синонимдер бір – бірінен мағыналық реңктері арқылы ажыратылатындықтан, бір стильдің өз ішінде кезектесіп, кейде қатарма – қатар келе береді. Бұлар әрбір жеке қолданыстағы сөздердің мағынасы жалпы ойды анық, әрі дәлме – дәл нақтылы түрде жеткізу үшін қолданылады.
2.Стильдік синонимдер мағынасы жағынан ұқсас бола отырып, бір – бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің тобы. Әрбір сөздің стильдік бояуы оның қарақан жеке басынан көрінбейді, стильдік жағынан бейтарап сөзбенен салыстыру арқылы келіп шығады. Сондықтан әрбір стильдік синонимнің қасында оның қарама – қарсы қойылып айтылатын бейтарап мәнді сыңары тұруы керек. Стильдік синонимдер әрқилы жалпы халықтық бір тұтас сөйлеу тілі және жазба тілі болып екі негізгі салаға бөлінуімен байланысты синонимдер де осы екеуінің әрқайсысына телінді болып, біреуін өзіне қарай меншіктеп тұрады.
3.Мағыналық – стильдік синонимдер кейде бір – бірінен не мағынасы жағынан, не стильдік мәні жағынан өзгешеленіп, бірыңғай болып келе бермейді.Олар өзара әрі мағыналық, әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленіп, екі жақты қарым – қатынас жасап тұра береді.
«Қазақ тіліндегі мақал – мәтелдердің танымдық бейнелілігі (Ғ.Мұстафин, С.Мұқанов шығармалары негізінде)» атты еңбегінде С.Ғ.Қанапина: «Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына, мақсатына сай ойды дәл, әрі көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан келгенде, сын есім синонимдер эмоционалды сезім-күйлер мен әр түрлі нәзік реңктерді білдіруде ерекше орын алады. Сын есім синонимдер тілде мынадай мақсаттар үшін қолданылады.
1.Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру үшін.
2.Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.
3.Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет