Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен ерекшеліктеріне негіз болады: 1.Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.
2.Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.
3.Өзара синоним сөздер бір сөз тобына жатады.
4.Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер арқылы ажыратылады деген.
«Тарихи романдардағы лексикалық синонимдер» атты еңбегінде М. Б. Нұрғалиева: «Белгілі бір ұғымды толық сипаттап беру үшін шығармада екі не үш синоним сөз қатарынан қолданылатын тұстары жиі кездеседі де, қатар қолданылған синонимдер бірінің мағынасын бірі толықтырып тұрады» - деген. Синонимдердің лексика-семантикалық тәсіл арқылы жасалуында кірме сөздердің де орны ерекше екендігін анықтап,
Жалпы кірме сөздерді екі топқа бөліп қарастырған: Тілімізге толық сіңісіп кетпеген сөздер;
Қазақ тіліне әбден сіңісіп кеткен, қазіргі кезде байырғы сөздермен қатар қолданылып жүрген сөздер. [6,21]
«Синонимия сөздің мағыналық қасиетімен байланысты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты объект – сөз болса, олардың мағыналық теңдігі мен жақындығы мағыналық сәйкестіктердің бір ұғым төңірегінде ұштасуымен анықталады» - деген.
«Қазіргі қазақ тіліндегі сын есім синонимдер» Ф.Оразбаеваның еңбегінің қазақ тіл білімінде орны ерекше маңызға ие. Бұл еңбекте ғалым сын есім синонимдерді мынадай түрлерге бөліп, қарастырады:
1. Мағыналық (семантикалық) сын есім синонимдер.
2. Экспрессивтік – стилистикалық сын есім синонимдер.
3. Мағыналық – стилистикалық сын есім синонимдер [6,21].
Әрбір адамның көңіл күйіне, көзқарасына, мақсатына сай ойды дәл, әрі көркем етіп айтуда синонимдер маңызды қызмет атқарады. Осы тұрғыдан келгенде, сые есім синонимдер эмоционалды сезім-күйлер мен әр түрлі нәзік реңктерді білдіруде ерекше орын алады. Сын есім синонимдер тілде мынадай мақсаттар үшін қолданады.
1.Заттар мен құбылыстардың қасиеттерін жан-жақты дәлме-дәл түсіндіру үшін.
2.Қосымша эмоционалды-экспрессивтік мәнді білдіру үшін.
3.Бір сөзді ретсіз қайталамау үшін.
Бірыңғай синонимдік қатарға енетін сөздердің ұқсас, сәйкес мағыналықтан басқа да ерекшеліктері жоқ емес. Жалпы лексикалық синонимдерді анықтау мәселесінде бір ұғымды білдіре келіп, түрлі экспрессивтік-стилистикалық бояулар арқылы ажыратылатын, бір сөз табына енетін тұлғасы әр басқа сөздердің мағыналық ұқсастығы қатар алынғаны жөн.
Синоним сөздердің мағыналық үндестігі оның басқа да белгілері мен ерекшеліктеріне негіз болады:
1.Синонимдердің лексикалық мағыналары ұқсас, сәйкес болады.
2.Синонимдік қатарға енетін сөздер бір ұғымды білдіреді.
3.Өзара синоним сөздер бір сөз табына жатады.
4.Синонимдер бір-бірінен эмоционалдық реңк пен экспрессивтік мәндер арқылы ажыратылады [7,22].
Синонимдерге тән өзіндік белгілері болады:
1.Мағыналық реңктер. Бір ұғымды білдіретін мәндес сөздердің бір-бірінен сәл айырмашылықтары болады. Мысалы, ауыр-зілмауыр сөздері өзара синонимдік қатар құрғанымен, ауырға қарағанда зілмауырдың мағыналық салмағы күшті. Енді бір ретте біреуінің мағынасы екіншісінен сәл кең я тар болуы мүмкін. Мысалы, ұстаз-мұғалім сөздерінің мағыналары өзара ұқсас болғанымен, ұстаз сөзінің мағынасы мұғалімге қарағанда кең.
2. Стильдік реңктер. Сөздердің стильдік реңктері әр түрлі функционалдық стильде қолданылуымен тығыз байланысты. Сөздердің жалпы стильдік мәнін мынадай түрлерге бөлуге болады: көтеріңкі түрдегі реңктер (мерекелеу тойлау, азамат-жігіт, бойжеткен-қыз); сый-құрмет көрсетудегі сыйластықты білдіретін реңктер (ақсақал-қария, азамат-мырза); дөрекілік мәндегі реңктер (ақымақ-маубас, ақсақ-шойнақ); поэтикалық реңктер (асқар-биік, керемет-жақсы); кекесін, мысқыл түріндегі реңктер (еліру-желпілдеу, қораздану-қоқилану); кеміту мәндегі реңктер (адам-тірі жан, еркек-бөрік киген).
3. Сөз қолданысындағы реңктер. Мәндес сөздердің бірінің тіркесіндегі сөзбен екінші сыңары да тіркесе бермейді. Мысалы, көз, жанар деген мәндес сөздер көру мүшесі деген мағынада жұмсалғанымен, қойдың көзі деп айтылады да, қойдың жанары деп айтылмайды. Ендеше, сөз қолданысындағы осындай реңктер тіпті абсолют теңдікте тұрған синонимдердің өзінде қатты байқалады. Сол сияқты синонимдер қолданылу жиілігі жағынан да өзгешеленеді. Мысалы, билік, қожалық, әкімдік деген мәндес сөздердің ішінде билік деген көбірек айтылады [7,22].
1.Мен қайыршы, қайыршы,- деп анау тұтығын қақала-шашала сөйледі, дірілдеген иегімен дорбасын үсті-басын меңзеп қойды, манадан бері сөйлей алмай тұр екен,-қайыр-садақа жинаймын.