1)Қақалу, шашалу. Тамағына бірдеме тұрып қалып, булыға тұншығу. Кәрі қойдың жасындай шақ ғұмырым қалғанда өндірістің шаңына қақалып қайтеп (С.Сматаев). Қара келіншек шашалып, аузын алақанымен басып әуре болды.(Д.Әбілев)
2) Садақа, қайыр.Кембағал адамдарға. Құдай жолына ақшалай немесе заттай берілетін сый –сияпат. Садақа үлестіріп болысымен, жұрт зират сыртына шыға бастады. (Ж. Молдағалиев). Ертеңіне ауыл ақ тайлақты жетелеп, Көкбөрінің басына барып құдайы беріп қайтуға аттанды. (Ә.Кекілбаев). Үйінде алтын –күміс үйіліп жатса да, маған бір тиын қайыр беруді де аяды («Камбоджа ертегілері»). [8,23]
2. Құдауәнда, осы сапарымда біресе ұруға, біресе қарыға кездестім бе-ау, әйтеуір қағылған-соғылғанның бәрі менің алдымдан шыға берді.
3.Сол жүрісінде өмір бойына бір рет те қарада бойын, қарда ізіп көрмесе де ол соқыр сепіммен шайтан, жын-пері барына сенетін, бірақ байғыз, жылқышы құс сияқты үндері ғана құлаққа жат болмаса, оларды да адамға зиянсыз жәндіктер іспетті деп ойлайтын. Кітаб. Көзге көрінбейтін, жамандық пен зұлымдықтың күш иесі. Неше түрлі жын –пері, шайтандарды айта отырып, солар арқылы адам баласын қорқытатын (М.Ғабдуллин). Көше бойындағы қаз –қатар тізілген ағаштар шашы жалбыраған ертегілердегі періге ұқсайды(З.Шашкин). Мені жетелеген жын ба, шайтан ба, білмеймін, сол жігітті іштей жақсы көрдім.(Т. Қойшыманов)
4.Қапсырулы есіктің ар жағы әлі де бақырып-шақырған айғай.
5. Ерте кезде азып-тозып бытырап кеткен жеті үй Текесін маңына шоқтай үйірін жинап алды да елдің шетінде, желдің бетіндегі Қайрақты өзенін жоғары-төмен бойлап көшіп, тыныш өмір сүре берді.
6. Ақырып-бақырып қатын-қалаштың берекесін қашырады, басқа бітіретін жұмыстары жоқ.
7. Қымызын асықпай-саспай баппен ішіп отыр. Баж –баж етіп қатты дауыс шығару, ащы дауыспен байбалам салу, улап –шулау. Құр айғай бақырған. Құлаққа ән бе екен? Өнерсіз шатылған, Кісіге сән бе екен?(Абай) Алыстан Түйебайдың аюдай ақырған даусы естіліп, денені түршіктіреді.(Ә. Әбішев) [8,23]
8. Бір заманда әке-көкелеп, майданға шақыратын Құланым, енді ел есінен кеткенің осы болғаны да.
9.-Іздейтін туысқаның, ұрандайтын ағайының жоқ қой? Туыстас, бауырлас адамдар.
10. Ұрып-соғып бір мүшемді кем қылсаң да көнейін. Біреуді –біреу таяққа жығып, ұрып –соғып жазалау. Есей қорыққан немісті Миронов ротасының бір жауынгері ұрып жықты.(Ә.Нүрпейісов) Өткен қыста таспамен, шоқпармен өзіңіздің үш көкжалды соғып алғаныңызды неге айтпайсыз(С.Қалиев).
11.Қазір көңілін бір тәтті қиял тәрбегендей, жүзі де ашық-жарқын, жанарында да күлкі ұшқындайды.
12. Соғыс, жаугершілік, елге төнген қауып-қатер, орт сияқты әртүрлі сұмдықтар ойына кіріп, жанын шошытты. Тосыннан кездесетін қиындық, қорқынышты жағдай. Адамды қауіп пен қиыншылық қиюластырады.(Ж.Жұмаханов). Сағат сайын жақындап келе жатқан осынау қатерді балықшылар байқамады ма, белгісіз (Т. Жанұзақов)
13. Одан не обырой, не атақ. Еңбегімен, ерлігімен қол жеткен жетістік, абырой, бедел, қызмет. Атағы талай жерге оның жетті, жердің жүзін алуға талап етті.(Абай)
14. Әйтпесе сенің Құлан атыңды арысы Қостанай, берісі Есіл түгел біледі және де ақтығыңа, адалдығыңа түгел қол көтереді ғой. Адал болушылық, әділдік, шыншылдық, туралық. Ол екеуіміздің бір –бірімізге адалдығымыз бұл ғаламда бұзылмақ емес(М.Ғабдуллин). Жасөспірімді адалдылыққа, шыншылдыққа жастайынан баулуымыз қажет («Халық мұғ»). Мен ақтығымды айтып құр безектей бердім(С.Сеейфуллин). [9,24]
15. Бәрі де жасана киінген, төстерінде орден-медальдарына жатылдаған-жарқыраған эполеттері, региялары, бау-шашақтары алтын зерлі шенді топ.
16.Сақал-мұрты қауқиған, түрі киімі үрпе-түрпе адамнан шошынып кетсе керек.
17. –Жөн айтсақ, мен Теке Құлан деген боламын,-деді жолаушы аз-кем мүдіріп барып. Көп емес, аз –аздан, шағындып, ақырындап, жайлап. Жел қағып, жаңбыр шаюмен үлкен үй аз –аздап сұрғылт тарта бастапты («Жұлдыз»). Партизан солдаттар келгенде газет те алып қаламыз, аз –маз хабар да алып қаламыз (С.Сейфуллин). Шебер қайным, Мәдина келіп кетсе, аз –мұз сусын қарастырса (Х.Есенжанов). [9,24]
18.-Жарайды, жігіттер, оның еш ағаттығы жоқ,-деді мерген де жайма-шуақ, өзінің дабырайған атақ-даңқының талай жерге әуезе боп, оза жүргеніне көтеріліп қалған. Сөйл. Жадыраңқы, жылы лебізді, тыныштық орнаған. Әлі ыстығы қайта қоймаған жаймашуақ қоңыр күзге салым болатын (Ө. Тұрманжанов)
19.Ал аман-сау барсыңдар?-деді ол әңгімені әдеттегі сәлемдесуге бұрып. Жаны бар, өлмеген. Қазақша амандасып көрісейік, жандарым, жаның аман, денің сау ма? (Қ. Айнабекұлы). Бәрі де аман –сау еліне қайтты(«Арулар отты жылдарда»)
20.Қолына тай күнінде түсіп еді, мәпелеп бақты, енді қазір бұл аты ертегінің тіл бітетін тұлпарлары сияқты, айтқанын, айтқан емес-ау, бет-жүзі, қабағының, тақымының қимылынан, дауысынан иесінен не тілеп, не бұйырғанын әп-сәтте түсінеді. 1) Адам басының алдыңғы жағынан көрінісі, сырт пішін. Қабеннің бет –жүзі балдырап, ішкі шабыттың сыртқы шыққан әсем, әсерлі сезімнің бет пішінінен –ақ көңілінде жатқан ойының арғы астарын аңғарып қалатын (С.Мәуленов). 2) Бет, жүз, әлпет. Адамның көз, мұрын, ауыз орналасқан алдыңғы жағы. Шу дегенде көрінер сұлу артық, көбі көпшіл қаншық. Бетім барда бетіме кім шыдар деп, кімі паңдау келеді, кімі тантық (Абай). Мариямның жүзі құбылып, ұялған адамша қызарып, көпке шейін үндемей шайын ішумен болды.
21. Тоңып-жаурап та барамыз. Суық өтіп бүрсең қағу, қалтырау. Күн ызғырық еді, желдің өтінгі біз қалшылдап тоңып, шыдай алмай барамыз (Б. Маилин). Бүркіт расында да әбден жаурап қалған екен, оңай жылынар емес( І. Майлин)
22. Әрине, өзімнен де бар шығар-ау, құдай азын-аулақ күш-қуат бергенде кеудеме нан пісті. Бойдағы әл беретін қайрат. Жас маман бар, күш –қуатын өндірісті өркендетуге жұпсап келді («Жас Алаш») [10,25]
23.-Мерген,- деді ол ентігіп,- құрыдық, біттік.
24.Атысуға да, соғысуға да ешқандай құлқы жоқ.
25. Қазір бұлар көңдерді, мал қораларының жыртық-тесігін бүтіндеп, сыртын салып дегендей жұмыстарға айналып киіз үйде отыр.
26.Және Алтынкүл жұбайының ер-азамат қасиет-қадіріне жұрт сөзінен ертеден қанғаннан бері, өзін оған лайық ұстауды зор парыз көретін.
27.Бірақ хақтағаланың шапағат-мейірінен күдер үзбеу керек.
28. Шүкір, егінді шашпай-төкпей жинап алдық.
29.Алысамыз-жұлысамыз, бір күн тыным жоқ. Алысу, жұлысу, жұлқысу.Екі адамның бірін –бірімен ұстасып, итерісіп күш қолдануы. Күші асқанмен алыспа, ақылы асқанмен айтыспа (Мақал). Белден сынды талай қару шыдамай, Аю, қабылан, арыстандай жұлысты(«Көрұғлы») Алдын ескен ескекші екі жігіт аюлармен жұлқысқан ашулы қос арыстан сияқты (Д. Әбілов). [10,25]
30.Ал бірақ тіршіліктегі мақсат-мұрат не? Алға қойған, орындалмақ нысаналы міндет, тәтті үміт, игі арман. Ата –ана балаларына нені қандай мақсатпен жасайтынын түсіндіріп, қалай істеуді көрсетеді(«Семья тәрбиесі») Екі жақсы қосылса, сол ғой бақыт, орындалар мұраты ойдағысы («Еңбек күйі»). Ақан болса, көпте көкейінде жүрген мақсұтын ойланумен отыр (С.Жүнісов).
31.-Міндет-борышың болсын-болмасын, бәрібір сенікі ерлік.(200-бет) Борышты, міндетті.Бір нәрсені орындауға, атқарып беруге тиісті. Өлгенше заманыма борыштымын, Өтеуді ұрпағымнан жөн сұрауым (Ж.Молдағалиев). Серт еткен Күләндамен нысанаға, Беттеуге қас қарая міндеттімін (Ж. Саин)
А.Нұрманов «Құланның ажалы» романында 31 синоним табылып, 31 –нің мағынасы ашылды.