Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі


Ата –ана: Әке –шеше [4,14]. 19. Батыр келіп, ауылда той-томалақ...-деп Алтынкүлге ілесе ұйқылыкөзін ашып-жұмып



бет9/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39
Байланысты:
өскен ұлжалғас

Ата –ана: Әке –шеше [4,14].
19. Батыр келіп, ауылда той-томалақ...-деп Алтынкүлге ілесе ұйқылыкөзін ашып-жұмып, есінеп сөйлей кірген Бейпілқасқа.
Қорытынды: Ақан Нұрманов «Құланның ажалы» романында 27 антоним қолданысқа түсті, оның 27 теріліп, 20 антоним талданды.

1.2.«Құланның ажалы» шығармасы тіліндегі омоним сөздердің қолданысы.
Қазақ тілінде сөздің құрамы жағынан лексика-семантикалық сөздер тобының басты саласының бірі-омонимдер.
Омонимдерді алғаш зерттеушілердің бірі К.Аханов:«Тіл білімінің негіздері» атты еңбегінде: «Омонимия құбылысын жан-жақты қарастырып, оның сырын ашудың зор маңызы бар деген. Сөздіктерде омонимдер мен полисемия құбылысының бір-бірінен жігі ажыратылмай, теріс берілуі жиі кездеседі. Бұлай болуы негізінен алғанда, омонимия құбылысы мен полисемия құбылысының зерттелінбей келгендігімен байланысты. Омонимдерді жан-жақты толық зерттеп, олардың ерекшеліктерін ашпайынша, сөздіктердесөзмағынасыныңшегіндұрысажыратыпберуәруақыттамүмкінболабермейді» – дейді. [4,15].
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасы жағынан бір-біріне ұқсастығы бар. Сөздердің дыбыстық құрылымы жағынан бұларды бірдей деуге болады. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің бір-бірінен өзгешелігі түр-тұрпатында емес, мағынасында жатыр. Көпмағыналы сөздердің екі, я одан да көпмағынасы болады.
Мағыналардың арасындағы семантикалық байланыс біржола үзіліп әр мағына өзінше дараланып, бір-бірінен ажыратылған болса, ондай сөздер омонимдес сөз деп қаралады.
Тіліміздегі сөздердің мағыналық дамуы-олардың ішкі мүмкіндігіне байланысты өзіндік заңдылықтары мол күрделі құбылыс. Бұл құбылыстың бір көрінісі - гомогенді (бір текті) омонимдердің пайда болуы.
Гомогенді омонимдер - дегеніміз о бастағы шығу тегі бір, түбірі де, мағынасы да бір сөздің сапалық дамуы нәтижесінде бір-бірінен алшақтай түсіп, тақырыптық екі салаға, екі дербес мағынаға ие болған лексемалар.
Сонымен, жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жеке тілдердің фактілері бойынша омонимия құбылысы туралы қалыптасқан пікірлердің үш-төрт топқа саятындығын көреміз. Олар:
1. Омонимия тіл-тілдердің бәріне тән, ұқсас әрі ортақ құбылыс.
2. Омонимдер тек әр текті (гетерогенді) сөздерден және күтпеген жерден (спонтанно) пайда болатын құбылыс.
3. Омонимдер сонымен қатар, бір текті (гомогенді) cөздерден де пайда болатын тосын құбылыс.
4. Омонимдер екі түрлі жолмен:
Гетерогенді (әр текті) сөздерден және (бір текті) гомогенді сөздердің іштей жіктеліп алшақтай түсуі арқылы пайда болатын құбылыс.
Ғалым Ә.Болғанбаев «Қазақ тілінің лексикологиясы» атты еңбегінде:
Қазақ тіліндегі омонимдердің жасалуының әлденеше амал-тәсілдері бар, солардың ішіндегі негізгі жолдары мыналар: Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер. Сөздер сан түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбыстардың құрамы жағынан кірігуі арқылы жасалған омонимдер. Аффикстер жалғану арқылы жасалған туынды омонимдер. Өзге тілдерден ауысқан сөздердің қазақтың төл сөздерімен дыбысталуы бірдей болуының нәтижесінде пайда болған омонимдер [4,16].
«Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің әдеби-диалектілік варианттары» (этнолингвистикалық зерттеу) атты еңбегінде А. Ө. Әдішева: «Сонымен, гомогенді омоним қатарларының жазық бағытта даму, яғни қолданыс өрісін кеңейтуі дегенді біз лексемалардың гомогенді омонимге айналып, әрқайсысының өз алдына тақырыптық топ құрып, сол бағытта дамып, қолданыс шеңберін кеңейтуін, тұрақты тіркес құрамына еніп, дербестік статусын қалыптастыруы деп түсінеміз»-деген. [5,17]
«Гомогенді омонимдер негізінен сөздің түбіріне қатысты дамитын құбылыс екенін этнолингвистикалық таным тұрғысынан дәлелдеуге болатындығын, мәселен, шап түбірін алып, оның екі бағытта-тік (вертикальды) және жазық (горизонтальды) бағыттардағы даму заңдылығын қарастырдық»
«Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің табиғаты» атты еңбегінде А.М. Құрманалиева: «Қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің пайда болуы о бастағы бір сөздің мағына жағынан іштей жіктеліп, екі түрлі мағыналық бірлікке айналуы, яғни омонимдік дәрежеге көтерілуін өте күрделі лексика-семантикалық процесс деп қарасақ, бұл процесске негіз болып саналатын экстралингвистикалық факторлардың табиғаты одан да күрделі деген сөз» [5,18]
Гомогенді омонимдердің туындауына әсер берген мотивтер:
1.Заттар мен құбылыстардың сыртқы тұлғаларындағы ұқсастық тірек болған гомогенді омонимдер.
2.Заттар мен құбылыстардың орналасуындағы ерекшеліктеріне байланысты пайда болған гомогенді омонимдер.
3.Заттар мен құбылыстардың түр-түсіне негізделген гомогенді омонимдер.
4.Заттар мен құбылыстардың дыбыстары негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
5.Заттардың санына байланысты қалыптасқан гомогенді омонимдер.
6.Заттар мен құбылыстардың қимыл ұқсастығы негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
7.Қолданылған материалға байланысты пайда болған омонимдер.
8.Себеп-салдар негізінде пайда болған омонимдер.
9.Мерзім немесе уақыттың әсері тиген гомогенді омонимдер.
10.Заттар мен құбылыстардың қызметі негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
11.Заттар мен құбылыстардың адамға тигізетін әсерлері немесе олардың ішкі қасиеттеріне негізделген гомогенді омонимдер.
12.Қазақ тіліндегі этимологиялық негізде мотивтері анықталған гомогенді омонимдер деп көрсеткен.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет