Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі


Әттең, сізден несін жасырайын, бүгіндер көп күнім құсалықпен өтіп жүрген бір жанмын. – Ей, теке сақал!



бет20/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39
Әттең, сізден несін жасырайын, бүгіндер көп күнім құсалықпен өтіп жүрген бір жанмын.

  • Ей, теке сақал! Мен кімге айтып тұрмын?! Түс аттан.

  • Ей, жалмаң сары! – деп айқай салды мерген мыналардың құлақ қоймастан.

  • Апырмау, сіз шын Құлансыз ба? Құлан батырдың өзісіз бе?

  • О, шіркін, мына бір топ бастап бара жатқанын түсірсе, өзі бір нәніекен.

  • Тәйірі, құс оны қайдан біледі дейсіз.

  • Шырағым, құстың кейде адамнан да бетер білгірі болады, - деді мерген ауызынан суы ағып, аспанға телмірген жылмаң сарыға мысқылдай көз тастап, - сол топ бастаған нәнін алшы.

  • – Өткел басынан дейсің бе? Апырмай, ә?! Тіпті елсіз – күнсіз жер ғой ол.

  • Әй, итшілеген өмір – ай, - деп ойлады енді лашықта жатып мерген.

  • О, қызыл ит! Айырарсың! Келші кәне, мұрныңды жепіріп, бет қылайын.

  • Түу, хайуан – ай, сенің әңгімең де адамның жүрегін айнытады екен, - деп жыртық көз Божбанның өзі жеркеніп, теріс айналды.

  • О, ғажап – ай! Бұларға оны үйреткен әлгі большевиктер ғой.

    Қорытынды:Жазушы Ақан Нұрмановтың «Құланның ажалы» романы тілін талдау барысында 29 эмоционалды – экспрессивті сөздер теріліп, 29- ы талдауға түсті.


    Тілдің лексикасында қаралатын лексикалық бірліктерден басқа тіл бірліктерінің тұрақты сөз тіркестері деп аталатын неғұрлым күрделі ерекше түрі қалыптасқан.
    Фразеологизм деген термин негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тиянақты тіркестерді тексеретін тіл білімінің саласы дегенді, екіншісі – бір тілдегі фразеологизм байлығының тұтас жиынтығы дегенді білдіреді. [19,34]
    Қазақ фразеологиясы өзінің бастауын С.Аманжолов еңбегінен алады. Ғалым 1940 жылы жазған «Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсы» атты зерттеу еңбегінде сөйлем мүшелерін талдау барысында, баяндауыштардың құрамында келетін «идиомдық баяндауыштарды» қарастыра отырып, «жалпы тұрақты тіркестерді» (идиомдық форманы) былай бөлген:

    1. Образды бейнелі құрама (идиомдық тіркес)

    2. Бернесіз құрама (фразеологиялық тіркес)

    «Тіліндегісін түрінде, түріндегісін тілінде» өрнектеген қазақтың бүгінгі сөйлеу мәдениеті фразеологизмдерге де қатысты. Әдеби тілдің мәйегі саналатын тұрақты тіркестердің лингвопрагматикалық әлеуеті тілді тұтынушының сан түрлі дискурстық сипатынан көрінеді. Фразеологизмдерді сөйлеу мен жазуда дұрыс қолданылатындардың тілдік танымында фреймдік үлгіде нақтылы ақпараттар жинақталады. Айтушының фразеологизмдердегі ақпараттың мағыналық бөліктерін жақсы білуі оның лингвомәдени мәртебесін анықтайды.
    Тіл мәдениетінің бастауы – фразеологизмдер. Әрбір қазақ үшін – тіл мәдениетін меңгеру міндеттерінің бірі – дұрыс сөйлеу, образды сөйлеу дағдысын қалыптастырудағы тұрақты тіркестердің рөлі ерекше. Бұл ретте фразеологизмдер белгілі бір тілдік мұқтаждықты өтейді [19,35].
    Қазақ тілі қазынасындағы тұрақты тіркестердің релеванттық қасиетін айқындау, қазақ фразеологизмдерін іштей саралап бөлу, сондай-ақ фразеологиялық мағынаның қалыптасуы, фразеологизмнің құрам сипаты және компоненттердің байланысу түрлері, фразеологизмдердің стильдік ерекшеліктері, фразеологизмдердің сөзден және мақал – мәтелдерден айырмашылығы мен оларға ұқсас тұстары, фразеологизмдердің грамматикалық сипаты, бірнеше фразеологизмдердің жасалуына арқау болатын ұйытқы сөздер, фразеологиялық калька сияқты фразеологияның көкейтесті мәселелерін қазақ тіл білімінің күн тәртібіне қойып, қазақ фразеологиясының бағыт – бағдарын саралаған, осы саланың дербес пәнге айналуының негізін қалаған ғалым академик І.Кеңесбаев болды.
    Оның ХХ ғасырдың 40 жылдары жарық көрген ‟Қазақ тілінің тиянақты сөз таптары” (Докторлық диссертация, Алматы, 1944), ‟Қазақ тілінің идиомдары мен фразалары туралы” (Халық мұғалімі, 1946), ‟К вопросу об экспрессивно – стилистических функциях фразеологизмов” сияқты еңбектерінен кейін – ақ қазақ фразеологиясын зерттеу айрықша қолға алынды. А.Ысқақов, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров, Р.Сыздықова тәрізді қазақ тіл білімінің көрнекті өкілдері қазақ фразеологиясының дербес пән болып қалыптасу, даму жолында көптеген мәселелерді ғылыми тұрғыдан шешуге ат салысты.
    Фразеологизмдерді топтау мәселесі І.Кеңесбаев, М.Балақаев, Т.Қордабаев, Ә.Т.Қайдаров, Р.Жайсақовалар қазақ фразеологизмдерінің құрамдық сипатын ашып, семантикалық – тақырыптық аясын белгілеп, топтастыру принциптерін айқындады. Р.Сыздықова Абай тіліндегі фразеологизмдерді зерттеу арқылы қазақ фразеологизмдерінің поэтикалық тілдегі жұмсалу өрісін зерделеп, авторлық қолданыстағы фразеологизмдердің жасалу механизмін көрсетті. Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев еңбектерінде қазақ фразеологиясының теориялық мәселелері жинақтала сөз болды. Р.Сәрсенбаев зерттеулерінде фразеологизмдердің мақал – мәтелдермен, нақыл сөздермен ара – қатысы айқындалды.
    Бүгінгі қазақ фразеологиясында зерттеудің үш түрлі бағыты орын алып отырғаны байқалады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   39




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет