Қазақ тілі мен монғол тіліне ортақ сөздердің мол болуының өзіндік себебі бар. Монғол тілінде кездесетін сөздердің бәрін сол тілден қазақ тіліне енген деп қарауға бола қоймайды. Өйткені тарихи тамыры ортақ тілдердің арасында көне түбірлердің сақталып, ортақ тұлғада, жақын мағынада жұмсалуы да ықтимал. Ә.Т. Қайдаров қазақ тілі мен монғол тілдері арасындағы қарым –қатынас жайында мынадай пікір білдіреді: «Тарихи сөз жүйесі саласында ізденуші кейбір ғалымдар қазақ тіліндегі тұлғасы беймәлім, мағынасы күңгірттене, қолданысы сирей бастаған сөздердің мрнғол тіліндегі сөздермен сәйкестігін байқаса болды. «Бұлар қазақ тілінен ауысқан монғол элементі» деп кесіп –пішетіні бар. ...Салыстырылып отырған лексикалық элементтердің сә»кестігі түбірге қатысты болса, онда мәселе екі тілге ортақ элемент жайында болуы керек те, ал түбірлес емес, туынды тұлғаға қатысты болса, оны тілара ауыс –түйістік деп қараған жөн» [11,26]
Қазақ –монғол тіліне ортақ сөздердің қолданысы мен қызметтік ерекшелігіне қарай былайша топтауға болады.
- Екі тілдің де сөздік қорынан орын алғанғ сөздік қорынан орын алған, сөздік құрамды туғызуда белсенді қызмет атқаратын сөздер: дарыдай, дырау, ықтияр, салақ, тентек, тентіреу, телі, телміру т.б.
- Қазақ тілінде көнерген сөз ретінде жұмсалатын монғолдық лексемалар: жасауыл, ноян, нөкер т.б.
- Қазақ тілінің говорларында кездесетін монғол сөздері: шолпы, шошалы, шоқыр, шымал, тайғақ т.б.
-Қазақ тіліндегі күрделі сөздер құрамында. Жер –су аттарында ұшырасатын монғол сөздері: абысын –ажын, азын –шоқын, сүлде, Тарбағатай, Зайсан т.б.
Парсы тілінен енген сөздер. Парсы тілінен енген сөздер мен араб тілінен енген сөздер, әдетте, араб –парсы болып бірге қаралады, десек те, қазақ тілі үшін екі, тілмен болған тілдік қатынастың сипаты да, мәні де екі түрлі. Парсылармен түркі халықының қатынасы көне кезеңдерден бастау алады. Тіпті сонау Томирис, Зарина заманаларынан бастап –ақ екі халық арасында саяси, әлеуметтік, мәдени терең байланыс болғаны анық, содан бастап кей заттық ұғымдар парсы тілінен қазаққа(түркіге), қазақ (түркі) тіліне парсыға енеді. Мысалы: әбжылан, абырой, аждаһа, азар (азар да безер), әмме, ән, әмиян, т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |