Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі



бет21/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39
Біріншісі – қазақ фразеологизмдерін таза тілдік тұрғыдан бір тіл аясында зерттеу. Бұл бағытта қазақ тіл білімінде көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Әсіресе фразеологизмдерді лексикографиялық өңдеуден өткізудегі І.Кеңесбаевтың ‟Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі”, Ә.Қайдаровтың ‟Мың әсерлі де бейнелі орамдар” сияқты еңбектерін, фразеологизмдердің сыртқы және ішкі құрылымындағы дыбыстық, мағыналық, семантикалық, әуезділік үйлесімін, т.б. архитектоникасын талдап ашып берудегі С.Сәтенованың ‟Қазақ тіліндегі қостағанды фразеологизмдердің тілдік және поэтикалық табиғаты” атты зерттеуін, фразеологизмдердің варианттарын көрсету, синонимддік қатарын анықтаудағы Г.Смағұлованың ‟Фразеологизмдердің варианттылығы”, ‟Мағыналас фразеологизмдердің ұлттық – мәдени аспектілері” тәрізді еңбектерін атап айтуға болады. Р.Сыздықованың ‟Сөздер сөйлейді”, Н.Уәлиевтің ‟Фразеология және тілдік норма” сияқты еңбектерде көптеген фразеологизмдер этимологиялық тұрғыдан талданып, олардың құрамындағы мағынасы күңгірттенген, тіптен мүлдем белгісізденіп кеткен сөздердің мән – мағынасы ашылды. Қазақ фразеологизмдері фразеологиялық бірлікті жасауға ұйытқы болатын сөздер негізінде соматикалық фразеологизмдер, фитофразеологизмдер, сан – мөлшер фразеологизмдері, зоофразеологизмдер, антропонимдік фразеологизмдер деп семантикалық – мағыналық топтарға, тақырыптарға топтастырып арнайы қарастырылуда [20,36].
Қазақ фразеологиясындағы үстем болып отырған екінші бағыт – қазақ тілінің фразеологиялық бірліктерін орыс, ағылшын, неміс сияқты болмыс бітімі, құрылымы бөтен тілдердің фразеологизмдерімен салғастыра зерттеу ісі. М.Х.Абилғалиева, М.А.Сыздықова, М.А.Жақсыбаева, т.б. зерттеулерінде тіларалық фразеологиялық сәйкестіктерді айқындау, интернационалдық фразеологиялық қорды анықтау, салғастырылушы тілдер фразеологиясындағы ұқсас тұстар мен өзіндік ерекшеліктерді саралау және ұқсастықты тудырушы факторларды айқындау мәселелері көрініс тапты. Бұл орайда Г.Сағидолданың қазақ және монғол фразеологизмдерін тіларалық деңгейде салыстырған ‟Поэтикалық фразеологизмдердің этномәдени мазмұны” (Алматы, 2003) атты еңбегін түркі – монғол салыстырмалы фразеологиясын қалыптастырудағы алғашқы бастама ретінде атап айтуға болады.
Қазақ фразеологиясындағы үшінші бағыт – фразеологиялық бірліктерді когнитивтік, этнолингвистикалық, лингвомәдениеттанымдық, психолингвистикалық аспектіде қарастыру бағыты. Бұл бағыт фразеологизмдерді ұлттың дүниетанымдық, мәдени, тарихи, материалдық құндылықтарымен сабақтастыра зерттеуге айрықша мән береді. Академик Ә.Т.Қайдар, Ж.Манкеева, С.Сәтенова, Б.Ақбердиева, Қ.Ғабитханұлы, Ш.Сейітова, С.Жапақов сияқты тілші мамандардың зерттеулері белгілі бір этногенетикалық қауымдастықтың ақиқат турасындағы таным – түсінігін, ментальді әлемін, ғасырлар бойы үзіліссіз жалғасқан ұжымдық тәжірибесін, рухани және материалдық мәдениетін тілі арқылы танып білуде аса маңызды.
Қазақ фразеологизмдерін когнитивтік, лингвомәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, этнопсихолингвистикалық аспектіде зерттеуге бағыттылған үшінші бағыт – ХХІ ғасыр ғылымының басты парадигмасы – антропоцентризмнің жемісі, жаңа ғасыр талап етіп отырған ғылыми интеграцияның нәтижесі [21,37].
«Фразеологизмді сөз тіркестері» атты кандидаттық диссертациясында М.Қ.Мамаева былай дейді: «Фразеологизмдер ХХ ғасырдың 40- жылдарынан бастап зерттеліп, оның өзіне ұқсас құбылыстардан ерекшеліктері нақтыланып, қазақ тіліндегі ғылыми айналымда оның әр түрлі варианттары жарыспалы қолданылып келеді. Бұл жөнінде Г.Сұмағұлова фразеологизм сөзінің атаулы төңірегінде: фразеологиялық оралым, тұрақты сөз орамдары, тұрақты тіркестер, тұрақты сөз тіркестері, фразеологиялық тіркестер, фразеологиялық бірліктер терминдерді атап көрсетіп, өз пікірін былайша білдіреді : «біздіңше қазақ тілінде осы аталғандардың ең жиі қолданылатын екі түрі ғана: фразеологизмдер және тұрақты тіркестер қалуы тиіс» деген.
І.Кеңесбаев «Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің бірсыпырасын бір сөз табына жатады деп үзілді – кесілді пікір айту қиын. Бұларды тек сөз таптарының орнына жүреді деп шартты түрде ғана айтуға болады » - деген.
Академик Ә.Қайдаров пен Р.Жайзақовалар қазақ тілі фразеологизмдерін есімді, етістікті, одағай түрі, сөйлеу штампы түріндегі фразеологизмдер деп топтаса, Ә.Болғанбаев етістік мағыналы , сындық мағыналы, заттық мағыналы, үстеу мағыналы фразеологизмдер деп саралайды» [21,38].
«М. Жұмабаев поэзиясындағы фразеологизмдер: дәстүр мен жаңашылдық» атты диссертациясында А. С. Махметова былай көрсетілген:«Фразеологизмдер - тіліміздің бір бөлінбес бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тән ерекшеліктер бар.
Тілімізде көкейге қонымды, көркем ,орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат – қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады».
Академик М.Серғалиев: «Тұрақты тіркестер - әдеби тілдің ілгері даму барысында қалам қайраткерлерінің әрекеті арқылы жанданған әсем кестелер. Олар – сөз зергерлерінің ой – түйінін ықшамдап аңғаратын жинақылықтың үлгісін көрсететін көркемдік құралы. Тұрақты тіркестерді қай жазушы болса да өз шығармасында қажетіне қарай қолданады», - деген еді. М.Жұмабев та « жанданған әсем кестелерді» ерекше талғаммен, шығармашылықпен қолданған.
«Фразеологиялық бірліктердегі «әйел» бейнесінің символдық мәні» атты мақаласында А.Смайылов былай дейді: «Тілімізде сұлулықты, көркемдікті білдіретін тұрақты тіркестердің ішінде «әйел» лексемасына қатысты күндей көрік, күндей нұрлы, күндей көркем , күндей сәулелі, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, ай қабақ, ай мен күндей т.б. тұрақты теңеулердегі күн мен ай жылылықтың, көркемдік бейнесі түрінде алынғаны белгілі.
Тіл бейнелігінің бірден бір көрсеткіші – фразеологизмдер. Фразеологизмдер бойындағы ұлттық бояу әр халықтың әлем бейнесімен тығыз байланысты. Яғни, фразеологизм – бір жағынан , тіл көркемдігінің құралы болса, екіншіден, ой көркемдігінің сипаты. Мәселен, ақ сөзіне байланысты ақ жарқын, ақ жүрек, ақ иық т.б. сөздер белілі. Мұны қазақтың мақал – мәтелдеріндегі Ақ қалпақты көрінсе, Атекем менің демеймін бе тәрізді мысалдан байқауға болады.
Тіліміздің әйелдерге қатысты жерік болу тұрақты тіркесі жиі қолданылады. Жерік болу – ертедегі адамдар жыртқыш хайуандардан қатты үрейленетін. Сондықтан ендігі дүниеге келетін ұрпақтарының өздеріне тартпай, сол хайуандардай қайратты, жүректі болуын тілеген» [22,39].
Ғалым Анар Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» атты оқулығында былай көрсеткен:
Фразеологизм – тіл – тілдегі фразеологиялық жүйенің қазіргі қалпын, тарихи қалыптасуы мен даму жолын зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Қазақ фразеологиясы өзінің алғашқы бастауын С.Аманжолов еңбегінен алады.
Фразеологиялық бірліктердің теориялық тұрғыдан жүйеленуіне негіз болған зерттеулердің бірі К.Ахановтың «Тіл білімінің негіздері атты» еңбегі. Мұнда фразеологиялық бірліктердің негізгі белгілері ретінде – даяр қалпында жұмсалуы, мағына тұтастығы, тұрақтылығы аталып, «фразеологиялық оралым түрлерін» орыс ғалымы Н.М.Шанскийдің ізімен фразеологиялық тұтастық (жүрек жұтқан, ит өлген жерде т.б), фразеологиялық бірлік (ауыз жаласу, мақтамен бауыздау т.б), фразеологиялық тізбек (асқар тау, ата жау т.б), фразеологиялық сөйлемше (көрпеңе қарап көсіл, жоғарғы оқу орны т.б) деп бөліп, ғылыми талдау жасайды деп анықтама берген.
Ғалым Р.Үрімова өзінің 2009 жылы қорғаған‟Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдерінің этноқұрылымдық сипаты” кандидаттық диссертациясының ‟Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдері” атты тарауының ‟Қазақ тілінің аймақтық мақал – мәтелдері мен фразеологизмдерінің зерттелу жайы” деп аталатын бөлімінде диалектілік фразеологизмдердің зерттелуі жайында айтып өтеді. Қазақ диалектологиясында тұрақты тіркестерге алғаш көңіл аударып, олардың жеке аймақтарға тән сипаты профессор С.Аманжоловтың, Ж.Досқараевтың еңбектерінде ашылып көрсетілді. Диалектілік фразеологизмдер туралы ой – пікірлердің жалғасы Қостанай қазақтарының тілдік ерекшеліктерін зерттеген А.Байжоловтың (1963), Орда қазақтарының тілдің ерекшеліктерін зерттеген Ә.Бөрібаевтың (1964), Маңғыстау сөйленісіндегі тұрақты тіркестерді зерттеумен айналысқан С.Омарбековтің (1965), жоғары оқу орнына арналған ‟Қазақ диалектологиясы” оқулығындағы құрамында әдеби тілде жоқ сөздер кездесетін тұрақты тіркестерге ерекше тоқталған Ғ.Қалиев пен Ш.Сарыбаевтың (1991), қазақ тілі сөйленістерінің батыс тобындағы аймақтық сөз тіркестерін синтаксистік ерекшелік ретінде көрсеткен Ә.Нұрмағамбетовтің (1974), оңтүстік сөйленіске жататын Түркістан тұрғындарының ерекшеліктерін қарастырған Б.Жүсіпованың (2003) еңбектерінде берілген. Сонымен қатар, Қ.С.Қалабаева (1997), М.Атабаева (2006) еңбектерінде диалектілік фразеологизмдерге жүйелі талдау жасаған.
М.Атабаева диалектілік фразеологизмдер жайында былай дейді: ‟Диалектілік фразеологизмдер пайда болу, жасалуы жағынан алғанда, тілдің тарихымен өзектес, сондықтан диалектілік фразеологизмдерді жинау, зерттеу, сипаттау аймақтық лексиканың құрамы мен көлемі мәселесін ғана шешпейді, біріншіден, диалектілік тұрақты тіркестер – тіл тарихына қатысты шешімі табылмай жүрген сұрақтардың жауабын табуға септігін тигізе алатын сенімді дереккөз, олардың бойында дыбыстық, грамматикалық құрылыстың көне элементтері тұнып қалған. Екіншіден, диалектілік фразеологизмдер бойынан аймаққа тән сөзжасам және сөздердің түрлену жүйесі айқын көрінеді, үшіншіден, диалектілік тұрақты тіркестер әдеби тілдің фразеологиялық құрамын байытуға азды – көпті үлес қосады, төртіншіден, фразеологиялық тіркестер семантикасы ауқымды, терең, олардың мазмұнында этностың рухани мәдениетінің айшықты мағлұматтары жинақталған” [23,40].
Ғалым А.Нұржанова өзінің 2010 жылы қорғаған‟Дүниенің қарабайыр бейнесі: фразеологиялық фрагменттің соматикалық коды” деп аталатын кандидаттық диссертациясында былай көрсетеді:
Фразеологиялық дүние бейнесі дүниенің қарабайыр тілдік бейнесінің фрагменті болып саналады. Басқаша айтқанда, дүниенің қарабайыр тілдік бейнесі ғылыми және кәсіби білімді қамтымайды, оларға дейінгі және олардың қордалануына негіз болған ұлттық сананың архаикалық қабатындағы прагматикалық білімді тілдің фразеологиялық деңгейіне жеткізеді. Тілдің семантикасын, мағыналық – мазмұндық өрісін зерделеу арқылы дүниенің қарабайыр бейнесінің когнитивтік – концептуалдық модельдерінің өзіндік ерекшеліктерін айқындауға, соның негізінде адамның ұғымдық әлемін және оның кейбір дерексіз фрагменттерінің құрылымын тануға мүмкіндік туындайды.
Г.Смағұлова қазақ фразеологизмдерін мынадай стильдік қабаттарға бөлді:
1.Кітаби фразеологизмдер;
2.Бейтарап (стильаралық) фразеологизмдер;
3. Ауызекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
4. Қарапайым сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер;
5.Дөрекі сөйлеу тіліндегі фразеологизмдер.
«Фразеология теориясы» атты еңбегінде Р.Авакова фразеологизмдерді ішкі формаларының туындау көздеріне байланысты шартты түрде төмендегідей топтастырады:
Адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланысты туған фразеологизмдер;
Жануарлар (зооморфтық фразеологизмдер) әлемі;
Өсімдіктер (флора) әлемі;
Табиғат құбылыстары;
Өлшем бірлік (метеорология);
Сандық (нумеративтік) фразеологизмдер;
Түр – түстік және сындық;
Алғыс және қарғыс мәнді;
Мифтік және діни;
Тарихи кезеңдермен және тұлғалармен байланысты туған фразеологизмдер және т.б [24,41].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет