Араб тілінен енген сөзлдер: Қазақ және өзге де түркі тілдеріне араб тілінің ықпалымен басталуын турколог –ғалым Ә. Наджип 636-жылдан басталады деп жазады. Қазақ тіліне араб элементерінің ене бастауы орта ғасырда бастауы орта ғасырда басталады, оның екі жолы бар: 1) қазақ және араб тілінде сөйлеушілірдің тікелей араласуының нәтижесінде; 2) діни еңбектер мен көркем шығармалар арқылы болған жанама қатынастың нәтижесі.
Л.Рустемов қазақ тіліндегі араб –парсы тілдерінен енген лексемалар жалпы лексиканың 15 пайызына жуық деген пікірді айтқан.(Қазіргі қазақ тәләндегі араб –парсы сөздері, Алматы, 1982)
Кәрме сөздердің қолданысы мен қызметінің өзіндік ерекшелігіне байланысты былайша топтастыруға болады:
1.Қолданыста белсенді жұмсалып, грамматикалық, сөзжасамдық тұлғалармен түрленіп, сөздік қорға енген атаулар: адам, адамгершілік, азамат, азан, айбат, ақ (шындық мағынасында –ақ сөйлеу), ақиқат т.б.
2. Терімсөздік мән алған атаулар: базар, нарық, борыш, қаражат т.б.
3. Кісі есімдеріне айналған атаулар; Ғали, Ғафу, Қазына, Әзиз, Ғазиз, Сағат, Ғалым, Асыл, Сәт т.б.
Ғ.Қалиев, Ә. Болғанбаев араб тілінен енген сөздердің негізгі сөздік қордағы орны мен қызметтік ерекшелігін терең талдай келіп, олардың мынадай үш сала бойынша орындап атап өтеді.
1.Ғылым мен мәдениетке, әлеуметтік өмірге байланысты; тарих, әдебиет, мәдениет, хакім –әкім, тәрбие т.б.
2.Үй тұрмысы мен шаруашылыққа, саудаға байланысты: әдеп, әдет, әділ, әділет, әдіс, несие, аяр, дүкен, зайып, залым т.б
3. Дінге байланысты: әзірет, әкпар, құран, иман, мешіт, құрбан, ораза, бұға, рамазан, жаннат, әулие т.б. [12,27]
Орыс тілінен енген кірме сөздер; Қазақ тіліне енген орыс сөздері туралы көп айтылып, жазылған. Көрші мемлекеттер болғандықтан, саяси, мәдени, экономикалық қарым –қатынас екі мемлекеттің арасында ежелден дамыған. Соның ішінде қазақ жіне орыс тілдерінің арасындағы тілдік қатынас туралы жазылған Н.А.Баскаков, В.И. Абаев, И.Г. Добродомов, Ғ.Мұсабаев, Ғ. Қалиев, Ә. Болғанбаев зерттеулерін ерекше алған жөн. Әдетте, ғылыми зерттеулерін ерекше атаған жөн. Мысалы: кереует, бөтелке, бәтеңке пеш, калош, тәрелке, сөмке, самаурын, жәшік т.б.
Шетелдік сөздер тілімізде ерекше лексикалық жүйе құрай алмайды, олар беруші тілдің семантикалық, грамматикалық, фонетикалық, сөзжасамдық, орфаграфиялық ерекшеліктерін бұзбай сақтайды, сондықтан пайдаланушы тіл үшін оның «бөтендігі», шетелдік қасиеті көрініп тұрады. Шетелдік сөздер негізен ғылым мен техникаға байланысты қолданылады. Олардың мынадай негізгі белгілері бар:
Шетелдік сөздердің ғылыми стильге тәндігі, ғылыми –техникалық тілге тәуелділігі айқын көрінеді;
Шетелдік сөздердің көпшілігі халықаралық сөздерге жатады,
Шетелдік сөздер қазақ тілінде уәжделмейді, сондықтан уәжсіз сөз ретінде танылады.
Шетелдік сөздер сөздік қорға ене алмайды, тек сөздік құрамда болуы мүмкін.
Шетелдік сөздер грамматикалық, мағыналық жағынан өзгеріске түспейді.
Мысалы: вокзал, поезд, велосипед, айсберг, негатив, атмосфера, диплом, стандарт, радиус, молекула, студент, блакнот, музыка т.б.
Қазақ тіліне енген шетелдік сөздердің тақырыптық тобын былайша көрсетуге болады.
-саяси құрылымға қатысты енген интернационалдық атаулар: президент, министр, парламент т.б.
-қоғамдық –саяси терімсөздер мен атаулар: саммит, электорат, форум;
-әр салалы ғылыми терімсөздер; принтер, файл. Сканер –информатика саласы; нанотехнология, биотехнология –биология саласы; т.б.
-мәдениет саласы бойынша енген атаулар: рокер, спорт, футбол, баскетбол, балет, муза, режиссер, актер, сцена т.б. [13,28]
Достарыңызбен бөлісу: |