Кучербаева Д. К. А. НҰрмановтың «ҚҰланның ажалы» романының КӨркемдік әлемі


Аш бөрідей қаңғып жүргенде олай –бұлайға ұшырап кетсең. Бұл тал арасынан шыға келгенде ұзын бел боз иесін танып, танадай көзін



бет30/39
Дата14.02.2023
өлшемі160,51 Kb.
#67990
түріДиссертация
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39
Байланысты:
өскен ұлжалғас

Аш бөрідей қаңғып жүргенде олай –бұлайға ұшырап кетсең.

  • Бұл тал арасынан шыға келгенде ұзын бел боз иесін танып, танадай көзін бір төңкерді де оқыранып қоя берді.

  • Табақтай жап –жалпақ бетінде сау –тамтық жоқ, саздауыт жердің мал басқан шоқалағындай шұңқыр –шұңқыр.

  • Құлан ол кезде соқталғай жігіт.

  • Маңдайы білеудей боп қыртыстанған, ұрты ішінен кетіп, бет сүйегі шодырайып шығып кеткен.

  • Жаңағы әзірде айнымалы от жарығында оба басындағы түздің қара бүркітіндей қомақталып отырған ол енді бір түрлі кішірейіп шөгіп кеткен тәрізді.

  • Сарғайып таттанған қасқырдың тісіндей өткір азуға боркемік сүйекті салып жіберіп, күтір –күтір шайнайды.

  • Бұл аттарды алып келгенде әкесі бармақ басындай ғып кескен қорғасынды балғамен ұрып жұмырлап, екі табаның арасына салып, шықырлатып домалақтап отыр екен.

  • Киік үйір –үйір болып бөлініпті, бес –он ешкімнің ортасына мүйізі қарағайдай бір –бір теке, бір үйірден бір үйірді айналшықтап жосып жүрген жас текелер жолап кетсе болды, мүйізін ала жүгіріп, қуып тастайды.

  • Танауы шелектей болып делдиіп, көзі ежірейген текенің оның соңынан қуып бергенін Құлан анық көріп жатыр.

  • Бет –аузын жауып кеткен жіп –жирен қауғадайсақал –мұрт болмаса, жас шамасы қырықтардың о жақ, бұ жағында сияқты. Тек ақ сабан түсті қас –қабағы, кірпіксіз көзі жігіт шырайына бір түрлі репетсіз өң беріп тұр. Сол оңған сабан қабақтың астынан бейтаныстың тұздай көзі тағы да үріккен бе, сезіктенген бе, белгісіз бір рай байқатып, жер шұқылап кетті.

  • Қарны аш бөрідей шулаған Құлан жұтынып қояды.

  • Сағыммен көтеріліп мұнарланған көк жасыл кілемдей дөң төсіп таспадай тілген қара жолды бойлай келеді.

  • –Ал Серкештің көп ертегісінің бірі басталды, -деді қара қасқа аузы жаялықтай болып күліп.

  • –Милица дегенің қазір сексеуілдің шоғындай күйдіріп тұр ғой.

  • Жанжалдың түрі тым ұлғайып кеткендей сезілген кезде мерген екі көзі алақандай болып, айналасына алақтай берген қарақасқаға иек қақты.

  • Кәріне мінген мерген осыны айтып, жауар бұлттай түйіліп отырып қалды. Туған әкелеріңдей кәдірлейтін Құлан сөзі намыстарын қоздырып, екеуі де еңгезердей атпал азамат Ерман, Жарман қорбаңдап орындарынан тұрып, күржиіп шығып кетті. [38,58]

  • Томар басын жерден жұлып алып, мергенге тесіле қарады. Ойыны ма, шыны ма дегендей. Бірақ лашынның көзіндей жылтылдап от шашып тұратын мерген назарына шыдамай жүзін төмен салды.

  • Мен сонау айдаһардай ысқырып келген патша әскерінен де, әбжыландай жалмаған ақтың солдатынан да қашып көрген жан емеспін.

  • Бетінің бір бұлшық еті дір еткен жоқ, тек тағының көзіндей кішірек көзінде қызылды –жасылды ұшқын ойнап, жалт –жұлт етеді.

  • Жер –дүниені қызғылт шұғылысына малып, мыстай балқыған ай жоғарылай түсті. Айдың айнымалы нұрында жайпақ төбешіктер зорайып, жаман ши, тобылғы шоғырының өзі үй орнындай болып көрінеді.

  • Қарны қабақтай полк командирінен бастап, урядниктерге дейін түгел екі –үш күн бойы қолды –аяққа тұрмай жүгірумен болды.

  • Суы тартылып, қалың тал басқан өзен табанынан өтіп, жолаушылар ауылдың өкпе тұсынан шыға келгенде, қыз емшегіндей дөңгеленгедан қос төбенің арасына ұрлана қонған екі –үш киіз үй көрінеді.

  • Бес –ондап әздеп әйтпесе адасып барған ақтың жазагерлері әдетте ол жақтан суға батқан тастай әз –тұзсыз кететін.

  • –Кәрі адамның ұйқысы тауықтың ұйқысындай емес пе, шығарым.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет