Қорытынды: А.Нұрманов, «Құланның ажалы» романында 8 варваризм табылып, 8і терілді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі таңда мәдени өркениетте, әсіресе, ұлттық дәстүрде, ұлттық жан дүниемізге өз туындылырымен айтулы үлес қосқан қаламгердің шығармаларын зерттеп, солардын қаламынан шыққан туындылардың көркемдік сапасын ажырату, талдау, таразылау бүгінгі күннің сұранысы екендігі дау туғызбайды.
Халық тілінің құнарлы да, сүбелі бейнесі сол халықтың көркем әдебиеті арқылы көрінеді. Көркем туынды- ұлт мәдениетінің негізгі көрсеткіші. Көркем әдебиет тілі халық тілімен бірге өседі, дамиды. Көркем әдебиет тілінің эстетикалық қызметі стильдердің әр түрлілігіне байланысты. Тіл байлығы да стильдердің әрқырлылығымен, айырмашылығымен танылады. Әдеби туынды тілін лингвистикалық тұрғыдан талдау жазушы шеберлігін, көркем туындының тілдік-эстетикалық қуатын тануға жағдай жасайды.
Жазушы А.Нұрманов «Құланның ажалы» шығармасын өткір шебер тілмен өрнектеген. Әрбір көркемдегіш тәсілдерді, әдеби тілдің әр алуан үлгілеріндегі сөз байлығын (диалектілер, көнерген сөздер, т.б.) ұтымды, тиімді пайдаланған.
Шығармада антонимдік қатынастағы сөздер, синонимдер және омонимдер айқын, нақты, өте шебер қолданылғандығы анық байқалады. Автор кейіпкерлердің өмірлік көзқарасын жеткізу үшін, қарама-қайшылық ұғымдарды қабылдау түсінікті болу үшін, шығарманың көркемдігін айқындау үшін антонимдер, синонимдер және омонимдерді өте ұтымды пайдаланған.
Көркем шығарманың тілі, жазушының өзіндік жеке сөз қолдану стилі, сөз қолдану зергерлігі мен шеберлігі. Жазушы фразеологизмдерді жалпы халықтық қолданыста да, авторлық өңдеумен де пайдалануы мүмкін.
А.Нұрманов фразеологизмдерді адамның анатомиялық атаулары (соматизмдер) мен қимыл қозғалыстарына байланыс қалпында көбірек қолданатыны байқалады. «Құланның ажалы» романында автор фразеологизмдерді халықтың тұрмыс-тіршілігін, өмірдің шындығын оқырмандарға әсерлі жеткізу үшін, кейіпкер тілін жандандырып, олардың мінез-құлқын бейнелі суреттеу үшін тиімді пайдаланған.
Жазушы А.Нұрманов шығармада мақал-мәтелдерді өз мәнінде, өз қалпында жұмсап, өзінің мақсатты ойына лайықтап қолданған.
Жазушы кез келген құбылысты, қимыл-әрекетті, теңеу формасының негізгі міндеттерін орындай отырып, шебер пайдаланған. Қазақ халқының ұлттық танымын көрсететін теңеулер шыншылдығымен, нақты құбылыстарды сипаттаумен ерекшеленеді.
Шығарманың ерекшелігі-антоним, омоним, синоним сөздер, экспрессивті-эмоционалды және кірме сөздер, фразеологизмдер, мақал-мәтелдер, портртеттер мен жиі кездесуі.
Достарыңызбен бөлісу: |