8
бен көркемдік ойдың көріністерін талдау мақсат етілді. Осы тұрғыдан
бүкілəлемдік көркем ой дамуындағы гуманистік жəне ұлттық өлшемдерін,
көркемдік бағыттарын анықтау арқылы ұлттық көркемдік дамудың нақты
көрсеткіштерін тани аламыз.
Сыр сүлейлерінің шығармашылығы осыған дейін де біраз зерттеу
жұмыстарына арқау болған. Ал біз өз зерттеуімізде аталған тақырып аясында
Сыр сүлейлері шығармаларының əдеби мұрасына жалпылама сипаттама
жасаумен шектелмей, олардың шығармаларының мазмұндық-құрылымдық
ерекшелігін қарастырып, сол арқылы əдебиеттану ғылымындағы сөз образы
мен əдеби образ теориясына қатысты мəселелерді сараладық. Осылайша Сыр
сүлейлерінің шығармашылық дəстүрін зерттеу, негізінен, суреткерлік
дүниетаным, көркемдік ойының қалыптасуы мен даму дəрежесін, стилін, өзіне
тəн əдеби бейне жасаудағы ерекшеліктерін талдау тақырыптың өзектілігін
айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: