Кудайбергенова кунимжан тыныштыкбековна



Pdf көрінісі
бет8/71
Дата13.10.2024
өлшемі4,13 Mb.
#147906
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71
Байланысты:
kudaibergenova kt zhogary oku oryndarynda syr suleileri shyg

Зерттеудің мақсаты: 
Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне 
мен бейнеліліктің генезисі мен көркем образ жасау тəсілдерін анықтап, талдап, 
оны жоғары оқу орындарында оқытудың педагогикалық шарттары мен 
негіздерін жасау.
 
Зерттеу нысаны: 
Сыр сүлейлері шығармаларындағы əдеби бейне жəне 
бейнелілік мəселесін жоғары оқу орындарында оқыту үрдісі.
Зерттеу пәні: 
Жоғары білім беру жүйесінде Сыр сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне мен бейнелілік мəселесін меңгертудің жаңа 
əдіс-тəсілдері.
Зерттеудің міндеттері:
1. Зерттеу жұмыстың нысанға алынған Сыр сүлейлері Базар жырау, 
Тұрмағамбет Ізтілеуов, Шораяқты Омары, Кете Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Қарасақал 
Ерімбет жəне т.б. ақындардың шығармаларындағы ұлттық сипат пен мінез жəне 
көркемдік ойлау формаларын жинақтау, жүйелеу жəне сыр сүлейлері 
қолданысындағы көркем бейне дəйегін айқындап, жазба айтыстар мен мысал, 
дастандардағы Сыр сүлейлерінің көркемдік кестесін, бейнелілік нақыштарын 
ғылыми тұрғыдан негіздеу.
2. Сыр өлкесі қаламгерлері шығармашылығын оқытудың дидактикалық, 
жеке пəндік ұстанымдарын айқындау жəне сыр өңірі қаламгерлерінің 
шығармашылығын оқытудың мазмұндық-құрылымдық моделін жасап, 
оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерін жүйелеу; 
3. Сыр сүлейлері шығармаларын оқытуға арналған таңдау пəні 
бағдарламасы, силлабусы жəне қазақ əдебиетін оқыту бағдарламасы бойынша 
кешенді жұмыс түрлерін жүргізу жəне оқытуда білім алушылардың кəсіби 
қарым-қатынас дағдыларын дамыту əдістемесінде жаңа заманға лайықталған 
онлайн жəне офлайн оқытуда қолданылатын интерактивті желілік технология 
атты жаңа əмбебап технологияны ұсыну. 
4. Алынған қорытындылар мен негізгі тұжырымдар əдебиетті оқыту 
курсында 
қолданылып, 
тəжірибеден 
өткізу 
жəне 
«Сыр 
сүлейлері 
шығармаларындағы əдеби бейне жəне бейнелілікті оқыту» таңдау курс 



бағдарламасын жасап тəжірибелік-эксперименттік жұмыста оның тиімділігін 
дəлелдеу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   71




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет