4
АНЫҚТАМАЛАР
Диссертациялық жұмыста төмендегідей анықтамаларға сəйкес терминдер
қолданылды.
Эстетика, эстетизм
– адамның дүниені эстетикалық тұрғыдан ұғынып –
түсіну
заңдылықтары
туралы,
əсемдік
заңдарын
арқау
еткен
шығармашылықтың мəнісі мен формалары туралы ғылым. Ғылымның бұл
саласы əсемдікті, көркем шығармашылықтың жалпы заңдылықтарын, адамның
болмысқа сезімдік қатынасын зерттейді.
Контекст
(context) – бір нəрсенің өмір сүретін жəне оның тұтас немесе
толық түсінігін қалыптастыруды қамтамасыз ететін айналасы немесе қоршаған
ортасы; көбінесе тарихи ортасы маңызды əдеби шығармалар үшін
қолданылады.
Образ, көркем бейне –
шындықты танып білуде əдебиет пен өнерге тəн
ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген
құбылысты (көбінесе əдеби қаһарман бейнесін) образ деп атайды.
Әдеби қаһарман
– көркем шығармада мінезімен, іс-əрекетімен, ой-
толғамымен мейлінше нақтылы дараланып, бейнеленген тұлға.
Сүлей
–
этнографизм, тынысы кең, суырып салма т.б. өнері жоғары
деңгейде қалыптасқан ақын – жыраулар.
Олар, əсіресе, Сыр бойынан көп
шыққан. Оларды «Сыр сүлейлері» деп атаған (Нысанбай Жаманқұлұлы, Базар
Оңдасұлы, Тұрмағамбет Ізтілеуұлы, Ешнияз Жөнелдікұлы, Әзілкеш
Шымырұлы, Омар Жүсіп, Қаңлы Жүсіп, Шораяқтың Омары т.б.).
Жалпы, Сыр
бойындағы қисса айту дəстүрінің өкілдері болып есептелетін ақын-жыраулар
халық арасында «сүлей» атымен танылған.
Жыр –
кең мағынада, поэзиялық шығармалардың жалпы атауы. Көне
түркі тіліндегі «иыр» сөзі де қазіргі «поэзия» терминінің мағынасында
қолданылған.
Жырау
– өз жанынан жыр шығарып айтатын жəне эпикалық дастандар
мен толғауларды орындайтын халық поэзиясының өкілі. Жырау атауы «жыр»
сөзінен туындайды. Дəстүрлі қазақ қоғамында жыраулар халықтың рухани
көсемі, қоғамдық пікір қалыптастыратын қайраткер рөлін атқарды. Хандар мен
басқа да ел билеушілері жыраулар пікірімен санасып отырған.
Достарыңызбен бөлісу: