79
2) жұмыскері іссапарға жіберілген заңды тұлғаның дауыс беретін
акциялары (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде тиесілі заңды
тұлғаға іссапарға жіберуге жол беріледі.
2. Іссапарға жіберілген жұмыскерлер лауазымдарының тізбесі
және саны іссапарға жіберу мақсаттарына
қарай заңды тұлғалар
арасындағы жазбаша келісімде белгіленеді.
3. Жұмыскерді іссапарға жіберу талаптары, тәртібі және мерзімі
заңды тұлғалар мен іссапарға жіберілген жұмыскер арасында қол
қойылатын келісімде айқындалады.
Жұмыскерлер іссапарға жіберілетін заңды тұлғаның орташа
тізімдік санының он пайызынан артық
жұмыскерлер бір мезгілде
іссапарға жіберілген жағдайда, жұмыскерлер жіберілетін заңды тұлға
жұмыскерлерінің өкілдерімен келісілуі қажет.
Келісу тәртібі заңды тұлғалар мен жұмыскерлердің өкілдері
арасындағы тараптардың келісімінде айқындалады.
4. Іссапарға жіберілген жұмыскердің іссапарға жіберуді жүзеге
асыратын жұмыс берушідегі жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
5. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмысты орындау орнының
өзгергені көрсетіле отырып, еңбек шартына қосымша келісімге қол қою
арқылы еңбек шарты тараптарының жазбаша келісімімен ғана іссапарға
жіберуге жол беріледі. Іссапарға жіберу
мерзімі аяқталған соң жұмыс
беруші іссапарға жіберілгенге дейін жұмыскер болған жұмыс орнын
(лауазымын) жұмыскерге ұсынуға міндеттенеді.
6. Іссапарға жіберу кезеңіне жұмыскерге, жыл сайынғы ақы
төленетін еңбек демалысының ұзақтығы мен оны беру тәртібін
қоспағанда, ол іссапарға жіберілген заңды тұлғаның жұмыс уақыты мен
тынығу уақыты режимі қолданылады.
7. Іссапарға жіберілген жұмыскер еңбек тәртібін бұзған жағдайда,
ол іссапарға жіберілген заңды тұлға Қазақстан Республикасының еңбек
заңнамасына сәйкес оны тәртіптік жауаптылыққа тарту туралы шешім
қабылдау үшін растайтын
құжаттарды ұсына отырып, іссапарға
жіберілген жұмыскердің жұмыс берушісін үш жұмыс күні ішінде
хабардар етеді.
8. Іссапарға жіберілген жұмыскер ұшыраған жазатайым оқиға
кезінде еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиғаны тергеп-
тексеруді ұйымдастыру жұмыс беруші өкілінің қатысуымен жұмыскер
іссапарға жіберілген заңды тұлғаға жүктеледі.
Достарыңызбен бөлісу: