81
Жүкті әйелге басқа жұмыс берілгенге дейін, ол орташа жалақысы
сақтала отырып, жұмысты орындаудан босатылуға жатады.
Жүкті әйел жұмыс беруші ұсынған басқа жұмысқа ауысудан бас
тартқан
жағдайда, ол жүктілікке және босануға байланысты демалыс
берілгенге дейін жалақысы сақталмай, қарсы көрсетілімі бар жұмысты
орындаудан босатылуға жатады.
45-бап. Жұмыскерді басқа жұмыс орнына ауыстыру. Лауазым
(жұмыс) атауының өзгеруі
1. Жұмыскерді еңбек шартында келісілген лауазым,
мамандық,
кәсіп, біліктілік шегінде басқа жұмыс орнына не сол жердегі басқа
құрылымдық бөлімшеге ауыстыруға не оған басқа механизмде немесе
агрегатта жұмыс істеуді тапсыруға жұмыскердің келісімі талап
етілмейді.
2. Жұмыскер үшін еңбек жағдайларын өзгертуге әкеп соқпайтын
жұмыскер лауазымының (жұмысының),
құрылымдық бөлімшенің
атауын өзгертуді, басқару құрылымын өзгертуді жұмыс беруші
жұмыскердің келісімінсіз жүзеге асыра алады.
46-бап. Еңбек жағдайларының өзгеруі
1. Қайта ұйымдастыруға немесе экономикалық,
технологиялық
жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайларының өзгеруіне және
(немесе) жұмыс берушінің жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты
өндірісті ұйымдастырудағы өзгерістерге орай,
жұмыскер өз
мамандығына немесе кәсібіне, тиісті біліктілігіне сәйкес жұмысын
жалғастырған кезде, еңбек жағдайларын өзгертуге жол беріледі. Еңбек
жағдайлары өзгерген кезде еңбек шартына тиісті толықтырулар мен
өзгерістер енгізіледі.
2.
Егер еңбек, ұжымдық шарттарда хабардар етудің неғұрлым
ұзақ мерзімі көзделмесе, жұмыс беруші жұмыскерді еңбек
жағдайларының
осы
баптың 1-тармағында көрсетілген
себептер
бойынша орын алған өзгеруі туралы күнтізбелік он бес күннен
кешіктірмей жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.
3. Еңбек жағдайларының өзгеруіне
байланысты жұмыскер
жұмысты жалғастырудан жазбаша түрде бас тартқан жағдайда,
жұмыскермен еңбек шарты осы Кодекстің 58-бабы 1-тармағының 2)
тармақшасында көзделген негіз бойынша тоқтатылады.
Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген мән-жайлар
жұмыскерлердің санын немесе штатын қысқартуға әкеп соғуы мүмкін
болған жағдайда, жұмыс берушінің
жұмыс орындарын сақтап қалу
мақсатында толық емес жұмыс уақыты режимін енгізуге құқығы бар.
Достарыңызбен бөлісу: