Бағалау - Сабақ кезінде қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіледі. Оқушыларды үнемі ынталандырып, қолдау көрсету мақсатында қалыптастырушы бағалау ауызша (
Бағалау - Сабақ кезінде қалыптастырушы бағалау үнемі жүргізіледі. Оқушыларды үнемі ынталандырып, қолдау көрсету мақсатында қалыптастырушы бағалау ауызша (әдеби шығармамен таныс болдыңыздар, өлеңдегі психологизмді дұрыс анықтадыңыздар , өлеңнің ақын өміріндегі орны зор екен түсіндіңіздер, ақынның жан-күйін сезіне білдіңіздер, ойыңды толықтыра түссең жақсы болар еді, өте әдемі жауап, өлеңді қайталап оқыңыздар, ойың өте дұрыс, осы бағыттан таймаңыздар, сөз қолданысыңыз тамаша т.б.) кері байланыс арқылы жүргізіледі.
Оқу мақсатына сай сабақ қазақ тілі, өзін- өзі тану пәндерімен байланыстырылады. «Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы» құндылықтары негізінде патриоттық парыз негізінде әдеби тілді меңгеруге бағытталған тапсырмалар беріледі. Оқуды жақсарту мақсатында – АКТ қолданылады. Сабақтың оқу мақсатымен жекелеген топтарға берілетін тапсырмалар ««Ойлан Жұптас Бөліс», «ПОПС» әдіс-тәсілдері интербелсенді тақтадан көрсетіліп тұрады.
https://www.youtube.com/watch?v=o5J9axX6jNc
youtub желісінен аудио жазба
Рефлексия Сабақтың мақсаты мен
оқу міндеттері орындалды ма?
Бүгін оқушылар не үйренді?
Сабақ қалай өтті, қандай
деңгейде өтті?
Жоспарланған саралау жақсы
іске асты ма?
(тапсырмалар сәйкес болды ма?)
Уақытты қалай пайдаландым?
Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?
Сабақтың оқу мақсаты орындалды.
Бүгін оқушылар әдеби шығармадағы психологизмді анықтады.
Бүгінгі сабақта оқушылар Ф. Оңғарсынованың «Өлең, мен сені аялап өтем» өлеңінің психологизмін анықтады. Оқушылар психологизмді анықтап, өмірмен байланыстыра білді.
Сабақ жақсы жоғары деңгейде өтті. Сабақ барысында оқушылар белсенді түрде қатысты. Әдеби шығармадағы психологизмді анықтап, өз ойларын тұжырымдады.
Саралау жүйелі түрде жүргізілді. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігіне, қажеттілігіне, деңгейіне сай болды. Сабақ жоспарым нақты, сараланып құрылғандықтан мақсатыма жеттім.
Уақытты тиімді, ұтымды пайдаландым. Себебі, әр тапсырма уақытында орындалды. Сабақтағы тапсырмалар мен дескрипторларды, қалыптастырушы бағалауларды, талаптарына сай жоспарладым.
Жоспар құрған кезде әр тапсырманың орындалу уақыты нақты қойылғандықтан, сабақ кезінде уақыттан ауытқушылық болған жоқ. Мақсаттың SMART қойылуы ескерілді, сол себепті жоспарға ешқандай өзгеріс енгізілмеді.