Курс – II семестр



бет25/142
Дата08.06.2023
өлшемі495,83 Kb.
#99617
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   142

Гипофиз


Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан, Ісалмағы 0,5—0,6 г, алдьщғы, ортаңғы, артқы бөліктерден тұрады. Алдыңғысы — аденогипофиз, ортаңғысы — меланогипофиз, артқыбөлігі — нейрогипофиз деп аталады. Құрылысы жəне қызметі жа-ғынан олар əртүрлі, сондықтан олардың əр қайсысын бөлек без деуге де болар еді.
Адам жəнеіжануарлар тірлігі үшін қай бездің қандай маңызы, бар екенін білу мақсатымен зерттелетін безді сылып алып тастай-ды (экстирпация). Гипофизді алып тастаса (гипофизэктомия) өсімтал жас бала өспей қалады, жыныс бездері кеш жетіледі, ал ересек адамның бездерін алып тастаса, жыныстық шабыты төмен- дейді. Белок, май, көмірсу алмасуы бұзылады, қалқанша без^ бүйрекүсті бездер кішірейеді, қызметі нашарлайды. Несеп белінуін-де тəуліктік диурез күшейіп, шыжыңдық белгілері пайда \ болады (полиурия). Сырттан тиетін зиянды əсерлерге деген төзімділігі ке-миді. Осы айтылғандарың бəрі гипофиздің гормон шығару қызме-тінің нашарлауының (гипосекреция) салдары. Ал гипофиздің қыз-меті күшейсе, (гиперсекреция) мұндай өзгерістердің сипаты қара-ма-қарсы.
Гипофиздіқ алдьщғы бөлігі аденогипофиз үш түрлі, атап айт-қанда, ацедофилдік, базофилдік жəне хромофобтық клеткалардак тұрады. Соңғылары — бас клеткалар осы бас клеткалардан дами-ды. Бастапқы аталған екі клетка бүйрек үстіндегі бездердің қызме-тін күшейтіп, құрылымдық сипатын жақсартады. Гипофизде сома-тотроптық СТГ (соматотропин), тиреотроптық ТТГ (тиреотропин), аденокортикотроптық АҚТГ (адренокортикотропин), гонадотроп-тық ГТГ (гонадотропин), фоллитропин ФСГ, лютеиндейтін ЛСГ, лютропин, пролактин гормондары түзіледі.
Гормондардың физиологиялық əсері. Соматотропин жəй белок ацидофилдік клеткаларда түзіледі, денеде биосинтезді күшейтеді, барлық органикалық заттардың алмасуына, минералдық алмасуға əсер етеді, əсіресе белок түзілуін, айталық РНҚ, синтездік қасиетін күшейтеді, амин қышқылдарының қаннан ткань клеткаларына өтуін, сіңуін тездетеді, сөйтіп клеткалар мен тканьдердің өсіп да-муың қамтамасыз етеді. Гормон сондай-ақ, азот тепе-теқдігін өз-гертіп, денеде азот көбейеді, кальций, фосфат, натрий тұздарының
сақталуына себепкер, бүйрек тканінің əсіп дамуын, қатаюын тез-детеді. Коллагендер түзілуін де (коллагенезді) үдетуі мүмкін.
Соматотропин гликогеннің ыдырауын гликогенолиз, глюконео-генез процестерін тездетеді. Сондықтан СТГ гормоны шектен тыс Қеп шығатын балса қа^нда глюкоза, қаңт деңгейіжоғарыл^йды (ги-пергликемия). Бұл көбінесе гипофиздік диабет ауруына тəн. СТГ ли-поидтар мен май ыдырауын əсіресе бауырда бета — тотығуын1 күшейтеді, қанда кетоденелерді көбейтеді де, бұл өнімдердің дене еттеріне сіңуін үдетеді, сөйтіп сан еттерінің тонусын, күшін өсіре-ді. Осы айтылған əсерлерді жүзеге асыру үшін денеде СТГ ғана-емес, басқа бездердің гормондары да əсіресе глюкокортикоидтар, тироксин жəне инсулин жеткілікті болуға тиіс. СТГ əдеттегіден аз түзілетін болса адамның бойы өспей қалады, ол тіпті 1 метрден ас-пауы мүмкін. Мұндай адамды гипофиздік ергежейлі дейді. Ерге-жейлінің дене бітімі дұрыс қалыптасқан: бастың көлемі, аяқ-қол~ дың, кеуде-көкіректің ұзындық өлшемдері бір-біріне сəйкес бола-ды, жыныс мүшелері еспейді, жыныс белгілері айқын емес, жетіл-меген. Мұндай адам індет ауруларға төтеп бере алмайды, көбінесе онын ғұмыры қысқа болады.
Гипофиздіц артк,ы бөлігі нейрогипофиз пирамида тəрізді үл-кен клеткалар —• питунциттерден жəне гипоталамустын, нейросек-реторлық клеткаларыньщ талшықтарынан тұрады. Нейрогипофиз-Дін, екі гормоныньщ екеуі де (вазопрессин, окситоцит) гипоталамус-та түзіліп, нейросекреторлық І?леткалар аксондарыньщ бойымен гипофизге жетеді де, сонда сақталады. Вазопрессин гипоталамус-тын, супраоптикалььқ, ал окситоцин паравентрикулярлық ядрола-Рында түзіледі. Олар гипофиздің артқы бөлігіндегі нейрофицин за-тымен əрекеттескеннен сон, қанға өтеді. Вазопрессин бүйректін, не-Сеп жиналатын түтігінде судың қайтадан денеге сіңуін үдетіп, несеп көлемін (диурезді) азайтады, сондықтан да оны антиурездік гор-мон дейді. Вазопрессин шектен тыс азайса,~несеп қалыптан тыс көп шығады (полиурия). Бұл гормон, сондай-ақ қан тамырларын та-рылтып, қысымын күшейтеді. Окситоцин жатыр еттерін жиырыл-тады, жатырдың жиырылуы əсіресе толғақ кезінде кушейе туседі. Бұл гормон құрсақтағы нəрестенің тууын тездетеді, сут түзілуін,. , оның шығуын удетеді.
Гшофиздщ ортақғы бөлігінде меланотропин (МСГ), яғни ин-термедин гормоны түзіледі. Бұл гормон терідегі пигменттік клетка-ларда пигмент түйіршіктерін көбейтіп, клетка талшығын кеңейте-ді, пигмент түйіршіктерінің клеткада біркелкі орналасуын қамта-масыз етеді. Мүның салдарынан тері қарайып кетеді. Адамның күн-ге күйген кезде тотығуы осыған байланысты. Күн сəулесінің əсері-нен интермедин əсері күшейіп, теріде қара пигмент фусцин түзілуГ үдейді. Интермедин, сондай-ақ көздің ішкі қабатындағы пигмент клеткаларынан (псевдоподий) жалған бүтақ шығарьш олардың аумағын кеңейтеді, сөйтіп көздің тор қабығындағы фоторецептор-ларды жарық сəулесінен қорғайды. Интермедин түзілуін де гипо-таламус реттейді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   142




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет