Курс: 3 курс, 301-топ Қабылдаған: Медеуова Галия Джумакановна Алматы, 2023 жыл Жоспары


Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады



бет4/8
Дата24.05.2023
өлшемі0,66 Mb.
#96648
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Уәлихан Кәусар БӨЖ3 Растение

Қырықжапырақтылардың жапырақтары 2 түрлі қызмет атқарады:

  • фотосинтез үдерісінде ағзалық зат түзіледі;

  • споралар түзіліп, көбеюге қатысады.

Фотосинтез үдерісі болатын жапырақтарында сағағы мен тақтасы бар. Жапырақ тақтасы қауырсын тәрізді бірнеше қайтара тілімделгендіктен, өсімдік қырықжапырақ деп аталады. Қырықжапырақтар өсімді, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейеді. Өсімді көбеюі тамырсабақтары және өкім бүршіктері арқылы жүзеге асады. Өнім бүршіктері қырықжапырақтардың барлығында бірдей бола бермейді. Мұндай бүршіктер жапырақтың негізгі жүйкесін бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кішкентай қырықжапыраққа бекиді де нағыз қырықжапыраққа айналады. Жыныссыз көбею жаз кезінде усасыр қырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзіледі. Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегеніміз спорангийлердің жиынтығы. «Спорангий» - споралар дамып жетілетін орын - қалта. Сорустың үстін жауып тұратын жарғақша жамылғысы болады. Спорангийлері жапырақтың астыңғы бетінде ұзын аяқшалары арқылы негізгі жүйкеге бекініп тұрады. Пісіп жетілген споралар спорангийдің қабықшаларының жыртылуы нәтижесінде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өніп, өскіншелер береді. Усасыр қырықжапырақ - тең споралы өсімдік. Жыныстық көбеюі осы өскіншеде жүзеге асады. Өскінше жүрек пішінді, жасыл түсті, диаметрі 4 миллиметрдей. Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекиді. Өскіншенің астыңғы бетінде аталық және аналық жыныс мүшелері жетіледі. Аталық жыныс мүшесінен - аталық жыныс жасушалары, ал аналық жыныс мүшесінен аналық жынысжасушасы (жұмыртқа жасушасы) пайда болады. Екі әр түрлі жыныстық жасушалардың қосылуының нәтижесінде өсімдік ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсімдік тамырының, сабағының, жапырағының бастамасы болады. Ұрық алғашқы кезде өскіншенің есебінен қоректенеді. Кейін ұрықтан тамыр және жапырақ жетіледі.
Қырықжапырақтәріздестерді сәндік өсімдіктер ретінде өсімдікжайда (оранжереяларда) өсіреді және жұмыс орындарын көгалдандыруға жиі пайдаланады. Кейбір түрлері дәрілік өсімдіктер болып табылады. Мысалы, усасыр қырықжапырағы дәрілік өсімдік ретінде көп уақыттан бері белгілі. Оны ішекқұрт ауруларына қарсы қолданады. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар, суық тигенде және ауырғанды басатын препараттар алынады. Ағаш тәрізді жойылып кеткен қырықжапырақтар тас көмірдің түзілуінде орасан зор рөл атқарған. Бұдан 300 млн жыл бұрын қырықжапырақтәріздестерден түзілген орманға су көп жайылған. Сөйтіп жер жиі батпақты жерге айналған. Жердің батпақтануына климаттық өзгеріп, қалың нөсердің болуы да әсер еткен. Спора арқылы ғана көбейетін, биіктігі 40 метрге жететін қырықжапырақтәріздес ағаштар құлап, лайға батқан, құм басқан. Су қысымы үйінділер астында қалған қырықжапырақты ағаштарды нығыздап, оттегінің қатысуына мүмкіндік қалдырмаған. Миллиондаған жылдар бойы оттегі қатысынсыз нығыздалған ағаштардан тас көмір пайда болған. Қазіргі кездерде қырықжапырақтың кейбір түрлерінің саны жылдан-жылға азайып келеді. Соған байланысты оларды қорғаудың қажеттігі туындауда. Мысалы, Қазақстанда олардың сирек кездесетін, тіптен жойылуға жақын түрлері бар. Бұларға мыңжылқы қырықжапырағы мен шолпаншаш сүмбілі жатады. Олардың екеуі де Қазақстанның Қызыл кітабына енген.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет